өзі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;».
114. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 1-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау - атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;»;
2) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
Қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі І және ІІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді тексеру осы Заңның 7-1-бабына сәйкес жүргізіледі.
Қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі ІІІ және ІV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі І, ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі І, ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы баптың 3 - 11-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылыққа қарай лауазымды адамдар мынадай актілер шығарады:
1) тексеру нәтижелері туралы акт - субъектінің Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру нәтижелері бойынша атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретін құжат;
2) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқама;
3) жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы нұсқама;
4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша ұсыным.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау алдын алу - профилактикалық сипатта болады.
4. Атом энергиясын пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ұсынатын ақпарат пен есептілікті;
2) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылық туралы ақпарат келіп түскен кезде өз құзыреті шегінде уәкілетті органның сұрау салуы бойынша алынған, осы заңнаманы сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратты;
3) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын сақтау мәселелеріне қатысты үшінші тұлғалардан келіп түсетін ақпаратты талдау жолымен жүргізіледі.
5. Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі І, ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер атом энергиясын пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу субъектілері болып табылады.
6. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімдейді және жібереді.
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - алғаны туралы белгі қойылғаннан бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хат жіберу арқылы;
3) электрондық тәсілмен - бақылау және қадағалау субъектісі уәкілетті органға бұрын ұсынған құжаттарда көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелту арқылы табыс етілді деп есептеледі.
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды орындауға арналған мерзім ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрауға тиіс.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізудің жартыжылдық графигіне енгізуге алып келеді.
11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жиілігі қажеттілікке қарай, бірақ Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында көзделген ақпарат пен есептілік беру кезеңділігінен жиілетпей айқындалады.»;
4) 2-тарау мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі І және ІІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді тексеруді жүзеге асыру тәртібі
1. Қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі І және ІІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді (бұдан әрі - қадағалау субъектілері) тексеруді уәкілетті орган кезеңділік негізінде, бірақ тоқсанына бір реттен жиілетпей және жоспардан тыс жүргізеді.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында уәкілетті орган қадағалау субъектісіне қатысты тағайындайтын тексеру кезеңділік негізіндегі тексеру болып табылады.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында нақты қадағалау субъектісіне қатысты тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша уәкілетті орган тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
2. Мыналар жоспардан тыс тексерудің негіздері болып табылады:
1) ядролық қондырғы жүйелеріндегі, жабдықтарындағы, құжаттамасындағы ядролық, радиациялық немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер туралы ақпарат;
2) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздікпен байланысты авариялар мен оқыс оқиғалар туралы ақпарат;
3) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
3. Тексеруді тағайындау туралы акт негізінде тексеру жүргізіледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) уәкілетті органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;
4) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5) қадағалау субъектісінің атауы, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі және қадағалау объектісі;
6) тексеру нысанасы;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізу негіздері;
9) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және уәкілетті органның мөрі;
10) қадағалау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
4. Тексеру қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен, бірақ тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті түрде тіркей отырып жүргізіледі.
5. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде қадағалау субъектісінің аумағына және үй-жайына кедергісіз кіруге;
2) қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қосып тіркеу үшін алуға, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік алуға;
3) мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
6. Лауазымды адамдар тексеру кезінде қызметтік куәлігін және тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетуге міндетті.
7. Тексеруді тағайындау туралы акт қадағалау субъектісіне табыс етілген кез тексеру жүргізудің басталғаны деп есептеледі.
8. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
9. Тексеру жүргізу мерзімін уәкілетті органның басшысы (не оны алмастыратын адам):
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу;
2) күрделі және (немесе) ұзаққа созылатын сараптамалар (талдаулар, сынақтар) жүргізу;
3) өзіне қатысты тексеру жүргізілетін тұлғаның тұрған жерін анықтау қажет болған жағдайларда ғана осы баптың 8-тармағында айқындалған мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту қадағалау субъектісін хабардар етіп және құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркете отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себебі көрсетіледі.
10. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған немесе тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың тексеру жүргізу үшін қажет субъектілерге (объектілерге) және (немесе) материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асырған лауазымды адамдар және қадағалау субъектісі не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
11. Қадағалау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды.
12. Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің нөмірі, жасалған күні, уақыты мен орны;
2) уәкілетті органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;
5) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
6) қадағалау субъектісінің атауы, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі және қадағалау объектісі;
7) тексеру жүргізілген күн, орын және кезең;
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;
9) қадағалау субъектісінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;
10) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
13. Қадағалау субъектісі тексеру нәтижелеріне жоғары тұрған лауазымды адамға немесе сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
14. Тексеру нәтижелері туралы актіге жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары және тексеру нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар болған кезде) қоса беріледі.
15. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, қадағалау субъектісі оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркелуі мүмкін, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.
Қадағалау субъектісінде түпнұсқа түрінде болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер үшін қадағалау субъектісіне не оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі.
16. Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы акт қадағалау субъектісіне табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
17. Тексеру нәтижелері туралы акт мынадай тәсілдермен:
1) қолма-қол - алғаны туралы белгі қойылғаннан бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хат жіберу арқылы табыс етіледі.
18. Тексеру жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіге тиісті жазба жасалады.
19. Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, лауазымды адамдар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама береді, сондай-ақ қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу түрінде жедел ден қою шараларын қабылдайды.
20. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:
1) нөмірі мен күні;
2) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;
3) қадағалау субъектісінің атауы, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі және қадағалау объектісі;
4) тексеру нәтижелері туралы актінің нөмірі мен күні;
5) анықталған бұзушылықтар және оларды жою туралы талап;
6) нұсқаманы орындау мерзімдері;
7) шағым жасау тәртібі.
21. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда лауазымды адамның қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін соттың шешімінсіз үш тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға немесе оларға тыйым салуға құқығы бар. Көрсетілген мерзімде уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды сотқа жіберуге міндетті.
Қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы нұсқама сот қаулысы шығарылғанға дейін қолданылады.
22. Қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:
1) нөмірі, жасалу күні мен орны;
2) осы нұсқаманы берген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;
3) қадағалау субъектісінің атауы, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі және қадағалау объектісі;
4) тексеру нәтижелері туралы актінің нөмірі мен күні;
5) осы шараны қолдану негізі;
6) қызметті жүзеге асыруы уақытша тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға жататын объект;
7) қызметтің іс жүзінде тоқтатыла тұру уақыты;
8) тұлғаның түсініктемелері;
9) істі дұрыс шешу үшін қажет өзге де деректер.
23. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама және қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы нұсқама қадағалау субъектісіне немесе оның өкіліне осы баптың 17-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен табыс етіледі.
24. Нұсқамалар қадағалау субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
25. Лауазымды адамдар беретін нұсқамаларға жоғары тұрған лауазымды адамға немесе сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
115. «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 3-құжат):
1) 6-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-5, 5-6, 5-7, 5-8 және 5-9-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, зергерлік және басқа да бұйымдарды өндірушіге және (немесе) өткізушіге уәкілетті орган субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру, және зергерлік және басқа да бұйымдарды өндірушіге және (немесе) өткізушіге әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
5-2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау уәкілетті органда бар деректерді:
1) уәкілетті органдардан алынған мәліметтерді;
2) өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін;
3) зергерлік және басқа да бұйымдарды өндірушінің және (немесе) өткізушінің қызметі бойынша түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру жолымен жүргізіледі.
5-3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
5-4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша зергерлік және басқа да бұйымдарды өндірушінің және (немесе) өткізушінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса тіркей отырып, хабарлама ресімдейді және жібереді.
5-5. Хабарлама зергерлік және басқа да бұйымдарды өндірушіге және (немесе) өткізушіге қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама зергерлік және басқа да бұйымдарды өндірушіге және (немесе) өткізушіге мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіруші және (немесе) өткізуші хабарламаға алғаны туралы белгі қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен - зергерлік және басқа да бұйымды өндірушінің атаулы таңбасын уәкілетті ұйымда тіркеу кезінде өтініште көрсетілген зергерлік және басқа да бұйымдарды өндірушінің және (немесе) өткізушінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап;
3) поштамен - тапсырысты хатпен табыс етілді деп есептеледі.
5-6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіруші және (немесе) өткізуші, сұрау салудың өзінде орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.
5-7. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіруші және (немесе) өткізуші хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны жіберген уәкілетті органға хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
5-8. Уәкілетті орган зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіруші және (немесе) өткізуші ұсынған хабарламаның орындалуы туралы есепке талдау жүргізеді және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау және (немесе) растамау туралы қорытынды жасайды.
Осы тармақта көрсетілген қорытынды зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіруші және (немесе) өткізуші хабарламаның орындалуы туралы есепті ұсынған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жасалады.
5-9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау зергерлік және басқа да бұйымдарды өндірушіге және (немесе) өткізушіге қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.»;
2) 13-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын.
116. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 1-баптың 26) тармақшасы алып тасталсын;
2) 18-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобасының тұжырымдамасы осы Заңның 19-бабында көзделген тәртіппен сараптама қорытындысын алу үшін заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келетін, әзірлеуші мемлекеттік органның жанынан Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылған сараптама кеңесіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберілуге тиіс.»;
3) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
1. Әзірлеуші органдар кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырғаны туралы хабарламаны сараптама кеңестеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібереді.
Сараптама кеңестерінің мүшелері және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сараптама қорытындысын белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.
Бұл ретте тиісті жобаларды келісу кезінде мемлекеттік органдарға әзірлеуші мемлекеттік органдардан тиісті мемлекеттік орган айқындаған, бірақ сараптама кеңесінің мүшесі және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарламаларды алған күннен бастап он жұмыс күнінен аз емес мерзімдерде сараптама қорытындысын ұсынбаған сараптама кеңестерінің мүшелерінен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан сараптама қорытындыларын алуды талап етуге тыйым салынады.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.
3. Сараптама қорытындылары сараптама кеңесі мүшесінің немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жазбаша ұстанымын білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық актінің жобасына ол қабылданғанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келісу кезінде міндетті қосымшалар болып табылады.
Сараптама қорытындылары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.