Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.
3. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
5. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
7. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 10-2-тараумен толықтырылды
10-2-тарау. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру
88-7-бап. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексерудің жалпы ережелері
1. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтар теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалған тәртіппен міндетті тергеп-тексеруге жатады. Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарға апаттар, авариялар, оқиғалар және оқыс оқиғалар жатады.
2. Тергеп-тексерудің мақсаттары себептерді және (немесе) ілеспе факторларды анықтау, жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықты болашақта болғызбау және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
3. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруді уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамына уәкілетті органның лауазымды адамы болып табылатын тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл, тасымалдау процесіне қатысушылар және мүдделі тұлғалар кіреді.
Оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тасымалдау процесіне қатысушылар тергеп-тексереді.
4. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің төрағалық етуімен жүргізіледі.
5. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын, сондай-ақ олармен байланысты барлық аспектілерді апаттар, авариялар болған жерде ұйымдастырады және үйлестіреді.
6. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл кәсіптік деңгейін ұстап тұру және біліктілігін арттыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімділікпен оқудан өтеді.
7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның сұрау салулары бойынша жүргізілетін тергеп-тексеруге қатысы бар ақпаратты және (немесе) құжаттаманы беруге міндетті.
8. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия апаттарды және аварияларды тергеп-тексеруді жеке және басқа да мемлекеттік органдар жүргізетін басқа тергеп-тексеру түрлерінен тәуелсіз жүргізеді.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа кезде, тергеп-тексеру жүргізу кезінде апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның қызметіне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.
88-8-бап. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құқықтары мен міндеттері
1. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия:
1) тергеп-тексеру жүргізудің тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тергеп-тексеруге қатысы бар дәлелдемелердің жоғалуын немесе өзгертілуін болғызбау үшін басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
2) апат және авария болған жерге, жылжымалы құрамды пайдаланумен байланысты барлық құжаттамаға, оған қызмет көрсетуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған персоналға кедергісіз қолжетімділігі болуға, оқиға орындарын, объектілер мен сынықтарды, қосалқы бөлшектерді және апаттың және аварияның туындауына себепші болған немесе ықпал етуі, әсер етуі мүмкін кез келген басқа да объектілерді қарап-тексеруді және одан әрі зерттеп-қарауды жүргізуге;
3) жылжымалы құрамдағы объективті бақылау аспаптарының немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысының деректерін, сондай-ақ жол жүрісіне қызмет көрсететін техникалық құралдардың жазбаларын іздеуді, қалпына келтіруді, шығарып алуды, оқуды және алынған деректердің сақталуына толық бақылауды жүзеге асыруға құқылы. Объективті бақылау немесе ақпарат жеткізгіштің кез келген басқа да құрылғысы жазбаларын шығарып алу және оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдарды пайдалана отырып қандай да бір кідіріссіз жүргізілуге тиіс;
4) оқиғаны көргендерден, персоналдан және апатқа және аварияға қатысы бар басқа да адамдардан сұрауға, апаттың және аварияның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтау үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға;
5) сарапшыларды жұмысқа тартуға, олардың апатты және аварияны тергеп-тексеруге қатысты есептерін сұратуға;
6) жылжымалы құрамның меншік иесімен келісу бойынша апат және авария болған жерге жүру жолындағы жолаушылар вагонында немесе локомотивте болуға құқылы.
2. Апаттарды және аварияларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
11-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 89-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
89-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртібі
1. Тасымалдаушыға тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қоюға жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) құқығы бар.
Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде вагондарға, контейнерлерге иелік ететін тұлға вагондар, контейнерлер жоғалған, бүлінген жағдайларда тасымалдаушыға кінә қоюға құқылы.
2. Жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдау шарты бойынша кінә қою құқығы бар тұлғалардың атынан кінә қоя алады.
3. Өтiнiш берушiде кінә қою құқығы бар екендігін куәландыратын құжаттар кiнә қоюға қоса берілуге тиiс.
4. Өтiнiш берушiнiң талаптарын растайтын мына құжаттар түпнұсқа түрiнде кiнә қоюға қоса берілуге тиiс:
1) жолаушының өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талап қойылған жағдайда - жол жүру құжаты (билет) және жазатайым оқиға туралы акт;
2) жолаушылар поезының жөнелтiлуi кiдiртiлген немесе ол кешiгiп келген, жол жүргені үшін төлемді қайтару туралы талап қойылған жағдайда - жол жүру құжаты (билет);
3) багажды, жүк-багажды жоғалтқан, жеткiзiп беру мерзiмiн бұзған, багажды, жүк багажды тасымалдағаны үшін тасымалдау ақысын қайтару туралы талап қойылған жағдайда - багаждың, жүк-багаждың түбіртегі;
4) багаж, жүк-багаж жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда - багаж, жүк-багаж түбіртегі мен коммерциялық акт;
5) жолаушыны, багажды, жүк-багажды тасымалдағаны үшін тариф дұрыс қолданылмаған, багаждың, жүк-багаждың салмағы қате анықталған, тасымалдау төлемдерін айқындау кезіндегі есептеуде қате жіберілген жағдайларда - жол жүру құжаты (билет), багаждың, жүк-багаждың түбіртегі;
6) жүк түгелдей жоғалған жағдайда - жүктің келіп түспегені туралы межелі станцияның белгісі қойылған жүкті қабылдау туралы түбіртек және жөнелтілген жүктің саны мен құнын растайтын құжат;
7) жүк жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда - теміржол көлiгi жүкқұжаты, межелі станция берген коммерциялық акт және жөнелтілген, жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жүктің саны мен құнын растайтын құжаттар.
Жүк жөнелтуші мен жүк алушы арасындағы есеп айырысу нормаланған және іс жүзіндегі ылғалдылық ескеріле отырып, жүргізілетін жүк жетіспеген жағдайда, кінә қоюға жүкті жөнелту және беру кезіндегі оның ылғалдылығын растайтын құжаттар қоса беріледі.
Жүкті беру кезінде оның бағасын арзандату немесе сортын төмендету жүргізілген жүк бұзылған (бүлiнген) жағдайда кінә қою актісіне сараптама актісі қоса беріледі;
8) жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi бұзылған жағдайда - теміржол көлiгi жүкқұжаты;
9) тариф артық төленген жағдайда - теміржол көлiгi жүкқұжаты немесе жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек және төленгенін растайтын құжаттар;
10) тасымалдау орындалмаған жағдайда - тасымалдаушының жүкті қайтарғаны туралы белгісі қойылған жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек;
11) жүк тасымалдаумен байланысты алымдар мен айыппұлдар артық төленген жағдайда - олардың есептелгенін және төленгенін растайтын құжаттар;
12) тасымалдаушы заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі немесе олар жалға алған вагондарды, контейнерлерді жоғалтқан, зақымдаған жағдайда - межелі станциядағы тасымалдаушының вагондардың, контейнерлердің жеткізілмегені туралы белгісімен жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек, техникалық паспорттар мен оларға меншік құқығын немесе жалға алынғанын растайтын құжаттар.
5. Бір кінә қоюда осы бапта көрсетілген әртүрлі жағдайлар бойынша талаптар біріктірілмеуі тиіс.
Жүктің жоғалғаны, жетіспеуі, бүлінгені немесе бұзылғаны үшін кінә қою әрбір жөнелтілім бойынша жеке қойылады.
Бір атаудағы, бір станцияда бір ғана жүк жөнелтуші бір межелі станцияға бір жүк алушының мекенжайына жөнелткен жүктер бойынша тасымалдауды ресімдеу кезінде тасымалдаушы олар бойынша бір коммерциялық акт жасаған жүк жөнелтілімдері тобы бойынша бір кінә қоюды ресімдеуге рұқсат етіледі.
Маршруттық немесе топтап тасымалданған жүктер бойынша кінә қою коммерциялық актіде көрсетілген вагондар санына қойылады.
Жүкті жеткізу мерзімі асып кеткен кезде олар бір тәулік ішінде келсе, бірнеше жүк жөнелтілімін бір кінә қоюда біріктіруге рұқсат етіледі.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 89-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 89-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
89-1-бап. Кінә қоюды ресімдеу
1. Кінә қоюда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) кінә қоюшы өтінім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе толық атауы, почталық деректемелері, оның жасалған күні;
2) олардың негізінде кінә қойылған мән-жайлар;
3) өтінім берушінің талаптары, кінә қойылған сома және оның есептеулері, банктік деректемелері;
4) кінә қоюға қоса берілетін құжаттардың, сондай-ақ басқа да дәлелдемелердің тізбесі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жеке тұлғадан түсетін кінә қоюға өтініш иесі өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қол қояды.
Заңды тұлғадан түсетін кінә қоюға ұйымның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және ол мөрмен куәландырылады.
Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді.
3. Жүк жөнелтушіге жүктің қабылданғаны туралы түбіртек және жүк алушыға жүкқұжат электрондық деректер алмасу жүйесі арқылы берілген жағдайда, өтініш беруші жөнелтілім нөмірін, жүктің тасымалдауға қабылданған күнін және тасымалдаушының ақпараттық жүйелеріндегі электрондық досьесінің тіркеу деректерін көрсетеді.
90-бап. Кiнә қоюдың мерзiмдерi
1. Тасымалдау шартынан туындайтын кiнәнi тасымалдаушыға талап қою мерзiмi iшiнде қоюға болады.
Кiнә қою мерзiмдерi мыналарға қатысты:
1) багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жоғалғаны үшiн шығынды өтеуге жеткiзiп беру мерзiмi аяқталғаннан жетi тәулiк өткеннен кейiн;
2) багаждың, жүктiң, жүк-багаждың жетiспеушiлiгi, бұзылғаны (бүлiнгенi), жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткенi үшiн шығынды өтеуге берiлген күннен бастап;
3) багаж, жүк, жүк-багаж тасымалына артық төленген тасымал төлемдерiн қайтаруға - берiлген күннен бастап;
4) багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi өтiп кетуiне берiлген күннен бастап;
5) жүк тасымалына қабылданған өтiнiмдi орындамағаны үшiн айыппұл өндiрiп алуға - өтiнiмдi орындау үшiн тасымалдау ережелерiнде белгiленген мерзiм аяқталған соң есептеледi.
Өзге жағдайларда - талап қоюға негiз болған оқиға туындаған күннен бастап есептеледi.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Почтамен жөнелту үшін кінә қою почтамен жөнелтілген күн немесе тасымалдаушының қолына берілген күн кінә қойылған күн болып есептеледі.
Егер кінә қоюды берудің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге дәл келсе, кінә қоюды берудің соңғы күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.
2. Тасымалдаушы, егер кiнә қою мерзiмi өтiп кетуiнiң себебiн дәлелдi деп таныса, қойылған кiнәнi белгiленген мерзiм өткеннен кейiн де қарауға құқығы бар.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 91-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 91-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
91-бап. Кiнә қоюды қараудың тәртібі мен мерзiмдерi
1. Кiнә қою ол алынған күннен бастап бір ай мерзiмде қаралуға тиiс.
Қараудың нәтижесі туралы тасымалдаушы өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
2. Кiнә қоюға жауапта:
1) жауап берілетін кінә қоюшы өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) немесе толық атауы, почталық деректемелері, жауап берілетін кінә қоюдың күні;
2) кінә қою толық немесе ішінара танылған жағдайда, танылған сома және кінә қоюды қанағаттандыру тәсілі;
3) кінә қою толық немесе iшiнара қабылданбаған жағдайда, кінә қоюдан бас тартуды негіздейтін, тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттарға сiлтеме жасалып, бас тартудың дәлелдері;
4) жауапқа қоса берілген құжаттар мен өзге де дәлелдемелердің тізбесі көрсетіледі.
3. Кінә қою толық сомада қанағаттандырылған жағдайда өтініш беруші ұсынған құжаттарды тасымалдаушы қайтармайды.
Кiнә қою толығымен немесе iшiнара қабылданбаған жағдайда, өтініш берушіге кiнә қоюға қоса берілген құжаттар, сондай-ақ егер өтініш берушіде олар жоқ болса, бас тартуды негіздейтін құжаттар жіберілуге тиіс.
4. Егер өтініш беруші берген кінә қою осы Заңның талаптары бұзылып ресімделсе, онда осындай кінә қою қайтарудың себептері көрсетіліп, тасымалдаушыға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей өтініш берушіге қайтарылады. Осындай кінә қоюды қайтару оны қанағаттандырудан бас тарту болып табылмайды.
5. Жүк жоғалған және бүлінген жағдайда кінә қоюды қанағаттандыру кезінде өтелуі тиіс сома оның сатушының шотында көрсетілген немесе шартта көзделген бағасы, ал шот болмаған немесе шартта баға көрсетілмеген кезде - салыстырмалы мән-жайлар кезінде әдетте осыған ұқсас тауарлар үшін алынатын баға негізге алынып айқындалады.
Тасымалдаушы залалды өтеумен қатар, жоғалған, жетіспейтін, бүлінген немесе зақымдалған жүктің тасымалданғаны үшін өндіріп алынған тасымалдау төлемақысын, егер осы төлемақы жүктің құнына енгізілмеген болса, қайтарады.
Егер жүк тасымалдауға оның құны жарияланып тапсырылса, онда ол жоғалған жағдайда, тасымалдаушы залалды - жарияланған құны мөлшерінде, ал ішінара жоғалған жағдайда - жүктің жоғалған бөлігіне барабар құнының мөлшерінде өтейді.
6. Егер кінә қоюды қарау кезінде жүктің мекенжайы ауыстырылса, не жүк жөнелтушінің немесе бастапқы жүк алушының өтініші бойынша басқа жүк алушыға берілсе, кінә қою оған жүк берілген жүк алушыны немесе оның өтініші бойынша жүктің мекенжайы ауыстырылған немесе жүк берілген тұлға көрсетіліп, қайтарылады.
92-бап. Актiлер
1. Тасымалдарды жүзеге асырған кезде тасымалдаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының), экспедитордың немесе жолаушының мүлiктiк жауапкершiлiгi үшiн негiз болатын мән-жайлар коммерциялық актiлермен немесе жалпы нысандағы актiлермен куәландырылады. Коммерциялық актiнiң және жалпы нысандағы актiнiң нысандары, сондай-ақ оларды жасау ережелерi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
2. Тасымалдаушы багажды, жүктi, жүк-багажды берген кезде мына мән-жайларды:
1) нақты атауының, сондай-ақ салмағы мен орын санының тасымалдау құжаттарында көрсетiлген деректерге сәйкес келмеуiн;
2) бұзылуын (бүлiнуiн);
3) тасымалдау құжаты жоқ багажды, жүктi не жүк-багажды немесе багажсыз, жүксiз не жүк-багажсыз тасымалдау құжатын тапқанын;
4) тасымалдаушыға ұрланған багажды, жүктi немесе жүк-багажды қайтарғанын;
5) жүк беру туралы құжаттарды ресiмдегеннен кейiн жиырма төрт сағат iшiнде тасымалдаушының түсiретiн (жүктен босататын) орынға жүктi бермегенiн куәландыру үшiн коммерциялық акт жасауға мiндеттi. Бұл жағдайда коммерциялық акт жүк алушының талабы бойынша ғана жасалады;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) багажды, жүктi немесе жүк-багажды өткізуге бергенiн куәландыру үшiн коммерциялық акт жасауға мiндеттi.
Тасымалдаушы тасымалдау құжаттарына коммерциялық акт жасалғандығы туралы белгi соғуға мiндеттi.
3. Жалпы нысандағы актiлер осы баптың 2-тармағында көзделмеген мән-жайларды куәландыру үшiн жасалады.
4. Актiнi жасауға қатысатын тараптардың оған қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ. Актiнiң мазмұнымен келiспеген жағдайда тараптардың онда өз пiкiрлерiн жазуға құқығы бар.
5. Дұрыс емес ақпараты бар коммерциялық актiнi жасаған немесе оған қол қойған адамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықта болады.
93-бап. Талап қою мерзiмi
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тасымалдаушыға тасымалдаудан туындайтын талап қою ол кiнә қоюды қанағаттандырудан толық не iшiнара бас тартқан жағдайда немесе тасымалдаушыдан қойылған кiнәға оны қарау мерзімі өткен соң жауап алынбаған жағдайда жасалуы мүмкiн.
2. Жүк, почта жөнелтілімдерiн тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзiмi - бір жыл, жолаушыны, багажды, жүк-багажды тасымалдау шарты бойынша - алты ай.
3. Талап қою мерзiмi талап қоюға негiз болған оқиға орын алғаннан кейiнгi келесi күннен басталады.
12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
94-бап. Ақпарат, қызметтiк iс қағаздарын жүргiзу және байланыс
1. Тасымалдаушы жолаушыларға, жөнелтушiлерге (жүк жөнелтушiлерге), алушыларға (жүк алушыларға) тасымалдау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге мiндеттi.
Теміржол станцияларында, вокзалдарда, поездарда және жолаушыларға, жөнелтушiлер (жүк жөнелтушiлер) мен алушыларға (жүк алушыларға) қызмет көрсетiлетiн басқа да орындарда ақпарат мемлекеттік тiлде және орыс тілінде берiледi, сондай-ақ жергiлiктi халықтың мүддесiн ескере отырып, басқа тiлдерде де берiлуi мүмкiн.
2. Жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж тасымалдау құнын өзгерту туралы мәлiметтер оларды енгізуден кем дегенде он күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Теміржол көлігінде қызметтік іс жүргізу мен байланыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Поездар қозғалысын жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган бекіткен терминдер пайдаланылады.
4. Теміржол көлiгіндегі тасымалдау құжаттары және халықаралық хабарлар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларымен белгiленген тiлдерде жүзеге асырылады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 94-1-баппен толықтырылды
94-1-бап. Есепке алу және есептілік
Локомотивтiк тартқыштың, вагондардың, контейнерлердің операторлары және тасымалдаушылар жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы уәкілетті орган белгілеген есепке алу және есептілікті ұсыну тәртібін сақтауға міндетті.
95-бап. Теміржол көлiгіндегі есепке алу-есеп беру уақыты
1. Теміржол көлiгiнде уәкiлеттi орган белгiлейтiн бірыңғай есепке алу-есеп беру уақыты қолданылады.
2. Халықаралық қатынаста есепке алу-есеп беру уақыты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi.
96-бап. Осы Заңды қолдану тәртібі
Осы Заң оны қолданысқа енгiзгеннен кейiн туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Осы Заңды қолданысқа енгiзгенге дейiн туындаған құқықтық қатынастар бойынша Заң өзi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн туындайтын құқықтар мен мiндеттемелерге қолданылады.
97-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізуге байланысты заңдарды қолдану
Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қабылданған теміржол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
Қазақстан Республикасының