1) 1-бап мынадай мазмұндағы 28-1) және 33) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-1) реверсивті факторинг - борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үшжақты шарт, мұнда дебитор өзінің борышкер (банкрот) алдындағы міндеттемесін үшінші тұлғаға береді, ал үшінші тұлға дебитордың борышкер (банкрот) алдындағы міндеттемесін орындайды;»;
«33) факторинг - борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үшжақты шарт, мұнда борышкер (банкрот) өз дебиторына қоятын мүліктік талапты үшінші тұлғаға береді немесе беруге міндеттенеді, ал үшінші тұлға борышкердің (банкроттың) дебиторына қойылатын талап ету құқығының орнына борышкердің (банкроттың) билік етуіне ақша немесе басқа да мүлік береді немесе беруге міндеттенеді.»;
2) 17 және 26-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Оңалту және банкроттық рәсімдерінің жүргізілуіне мемлекеттік бақылау
1. Оңалту және банкроттық рәсімдерінің жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Әкімшінің қызметіне мемлекеттік бақылау:
1) тексерулер;
2) профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауға:
1) әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды есепке алу;
2) камералдық бақылау;
3) сұрау салулар жіберу;
4) рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпарат қабылдау жатқызылады.
4. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
«26-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі кезінде шешімдер қабылдау тәртібі
1. Кредиторлар жиналысының құқықтылығы мен шешімдер қабылдауының жалпы тәртібі осы бапқа сәйкес айқындалады.
Кредиторлар жиналысының құқықтылығы мен шешім қабылдау тәртібінің ерекшеліктері:
борышкердің мүлкін (активтерін) тікелей сату кезінде - осы Заңның 99-бабының 6-тармағында;
оңалту жоспарын келісу кезінде - осы Заңның 26-1-бабында;
оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде осы Заңның 26-2-бабында айқындалады.
2. Кредиторлар жиналысы, сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, оған кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлар даусының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда, құқықты болып табылады. Қайта шақырылған кредиторлар жиналысы, кредиторлар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы кредиторлар тиісті түрде хабардар етілген жағдайда, оған кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлар даусының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда, құқықты болып табылады.
3. Осы Заңның 26-1 және 26-2-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиторлар жиналысының шешімдері, сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысына қатысатын кредиторлардың дауыс санының көпшілік даусымен қабылданады.
Әкімші кредиторлардың шешімдер қабылдауы үшін әрбір кредитордың дауыс санын «талаптардың бір теңгесі - бір дауыс» қағидаты бойынша айқындайды.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі залалдар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін есепке алынбайды.
Кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін кредиторлардың тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі залалдар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар бөлігіндегі талаптары:
1) кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлардың талаптары толық көлемде қанағаттандырылған;
2) кредиторлардың талаптар тізілімі тек қана тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу, жіберіп алған пайда түріндегі залалдарды өтеу бөлігіндегі талаптардан, сот шешімі бойынша өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялардан қалыптастырылған жағдайларда есепке алынады.
Кредитор талаптарының қанағаттандырылуына қарай оның дауыс саны қанағаттандырылған талаптар сомасына азаяды.
4. Кредиторлар жиналысы шешімдер қабылдаған кезде:
1) осы Заңның 72-бабының 3-тармағына немесе 90-бабының 4-тармағына сәйкес дауыс беру құқығынан айырылған кредиторлардың;
2) қалған кредиторлардың талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін борышкерге қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын кредиторлардың дауыс беру құқығы жоқ.
Жиналыс шешім қабылдаған кезде кредиторлардың дауысын айқындау мақсаттары үшін кредитор дауыс беруден бас тартқан жағдайда, ол кредиторлар жиналысына қатысып отыр деп есептелмейді.
Кредитор кредиторлар жиналысына дәлелді себепсіз екі рет келмеген жағдайда, мұндай кредитордың дауыс саны кредиторлар жиналысының құқықтылығын айқындау кезінде есепке алынбайды.
Растайтын құжат болған кезде:
1) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің еңбекке уақытша жарамсыздығы;
2) кредитордың не оның уәкілетті өкілінің кредиторлар жиналысына қатысуына кедергі келтіретін төтенше жағдайдың туындауы;
3) кредиторлар жиналысының шешімімен өзге де себеп дәлелді себеп ретінде танылады.
5. Борышкер немесе әкімші кредиторлар жиналысы ашылғанға дейін жиналысқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.
Кредиторлар жиналысының шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Кредиторлар жиналысының отырысын қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланған төрағалық етуші жүргізеді. Хаттаманы қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланатын хатшы жүргізеді. Төраға мен хатшы қарапайым көпшілік дауыспен сайланады. Хаттамаға төрағалық етуші, әкімші, хатшы жиналыс өткізілген күні қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.
Кредиторлар жиналысының хаттамасы үш данада жасалады, олардың біреуі - оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, екіншісі кредиторлар комитетіне беріледі, үшіншісі әкімшіде қалады.
Кредиторлар жиналысының хаттамасына:
жиналысқа қатысушыларды тіркеу ведомосының;
жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың;
кредиторлар жиналысының өткізілетін күні мен орны туралы кредиторлардың тиісінше хабардар етілгенін куәландыратын құжаттардың;
борышкердің немесе әкімшінің ұйғаруы бойынша өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.»;
3) мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-баптармен толықтырылсын:
«26-1-бап. Оңалту жоспарын келісу
1. Оңалту жоспарын келісу кезінде кредиторлар жиналысы оған талаптары екінші және төртінші кезектер құрамында жеке қанағаттандырылуға жататын кредиторлардың дауыс санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқықты болады.
2. Оңалту жоспары, егер бір мезгілде:
1) екінші кезектегі кредиторлар дауыс санының көпшілік даусы;
2) төртінші кезектегі кредиторлар дауыс санының көпшілік даусы оған дауыс берсе, келісілді деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген бір немесе екі шарт орындалмаған жағдайда, оңалту жоспары келісілмеді деп есептеледі.
26-2-бап. Оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу
1. Оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келісу кезінде кредиторлар жиналысы оған талаптары мұндай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) келесі кезектер құрамында қанағаттандырылуға жататын, талаптары әрбір кезек құрамында жеке қанағаттандырылуға жататын кредиторлар дауыс санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторларды қоса алғанда, мүдделерін оңалту жоспарына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар қозғайтын кредиторлар қатысқан жағдайда құқықты болады.
2. Кредиторлар жиналысының оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келісу туралы шешімін, егер оған әрбір кезек бойынша көпшілік дауыспен жеке дауыс берілсе, талаптары мұндай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) келесі кезектер құрамында қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, мүдделерін жоспарға енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар қозғайтын кредиторлар қабылдайды.
3. Осы бапта көзделген шарттар орындалмаған жағдайда, оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу келісілмеді деп есептеледі.
4. Оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келісу бойынша жеке-жеке дауыс беруде кредиторлардың даусы тең болған кезде кредиторлар жиналысының шешімдері «талаптардың бір теңгесі - бір дауыс» қағидаты бойынша, сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысына қатысатын кредиторлардың жалпы дауыс санының көпшілік даусымен қабылданады.»;
4) 28-3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасалған кезде мемлекеттік орган кредиторлардың бірі болып әрекет етсе, төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім мұндай мемлекеттік орган алдында берешекті бөліп өтеу шарттарымен келісім бекітілген күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақталған жағдайда, банкроттың және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге салу арқылы және (немесе) банктің кепілдігімен өтеледі.
Кепілге берілетін мүлік өтімді, жоғалудан немесе бүлінуден сақтандырылған болуға тиіс және оның нарықтық құны салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар:
1) тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
2) энергияның электр, жылу және өзге де түрлері;
3) тыйым салынған мүлік;
4) мемлекеттік органдар салған шектеулері бар мүлік;
5) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
6) тез бұзылатын шикізат, тамақ өнімдері кепіл нысанасы болмайды.»;
5) 48-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Іс қозғау туралы ұйғарым мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өзге де органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының осы Заңның 50-бабының 1-тармағында көзделген шектеулерді қолдану жөніндегі міндетін қамтуға тиіс.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Іс қозғау туралы сот ұйғарымының көшiрмелерін сот борышкерге, өтiнiш берушiге, уәкiлеттi органға, мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға және өзге де органдарға, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына, борышкер тұрған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және аумақтық әдiлет органына жібереді.»;
6) 73-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Оңалту шаралары санацияны, электрондық аукцион өткізу жолымен мүлікті (активтерді) сатуды, қаржы лизингін, борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруді, факторингті, реверсивті факторингті, борыштың бір бөлігін кешіруді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға алмастыруды, бітімгершілік келісімін жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін.
Осы Заңның мақсаттары үшін қаржы лизингі деп өзіне қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкер, лизинг беруші және лизинг нысанасын сатушы арасында жасалған үшжақты шарт түсініледі, мұнда лизинг беруші сатушыдан меншікке сатып алынған және шартта келісілген лизинг нысанасын борышкерге белгілі бір төлемақыға және белгілі бір шарттарда кемінде үш жыл мерзімге уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.»;
7) 75-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) қаржы лизингі шартын жасасуға келісім беру;»;
8) 76-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) дебиторлық берешекті сату немесе факторинг шартын жасасу туралы шешім қабылдайды;
4-2) оңалтуды басқарушының реверсивті факторинг шартын жасасуына келісім береді;»;
9) 89-баптың 2-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кредиторлар комитеті дебиторлық берешекті сату немесе факторинг шартын жасасу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар тұлғалар анықталған кезден бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осындай берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талап қоюға;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) хаттамаға қол қойылған кезден бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде реверсивті факторинг шартын жасасуға;»;
10) 90-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Егер кредиторлардың мәлімдеген талаптары бойынша сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және өзге де айыппұл санкциялары есепке жазылған, залалдар өндіріп алынған болса, онда мұндай кредиторлар борышкер банкрот деп танылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде сыйақыны (мүддені), тұрақсыздық айыбын және өзге де айыппұл санкцияларын, залалдарды ескере отырып, өзінің талаптарын қайта мәлімдейді.
Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды ұсынуға да құқылы.
Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы шешім қабылдаған кезге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады.»;
11) 93-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) лизинг нысанасын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылдау;»;
12) 94-бап мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) дебиторлық берешекті сату немесе факторинг шартын жасасу туралы шешім қабылдайды;
7-2) банкроттықты басқарушының реверсивті факторинг шартын жасасуына келісім береді;»;
13) 96-баптың 4-тармағының 9) тармақшасындағы «(жарғылық капиталға қатысу үлестері) енгiзiлмейдi.» деген сөздер «(жарғылық капиталға қатысу үлестері);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) кредиторлар жиналысының лизинг нысанасын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасы енгізілмейді.»;
14) 112-3-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бітімгершілік келісім жасасу кезінде мемлекеттік орган кредиторлардың бірі болып әрекет еткен жағдайда, бітімгершілік келісім мұндай мемлекеттік орган алдында берешекті өтеуді бөліп төлеу шарттарымен бітімгершілік келісім бекітілген күннен бастап үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.».
104. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №7, 36-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №15, 78-құжат; №19-ІІ, 103, 104-құжаттар; №20-І, 111-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №23-І, 169-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-ІІ, 53, 56-құжаттар, 2017 ж., №11, 29-құжат; №23-V, 113-құжат):
1) 1-баптың 29) тармақшасы алып тасталсын;
2) 12-баптың 1-тармағында:
33) және 63) тармақшалар алып тасталсын;
70-15), 70-17) және 70-29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«70-15) құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекітеді;»;
«70-17) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекітеді;»;
«70-29) сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 70-37) тармақшамен толықтырылсын:
«70-37) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекітеді;»;
3) 16-бапта:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өртке қарсы қызметке туындаған өрт туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгеруі туралы дереу хабарлауға;»;
3-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуға немесе осы ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілеріне қызмет көрсетуі үшін объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құруға;»;
4) 25-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтық қорғау саласында шұғыл медициналық және психологиялық көмек, өртке қарсы-құтқару, жедел-құтқару, суда-құтқару, авиациялық-құтқару қызметтерін және өзге де мамандандырылған қызметтер мен құралымдарды құрады.
3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың басшылары объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құруға құқылы.»;
5) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Құтқарушыларды аттестаттау
1. Құтқарушылар аттестаттауға және қайта аттестаттауға жатады.
2. Құтқарушыларды аттестаттау:
1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға әзірлік дәрежесін;
2) құтқарушылардың кәсіби машығына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық әзірлігіне сәйкестігін айқындау мақсатында өткізіледі.
3. Құтқарушылар бастапқы, қайта, кезеңдік және кезектен тыс аттестаттауға жатады:
1) бастапқы аттестаттауға құтқарушы боламын деп шешкен азаматтар жатады;
2) қайта аттестаттау құтқарушылар қызметін қайтадан бастау үшін алдыңғы аттестаттауда анықталған барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін өткізіледі;
3) құтқарушыларды кезеңдік аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі;
4) құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау олар орындайтын құтқару жұмыстарының түрі немесе түрлері өзгерген жағдайда өткізіледі.
4. Аттестаттауды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен құрылатын аттестаттау комиссиялары өткізеді.
«Халықаралық сыныптағы құтқарушы» деген сыныптық біліктілікті уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы құтқарушыларға олар жұмыс істейтін авариялық-құтқару құралымының ведомстволық бағыныстылығына қарамастан береді.»;
6) 28-бап алып тасталсын;
7) 36-бапта:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
4. Тексерулер мен профилактикалық бақылаудың түрлері және оларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
8) 76-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Декларация әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым дербес не декларация әзірлеу құқығына аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.»;
9) 79-баптың 8-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.
105. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №8, 43-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №16, 79-құжат; №19-I, 101-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №22-II, 144-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; 2017 ж., №11, 29-құжат; №14, 49-құжат; №23-III, 111-құжат):
1) 10-баптың 6-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.»;
3) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жолдардың жүру бөлігіндегі жол және басқа да жұмыстар, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстары уәкілетті орган мен автомобиль жолдарын басқарушыға хабарлама берілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс.
Жол және басқа да жұмыстардың, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарламаны жұмыстарды жүргізуші жұмыстар жүргізілетін учаске, жұмыстардың мерзімдері және байланыс деректері (мекенжай мен телефон) туралы ақпаратты көрсете отырып жібереді.»;
4) 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«92-бап. Міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау
Техникалық қарап тексеру операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
106. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №8, 48-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №16, 79-құжат; №21-I, 125-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., №8, 16-құжат; №14, 50-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
6-баптың 1-тармағының 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«25) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылауды тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыруға;».
107. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №9, 51-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат; №9, 46-құжат; №11, 57-құжат; №16, 79-құжат; №19-ІІ, 103-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №21-І, 128-құжат; №21-III, 135-құжат; №22-II, 144, 145-құжат; №22-V, 156, 158-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-І, 169-құжат; 2016 ж., №1, 2, 4-құжаттар; №6, 45-құжат; №7-І, 50-құжат; №7-II, 53-құжат; №8-І, 62-құжат; №8-II, 68-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 7-құжат; №9, 21, 22-құжаттар; №11, 29-құжат; №12, 34-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 115-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.»;
2) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган - ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
27-1) тармақша алып тасталсын;
3) 18-баптың 2 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.»;
«6. Мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күші жойылуға жатады.
Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күшін жою осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелерінен рұқсатты немесе хабарламаны алып тастау арқылы жүзеге асырылады және жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ немесе хабарлама жібермей-ақ жүзеге асыру құқығына алып келеді.»;