Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II Заңы
(2015.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпарат — кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары беретін, қажет болған жағдайда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын, электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер;
2) ақпарат беру туралы шарт— осы Заңда көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен ақпарат беруші арасында жасалатын шарт;
3) ақпарат беруші — кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
4) ақпарат берушінің кредиттік тарихтың деректер базасын жасауға және қорғауға қатысу жөніндегі қызметі— ақпарат берушінің осы Заңның талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектілерінен алынған мәліметтерді ресімдеу (өңдеу), сақтау және кредиттік бюроларға беру жөніндегі іс-әрекеттері;
5) жазбаша ұйғарым - анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы кредиттік бюроға нұсқама;
6) кредиттік бюро — кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер беруді және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйым;
7) кредиттік есеп — кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны;
8) кредиттік есептерді алу туралы шарт - осы Заңмен көзделген талаптарда және тәртіппен кредиттік бюро мен кредиттік есептерді алушы арасында жасалатын шарт;
9) кредиттік есепті алушы — кредиттік есепті алуға құқығы бар тұлға;
10) кредиттік есепті беру — кредиттік бюроның кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты беру жөніндегі қызметі;
11) кредиттік тарих — кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат жиынтығы;
12) кредиттік тарих субъектісі — өздеріне қатысты кредиттік тарих қалыптастырылатын жеке немесе заңды тұлға;
13) кредиттік тарих субъектісінің келісімі— кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге не кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ресімделетін басқа тұлғаларға беруге жазбаша рұқсаты;
13-1) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат - заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік бір жүз сексен күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің болуы туралы мәліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;
14) кредиттік тарихты қалыптастыру— кредиттік бюро осы Заңға сәйкес ақпарат берушілерден алған ақпаратқа қатысты жүзеге асыратын, оны сақтау, құпиялылығын қамтамасыз ету, мониторинг жасау, нақтылау және жаңарту жөніндегі іс-әрекет немесе іс-әрекеттер жиынтығы;
15) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесінің қатысушылары — кредиттік тарих субъектілері, ақпарат берушілер, кредиттік бюролар, кредиттік есептерді алушылар;
16) кредиттік тарихтың деректер базасы — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпараттық жүйелерге және ақпараттық процестерге негізделген кредиттік бюроның ақпараттық ресурстары;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) өтініш беруші - кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру үшін лицензия алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар табыс еткен заңды тұлға;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
18) шартты және ықтимал міндеттемелер — өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер, вексельдер және кепілдемелер.
2-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заң кредиттiк тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру, кредиттiк бюроларды құру, олардың жұмыс iстеуi және қызметiн тоқтатуы, ақпарат берушiлердiң кредиттiк тарихтың деректер базасын құру мен қорғауға қатысу жөніндегі қызметін жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері қолданылатын салаға жататын қатынастар осы Заңда реттелмеген қатынастар бөлігінде сол актілермен реттеледi.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану принциптері
Кредиттiк тарихты қалыптастыру және ақпаратты пайдалану мына принциптер ескерiле отырып жүзеге асырылады:
1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өзі туралы ақпарат беруді, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсi келiсiмiнiң болуы;
2) барлық кредиттiк тарих субъектілерiнiң теңдігі;
3) ақпаратты, кредиттiк тарихтың деректер базасын және ақпараттық жүйенi мақсатты пайдалану;
4) ақпараттың құпиялылығы;
5) кредиттiк тарихтың деректер базасын және тиiстi ақпараттық жүйелердi қорғауды қамтамасыз ету;
6) азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмауы, азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) кредиттік тарихтың деректер базасын қалыптастырудың дұрыстығы мен өзектілігі.
2-тарау. Кредиттік бюролардың қызметі және
кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау мен қадағалау
4-бап. Кредиттік бюролардың қызметін реттеуді, бақылауды және қадағалауды, ақпарат берушiлер мен кредиттік есептерді алушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1. Кредиттік бюролардың қызметін және кредиттік тарихты қалыптастыруды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Осы мақсатта уәкілетті орган жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде кредиттік бюролардан өзінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы, бұл ретте, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәліметтер жариялауға жатпайды.
Уәкілетті органның қызметкерлері өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) осы Заңға сәйкес кредиттiк бюролардың қызметi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк бюролар қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының сақталу мәселелерi бойынша кредиттік бюролар қызметiне тексерулер жүргiзу;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы кредиттiк бюроларғ, банктерге, банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлғаларға (бұдан әрі - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар), сондай-ақ белгіленген мерзімдерде ақпарат берілмеген жағдайда жазбаша ұйғарымдар жiберу;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) кредиттiк бюроларға және олардың лауазымды адамдарына санкциялар қолдану;
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) кредиттiк бюролардың қызметiне, соның iшiнде кредиттiк тарихты қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
3. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-бап. Мемлекеттік органдардың кредиттік бюролар, ақпарат берушілер қызметі, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау жөніндегі өкiлеттiктерi
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Уәкiлеттi орган кредиттік бюролардың қызметi, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану мәселелерi бойынша:
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртібінiң шарттары мен ең төмен талаптары туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер үшiн);
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келісімiн ресімдеу тәртібі туралы;
3) кредиттiк есептi берудiң шарттары мен тәртібі туралы;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк бюроларды лицензиялаудың шарттары мен тәртібі туралы;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) кредиттік бюроның уәкілетті органға ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну тәртіптері, мерзімдері және көлемдері туралы;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
2. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Кредиттiк бюролар
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, кредиттік бюролар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар болып табылады.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі бір ғана мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады.
2. 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензияны уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді.
Мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметі уәкілетті органның лицензиялауына жатпайды.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 4 тармақпен толықтырылды
4. Кредиттік бюроның атауында «кредиттік бюро» деген сөздер немесе солардан туындайтын сөздер болуға тиіс.
7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi
1. Кредиттiк бюролар қызметiнiң негiзгi түрлері кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру болып табылады.
2. Кредиттік бюро қызметінің қосымша түрлеріне:
1) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi өткізу;
2) кредиттiк бюроның қызметiне қатысты арнаулы әдебиеттi және өзге де ақпараттық материалдарды өткізу;
3) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтер көрсету;
4) кредиттік тарих субъектiлерiнің кредит қабілеттілiгiн олар әзiрлеген әдiстеме негiзiнде жүзеге асырылатын бағалау;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) маркетингтік және статистикалық зерттеулер жатады.
6) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру жөніндегі дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
3. Кредиттiк бюролар осы бапта көзделмеген кәсіпкерлік қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы емес.
8-бап. Кредиттiк бюроларға кредиттік тарихтың деректер базасын және пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қойылатын талаптар
Кредиттiк бюролар өз қызметiнде мынадай ұйымдастыру, техникалық шаралардың және технологиялық талаптардың:
1) ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
2) кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) ақпарат берушiлермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен Заң 8-1 баппен толықтырылды
8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден:
1) лицензиялаудан;
2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беруден тұрады.
Осы тармақтың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
2. Лицензиялау осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
3. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кредиттік бюро кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін іске қосу үшін мынадай іс-шараларды:
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы Заңының 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің біреуімен ақпарат беру туралы шарт жасасуды;
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруды;
3) өздерімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуді жүзеге асыруға тиіс.
Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру жөніндегі қажетті іс-шараларды кредиттік бюроның орындауын тексеруді уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша көрсетіледі.
Осы тармақтың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы мен кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін пайдалануға беру актісі болған кезде ғана жол беріледі.
Кредиттік тарих деректерінің базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және сақталуын қамтамасыз ету және үй-жайлар жөнінде кредиттік бюроға қойылатын талаптарға оның сәйкестігі туралы осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жасалған акт болған кезде мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға жол беріледі.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-бап. Лицензия алуға қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдерi
1. Өтініш беруші кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға:
1) лицензия беру туралы өтiнiш;
1-1) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды;
2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-1) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тiркеуден өткен құрылтай құжаттарының көшiрмелерiн;
4) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жасалған кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат беруге мiндеттi.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарауға тиіс.
3. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарға:
1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы;
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастырудың тәртібі мен мерзімдері;
3) баға саясаты және кредиттік есептерге тарифтер есеп-қисабының тәртібі;
4) кірістер мен шығыстар туралы жуырдағы үш жылға арналған болжам;
5) кредиттік бюроның қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары кіруге тиіс.
4. Кредиттік бюро лицензия алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап он күн ішінде табыс етеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-бап. Кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту
Кредиттiк бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беруден:
1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес субъектiлердiң осы санаты үшiн тыйым салынған белгілi бір қызмет түрі жүзеге асырылған;
2) осы Заңның 8-бабында және 9-бабының 1-тармағында көзделген талаптар сақталмаған;
3) өтiніш берушіге қатысты оның қызметтің осы түрiмен шұғылдануына соттың тыйым салған шешімі болған жағдайларда бас тартылады.
11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар жiберуге құқылы.
2. Уәкiлетті орган санкция ретінде:
1) әкiмшілік айыппұл салу;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кредиттік бюроның қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3) 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-бап. Кредиттiк бюро лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру
1. Кредиттiк бюро лицензиясының қолданылуы:
1) осы Заңның 8-бабында белгiленген талаптардың сақталмауы;
2) лицензия беруге негіздеме болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуiнің анықталуы;
3) уәкілеттi органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзушылықтарды жою жөніндегі жазбаша ұйғарымын орындамау сияқты негіздемелердiң бiрi бойынша алты айға дейiнгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Кредиттік бюро лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөніндегі қызметтi қоспағанда, оның қызметiн жүзеге асыруға тыйым салуға әкеп соғады.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру негiздемесi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.
Мұндай шешiм кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткiзілген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрды деп саналады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Кредиттік бюроны лицензиясынан айыру
Уәкiлеттi орган мынадай негіздемелердiң бiрi бойынша:
1) лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұруына негiз болған себеп жойылмаса;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) лицензияның қолданылуы соңғы он екі айдың iшiнде бiрнеше рет (екі және одан көп) оқтатыла тұрса;
3) лицензиаттың жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салса;
4) лицензиаттың кәсіпкерлік қызметi тоқтатылса;