Осындай іс-шараларды жүргізуге санкцияны жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары не орынбасарлары, Бас әскери прокурор, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар береді.
Осы Заңның 6-бабында санамаланған барлық органдардың міндеттерді шешуі мүддесінде байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары техникалық жағынан жүзеге асырады, бұл үшін оларға қажетті күш пен қаражат бөлінеді.
Байланыс желісін пайдалануға байланысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларының ұйымдастырылуы және жүргізілу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
Барлау ақпаратын алу, Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтері мен құралдарын ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасы мен байланыс желілеріне қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.».
3-тармақ 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
3. «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 13, 46-құжат):
12-баптың 2-тармағының 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңнамада белгіленген жағдайларда жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының жүргізілуін санкциялайды, оларды жүргізудің заңдылығын, сондай-ақ жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің заңдылығын тексереді;»;
«3) заңдылықты, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар анықталған кезде, жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатады;».
2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацын, жасырын тергеу әрекеттерін және олардың мерзімдерін ұзартуды санкциялау бөлігінде 7) тармақшасының бесінші абзацын, 8) тармақшасының төртінші абзацын, 12) тармақшасының бесінші абзацын, тергеу судьясының жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау не санкциялаудан бас тарту не жасырын тергеу әрекеттерінің мерзімдерін ұзартудан бас тарту туралы қаулысына өтінішхат келтіру бөлігінде 20) тармақшасының бесінші, сегізінші және оныншы абзацтарын, 36) тармақшасының екінші абзацын, 41) - 44), 46), 47) тармақшаларын, 56) тармақшасының үшінші абзацын, 57) тармақшасының төртінші абзацын, 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы желтоқсанның 21-і.
№ 118-VI