Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы өтінішхат сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде тараптардың қатысуынсыз жеке-дара қарайды.»;
«8. Лауазымынан уақытша шеттетудің күшін жоюды осы шараға қажеттілік жойылған кезде - тергеу судьясының санкциясы бойынша қылмыстық қудалау органының уәжді қаулысымен, не қылмыстық істі сотта қарау барысында сот жүзеге асырады.»;
30) 161-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үкiмнің азаматтық талап қою, басқа да мүлiктiк өндіріп алулар немесе мүлiктi ықтимал тәркiлеу бөлiгiнде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мүлікке тыйым салуды қолдану шараларын қабылдауға міндетті.
Егер азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету негіздері сот тергеуі сатысында туындаса, сот үкім заңды күшіне енгенге дейін оны қамтамасыз ету шараларын қабылдауға құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда прокурордың келісуімен, егер мүліктің меншік иесінің жеке басы анықталса, оны жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, мүлікке билік етуге он тәуліктен аспайтын мерзімге уақытша шектеу белгілеуге құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мүлікке билік етуге шектеу белгіленген мерзім өткен соң осы Кодекстің 162-бабында көзделген тәртіппен сот алдында мүлікке тыйым салуды қолдану жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы шығаруға не белгіленген шектеуді алып тастауға міндетті.
Мүліктің меншік иесін оған тиесілі мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгіленгені туралы хабардар ету мына жағдайларда:
1) террористік немесе экстремистік қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша;
2) қылмыстық топ жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша;
3) егер мүліктің меншік иесін мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгіленгені туралы хабардар ету қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан жасырын тергеу іс-шаралары туралы ақпараттың ашылу қаупін туғызса, жүргізілмейді.»;
31) 162-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның мүлікке тыйым салуды қолдану жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулысы және оның материалдары тыйым салынуға жататын мүлік анықталған кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей тергеу судьясына ұсынылуға тиіс. Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.»;
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
32) 163-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның мүлiкке тыйым салуды қолдану жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулысы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген жер бойынша не күдіктінің, айыпталушының мүлкі табылған жер бойынша сот отырысында аудандық немесе оған теңестірілген соттың тергеу судьясының жеке-дара қарауына жатады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
33) 165-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың нақты қаупі болған не оны күдікті, айыпталушы жасаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жәбірленушінің немесе қорғалуға жататын өзге адамның жазбаша арызы бойынша сот алдында жақындауға тыйым салуды санкциялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны прокурорға жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің жақындауға тыйым салуды қолдану қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жақындауға тыйым салуды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы өтінішхат сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде жеке-дара қарайды.»;
«8. Жақындауға тыйым салудың күшін жоюды осы шараға қажеттілік жойылған кезде - тергеу судьясының санкциясы бойынша қылмыстық қудалау органының уәжді қаулысымен, не қылмыстық істі сотта қарау барысында сот жүзеге асырады.»;
34) 179-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не кезек күттірмейтін бірінші тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі.
Мынадай:
1) қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар туралы, тексерулер, ревизиялар, аудит актілерімен және олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын басқалармен расталған нұқсан, елеулі зиян не заңсыз кіріс туралы мәліметтері жоқ;
2) жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танымаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделген бұзушылықтар жөнінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды.
Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген талаптар шарттық міндеттемелердің жосықсыз орындалғаны туралы ұжымдық, көптеген арыздар беру жағдайларына қолданылмайды.»;
35) 185-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Экстремистік және террористік қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себептер болған кезде қылмыстық қудалау органдары прокурордың келісуімен арызды, хабарды немесе баянатты тіркеу мерзімін прокурор айқындаған мерзімге кейінге қалдыруға құқылы.»;
36) 193-баптың бірінші бөлігінің 6) және 16) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
36) тармақшаның екінші абзацы 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«6) осы Кодексте көзделген жағдайларда сотқа дейiнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның әрекеттерін және (немесе) шешімдерін келіседі, бекітеді;»;
«16) айыптау актісін бекітеді, онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекітеді, айыпталушыны сотқа береді және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібереді;»;
37) 217-баптың бірінші, екінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Прокурор, тергеуші, анықтау органының бастығы, күдікті немесе оның іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокаты, егер жәбірленуші, куә болып табылатын адамнан сотқа дейінгі тергеп-тексеру не сот отырысы барысында неғұрлым кешірек жауап алу объективті себептерге (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұруы, шетелге шығуы, денсаулығының ауыр жағдайы, қауіпсіздік шараларын қолдану) байланысты мүмкін болмауы ықтимал деп пайымдауға негіз болған жағдайда, сондай-ақ психикасын жарақаттаушы әсер етуді болдырмау үшін кәмелетке толмаған куәлар мен жәбірленушілерден кейіннен жауап алуды болдырмау мақсатында тергеу судьясының олардан жауап алуы туралы өтінішхат беруге құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жолданымға қылмыстық істің жәбірленушінің, куәнің айғақтарын сақтауға қою қажеттігін растайтын материалдарын қоса береді.
2. Тергеу судьясы өтінішхатты алынған кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде қарайды және оның нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, тергеу судьясы алғаш мүмкіндік болған кезде жауап алу уақытын тағайындайды, бұл туралы прокурорға, күдіктіге және оның іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатына хабарланады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалады және осы қаулы прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуы айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты сотқа жіберу үшін негіздердің бар екенін көрсететін мән-жайлар туындаған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды. Кәмелетке толмағандардың айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат міндетті түрде қанағаттандыруға жатады.»;
«5. Жауап алынатын адамның тергеу судьясы сақтауға қойған айғақтары тiркелген сот отырысының хаттамасына судья мен сот отырысының хатшысы қол қояды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде болған процеске қатысушылар сот отырысы хаттамасының көшiрмесiн алуға және оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде өз ескертулерін келтiруге құқылы. Тергеу судьясы хаттамаға ескертулерді келіп түскен күні қарап, олардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы қаулы шығарады. Содан соң сот отырысының хаттамасы, егер хаттамаға ескертулер келтiрiлген болса, осы ескертулер және судьяның оларды қарау туралы қаулысы қылмыстық iс материалдарына қосып тiгу үшiн сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жiберiледi.»;
38) 220-бапта:
13-1-бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1. Тұрғын үй-жайды мәжбүрлеп қарап-тексеру жүргізу қажет болған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қарап-тексеру жүргізу туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің қарап-тексеру жүргізу қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.»;
13-2-бөлік алып тасталсын;
13-4 және он төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«13-4. Тергеу судьясы өтінішхатты және ұсынылған материалдарды қарап шығып, қарап-тексеруді санкциялайды не оны санкциялаудан уәжді қаулымен бас тартады. Тергеу судьясының шешімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі.
14. Егер тұрғын үй-жай оқиға орны болса және оны қарап-тексеруді кейiнге қалдыруға болмаса, онда тұрғын үй-жайды қарап-тексеру кейiннен материалдарды бір тәуліктік мерзімде тергеу судьясына жібере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
Тергеу судьясы жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығын тексереді және оның заңды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық істің материалына қоса тігіледі.
Жүргізілген қарап-тексерудің заңсыз екенi туралы шешiм қабылданған жағдайда, оның нәтижелері iс бойынша дәлелдемелер ретiнде жіберіле алмайды.»;
39) 223-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландыру жүргiзу туралы қаулы шығарады, ол күдікті, айыпталушы үшін, сондай-ақ арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсеткен адам үшін міндетті болып табылады.
Жәбiрленушiнi, куәнi, арыз иесін мәжбүрлеп куәландыру осы Кодекстің 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген тәртіппен, тергеу судьясының санкциясымен жүргiзiледi.»;
40) 226-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эксгумациялау жүргізу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам эксгумациялау жүргізу туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің эксгумациялау жүргізу қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Эксгумациялауды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде тараптардың қатысуынсыз жеке-дара қарайды.
4. Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап шығып, эксгумациялауды санкциялайды не оны санкциялаудан уәжді қаулымен бас тартады, ал сот отырысы өткізіліп жатқан жағдайда эксгумациялауды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Тергеу судьясы шешімінің немесе қаулысының көшірмесі эксгумациялау туралы қаулы шығарған сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына орындау үшін жіберіледі.
5. Эксгумациялау жүргізу немесе одан бас тарту туралы шешімге осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, осы шешім прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
41) тармақша 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
41) 232-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 231-бабының 1) - 6) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттері тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі, оны алу тәртібі осы Кодекстің 234-бабында белгіленген.»;
42) тармақша 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
42) 233-баптың бірінші бөлігінің 3) тармағы алып тасталсын;
43) тармақша 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
43) 234 және 235-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«234-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау
1. Жасырын тергеу әрекеттері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның не осы Кодексте тиісті қаулы шығаруға уәкілеттік берілген өзге лауазымды адамдардың уәжді қаулысы негізінде тергеу судьясының, соттың санкциясымен жүргізіледі.
Санкция қылмыстар туралы осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген хабарлар мен арыздар бойынша ғана беріледі.
2. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы шығарылғанынан кейін жиырма төрт сағат ішінде көрсетілген тергеу әрекетін жүргізудің негізділігін растайтын материалдармен бірге тергеу судьясына ұсынылады.
Жасырын тергеу әрекетін санкциялау тиісті қаулы сотқа келіп түскен кезден бастап он екі сағат ішінде жүргізіледі.
Қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажет болған жағдайларда, қаулыны белгіленген мерзімнен асырып, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімде қарауға жол беріледі.
Шығарылған қаулы негізсіз болған жағдайда, тергеу судьясы оны санкциялаудан бас тартады.
Жасырын тергеу әрекетін санкциялау барысында берілген ақпараттың анықтығына күмән болған кезде, тергеу судьясы қаулыны санкциялап, жиырма төрт сағат ішінде оның заңдылығын процестік прокурордың тексеруіне бастама жасауға құқылы.
Процестік прокурор бес тәулік ішінде тиісті тексеру жүргізіп, оның нәтижелері туралы тергеу судьясын хабардар етуге міндетті.
Егер тексеруде жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулының заңсыз екені анықталған жағдайда, прокурор тергеу судьясына тиісті өтінішхат енгізуге міндетті.
3. Тергеу судьясы жасырын тергеу әрекеттерін прокурордың өтінішхаты бойынша тоқтатуы мүмкін.
4. Судьяға қатысты жасырын тергеу әрекетін санкциялауды Астана қаласының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген қаулысы бойынша жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты жасырын тергеу әрекетін санкциялауды Астана қаласының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарымен келісілген қаулысы бойынша жүргізеді.
5. Жасырын тергеу әрекеті аяқталған күннен бастап екі тәуліктен кешіктірілмей, уәкілетті прокурор оны жүргізу нәтижелері туралы хабардар етіледі.
235-бап. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу
1. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тергеу судьясын жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып және санкцияны кейіннен осы Кодекстің 234-бабында көзделген тәртіппен ала отырып, осы Кодекстің 232-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге жол беріледі.
2. Тергеу судьясы ұсынылған материалдарды зерделеп шығып, кейінге қалдыруға болмайтынына келіскен жағдайда - жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулыны санкциялайды, ал оған келіспеген жағдайда оны тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол берілмейтіні туралы қаулы шығарады.»;
44) тармақша 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
44) 236-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыру қажет болған кезде оларды жүргізуге бастамашы болған орган мерзім аяқталардан үш тәулік бұрын оны отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ұзарту қажеттігі туралы уәжді қаулы шығарады және оны санкциялау үшін тергеу судьясына жібереді.
Тергеу судьясының санкциясы алынғаннан кейін қаулы жасырын тергеу әрекетін жүзеге асыратын уәкілетті органға орындау үшін жіберіледі. Тергеу судьясы жасырын тергеу әрекетінің жүргізілуін ұзартуды санкциялап, бұл ретте қаулыда көрсетілгеннен аз мерзім белгілеуі мүмкін. Жасырын тергеу әрекетін жүргізуді жалғастыруға қажеттілік болмаған кезде, тергеу судьясы қаулыны санкциялаудан бас тартады және жасырын тергеу әрекеті тоқтатылады.
Жасырын тергеу әрекетін одан әрі жүргізуге қажеттілік жойылған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оның жүргізілуін өзі дербес тоқтатады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
45) 240-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тергеуші, анықтаушы қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп таныған жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері тергеп-тексеру материалдарына қоса тігілмейді және құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесінде бөгде адамдардың олармен танысу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда, осы баптың 1-1 және алтыншы бөліктерінде көзделген мәселелер түпкілікті шешілгенге дейін сақталады, содан соң тиісті акт жасала отырып жойылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп таныған жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері жойылатын күннен екі ай бұрын тиісті прокурор хабардар етіледі.
мынадай мазмұндағы 1-1 және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«1-1. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы адамды оған қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілген қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарылған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерімен таныстырмастан, хабардар етуге тиіс.
Бұл мерзімді тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша бір жылға дейін ұзартуы мүмкін.
Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша адамды:
1) террористік немесе экстремистік қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;
2) қылмыстық топ жасаған қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;
3) егер хабардар ету мемлекеттік құпияларды жария ету қатерін төндірсе;
4) егер хабардар ету қызметті құпия негізде және астыртын нысанда жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірсе, оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеті туралы хабардар етпеуге келісуі мүмкін.»;
«6. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамның осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген хабардар ету кезінен бастап он бес күн ішінде сотқа тиісті жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген нұқсанды (ондай болған кезде) өтеткізу туралы арызбен жүгінуге құқығы бар.»;
46) тармақша 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
46) 244-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы тергеу судьясының санкциясы алынғаннан кейін қаулыны орындау үшін құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесіне жібереді, оның қызметкері талап етілетін, кез келген материалдық ақпарат жеткізгіште тіркелген ақпаратты беруге міндетті.
Көрсетілген ақпарат оның берілген кезеңі және абоненттердің және (немесе) абоненттік құрылғылардың нөмірлері көрсетілетін ілеспе хатпен бірге мөрмен жабылған түрде беріледі.»;
47) тармақша 2018 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
47) 246-баптың екінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тергеуші, анықтаушы пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылауды қажет деп тауып, уәжді қаулы шығарады.
Қаулыда: пошта-телеграф жөнелтілімдерін кідірту жөнінде міндет жүктелетін байланыс мекемесінің атауы, пошта-телеграф жөнелтілімдері жасырын бақылануға жататын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), олардың мекенжайы, жасырын бақылау қолданылатын пошта-телеграф жөнелтілімдерінің түрі, осы бақылау қолданылатын мерзім көрсетілуге тиіс.
Көрсетілген қаулы тергеу судьясына ұсынылады және ол санкция берген жағдайда, оны тергеуші, анықтаушы орындау үшін пошта мекемелеріне немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғаларға жібереді.»;
«6. Пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылау шарасына қажеттілік жойылған кезде, бірақ кез келген жағдайда да тергеп-тексеру аяқталуынан кешіктірмей тергеуші (анықтаушы) тергеу судьясының санкциясымен осы шараның күшін жояды, бұл туралы пошта мекемесі немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлға үш тәулік ішінде хабардар етіледі.»;
48) 254-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тiнту мен алуды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам уәждi қаулы бойынша жүргізеді. Тiнту жүргiзу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыны тергеу судьясы санкциялауға тиiс.
Тiнту мен алуды жүргізу туралы қаулыны санкциялау осы Кодекстiң 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөлiктерiнде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Тұрғын үй-жайда онда тұрып жатқан адамдардың еркiнен тыс алу осы Кодекстiң 220-бабының он үшінші, 13-1, 13-3 және 13-4-бөлiктерiнiң қағидалары бойынша жүргiзiледi.»;
49) 268-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген жағдайларда жәбiрленушiден, куәдан, сондай-ақ арыз иесінен және арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам деп тікелей көрсеткен адамнан үлгiлердi мәжбүрлеп алуға осы Кодекстің 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген тәртіппен, тергеу судьясының санкциясымен немесе соттың қаулысы бойынша ғана жол берiледi.»;
50) 296-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Күдікті мен қорғаушы іс материалдарымен танысып болғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам олардың өтінішхат мәлімдейтінін және нақты не туралы екенін, қандай өзге де мәлімдемелер жасағысы келетінін анықтауға міндетті.
Бұл ретте күдікті мен оның қорғаушысы қылмыстық іске міндетті түрде қоса тігілетін қосымша дәлелдемелер мен өзге ақпарат береді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 297-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен қосымша тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы.
Тараптардың сол кезде қолда бар дәлелдемелер мен өзге материалдарды толық көлемде ұсынбауы оларды дәлелдемелер ретінде жіберуге болмайды деп тануға алып келеді.
Бұл ретте қорғау тарапы, өзінің пікірі бойынша, күдіктіні қорғау мүдделерін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызы бар дәлелдемені, уәждемесіне қарамастан, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына бермеуге құқылы.
Күдікті мен оның қорғаушысынан олардың жауап алынған куәлардың, сондай-ақ іске қатысатын сарапшылардың, мамандардың және куәгерлердің арасынан нақты қайсысын сот отырысына жауап алу және қорғану ұстанымын растау үшін шақыртқысы келетіні анықталуға тиіс.»;
51) 303-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер прокурор кепіл, күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою, оны өзгерту не таңдау қажет деп тапса, ол тиісінше осы Кодекстің 145, 146, 147 және 153-баптарын басшылыққа алады.»;
52) 513-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның адамға қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттігіне байланысты адамды медициналық ұйымға орналастыру туралы қаулысын тергеу судьясы қарап, шешім қабылдайды.
Істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын орган қаулысының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.»;
«3. Медициналық ұйымға орналастыру түріндегі қауіпсіздік шарасы бүкіл сотқа дейінгі іс жүргізу барысында, бірақ бір айдан аспай сақталады, содан соң оны қолдану мерзімін тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты бойынша бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін не оның күші жойылуы мүмкін. Сот талқылауы барысында осы қауіпсіздік шарасы соттың қылмыстық істі қарау бойынша шығарылған, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулысы заңды күшіне енгенге дейін сақталады.»;
53) 525-бап алып тасталсын;
54) 527-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін тіркейтін тергеу әрекеттері мен өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
Егер күдікті мен оның қорғаушысы, жәбірленуші істің анықталған мән-жайларына дау айтпаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жиналған дәлелдемелермен шектелуге құқылы.
Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша осы Кодекстің 189-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен анықтау тағайындалған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.»;
55) 528-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«528-бап. Хаттаманы сотқа жіберу тәртібі
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам хаттама мен оған қоса берілген материалдарды танысу үшін күдіктіге ұсынады, бұл туралы хаттамада күдіктінің және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қойған қолымен куәландырылатын тиісті белгі жасалады. Күдікті хаттамамен және іс материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс анықтау органының бастығына жіберіледі.