ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен, кепілге салынған мүлік «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша азаматтық заңнамаға сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі бесінші, алтыншы абзацтарының ережелері:
банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;
29-1) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеу түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;
30) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен алынған материалдық пайда, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының даярлық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;
тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;
санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;
дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда.».
3-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 156-бабының 1-тармағы 13) тармақшасының алтыншы абзацы және 13-2) тармақшасының төртінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«мүгедек бала болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 55 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.»;
«асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін асырап алушылардың бірі болып табылатындығының негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінің 55 еселенген мөлшерiнде айқындалатын шектен аспайтын бiр жылдағы кірістері.».
4-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 237-бабы 8-тармағының қолданылуы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
5-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 2-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шот-фактура электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жазып беріледі.
Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруге міндетті.».
6-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 2-тармағы 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, шот-фактура электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жазып беріледі.
Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор, кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кедендік қоймалардың иесі болып табылатын салық төлеуші шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруге міндетті.».
7-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 7-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және:
қағаз жеткiзгiште жазып берiлген жағдайда - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен;
электрондық нысанда жазып берiлген жағдайда - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.
Қосылған құн салығын төлеушi:
электр энергиясын, суды, газды, жүйелік оператор көрсететін жүйелік көрсетілетін қызметтерді, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, теміржол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша тасымалдау көрсетілетін қызметтерін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есептелген сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында аталған тұлғаларға бір жыл немесе бір жылдан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураларды жазып беруге құқылы.
Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда
шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште жазып берiлген жағдайда - өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей;
электрондық нысанда жазып берiлген жағдайда өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей жазып беріледі.».
8-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 368-бабының 1-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Салық төлеушi салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық мөлшерлемесін негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын өз бетінше есептейдi. Жеке тұлғалар осы Кодекстің 369-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде салықты төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар ұсынатын мәліметтер негізінде салықты есептеуді жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген көлік құралы салығының сомасын осы Кодекстің 451-бабына сәйкес 70 пайызға азайтады.
Көлік құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.».
9-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 396-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4) осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектілері;».
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабының 2-1-тармағы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2-1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеуші төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша салық агентінің міндеттемелерін мына тәртіппен:
1) аталған салықты есептеу және ұстау бойынша - осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;
2) аталған салық және оны аудару жөніндегі салық есептілігін ұсыну бойынша:
егер мұндай салық төлеуші патент негізінде арнаулы салық режимін қолданған жағдайда - осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде;
өзге жағдайларда - осы Кодекстің 437 және 438-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.».
11-бап. Егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған, Салық кодексінің 428-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес арнаулы салық режимінен оңайлатылған декларация негізінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан жағдайда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 428-бабының 2-тармағы қолданылмайды деп белгіленсін.
12-бап. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабы 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса береді.»;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабы 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.».
13-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 570-бабының 1-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 сәуірге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қатаң есептілік бланкiсi болып табылады және салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәлiктiң нысанын уәкілетті орган белгілейді.».
14-бап. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 142-бабы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«142-бап. Кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі
1. Төлеуші кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді алу үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе кеденге өтініш беруге құқылы.
2. Кеден органы аталған берешектің жоқ екендігі және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді:
1) дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны таратуды, қайта ұйымдастыруды мемлекеттік тіркеу кезінде қажетті, кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында - берешектің жоқ екендігі туралы анықтама);
2) осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге жағдайларда кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында - берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама) жасау және беру арқылы төлеушіге ұсынады.
3. Кеден органы өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша тоқтатылмаған міндеттемелерді көрсете отырып, кедендік төлемдерді және салықтарды есепке алу деректері бойынша кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтаманы жасайды.
4. Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама, берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама кеден органы басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және анықтаманы жасаған кеден органының мөрімен куәландырылады және берілген кезден бастап күнтізбелік отыз күн бойы жарамды болады.
5. Дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда, кеден органы берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы төлеушінің көрсетілген анықтамалардың біреуін алуға берген өтінішінің және кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша салыстырып-тексеру актісінің негізінде береді.
6. Кеден органы төлеушінің көрсетілген анықтамалардың біреуін алуға берген өтініші тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы және (немесе) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы беруге міндетті.».
15-бап.
1. Осы Заң:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 23) тармақшасын, 25) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 26) тармақшасын, 78) тармақшасының екінші абзацын, 98) тармақшасының алтыншы абзацын, 99) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 123) тармақшасын;
2) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 63) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтарын;
3) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 24) тармақшасын, 32) тармақшасының екінші абзацын, 37) тармақшасының екінші абзацын, 38) тармақшасының екінші абзацын, 45) тармақшасын;
4) 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 109) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын;
5) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 19) тармақшасын, 20) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 33) тармақшасының он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 42) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 93) тармақшасының екінші абзацын, 122) тармақшасын, 136) тармақшасының он алтыншы абзацын, 9-тармағын, 14-тармағының бесінші - тоғызыншы абзацтарын, 19-тармағының алтыншы абзацын;
6) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 143) тармақшасын;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші - он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он сегізінші, жиырма үшінші - жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы - отыз бірінші абзацтарын, 6) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 9), 16) - 18) тармақшаларын, 20) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 21) және 22) тармақшаларын, 25) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 27) - 31) тармақшаларын, 33) тармақшасының екінші - он алтыншы, он тоғызыншы - жиырма үшінші абзацтарын, 35), 39) - 41) тармақшаларын, 42) тармақшасының үшінші, төртінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 43), 44), 46), 48) - 58) тармақшаларын, 59) тармақшасының төртінші, он жетінші - он тоғызыншы, жиырма үшінші - жиырма жетінші, жиырма тоғызыншы - отызыншы, қырық төртінші және қырық бесінші абзацтарын, 60) және 62) тармақшаларын, 63) тармақшасының екінші, үшінші, тоғызыншы абзацтарын, 64) - 70) тармақшаларын, 71) тармақшасының екінші, алтыншы - тоғызыншы абзацтарын, 72) - 77) тармақшаларын, 78) тармақшасының үшінші - он сегізінші абзацтарын, 79) - 88) тармақшаларын, 89) тармақшасының жетінші абзацын, 90) - 92) тармақшаларын, 93) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 94) тармақшасын, 95) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтарын, 96) және 97) тармақшаларын, 98) тармақшасының екінші - төртінші, жетінші - он үшінші абзацтарын, 99) тармақшасының алтыншы - он жетінші абзацтарын, 100) - 102) тармақшаларын, 103) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 108) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және он бірінші абзацтарын, 110), 111), 113) - 120), 124) - 126) тармақшаларын, 127) тармақшасының үшінші - сегізінші абзацтарын, 128) - 132), 134) және 135) тармақшаларын, 136) тармақшасының сегізінші - он бесінші абзацтарын, 146), 149) - 165) тармақшаларын, 168) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 169) - 173) тармақшаларын, 2-тармағы 1) тармақшасының үшінші, бесінші - жиырма жетінші абзацтарын, 2), 3), 6), 8), 10), 13) және 14) тармақшаларын, 15) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 16) - 24), 26) - 47) тармақшаларын, 48) тармақшасының екінші - жиырмасыншы абзацтарын, 49), 51) - 56) тармақшаларын, 57) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 59) - 64) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 4), 6) - 11), 13) - 18), 20) және 21) тармақшаларын, 5-тармағы 1) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 3) - 5) тармақшаларын, 7 және 10-тармақтарын, 13-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 3) және 6) тармақшаларын, 14-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын, 16 және 17-тармақтарын;
8) 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 127) тармақшасының тоғызыншы - он екінші абзацтарын, 133) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 2-тармағы 48) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма алтыншы абзацтарын, 50) тармақшасын;
9) 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының бесінші абзацын, 10) тармақшасын, 12) тармақшасының екінші абзацын, 13) - 15) тармақшаларын, 136) тармақшасының он тоғызыншы - жиырма екінші абзацтарын, 138) және 139) тармақшаларын;
10) 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 32) тармақшасының үшінші - он алтыншы абзацтарын, 133) тармақшасының тоғызыншы - он бірінші абзацтарын, 2-тармағының 5), 7), 9), 11) және 12) тармақшаларын, 6-тармағын, 13-тармағының 4) және 5) тармақшаларын;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының он жетінші, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 37) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 38) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 59) тармақшасының екінші, бесінші - он алтыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, отыз бірінші - қырық үшінші абзацтарын, 61) тармақшасын, 71) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 89) тармақшасының екінші - алтыншы, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 95) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 103) тармақшасының екінші - бесінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 104) - 107) тармақшаларын, 108) тармақшасының екінші - алтыншы, оныншы, он екінші - он төртінші абзацтарын, 109) тармақшасының екінші абзацын, 121) тармақшасын, 136) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтарын, 141), 142), 147), 148), 166) және 167) тармақшаларын, 3-тармағының 12) және 19) тармақшаларын, 8, 15 және 18-тармақтарын;
12) 2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 8) және 11) тармақшаларын, 12) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 133) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 145) тармақшасын, 2-тармағы 1) тармақшасының төрінші абзацын, 25) тармақшасын, 4-тармағын;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 3-тармағының 112) тармақшасын;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтарын, 7) тармақшасын, 99) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2-тармағы 57) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтарын, 58) тармақшасын;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 5) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 34) және 36) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын және 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 3-і.
№ 432-V