4. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы:
1) кәмелетке толмаған;
2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
3) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдарға тағайындалмайды.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Жәрдемақылар мөлшері
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде белгіленеді:
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:
бірінші, екінші, үшінші балаға - 38,0 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға - 63,0 айлық есептік көрсеткіш;
2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:
бірінші балаға - 5,76 айлық есептік көрсеткіш;
екінші балаға - 6,81 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші балаға - 7,85 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 айлық есептік көрсеткіш;
3) көп балалы анаға берілетін жәрдемақы - 6,40 айлық есептік көрсеткіш;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы - 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі;
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы - 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар - айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді, бұлар республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленеді.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы Мемлекеттік корпорацияны он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Өтініш беруші бала күтіміне байланысты жәрдемақының, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерлеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабар бермеген жағдайда, жәрдемақылардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден бұрын қайта қаралмайды.
2009.02.12. № 211-ІV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Жәрдемақылар төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру
1. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақылардың төленуін тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
1) баланың қайтыс болуы;
2) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;
3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынуы;
4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақының төленуін тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
1) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оның заңды өкілінің немесе бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші;
2) жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтердің ұсынылуы;
3) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оған күтімді жүзеге асыратын адамның қайтыс болуы;
4) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің немесе оған күтімді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;
5) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің мүгедектік тобының өзгеруі;
6) осы Заңның 9-2-бабының 4-тармағында көзделген фактілердің анықталуы.
2. Жәрдемақыларды төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Жәрдемақылардың артық төленген сомалары - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда соттың шешімі негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
3. Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу мынадай мән-жайлар басталған кезде тоқтатыла тұрады:
1) жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты жерге кетуі;
2) жәрдемақы алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ақылы негізде ұсынылатын адамды қоспағанда, жәрдемақы алушының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұруы.
Осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жәрдемақыны төлеу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Жәрдемақыларды төлеу жәрдемақылардың төленуін тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар өткен соң қайта басталады.
4. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.
12-бап. Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
13-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 8-бапты, 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. маусымның 28-і.
№ 63-III