1-тармақтың 1), 2) жəне 3) тармақшаларындағы «бір пайызы» деген сөздер «кемінде бір пайызы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-баптың 44) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3-тармақ алып тасталсын;
45) 179-бапта:
тақырыптағы «Уран өндіру» деген сөздер «Уранды барлау немесе өндіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«Уран өндіру» деген сөздер «Уранды барлау немесе өндіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «өндіру» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтағы «Уран өндіруге», «уран өндіру саласындағы» деген сөздер тиісінше «Уранға», «уран саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасында:
«уран өндіру саласындағы» деген сөздер «уран саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уран өндіру» деген сөздер «уранды барлау немесе өндіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «өндіру» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында аталған жер қойнауын пайдаланушылардың ұлттық басқарушы холдинг айқындаған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тəртібін бұза отырып шеккен шығыстары ұлттық басқарушы холдинг құзыретті органға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ұсынатын сатып алу мəселелері бойынша жылдық есепте (ақпаратта) қамтылған мəліметтер негізінде, құзыретті орган тиісті жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерін орындауы ретінде есепке алатын шығыстардан алып тасталады.»;
46) 180-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«180-бап. Жер қойнауын пайдаланушының уранды барлау, тəжірибелік-өнеркəсіптік өндіру жəне өндіру кезіндегі есептілігі
1. Жер қойнауын пайдаланушы уранды барлауға арналған келісімшарттар бойынша мынадай мерзімді есептерді ұсынуға міндетті:
1) келісімшарттық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;
2) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есеп;
3) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есеп;
4) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалардың жəне (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп;
5) геологиялық есептер.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көзделген есептер құзыретті органға оның өзі бекітетін тəртіппен ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті органға оның өзі бекітетін тəртіппен ұсынылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша мынадай есептерді ұсынуға міндетті:
1) геологиялық есеп;
2) Геологиялық барлау жұмыстарының нəтижелері, минералдық ресурстар жəне минералдық қорлар туралы жария есептіліктің қазақстандық кодексіне (KAZRC кодексі) сəйкес дайындалған құзыретті тұлғаның қорлар бойынша есебі не қорларды есептеу бойынша есеп;
3) келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есеп;
4) уранды тəжірибелік-өнеркəсіптік өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы есеп;
5) уран өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы есеп;
6) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есеп;
7) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есеп;
8) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығыстар туралы есеп;
9) уран өндіру бойынша есеп;
10) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есеп;
11) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалардың жəне (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында көзделген есептер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті органға оның өзі бекітетін тəртіппен ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) - 5) тармақшаларында көзделген есептер құзыретті органға оның өзі бекітетін тəртіппен ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) - 11) тармақшаларында көзделген есептер уран саласындағы уəкілетті органға оның өзі бекітетін нысандар мен тəртіп бойынша ұсынылады.»;
47) 181-баптың тақырыбындағы жəне мəтініндегі «уран өндіруге», «пайдалану келісімшартында», «уран өндіру» деген сөздер тиісінше «жер қойнауын пайдалануға», «пайдалануға арналған келісімшартта», «жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 26-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«26-тарау. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары»;
49) 182-бапта:
тақырыптағы «Уран өндіру» деген сөздер «Уран бойынша жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Уран өндіру» деген сөздер «Уран бойынша жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) барлау жұмыстарының жобасы.»;
2 жəне 4-тармақтардағы «Уран өндіру» деген сөздер «Уран бойынша жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «уран өндіру» деген сөздер «жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте өндіру көлемінің артуы келісімшарттың жəне (немесе) кен орнын əзірлеу жобасының жұмыс бағдарламасында бекітілген уран қорларының ұлғаюына алып келмейді.»;
8-тармақтағы «тəжірибелік-өнеркəсіптік өндіру жобасы жəне кен орнын əзірлеу жобасы» деген сөздер «жобалау құжаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) мынадай мазмұндағы 182-2 жəне 182-3-баптармен толықтырылсын:
«182-2-бап. Барлау жұмыстарының жобасы
1. Барлау жұмыстарының жобасы барлауға арналған келісімшарт жасасу туралы шешім қабылданған күннен бастап он екі ай ішінде жасалады.
2. Барлау жұмыстарының жобасы барлаудың барлық кезеңіне əзірленеді.
3. Барлау жұмыстарының жобасы мыналарды қамтуға тиіс:
1) учаске бойынша уранды барлау жөніндегі жұмыстар түрлерінің, тəсілдерінің, технологияларының, көлемі мен орындау мерзімдерінің сипаттамасы;
2) жер қойнауын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
3) уранды барлаудың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды орындаудың мерзімдері, шарттары мен құны туралы ақпарат.
4. Барлау жұмыстарының жобасы жер қойнауын пайдаланушы жұмыс бағдарламасында мəлімдеген жұмыстардың бүкіл көлемі мен оларды орындау мерзімдерін қамтуға тиіс.
5. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалауды жүргізу қажет болған жағдайда, мұндай жұмыстар əрбір табылған кенжатын (кенжатындар жиынтығы) бойынша өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу арқылы барлау жұмыстарының жобасында көзделеді.
Бұл ретте барлау жұмыстарының жобасына табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу түрлерінің, тəсілдерінің, технологияларының, көлемі мен мерзімдерінің сипаттамасы кіреді.
6. Барлау жұмыстарының жобасы жер қойнауын ұтымды жəне кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларына сəйкес жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы негізінде əзірленеді.
7. Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасында көрсетілмеген, сондай-ақ осындай барлау жұмыстарының жобасы болмаған кезде кен орындарын іздестіру, барлау жəне бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
8. Жер қойнауын пайдаланушы уран кен орнын тапқан кезде геологиялық барлау жұмыстарының нəтижелері бойынша уран қорларын есептей отырып есеп жасалады. Уран қорларын есептеу жөніндегі есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жер қойнауының мемлекеттік сараптамасына жатады.
9. Барлау жұмыстарының жобасы бекітілгеннен кейін оның көшірмесі уран саласындағы уəкілетті органға ұсынылады.
182-3-бап. Уран өндірудің салдарын жою жобасы
1. Уран өндіру жөніндегі операциялардың салдары жою жоспарының негізінде əзірленген жою жобасына сəйкес жойылады.
2. Жою жоспары - өндіру учаскесінде орналасқан кенішті жəне басқа да өндірістік жəне инфрақұрылымдық объектілерді пайдаланудан шығару жөніндегі іс-шаралардың, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу нəтижесінде бүлінген жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралардың, прогрессивті жоюды жүргізу жөніндегі іс-шаралардың, өндіру жөніндегі операциялар салдарын жою жөніндегі өзге де жұмыстардың сипаттамасын, сондай-ақ жою жөніндегі осындай іс-шаралар құнын есептеуді қамтитын құжат.
3. Өнеркəсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жою жоспары болмаған кезде уран өндірудің салдарын прогрессивті жоюға тыйым салынады.
4. Уран өндірудің салдарын жою жоспары мен жобасына қойылатын талаптар уран саласындағы уəкілетті орган бекітетін уранды барлау мен өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау жəне жою қағидаларында белгіленеді.
5. Уран өндірудің салдарын жою жоспары жер қойнауы учаскесінің жəне жойылуға жататын тиісті технологиялық объектілердің іс жүзіндегі жай-күйі негізге алына отырып, əр үш жыл сайын жасалады.»;
51) 183-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есептің жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы берген оң қорытындысы;»;
52) 183-1-бапта:
тақырыптағы «Уран кен орнының жобалау құжаттарына жəне əзірленуін талдауларға» деген сөздер «Уран бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «əзірлеу» деген сөз «барлау жəне əзірлеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тəуелсіз сарапшыларды тарту жəне біліктілік тұрғысынан іріктеу, сондай-ақ тəуелсіз сараптамаға ақы төлеу тəртібін уран саласындағы уəкілетті орган айқындайды.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарының жəне əзірлеме талдауларының тəуелсіз сараптамасына жер қойнауын пайдаланушы ақы төлейді.»;
3-тармақтағы «өндіру» деген сөз алып тасталсын;
6-тармақтың 3) тармақшасындағы «уран ресурстары мен қорларын бағалау туралы» деген сөздер «жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған қорларды есептеу жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 184-баптың 3-тармағындағы «өндіру» деген сөз алып тасталсын;
54) 221-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) өндіруге арналған лицензия алынған күннен бастап кен орнын игеру мерзімін екі жылдан артық кешіктіруге алып келген, осы Кодекстің 221-8-бабы 3-тармағының талаптарын бұзушылық.»;
55) мынадай мазмұндағы 28-2-тараумен толықтырылсын:
«28-2-тарау. Уран мен көмірді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға басым тəртіппен беру
221-6-бап. Уран мен көмірді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға басым тəртіппен беру шарттары
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, уран мен көмірді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компания деп танылады.
2. Осы тарауда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген тəртіппен жалпы негіздерде пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компания уран мен көмірді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге құқық алуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның ұсынымы негізінде пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбалар мен уранды қоспағанда) барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығы осы Кодекстің 221-1-бабына сəйкес аукцион негізінде берілетін аумақтарды құзыретті орган пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға басым тəртіппен беруге арналған аумақтар санатына ауыстыруға тиіс.
Бұл ретте көмірді барлау жəне өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін аумақ пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға басым тəртіппен беруге арналған аумақ санатына ауыстырылуға жатпайды.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органның ұсынымы үшінші тұлғалардың аукционға қатысуға өтініштерін қабылдау басталған күнге дейін шығарылуға тиіс.
Пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия беруден бас тартылған жағдайда, құзыретті орган тиісті аумақ бойынша аукционға қатысуға өтініштер қабылдауды бастаудың жаңа мерзімін белгілейді, ол мерзім мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына аумақты пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға жер қойнауын пайдалану құқығын басым тəртіппен беруге арналған аумақтар санатынан аукцион аумағы санатына ауыстыру туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.
221-7-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беру тəртібі
1. Көмір мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға ниеті бар пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компания құзыретті органға осы Кодекстің 187-бабының талаптарына сəйкес өтініш жібереді.
2. Көмір мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтінішті қарау осы Кодекстің 188-бабына сəйкес жүзеге асырылады.
221-8-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға көмір мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру тəртібі
1. Көмір мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға ниеті бар пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компания құзыретті органға осы Кодекстің 204-бабының 3-тармағының 6), 7) жəне 8) тармақшаларын қоспағанда, 204-бабының талаптарына сəйкес өтініш жібереді.
2. Көмір мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге өтінішті қарау осы Кодекстің 205-бабында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.
3. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компания немесе пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компания жер қойнауын пайдалану құқығын берген бірлескен кəсіпорын өндіруге арналған лицензияны алған күннен бастап екі жылдан кешіктірілмейтін мерзімде кен орнын игеруге кірісуге міндетті.
221-9-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға басым тəртіппен берілген жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы
1. Құзыретті орган айқындаған тəртіппен жəне шарттарда инвестицияларды жүзеге асыру, технологияларды беру жəне өндірісті қаржыландыру жөнінде міндеттемелерді қабылдаған заңды тұлға стратегиялық əріптесі болып саналатын, пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияның акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) кемінде отыз пайызы бар бірлескен кəсіпорынның пайдасына жер қойнауын пайдалану құқығының ауысу жағдайларын қоспағанда, осы тарауға сəйкес пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға берілген жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына тыйым салынады.
2. Осы тарауға сəйкес пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға берілген жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің үшінші тұлғаға ауысуы пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияның акцияларының бақылау пакеті тиесілі ұлттық басқарушы холдинг айқындаған тəртіппен өткізілетін бəсекелестік тəсілмен өткізу негізінде жүзеге асырылады.
3. Осы тарауға сəйкес пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға берілген жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің ауысуының барлық жағдайында ұлттық компанияның жер қойнауын пайдалану құқығындағы не бірлескен кəсіпорындағы қалған үлесінің мөлшері кемінде отыз пайызды құрауға тиіс, бұл ретте ұлттық компанияның лицензия бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың шешімдер қабылдауын бақылау құқығы міндетті түрде болуы қажет.
4. Осы бапқа сəйкес жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің ауысуы тəуелсіз консультанттарды тарта отырып жүзеге асырылады.»;
56) 249-баптың 2) тармақшасындағы жəне 258-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «жəне радиоактивті» деген сөздер алып тасталсын;
57) 277-баптың 14-тармағының 13), 13-1) жəне 14) тармақшаларындағы «уран өндіру» деген сөздер «уран» деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 44) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 7 шілде
№ 337-VIII ҚРЗ