4-тармақта:
«5),» деген цифрдан кейін «5-1),» деген цифрлармен толықтырылсын;
«және 10)» деген сөздер «, 10), 12) және 13)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Осы баптың 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған куәліктің қолданысы соттың немесе өзге де уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулының күшін жою не істі тоқтату туралы шешімі күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайта басталады.»;
7-тармақта:
5) тармақшадағы «275, 277, 280, 280-1, 522, 527, 528, 533, 534, 543, 548, 549, 550, 551, 552» деген цифрлар «275, 277, 280, 280-1, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543, 544, 545, 548, 549, 550, 551, 552, 553, 554, 555, 556» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6) тармақшаның бірінші абзацындағы «190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312», «214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367» деген сөздер тиісінше «184, 190, 192-1, 193, 200, 207, 209, 213, 214, 216, 216-1, 218, 219, 221, 222, 222-1, 226, 228, 231, 233, 233-1, 235-1, 243, 250, 259, 311, 312 және 313», «198, 214, 216, 218, 223, 232, 234, 235, 236, 238, 239, 241, 242, 244, 245, 246, 248, 250, 253, 255, 256, 263, 275, 286, 297, 366, 367 және 368» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер уәкілетті экономикалық операторға қатысты кедендік тексеру нысанында кедендік бақылау жүргізілсе, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінен алып тастау осындай тексеру аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.»;
4) 541-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «7) тармақшасында» деген сөздер «7), 9), 10) және 11) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «және 137-бабының 4-тармағына» деген сөздер «, 137-бабының 4-тармағына, 417-бабының 3-1 және 8-тармақтарына және 419-бабының 5-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Хабарламаға шағым жасалған жағдайда оны орындау мерзімі осы Кодекстің 55-тарауына сәйкес тоқтатыла тұрады.»;
5) 570-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 9) және 11) тармақшаларында белгіленген уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне заңды тұлғаны қосу шарттары енгізілгенге дейін уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар осы Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 9) және 11) тармақшалары қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін көрсетілген шарттарға сәйкес келтіреді.».
8. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 173-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Келісімшарттың өндіру кезеңін ұзарту шарттарының Қазақстан Республикасы үшін жер қойнауын пайдалану құқығы берілген шарттарға қарағанда пайдасы аз болмауы тиіс.»;
2) 277-баптың 3-тармағының отыз бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«173, 174-баптарда, 176-баптың 7 және 8-тармақтарында, 178 - 181-баптарда;»;
3) 278-баптың 12-тармағының он бірінші бөлігі «көмірсутектер» деген сөзден кейін «мен уран» деген сөздермен толықтырылсын.
9. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
175-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың:
1) осы Кодекстің 4-бабы бірінші бөлігінің 12) және 16) тармақшаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөліктің 16) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«16) жолданым - әкімшілік органға немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс нысанында жіберілген өтініш немесе шағым;»;
2) осы Кодекстің 64-бабының бесінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5. Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
10. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 7-баптың 24) тармақшасы алып тасталсын;
2) 9-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
3) 12-баптың 2-тармағының 24) тармақшасы алып тасталсын.
11. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) 386-баптың 6-тармағы 8) тармақшасындағы «импорттаушыларға қолданылмайды.» деген сөздер «импорттаушыларға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасының аумағына көлік құралын бастапқы тіркеуден өтпеген көлік құралдарын 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларға қолданылмайды.
Бұл ретте мұндай көлік құралдарын әкелу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ олардың санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2) 387-бапта:
1-тармақтағы «заңды тұлға» деген сөздер «мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын.
12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспары
Қазақстанның Ұлттық Банкі бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспар әзірлейді, онда Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен нысаналы индикаторларын айқындайды.
Стратегиялық жоспарды Қазақстан Республикасының Президентімен не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.».
13-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
31-баптың екінші бөлігіндегі «2023» деген цифрлар «2024» деген цифрлармен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
14-тармақтың 1) және 2) тармақшалары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банк мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын беру туралы шешім қабылданған кезден бастап және алынған қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді банк толық орындағанға дейінгі кезеңде пайданы бөледі, қарапайым және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе мерзімсіз) қаржы құралдары бойынша дивидендтерді есепке жазады, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шарттар сақталған кезде өз акцияларын кері сатып алуды жүргізеді.»;
2) 17-1-баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын;
3) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «көзделген тұрғын үй төлемдерін» деген сөздерден кейін «, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаны» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға;».
15. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 24-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстанның халық әртісі;»;
2) 25-бап мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«- Қазақстанның халық әртісі» - Қазақстан Республикасының театр, цирк, музыка өнері мен кино өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» (Заслуженный артист Казахстана) және (немесе) «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (Заслуженный деятель Казахстана) құрметті атағына ие болған адамдарға;».
16-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
27-баптың екінші бөлігіндегі «2023» деген цифрлар «2024» деген цифрлармен ауыстырылсын.
17. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 9-24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-24) Қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы жазғы алаңдарды орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
18. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-бапта:
1-тармақ 4) тармақшасындағы «жүргізу тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызу үшін ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу және ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызу үшін сенім білдірушінің мүддесінде және тапсырмасы бойынша ақшаны басқарудың сенімгерлік операциялары;».
19. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қордың мүлкін осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін міндетті мүліктік жарналар негізінде қалыптастыруға жол беріледі.»;
2) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда міндетті мүліктік жарналар;».
20. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 29-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 38-бап мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудан әкімінің аппараты:
1) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
2) шұғыл жағдайларда ауыр науқас адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастырады;
3) елді мекендердің санитариясын, жерлеу орындарын күтіп-ұстауды және туған-туысы жоқтарды жерлеуді қамтамасыз етеді;
4) елді мекендерді абаттандыруды және көгалдандыруды қамтамасыз етеді;
5) әлеуметтік көмекті және әлеуметтік қамсыздандыруды, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруды ұйымдастырады;
6) тұрғын үй көмегі жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
7) жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
9) коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтаудың, кәріздің, кәріздік сорғы станцияларының, газбен жабдықтау мен жарықтандырудың тарату желілерін жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстарға жәрдемдеседі;
10) автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуді жүзеге асырады;
11) тұрғын үй қорын түгендеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
12) шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруды жүзеге асырады;
13) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
5-2. Облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімінің аппараты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
21. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 30-2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыруға бағытталған қаражат;».
22-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
26-баптың 3-тармағы 5) тармақшасындағы «қабылдаса, өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуға құқығы жоқ.» деген сөздер «қабылдаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуға құқығы жоқ.».
23. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Кеден ісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету саласындағы уәкілетті органдар және өзге де мемлекеттік органдар дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген) көлік құралдары туралы мәліметтерді ақпарат алмасу жүйесі арқылы ұсынады.»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде тіркелген (мемлекеттік тіркелуге жататын) көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық қозғалыста жоқ көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға жол берілмейді.»;
3) 13-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты:
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық қозғалыстағы көлік құралдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде;
2) жеке немесе заңды тұлғада көлік құралын иелену құқығы пайда болған кезде, бірақ осы көлік құралы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалуға тиіс.».
24. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-тарау мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін (әкелінетін) және басқа мемлекетте тіркелген автокөлік құралына қойылатын талаптар
1. Басқа мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне (әкелінуіне) мынадай:
1) автокөлік құралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық іздестіруде немесе іздестіруде болған;
2) көлік құралының басқа мемлекетте тіркелгені туралы куәлік болмаған;
3) автокөлік құралының меншік иесі туралы мәліметтерді, автокөлік құралының сәйкестендіру белгілерін, осындай автокөлік құралын жеткізу орны және қабылдау шарттары туралы мәліметтерді қамтитын, Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік құралын тасымалдау туралы қызметтер көрсетуге арналған шарт болмаған (автокөлік құралдарын тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді пайдалана отырып, автокөлік құралдарын әкелген жағдайда);
4) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының сәйкестендіру белгілері және олардың тіркеу есебі туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, жол берілмейді.
2. Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруінің (әкелінуінің) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртібі мен талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 14-1-бапта:
1-тармақтағы «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіп пен талапқа сәйкес конкурс қорытындылары бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы бола алады.»;
24-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
3) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушыларды, багажды, жүктерді автомобильмен тасымалдаулар
Шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен:
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында;
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша мемлекеттік есепке қойылған автокөлік құралдары үшін халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды, жүктерді тасымалдау жөніндегі кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады.».
25. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 41) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«41) Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы - Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізу мен жаңартуды қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, қолдап отыруды және пайдаланушылық қолдауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;»;
2) 6-бапта:
11-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11-2) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекітеді, сондай-ақ Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындайды;»;
25-тармақтың 2) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 14-5) тармақшамен толықтырылсын:
«14-5) Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағасын белгілеу тәртібін бекітеді;»;
3) 7-бапта:
1-1) тармақша «қалыптастырады» деген сөзден кейін «және іске асырады» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-5), 15-6), 15-7), 15-8), 15-9) және 15-10) тармақшалармен толықтырылсын:
25-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«15-5) Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағаларын Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бекітеді;
15-6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлейді;
15-7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді;
15-8) жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін сауда саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін бекітеді;
15-9) ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын бекітеді;
25-тармақтың 3) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
15-10) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
4) 7-3-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
5) 8-баптың бірінші бөлігінің 7), 7-1) және 7-2) тармақшалары алып тасталсын;
25-тармақтың 6) тармақшасының бірінші - алтыншы абзацтары 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
6) 10-баптың 2-7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-7. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес қызметінің негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі, сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру, мұндай объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың жұмысын ұйымдастыру болып табылатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар:
1) ішкі сауда субъектілері мен олардың әкімшілігінің жұмыскерлері үшін ірі сауда объектісінің, сауда базарының жұмыс режимін қамтитын жұмыс регламентін бекітеді;
2) ішкі сауда субъектілеріне сауда объектілері мен сауда инфрақұрылымына тең қолжетімділік береді;
3) ішкі сауда субъектілеріне ірі сауда объектілері, сауда базарлары беретін қосымша көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бар болса) бекітеді;
4) сауда объектілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізетін) назарына жеткізеді;
25-тармақтың 6) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтары 2023 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) ақпараттық жүйеде тіркеледі, оған қол жеткізе алады және өз қызметін ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады;
6) ақпараттық жүйеде жалға алу шарттарын жасасады немесе оларға өзгерістер енгізеді;
25-тармақтың 6) тармақшасының тоғызыншы - он бірінші абзацтары 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
7) сауда инфрақұрылымын құрады және жаңғыртады;
8) ірі сауда объектісінің, сауда базарының аумағындағы көтерме және бөлшек саудада сату аймағының аражігін ажыратады;
9) аумақтарында техникалық жағдайлар болған кезде сауда базарларында автодүкендерден сауданы ұйымдастырады;
25-тармақтың 6) тармақшасының он екінші абзацы 2023 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) сауда орнын жалға алғаны (пайдаланғаны) үшін төлемді ақпараттық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен не екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге шот жазып беру жолымен қабылдауды қамтамасыз етеді.»;
7) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерінде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, әкелу кезінде тауарлардың нысаналы мақсатына растама берілуі қажет болатын жекелеген тауар түрлеріне қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану мақсатында уәкілетті орган немесе өзге де мемлекеттік органдар тауардың нысаналы мақсатына растама береді.
Тауарлардың нысаналы мақсатын растауды уәкілетті орган немесе уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіпке сәйкес және нысан бойынша өз құзыреті шегінде уәкілетті орган немесе мемлекеттік органдар жүзеге асырады.»;
8) 16-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «шарттарға» деген сөзден кейін «және Еуразиялық экономикалық комиссия актілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;