жеке тұлғаларға - тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - төрт жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
420-бап. Жабайы сораны жоюға шара қолданбау
Ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнде, бақшаларда, жүзiмдiктерде, питомниктер мен парктерде, егiн алқабының, суландыру және ирригациялық-мелиоративтiк желiлердiң жиегiнде, тас және темiржолдардың оқшау белдеулерiнде, ұйымдардың аумақтарында, қалалар, кенттер мен басқа да елдi мекендер тұрғындарының жер учаскелерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк орман және су қорлары, мемлекеттiк запас жерінде және нұсқамадан кейiн ұйымдарға бекiтiлiп берiлген жерде жабайы сораны жоюға шаралар қолданбау -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
421-бап. Құрамында есiрткi бар егiстiктердi күзетудi қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Сора, көкнәр немесе құрамында есiрткi заттары бар басқа да өсiмдiктер егiстiктерiн, осы дақылдардың өнiмiн сақтау мен өңдеу орындарын күзетудiң белгiленген режимiн қамтамасыз етуге шаралар қолданбау, сол сияқты құрамында есiрткi заттары бар аңыз қалдықтарын және өндiрiс қалдықтарын жоюға шаралар қолданбау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
422-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау
1. Ойын-сауық мекемесі, сондай-ақ білім беру ұйымы иесінің есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы Кодексте көрсетілген ойын-сауық мекемелеріне ойын мекемелері, түнгі клубтар, дәмхана-барлар, мейрамханалар, интернет-дәмханалар, компьютер, бильярд, боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсатындағы объектілер және көңіл көтеру-демалыс, театр-ойын-сауық, спорт, мәдени-демалыс мақсатында қызметтер көрсетілетін өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар жатады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 423-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
423-бап. Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау
Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау -
лицензиядан айыра отырып немесе онсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды насихаттау деп айқындалмаған адамдар тобында есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және заңсыз тұтынылуына оң немесе төзімді көзқарас қалыптастыруға бағытталған, ұсынылу нысаны мен тәсіліне қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар туралы, оларды әзiрлеу, дайындау және пайдалану тәсiлдерi, әдiстерi туралы, есiрткi, психотроптық заттар мен сол тектестердің жекелеген түрлерін пайдаланудың артықшылықтары туралы және пайдасы туралы кез келген мәліметтерді таратуды немесе осы мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауды түсiнген жөн.
2. Осы бапта есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, айқындалмаған адамдар тобына арналған және есірткі және психотроптық заттарға, сол тектестерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және олардың заңсыз тұтынылуына және өткізілуіне ықпал етуге арналған, оларды сатып алу орындары немесе тәсілдері, сапасы, бағасы және олардың өзге де қасиеттері туралы ақпаратты кез келген жерде, кез келген нысанда, кез келген тәсілмен таратуды және (немесе) орналастыруды түсінген жөн.
424-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет
1. Қызметтiң осы түрiне арналған сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысуы -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негiзде көрсету -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттердi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау -
жеке тұлғаларға маман сертификатынан айыра отырып - отыз, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Көпшілікпен емшілік сеанстарын (екі және одан да көп адам) өткізу, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы өткізу -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәрiлiк заттар тағайындауға уәкiлеттi медицина жұмыскерлерiнiң сыйақы алу мақсатында дәрiлiк заттар жарнамасына қатысуы, медицина жұмыскерлерiнiң дәрiлiк заттарды жұмыс орнында өткізуі, сондай-ақ белгiлi бiр дәрiхана ұйымдарына немесе өзге де ұйым түрлеріне жiберуі және олармен ынтымақтастықтың басқа да нысандары -
жеке тұлғаларға маман сертификатынан айыра отырып - сексен, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
425-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
қызметін тоқтата тұрып не онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - төрт жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 426-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
426-бап. Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу
1-тармақтың бірінші абзацы 2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді, осы абзац қолданысқа енгізілгенге дейін 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды
1. Дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету, жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе, -
жеке тұлғаларға - жетпіс, лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
фармацевтикалық қызметке арналған лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға алып келеді.
3. Тiркелмеген, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу, қолдану (пайдалану), жарнамалау, егер олар адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе, -
қызметтi тоқтата тұрып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын дәрілік және оларға теңестірілген заттар, емдік-профилактикалық тамақ өнімдері мен тағамдық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бiрiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан іс-әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, емдік-профилактикалық тамақ өнімдері мен тағамдық қоспалар, сондай-ақ косметикалық заттар және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ олардың қызметіне тыйым салуға алып келеді.
427-бап. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу -
заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
заңды тұлға қызметіне тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға - бір жүз жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
428-бап. Денсаулық сақтау саласындағы анық емес жарнама
Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ жарнама берушінің медициналық қызметтер көрсету, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістері мен құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспаларды мемлекеттік тіркеусіз олардың жарнамасын таратуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 429-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
429-бап. АИТВ жұқтырғандармен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген адамдардың, сондай-ақ дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi немесе психотроптық заттарды тұтынушы адамдардың медициналық тексерілуден және емделуден жалтаруы
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де АИТВ жұқтырғандармен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген адамдардың медициналық тексерілуден және емделуден одан әрі жалтаруы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған не дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi заттарын немесе психотроптық заттарды пайдаланып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық тексерілуден және емделуден жалтаруы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
430-бап. Айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың емделуден жалтаруы
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де олармен қатынаста болған және профилактикалық емдеудi қажет ететiн адамдардың дәрiлік заттарды қабылдаудан бас тартуы және емделуден өзге де жалтаруы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы -
жеке тұлғаларға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
431-бап. Айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы
Айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупiн туғызатын өздерiмен қатынаста болған адамдарды жасыруы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
432-бап. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпарат беру
1. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпарат, оның iшiнде құжаттарды бұрмалау жолымен беру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
433-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті органдарға хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуы
1. Денсаулық сақтау субъектілерінің инфекциялық аурулар, улану, айналадағылар үшін қауiп төндіретін, психиканың және мiнез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларының туындау қатерi және (немесе) туындауы туралы - төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарға, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген адамдар туралы, айналадағылар үшін қауiп төндіретін аурулардың жағдайлары туралы iшкi iстер органдарына хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуы -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - сертификаттан айыра отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
25-тарау. Қоғамдық тәртiпке және имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
434-бап. Ұсақ бұзақылық
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екіншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 434-1-баппен толықтырылды
434-1-бап. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы
1. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын:
1) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіру;
2) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалану түрінде бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 434-2-баппен толықтырылды
434-2-бап. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау
1. Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық -
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 436-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
436-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану
1. Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды, электрлі (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық және лақтырылатын қарудан оқ ату -
қару тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану -
пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер -
пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 437-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не заты болып табылған зат тәркiленіп, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы Кодекстің 436 және 482-баптарына сәйкес тәркіленген, одан әрі пайдалануға жарамсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару ретінде айналымға тыйым салынған қару осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.
437-бап. Тыныштықты бұзу
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
438-бап. Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру
1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру -
жеке тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не аварияларды, өрттердi, дүлей зілзала салдарын жою кезеңiнде жасалған әрекеттер -