6) тексерілетін тұлғаның банк шоттарының деректемелері;
7) тексерілетін тұлға басшысының және тексерілетін тұлғаның кедендік және қаржылық есептілікті жүргізуге, кеден органдары алатын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
8) тексерілетін кезең және тексерілген, оның ішінде тексерілетін тұлға ұсынған құжаттар туралы мәліметтер;
9) алдыңғы тексеру және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұрын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтер;
10) нормативтік құқықтық актілердің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды куәландыратын анықталған фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы;
11) көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша түйіндер.
3. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын көшпелі кедендік тексеру актісі жасалған күн көшпелі кедендік тексеру аяқталған күн деп есептеледі.
Көшпелі кедендік тексеру актісін кедендік тексеруді жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.
Көшпелі кедендік тексеру актісінің бірінші данасы кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы есеп-қисаптары қоса беріле отырып, көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілетін тұлғаға табыс етіледі немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
4. Егер көшпелі кедендік тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
5. Көшпелі кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
6. Көшпелі кедендік тексеру актісі кедендік тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналда тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.
7. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
8. Көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша оны жүргізу кезінде анықталған Кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 221-2-бабында көзделген тәртіппен табыс етіледі.
Хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
9. Осы тармақта көрсетілген құжаттарды тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмауы себебінен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осындай құжаттарды қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кеден органы осындай тұлғаның орналасқан жері бойынша куәгерлерді (екі адамнан кем емес) тарта отырып, зерттеп-қарауды жүргізеді.
Зерттеп-қарау пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мынадай құжаттарды қайтарған кезде жүргізіледі:
көшпелі кедендік тексеру актісі;
тексеру нәтижелері туралы хабарлама.
Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша зерттеп-қарау актісі жасалады, онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
актіні жасаған кеден органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжатының атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат.
Кеден органдарының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша нақты болмауы анықталған жағдайда осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс ету күні зерттеп-қарау актісін жасаған күн болып табылады.»;
56) мынадай мазмұндағы 221-2-баппен толықтырылсын:
«221-2-бап. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендiк тексеру актiсi тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жiберiледi.
2. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға оның әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылғанына қарамастан жіберіледі.
3. Тексеру нәтижелері туралы хабарламада:
1) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
2) төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе толық атауы және заңды мекенжайы;
3) кеден органының атауы;
4) хабарламаның тіркеу күні мен нөмірі;
5) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасы;
6) хабарлама берілген күнгі өсімпұлдар сомасы;
7) кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау туралы талап;
8) хабарламаны жіберу үшін негіздеме;
9) кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша берешекті өтеу кезінде өсімпұлды есептеу тәртібі;
10) шағым жасау тәртібі;
11) кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпеген бұзушылықтарды жою бойынша талап;
12) тауарларға арналған декларацияны түзетуді ресімдеу жөніндегі талап көрсетілуге тиіс.
4. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға қолын қойғыза отырып, жеке өзіне табыс етілуге немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілуге тиіс. Тексерілетін тұлғаға хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген тексеру нәтижелері туралы хабарлама, егер осы Кодекстің 221-1-бабында өзгеше белгіленбесе, тексерілетін тұлға пошта байланысы немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп саналады.
5. Көрсетілген хабарламаға тексерілетін тұлғаның шағым жасау жағдайын қоспағанда, тексеру нәтижелері туралы хабарламадағы талаптар тексерілетін тұлғаға хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.
6. Тексерілетін тұлға тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есепке жазылған сомаларымен келіскен жағдайда, кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімі төлеу кестесі қоса берілетін тексерілетін тұлғаның өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
Бұл ретте көрсетілген сома бюджетке төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады және осы кезеңнің әрбір он бес жұмыс күні сайын тең үлестермен төленіп отырады.
Тексеру нәтижелеріне шағым жасалған жағдайда, кедендік тексеру нәтижелері бойынша есепке жазылған кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың осы тармақта көзделген тәртiппен кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша міндеттемелерінің орындалу мерзімі ұзартылуға жатпайды.
7. Егер көшпелі кедендік тексеру аяқталған соң Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылмайды.
8. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органынан бөлек кеден органы шығарған кеден декларацияларына қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілген кезде көшпелі кедендік тексеру актісінің және тексеру нәтижелері туралы хабарламаның көшірмелері тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей тауарларды шығару жүргізілген кеден органына жіберілуге жатады.»;
57) 223-баптың 1-тармағында:
2-тармақтың 57) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) коммерциялық, көлiктік құжаттарды, олардың негізінде кедендік декларациядағы мәліметтер мәлімделген құжаттарды, бухгалтерлiк есеп және есептiлiк құжаттарын, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру кезінде тексерiлетiн тауарларға қатысты басқа да ақпаратты, оның iшiнде электрондық жеткізгіштерде талап етуге, алуға және тексеруге;»;
2-тармақтың 57) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
17) тармақшадағы «пайдалануға құқылы.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) көшпелі кедендік тексеруді жүргізген кезде тексерілетін тұлғадан бухгалтерлiк есепті автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің тексерiлетiн тауарларға қатысты деректері қамтылған ақпараттық жүйенің деректерін көруге рұқсат беруді, сондай-ақ көрсетілген деректерді электрондық жеткізгіштерде және (немесе) олардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде ұсынуды талап етуге құқығы бар.
Бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін электрондық жеткізгіштерде ұсыну жөніндегі міндеттеме салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге қатысты болады.
Бұл ретте тексерiлетiн тұлғаның бухгалтерлiк есепті автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге рұқсат беру, сондай-ақ олардың көшірмесін жасау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
2-тармақтың 58) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
58) 224-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) осы Кодекстің 223-бабы 1-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген деректерді көруге рұқсат беруге, сондай-ақ осындай деректерді электрондық жеткізгіштерде және (немесе) олардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде ұсынуға;»;
2-тармақтың 59) - 64) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
59) 261-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Үй-жайларды немесе ашық алаңдарды өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу үшін тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, қызмет аймағында өз тауарларын сақтау қоймасы құрылатын кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш ұсынады.
Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті электрондық құжат нысанында беруге құқылы.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Өтініш беруші қарап-тексеру жүргізілген кезде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамына мынадай:
1) осы Кодекстің 260-бабының 2-тармағында айқындалған талаптардың орындалуын растайтын құжаттардың;
2) өз тауарларын сақтау қоймасын құруға арналған аумақтар жоспарларының, үй-жайдың немесе ашық алаңның жоспарлары мен сызбаларының көшірмелерін табыс етеді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар тұпнұсқалары көрсетіле отырып, көшірмелер түрінде ұсынылады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері үй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі, ол кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қалады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодексте белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш беруші осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.»;
60) 281-бапта:
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкін болмаған жағдайларда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Кедендік декларацияны электрондық құжат нысанында ұсыну, пайдалану және сақтау тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
7-тармақ, 9-тармақтың 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары және 2) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
61) 287-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;»;
62) 293-баптың 11-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі бар тұлғаларға;»;
63) 296-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, егер осы Кодекстің 281-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алу мүмкін болса, олар кедендік декларация электрондық құжат нысанында берілген жағдайда ұсынылмайды.»;
64) 439-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде зияткерлік меншік объектілеріне өздерінің құқықтары бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деуге жеткілікті негіздері бар құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарын қорғау туралы өтініш ұсынуға құқылы.»;
«4. Өтінішке зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілі екендігін растайтын (түпнұсқалар не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) құжаттар (куәлік, лицензиялық шарт, Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме, халықаралық тіркеу бойынша тауар таңбасының құқықтық мәртебесі туралы анықтама), құқық иеленушінің өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты, өтініш берушінің басқа тұлғаларға келтірген зияны үшін жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса беріледі.
Бұл ретте сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен кем болмайды.
Өтінiш берумен бiр мезгілде зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасы ұсынылады.
Мүмкiндiгiнше зияткерлік меншiк объектiлерi бар тауарлардың және зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың үлгілері, оның ішінде олардың электрондық нысандағы бейнелері де ұсынылады.».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
205-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы төлемеу»;
мынадай мазмұндағы 280-1 және 283-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
3-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу»;
3-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«283-1-бап. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын қолдану тәртібін бұзу»;
2) 62-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, тұлға - әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн, ал қоршаған ортаны қорғау саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзғаны үшін оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
3) 205-баптың тақырыбы мен бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы төлемеу
Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы төлемеу -»;
3-тармақтың 4) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) мынадай мазмұндағы 280-1-баппен толықтырылсын:
«280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде қосылған құн салығын төлеушінің көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға Қазақстан Республикасы салық заңнамасының шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру жөніндегі талабын бұза отырып, шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазуы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қосылған құн салығын төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының отыз пайызы, бірақ жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының қырық пайызы, бірақ отыз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының елу пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының алпыс пайызы, бірақ қырық айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының жетпіс пайызы, бірақ алпыс айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қағаз жеткізгіштегі шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының сексен пайызы, бірақ сексен айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3-тармақтың 5) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) мынадай мазмұндағы 283-1-баппен толықтырылсын:
«283-1-бап. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын қолдану қағидаларын бұзу
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын қолдану қағидаларын бұзу -
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, дара кәсіпкерлер болып табылатын iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3-тармақтың 6) - 11) тармақшалары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 497-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«497-бап. Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу
1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он төрт, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 528-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы айқындаған жеткізу орнына жеткізбеу -»;
«3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзудiң мемлекеттік кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы белгiлеген мерзімін сақтамау -»;
8) 535-баптың ескертпесінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;»;
9) 543-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өзіне қатысты аяқтау туралы талап белгіленген кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау, сол сияқты уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағынан әкетпеу -