ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге салынған мүлік «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші және алтыншы абзацтарының ережелері:
банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды.»;
33) 156-бапта:
1-тармақтың 33) тармақшасының екінші - он алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:
Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;
I, II, III топтардағы мүгедек;
мүгедек бала болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.
Егер жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болса, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
«13-2) осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:
«мүгедек бала» санатындағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін - осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін - осы адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін асырап алушылардың бірі болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.
Осы тармақшаның ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын, тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынастарында болуына байланысты қолданылмайды;»;
1-тармақтың 33) тармақшасының он жетінші және он сегізінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
43) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жүргізілген шығыстар;»;
1-тармақтың 33) тармақшасының он тоғызыншы - жиырма үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларында көзделген кірістер жеке тұлға мынадай құжаттарды:
жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларын қолдануға осы бапта белгіленген шектерде түзету мөлшері көрсетілген өтінішін;
растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынған кезде осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларын қолдануға негіз туындаған, тоқтатылған немесе бар болған салық кезеңдері кіретін күнтізбелік жылы салық салуға жататын кірістерден алып тасталады.
3. Осы баптың 1-тармағының 12), 13) және 13-2) тармақшаларында көзделген нормаларды салық агенті жеке тұлғаның кірісіне жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстаған күннен кейін өтініш білдіруі себепті қолданбаған болса, онда жеке тұлға осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне осы баптың 2-тармағында көрсетілген, солардың негізінде салық агенті салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді жүргізетін құжаттарды ұсынуға құқылы.»;
1-тармақтың 34) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
34) 163-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыскердің салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
жұмыскердің ағымдағы салық кезеңінде салық салуға жататын кірісінің ағымдағы салық кезеңінде аударылуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңінен жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-3-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-4-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде көзделген, ағымдағы салық кезеңіндегі стандартты шегерім сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-5-бабына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңінен стандартты шегерімді ауыстыру сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-6-бабына сәйкес көп балалы отбасы үшін салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-7-бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-8-бабына сәйкес оқуға арналған салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-9-бабына сәйкес медицинаға арналған салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-10-бабына сәйкес сыйақылар бойынша салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-11-бабына сәйкес сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімі сомасы
алу
осы Кодекстің 156-12-бабына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңінен басқа да салық шегерімдерін ауыстыру сомасы.»;
1-тармақтың 35) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
35) 165-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде - жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің, оның ішінде жұмыскерлермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге шығыстары;»;
1-тармақтың 36) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
36) 168-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке тұлғаның салық агентінен алатын, ағымдағы салық кезеңінде салық салуға жататын кірісінің сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған, алдыңғы салық кезеңінен жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы,
алу
осы Кодекстің 156-3-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімі сомасы.»;
37) 180-1-бапта:
1-тармақтың 37) тармақшасының екінші абзацы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 7) тармақшасындағы «меншік құқығы тіркелген күннен бастап» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың 37) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша - мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарында мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;»;
38) 180-2-бапта:
1-тармақтың 38) тармақшасының екінші абзацы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 7) тармақшасындағы «меншік құқығы тіркелген күннен бастап» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың 38) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, жарғылық капиталға салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;»;
1-тармақтың 39) - 41) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) 183-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы Кодекстің 61-тарауында өзгеше тәртіп белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.»;
40) 192-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстардың, қызметтердің нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн кірістері, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де кірістер.
Осы тармақшаның ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында тіркелген бейрезиденттің осындай мемлекеттің аумағында жеке тұлғаға туристік қызметтер көрсетуінен түсетін кірістеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған әуежай қызметінен түсетін кірістерге қатысты қолданылмайды;»;
41) 202-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның жұмыскері болып табылса;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кірістерінен төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидент заңды тұлға соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін тұлғаға (оның ішінде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті деп танылады.»;
42) 212-бапта:
3-тармақта:
1-тармақтың 42) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бейрезидент осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резиденттікті растайтын құжатты немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін салық агентіне ұсынған кезде халықаралық шарт қолданылады.»;
1-тармақтың 42) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бейрезидентке кіріс төленген немесе бейрезиденттің төленбеген кірістері шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалған салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан;»;
1-тармақтың 42) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мұндай құжаттың көшірмесі төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.»;
1-тармақтың 43) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
43) 212-1-баптың 3-тармағында:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің - кірісті түпкілікті (нақты) алушының (иеленушінің) резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұндай көшірме төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.»;
1-тармақтың 44) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
44) 212-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мұндай көшірме төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.»;
1-тармақтың 45) тармақшасы 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
45) 219-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның қолтаңбасы мен мөрі, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.
Егер резиденттікті растайтын құжаттарды өзара танудың өзгеше тәртібі:
Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта;
осы Кодекстің 226-бабына сәйкес жүргізілетін өзара келісу рәсімі шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы арасында;
Еуразиялық экономикалық одақ органының шешімімен белгіленген жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.»;
1-тармақтың 46) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
46) 227-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаты болған кезде салық агентінің мұндай кірістерге осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен төлем көзінен табыс салығын салмауға немесе резидент жеке тұлғаның кірістеріне осы Кодекстің 158-бабының 2-тармағында көзделген табыс салығының мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжат салық агентіне осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей ұсынылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық агенті салық органына ұсынылатын салықтық есептілікте есепке жазылған (төленген) кірістердің және осы Кодекске сәйкес ұсталған, ұстаудан босатылған салықтардың сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық агенті осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен резидентке депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді бейрезидент - депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде осы Кодекстің ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.»;
47) 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-тармақтың 48) - 58) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
48) 231-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауарды комиссия шарты бойынша немесе тапсырма шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;»;
3-тармақтың 22) тармақшасындағы «басқаруы өткізу бойынша айналым болып табылмайды.» деген сөздер «басқаруы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге (өткізуге) байланысты оларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету - өткізу бойынша айналым болып табылмайды.»;
49) 233-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«233-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
1. Сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету, сенім білдірілген адамның сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі, сондай-ақ сенім білдірілген адам үшінші тұлғамен жасаған мәміле бойынша сенім білдіруші үшін осындай үшінші тұлғаның сенім білдірушінің атынан және есебінен жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі сенім білдірілген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.»;
50) 233-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комиссионердің тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі;
комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі;
үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.»;
51) мынадай мазмұндағы 233-2-баппен толықтырылсын:
«233-2-бап. Көлік экспедициясы шарты бойынша жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
Көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушы және (немесе) басқа өнім берушілер көлiк экспедициясының шартында айқындалған жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі экспедитордың өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.»;
52) 237-бапта:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Түзетілген шот-фактурада осы Кодекске сәйкес айқындалатын айналым жасау күні көрсетіледі.»;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қосымша шот-фактурада айналым жасау күні көрсетіледі, онда:»;
53) 238-баптың 12, 14 және 15-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Көлік экспедициясы шарты бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде экспедитордың салық салынатын айналымының мөлшері көлік экспедициясы шарты бойынша оның сыйақысы негізінде айқындалады.»;
«14. Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, сенім білдірілген адамның сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі, сондай-ақ сенім берілген адам үшінші тұлғамен жасаған мәміле бойынша сенім білдіруші үшін осындай үшінші тұлғаның сенім білдірушінің атынан және есебінен жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде сенім білдірілген адамның салық салынатын айналымының мөлшері тапсырма шарты бойынша оның сыйақысы негізінде айқындалады.
15. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәмiле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлға жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комиссионердің салық салынатын айналымының мөлшері оның комиссиялық сыйақысы негізінде айқындалады.»;
54) 248-баптың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) осы Кодекстің 244, 276-12-баптарына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстыру), Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру жөнiндегi жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін; әуежай қызметіне техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз порттарындағы көрсетілетін қызметтерді;»;
55) 250-баптың 2-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) инвестициялық алтынды екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалар санаты үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашылған металл шоттары арқылы өткізу;»;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 56) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56) 256-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортталған жағдайда төленген салық қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.»;
57) 257-баптың 3-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қосылған құн салығының сомасы:»;
3) тармақшадағы «мәмілелер бойынша есепке жатқызылмайды.» деген сөздер «мәмілелер бойынша;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) комиссионер - комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша;
5) экспедитор - көлiк экспедициясы шарты бойынша міндеттерді атқару кезінде, осындай шарт бойынша клиент болып табылатын тарап үшін тасымалдаушыдан және (немесе) басқа өнім берушілерден сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылмайды.»;
58) 258-бап мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:
«4-3. Егер өткізу бойынша осындай айналым жасалғанға дейін қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылған бөлінетін жер учаскесінің бір бөлігін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру жөніндегі өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылса, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жер учаскесіне тура келетін қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі, ол мына формула бойынша айқындалады:
ҚҚСтүз = ҚҚСеж/ Sжалпы*Sжер, мұндағы:
ҚҚСтүз - қосылған құн салығын түзету сомасы;
ҚҚСеж - бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
Sжалпы - жер учаскесінің оны бөлгенге дейінгі жалпы ауданы;
Sжер - иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) иелік ету құқығын беру осы Кодекстің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын жер учаскесінің ауданы.»;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 59) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
59) 263-бапта:
1-тармақтың 59) тармақшасының екінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-1 және 1-2-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
1-тармақтың 59) тармақшасының төртінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«2-1. Егер уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтылымда техникалық қателердің туындау себебінен шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру мүмкін болмаған жағдайда, шот-фактураны жазып беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі.
1-тармақтың 59) тармақшасының бесінші - он алтыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-2. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда: