2. Уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердiң) шекті деңгейлерін белгілейді. Жергiлiктi атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілейді.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2005 ж. 1 қаңтардан күшіне енеді); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша барлық жүру жолында жолаушылар тасымалы бойынша қызметтер көрсететiн тасымалдаушының шығыстары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен субсидияланады.
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Вагондарды сатып алуды кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттеудің немесе қаржылық лизингтің барлық мерзіміне бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.
3. Халықаралық қатынаста тарифтi (тасымалдау ақысын) қолдану ережесi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленедi.
13-бап. Тасымалдауға талап қою құқығын беру
Жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша жүзеге асырылмаған (толық көлемiнде жүзеге асырылмаған) тасымалға алдын ала ақы төленген жағдайда, жүк жөнелтушi ақша қаражатын қайтарып алуға немесе тасымалдаушының келісімiмен осы тасымалға талап ету құқығын басқаға беруге құқылы.
2-тарау. Теміржол көлігіндегі басқару
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Теміржол көлiгіндегі мемлекеттік басқару
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң теміржол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) Ұлттық теміржол компаниясының мәртебесiн белгiлеу;
3) - 14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
15-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тасымалдауды шектеу туралы, багаж, жүк және жүк-багаж әкелуге, әкетуге, олардың транзитiне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
17) - 22-4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2. Уәкілетті органның құзыретіне:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) магистральдық темiржол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекiту;»;
4) Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) теміржол көлiгiнiң жұмыс iстеу, оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мемлекеттік бақылау;
6) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу тәртібін әзірлеу;
7) тасымалдауды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға жасалған шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын белгiлеу;
8) қозғалыс қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистральдық теміржол желісінiң, теміржолдар мен жылжымалы құрамның объектілерін пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату;
9) теміржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекіту;
10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
11) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) теміржол көлiгi қызметкерлерiн кәсiби үздік белгiсiмен марапаттау тәртібін бекіту;
13) қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;
14) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәселелердi қарау;
15) теміржол көлігінде сигнализация жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
16) экспедиторлар қызметiн ұсыну тәртібін айқындау;
17) вагондар (контейнерлер) операторлары ұсынатын қызметтер тәртібін айқындау;
18) локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету тәртібін айқындау;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) магистральдық темiржол желiсiнде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекiту;
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекiту;
22) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту;
23) поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту;
25) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) Қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оларды пайдалану режимiн айқындау және бөлiнген белдеуде теміржол көлiгiнiң қажетi үшiн жердi пайдалану жөніндегі қағиданы бекіту;
26-1) Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;
28) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар теміржол көлiгiндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін бекіту;
29) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру тәртібін бекіту;
30) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31) Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеуге қатысу;
32) поездар қозғалысына байланысты қызметтік терминдерді бекіту;
33) жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындау;
34) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 34-1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-1) теміржол көлігіндегі табиғи монополия субъектілерінің шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, отын, энергия шығыстарының, техникалық ысыраптарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын бекіту;
34-2) теміржол вокзалдарының тізбесін олардың класына сәйкес бекіту;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 34-3), 34-4), 34-5), 34-6), 34-7), 34-8), 34-9), 34-10), 34-11), 34-12), 34-13), 34-14), 34-15), 34-16), 34-17), 34-18), 34-19), 34-20), 34-21), 34-22), 34-23), 34-24) және 34-25) тармақшалармен толықтырылды
34-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша темiржол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;
34-4) темiржол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетті қамтамасыз ету тәртiбiн айқындау;
34-5) әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау;
34-6) арнаулы тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
34-7) магистральдық темiржол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекiту;
34-8) жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидаларын бекіту;
34-9) жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
34-10) магистральдық темiржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту;
34-11) темiржол көлiгiндегi қауiпсiздiк қағидаларын бекiту;
34-12) теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;
34-13) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
34-14) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 34-15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-15) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту;
34-16) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және технологиялық өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;
34-17) темiржол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларын бекiту;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 34-18) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-18) шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 34-19) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-19) әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
34-20) теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
34-21) теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесін бекіту;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 34-22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-22) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 34-23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-23) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
34-24) темiржол көлiгiндегi техникалық реттеу объектiлерiнің және оның тiршілiк циклiнiң процестерiнің техникалық регламенттерін бекiту;
34-25) тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 34-26), 34-27), 34-28) және 34-29) тармақшалармен толықтырылды
34-26) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
34-27) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың қағидаларын әзірлеу және бекіту;
34-28) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
34-29) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау;
2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен 34-30) тармақшамен толықтырылды
34-30) Мемлекеттік жылжымалы состав тізілімін жүргізу;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 34-31) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
34-31) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 34-32), 34-33), 34-34), 34-35), 34-36), 34-37), 34-38) және 34-39) тармақшалармен толықтырылды
34-32) қауіпсіздік сертификатын беру;
34-33) жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту;
34-34) теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;
34-35) қауіпсіздік сертификатының нысанын бекіту;
34-36) кірме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидаларын бекіту;
34-37) тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттарды бекіту;
34-38) жасанды құрылысжайларды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;
34-39) жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;
35) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкілді органдарының теміржол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының теміржол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешімдерді тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалды уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
2016.09.04. № 494-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;
4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарды айқындау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асыру жатады.
15-бап. 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушылар
1. Ұлттық тасымалдаушылар өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық тасымалдаушылар жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетедi, сондай-ақ арнайы және әскери тасымалдауларды орындайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Ұлттық тасымалдаушылар Ұлттық инфрақұрылым операторымен жəне тасымалдау процесіне басқа да қатысушылармен өзара іс-қимыл жасай отырып, əскери тасымалдарды бірінші кезектегі тəртіппен қамтамасыз етуге жəне орындауға міндетті.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Тасымалдау процесін басқару
1. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық және станциялық жолдардағы қозғалысты диспетчерлік реттеуді қоса алғанда, Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетеді, тасымалдаушылармен шарттар жасасады.
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық инфрақұрылым операторы Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, денсаулық сақтау саласындағы, стандарттау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісіне жібермеуге міндетті.
Тасымалдаушы пайдаланылатын жылжымалы құрамның Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, денсаулық сақтау саласындағы, стандарттау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұлттық инфрақұрылым операторы жекеше әріптеспен не концессионермен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде концессия шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қатынастарын регламенттейтін шарт жасасуға міндетті.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Теміржол станциясы
1. Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық теміржол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады. Тиісті жол дамытылымы бар теміржол станциясында поездарды құрастыру және тарқату жөніндегі маневрлік жұмыстар және поездармен техникалық операциялар жүргізілуі мүмкін.
2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін теміржол станцияларының, разъездердің жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елді мекендердің жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік кіріс органдары, шекара, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа да органдар теміржол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн теміржол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады.
4. Теміржол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау жөніндегі операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулеріне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткізуi қамтамасыз етiлуге тиiс.
5. Теміржол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 17-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-1-бап. Теміржол вокзалы
1. Теміржол вокзалында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитариялық-тұрмыстық, оның ішінде мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті болуға тиіс.
2. Теміржол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.
3. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс.
4. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар вокзал маңы аумағын күтіп-ұстауды және жөндеуді қамтамасыз етеді.
5. Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс.
6. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және техникалық регламенттің талаптарын сақтауға тиіс.
7. Теміржол вокзалдары тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылуға тиіс.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 17-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
17-2-бап. Теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектер үшін қолжетімділігі
1. Мүгедектердің теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдарында және теміржол станцияларында:
1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектердің автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;
2) ғимараттардың, ғимараттарға кіреберіс жолдардың (ғимаратқа кірер жолдардың, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;
3) көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған мүгедектер үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;
4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
5) қоғамдық дәретханалардың мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;
6) мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Поездың құрамында мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарды отырғызуға және түсіруге арналған көтергіш құрылғылары, мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы орындары бар вагон болуға тиіс.
3-тарау. Теміржол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар
18-бап. Теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жер
1. Тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушысына өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер теміржол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.