3) тараптардың келісімі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзған жағдайда - келісімшартты бұзу туралы келісімге қол қоя отырып, бір мезгілде.
5. Құзыретті органның жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою не жер қойнауы учаскесін консервациялау шешімі туралы хабарламасын алған тұлға:
1) дереу тоқтатылуы төтенше жағдайлардың туындау қатерімен байланысты болатын операцияларды қоспағанда, жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға міндетті. Мұндай операцияларды тоқтату хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс;
2) осы Кодексте көзделген жою немесе консервациялау жобасы сараптамаларының оң қорытындылары бекітілгеннен жəне алынғаннан кейін осы Кодексте белгіленген талаптарға сəйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмысты дереу бастауға міндетті;
3) хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде өзі өндірген уранды, сондай-ақ өзінің меншігі болып табылатын жабдық пен өзге де мүлікті шығаруға құқылы. Көрсетілген мерзімде шығарылмаған жабдық пен өзге де мүлік осы Кодексте белгіленген талаптарға сəйкес жойылуға немесе консервациялауға жатады.
6. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда, жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізу қамтамасыз ету қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте уран саласындағы уəкілетті орган осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кепіл нысанын толық көлемде, ал осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда жер қойнауы учаскесін консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізуге іс жүзінде шеккен шығындар көлемінде өндіріп алуға құқылы.»;
«8. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жабдық пен өзге де мүлік уран өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап жаңа жер қойнауын пайдаланушының меншігіне ауысады, ол бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға осындай жабдық пен мүліктің құнын салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркеп-белгіленген жəне амортизацияланатын активтердің құны негізінде мынадай тəртіппен айқындалатын мөлшерде төлейді:
берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құны жер қойнауын пайдаланушының мүлкін беру жүргізілетін салықтық кезең алдындағы салықтық кезеңнің соңындағы салықтық есепке алуда көрсетілген, осындай беру жүргізілетін салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған құн мөлшерінде айқындалады. Берілетін тіркеп-белгіленген активтердің көрсетілген құны жер қойнауын пайдаланушының мұндай жабдығы мен өзге де мүлкін осындай беру жүргізілетін салықтық кезеңде шығып қалған тіркеп-белгіленген активтердің сомасына да азайтылады;
коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру əдісімен уран өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындау кезінде құрылған, берілетін амортизацияланатын активтер тобының құны уранды өндіруге жəне (немесе) барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күнге салықтық есепке алуда көрсетілген құн мөлшерінде айқындалады.
Берілетін тіркеп-белгіленген жəне амортизацияланатын активтердің құны болмаған немесе осы Кодекстің 173-бабы 5-1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, жабдық пен өзге де мүлікті беру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.»;
32) 23-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-тарау. Уранды барлау жəне өндіру учаскелері мен аумақтары»;
33) 166 жəне 167-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«166-бап. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелері
1. Жер қойнауы учаскелері уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде уранды барлау немесе өндіру үшін беріледі.
2. Уран саласындағы ұлттық компания уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартқа сəйкес уранды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары мыналар ескеріле отырып, оның ажырамас бөлігі болып саналатын осындай келісімшартқа қосымшада белгіленеді:
1) уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша уранды барлау немесе өндіру учаскесінің бастапқы кеңістіктік шекаралары мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына сəйкес айқындалады;
2) уран өндіру учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары (жоғары шекараны қоспағанда) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есепке сəйкес айқындалатын кен орны контурларының негізінде белгіленеді.
Егер барлау учаскесінің шегінде бірнеше жекелеген кен орны ашылса, жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары əрбір жекелеген кен орны үшін белгіленеді;
3) уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша бастапқы жер қойнауы учаскесін ұлғайту мақсаттары үшін сұралатын жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурларын белгілейтін тиісті жобалық құжатқа толықтыруға сəйкес жер қойнауын зерттеу саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша (жер қойнауының сұратылған учаскесінің жер қойнауын пайдаланудан бос болуы тұрғысынан) айқындалады;
4) осы Кодекстің 170-бабына сəйкес мемлекетке қайтару арқылы жер қойнауы учаскесі азайғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыда қалатын, уранды барлау немесе өндіру учаскесінің кеңістіктік шекараларын жер қойнауын пайдаланушы айқындайды.
3. Уранды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауы учаскелері олардың шегінде табылған кенжатынның жəне (немесе) уранның кенденуінің жатқан тереңдігімен шектеледі.
4. Уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартта бірнеше жер қойнауы учаскесі көзделуі мүмкін.
5. Уранды барлауға немесе өндіруге арналған бір келісімшарт шеңберінде уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде берілетін жер қойнауы учаскелерінің көлемі жиынтығында екі жүз блоктан аспауға тиіс.
6. Жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру əдісімен игере қазуға жарамды, барлауға арналған жер қойнауы учаскелері уран саласындағы ұлттық компанияға ғана беріледі.
7. Ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тəсілмен игере қазуға жарамды жер қойнауы учаскелерінде уранды барлауды уран саласындағы уəкілетті орган бекіткен геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы негізінде уран саласындағы ұлттық компания жүзеге асырады.
167-бап. Жер қойнауы учаскесін беру
1. Уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап жер қойнауы учаскесі жер қойнауын пайдаланушыға пайдалануға берілген болып саналады.
2. Учаскені жəне (немесе) тəжірибелік-өнеркəсіптік өндіру кезеңі мен өндіру кезеңін бекітуді көздейтін уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартты немесе уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартқа қосымшаны жасасу Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сəйкес жер қойнауын пайдаланушыға өзіне қажетті жер учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін негіз болып саналады.»;
34) 169-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Уран өндіруге» деген сөздер «Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2), 3) жəне 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер қойнауы учаскесі уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сол бір тұлғаның пайдалануында болған жағдайды қоспағанда, сұралатын жер қойнауы учаскесі уран бойынша жер қойнауын пайдаланудан бос болса;
3) жер қойнауы учаскесі контур шегінде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалау құжатында белгіленген, табылған уран кенденуінің жəне (немесе) уран кенжатынының контурлары орналасатын контур бойынша сұратылса;
4) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болмаса, жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүргізіледі.»;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «уран өндіруге» деген сөздер «жер қойнауын пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сұралатын учаскеге құзыретті тұлғаның қорлар бойынша есебі не қорларды есептеу немесе ресурстар бойынша есеп;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) барлау учаскесі ұлғайтылатын жағдайда - жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне сұралатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы орындауға міндеттенетін, өтініш беруші жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде белгіленген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстар көлемі мен түрлері бойынша ең төмен талаптарға пропорционалды сəйкес келетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасы мен орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы қоса беріледі.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, егер жер қойнауының барлық кеңейтілетін учаскесі немесе оның бір бөлігі уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сол бір тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауының басқа учаскесінің шекаралары шегінде орналасса, өтінішке жер қойнауы учаскесін мөлшерлес азайтуды көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру да қоса беріледі.»;
6 жəне 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Құзыретті орган өтініш берушіден қол қою бонусының төленгенін растауды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымшаны жасасады жəне өтініш берушіге оның бір данасын жібереді.
7. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау немесе өндіру кезеңін ұзартуға негіз болмайды.»;
35) 170-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «уран өндіру» деген сөздер «уранды барлау немесе өндіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «уран өндіруге» деген сөздер «жер қойнауын пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы, 6 жəне 7-тармақтардағы «уран өндіруге» деген сөздер «жер қойнауын пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 24-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«24-тарау. Уранды барлау жəне өндіру кезеңдері»;
37) 24-тарау мынадай мазмұндағы 170-1 жəне 170-2-баптармен толықтырылсын:
«170-1-бап. Уранды барлау кезеңі
1. Жер қойнауы учаскесі бойынша уранды барлауға арналған келісімшартты жасасу кезінде барлау кезеңінің ұзақтығы қатарынан алты жылдан аспайды. Көрсетілген кезеңде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде кен орындарын іздестіру мен бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.
2. Барлау кезеңі уранды барлауға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап есептеледі.
3. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тəртіппен жəне шарттарда барлаудың бүкіл учаскесін қайтару арқылы барлау кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
170-2-бап. Жер қойнауы учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту
1. Жер қойнауы учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатарынан бес жылға дейінгі кезеңге ұзартылуы мүмкін.
2. Жер қойнауы учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімге мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:
1) барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасында көзделген жұмыстар толық көлемде орындалған;
2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болмаған:
3) келісімшарт бойынша барлау мерзімі бұрын осы тармаққа сəйкес ұзартылмаған кезде жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір рет ұзартылуы мүмкін.
3. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға барлау кезеңі ішінде береді.
4. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтініште мыналар қамтылуға тиіс:
1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;
2) уранды барлауға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) барлау кезеңін ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқау;
4) барлау кезеңін ұзартудың негізі мен сұралатын мерзімі;
5) жер қойнауы учаскесі бойынша тиісті жобалау құжаттарының негізінде айқындалған, барлау кезеңін ұзартудың сұралатын, бірақ қатарынан бес жылдан аспайтын мерзімі.
5. Келісімшарттар бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауының тиісті учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемін, сипатын жəне орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;
2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа:
барлау кезеңін ұзартуды;
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жəне келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндетін көздейтін толықтыру.
6. Егер құзыретті орган жер қойнауы учаскесі бойынша өтінішті қарау кезеңінде өтініште көрсетілген барлау кезеңі аяқталса, онда уранды барлауға арналған келісімшарт мұндай жер қойнауы учаскесіне қатысты өтінішті қарау кезеңінде қолданылуын жалғастырады.
Бұл ретте көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушыға өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
7. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нəтижелері бойынша құзыретті орган барлау кезеңін ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе оны ұзартудан бас тартады.
8. Құзыретті орган барлау кезеңін ұзартудан:
1) өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сай келмеген;
2) осы баптың 1 - 3-тармақтарында көзделген барлау кезеңін ұзарту үшін негіздер болмаған;
3) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелердің жер қойнауын пайдаланушы жоймаған бұзушылықтары болған жағдайларда бас тартады.
Құзыретті органның барлау кезеңін ұзартудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
9. Құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш берушімен уранды барлауға арналған келісімшартқа тиісті толықтыруды жасасады жəне өтініш берушіге оның қол қойылған бір данасын жібереді.»;
38) 173-баптың 5-1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, құзыретті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауын алғаннан кейін уран өндіруге арналған келісімшарт ережелерінде жəне жекелеген келісімдерде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген, уран өндіру жөніндегі бірлескен кəсіпорынның шетелдік қатысушысы (акционері) жəне (немесе) шетелдік үкімет ұсынатын, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жəне (немесе) мемлекет үшін жалпыұлттық құндылығы бар стратегиялық жобаларды іске асыруға байланысты мөлшерлес міндеттемелерді бекіту шартымен уран өндіру кезеңін ұзарту туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
39) 174-бапта:
тақырыптағы «Уран» деген сөз «Уранды барлау немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уранды барлау мен өндіруді жүргізудің міндетті шарттары:
1) жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ету;
2) жоғары технологияларды қолдану жəне жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы негізінде жер қойнауын ұтымды əрі экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалану;
3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын ұтымды, қауіпсіз, қажетті жəне экономикалық тұрғыдан тиімді болып саналатын жалпы қабылданған халықаралық практика жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы болып түсініледі.»;
3-тармақтың 1) жəне 7) тармақшаларындағы «уран өндіру» деген сөздер «жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жер қойнауын пайдаланушылар уран кен орындарын барлау мен əзірлеу жөніндегі жұмыстарды жобалау жəне жүргізу кезінде осы Кодексте белгіленген жер қойнауын ұтымды əрі кешенді пайдалану жəне қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.»;
5-тармақтағы «өндіру» деген сөз алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 6, 7 жəне 8-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінің аумағындағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғыманы балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.
7. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді жəне кен орындарын əзірлеуге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
8. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, минералдық шикізат базасын ұтымды пайдалану жəне орнықты дамыту мақсатында уран саласындағы уəкілетті орган уран өндіру көлемін қысқарту туралы шешімді біржақты тəртіппен қабылдауға құқылы. Уран саласындағы уəкілетті органның шешімі ресми жарияланған кезінен бастап күшіне енеді жəне жер қойнауын пайдаланушының орындауы үшін міндетті болады.»;
40) 25-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«25-тарау. Уранды барлау жəне өндіру шарттары»;
41) 25-тарау мынадай мазмұндағы 174-1-баппен толықтырылсын:
«174-1-бап. Уранды барлау шарттары
1. Іздестіру жəне бағалау жұмыстары барлау жұмыстарының жобасына сəйкес жүргізілуге тиіс.
2. Жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңінде жəне осы Кодексте белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлау аумағында уранды барлау жөніндегі жұмыстардың кез келген түрін жүргізуге құқылы.
3. Уранды барлау жөніндегі жұмыстар жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сəйкес барлау жұмыстары жобасында көзделген əдістермен жəне тəсілдермен жүргізілуге тиіс.
4. Уранды барлау кезінде барлау жұмыстары жобасында көзделген ұңғымаларды бұрғылауға жол беріледі.
5. Табуды растау туралы өтініште:
1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) орналасқан жеріне жəне болжамды контурларына нұсқау қамтылуға тиіс.
6. Өтінішке табудың мынадай құжаттамалық растауларының кем дегенде біреуі:
1) құрамында уран бар кендердің болуын растайтын геофизикалық (радиометриялық, гамма-каротаждық) зерттеулердің нəтижелері;
2) уранның өнеркəсіптік құрамын растайтын тау жыныстары сынамаларының зертханалық зерттеулерінің нəтижелері қоса беріледі.
7. Өтініш жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нəтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган табуды растау туралы шешім қабылдайды немесе растаудан бас тартады.
8. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган табуды растаудан:
1) өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сəйкес келмеген;
2) қоса берілген табуды құжаттамалық растау болмаған немесе анық болмаған жағдайда бас тартады.
9. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті органның табуды растаудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
10. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган табуды растаған күннен бастап бір ай ішінде бұл туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етуге жəне бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуді көздейтін барлау жұмыстары жобасына толықтыруларды əзірлеуді бастауға міндетті.
11. Барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:
1) барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын техникалық құралдардың зерттелетін жер қойнауын пайдалану объектісіне сəйкес оңтайлы болуын;
2) бүкіл жұмыс барысын, алынатын зерттеу деректері мен нəтижелерін геологиялық құжаттамада уақтылы жəне анық көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
42) 176-баптың 9-тармағындағы «5-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында» деген сөздер «5-1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 177-бапта:
тақырыптағы «Уран өндіру» деген сөздер «Уран бойынша жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасына сəйкес айқындалған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор жүзеге асырады.
Уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жəне осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасына сəйкес жүргізіледі.
Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар уран саласындағы уəкілетті орган бекіткен уранды барлау мен өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау жəне жою қағидаларында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Барлау учаскесінде не жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан барлау учаскесінің бір бөлігінде уранды барлау жөніндегі операциялар болмаған кезде не мұндай операциялар жер бетін (су айдындарының түбін) бұзбай жүргізілген кезде, осы барлау учаскесінде немесе оның бір бөлігінде жою жұмыстарын жүргізу талап етілмейді.
Бұл ретте тарату жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі жоқ екенін растайтын барлау учаскесін не оның бір бөлігін тексеру актісі жасалады, оған осы баптың 4-тармағында аталған адамдар қол қояды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) осы Кодекске жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстар жобасын əзірлеуді, келісуді, сараптауды жəне бекітуді келісімшарт мерзімі өткенге дейін кемінде бір жыл бұрын қамтамасыз етуге;
2) осы Кодекстің 163-бабының 1 жəне 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, алты ай ішінде уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасын əзірлеуге жəне осы Кодексте көзделген сараптамалардан өту үшін ұсынуға;
3) осындай тоқтату күнінен бастап он екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюға кірісуге;
4) уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасында белгіленген мерзімдерде жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды аяқтауға міндетті.»;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Уран өндіру» деген сөздер «Уран бойынша жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «өндіру» деген сөз «жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушы не тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған, қатысу үлесі уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі тұлға болмаған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі міндеттемелер уран саласындағы ұлттық компанияға жүктеледі.»;
5-тармақтағы «Уран өндіру» деген сөздер «Жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Барлау салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету уранды барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде барлау жұмыстары жобасында айқындалған сома мөлшеріндегі ақшалай жарна арқылы осындай жобалау құжатында көзделген операцияларды жүргізу басталғанға дейін қалыптастырылады.
Барлау жұмыстары жобасына барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнын арттыруды көздейтін толықтыру бекітілген жағдайда, қамтамасыз етудің тиісті қосымша сомасы осындай жобалау құжатында көзделген жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін енгізілуге тиіс.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін кепіл нысанасы болып саналатын банктік салым жою жоспарында уран өндірудің жоспарланатын көлеміне пропорционалды түрде айқындалған сома мөлшеріндегі ақшалай жарна арқылы қалыптастырылады.
Уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға жұмсалған шығындардың жалпы сомасы уран өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде айқындалады жəне жою жоспарын əзірлеу шеңберінде кемінде үш жылда бір рет қайта есептелуге жатады.»;
9-тармақтағы «уран өндіру» деген сөздер «жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10 жəне 11-тармақтармен толықтырылсын:
«10. Жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша уран саласындағы уəкілетті орган, егер жоюды жүргізу ауа райына жəне (немесе) табиғи-климаттық жағдайларға байланысты мүмкін болмаса немесе айтарлықтай қиындаған болса, уран өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою мерзімін жою жобасында көзделген мерзім өткен күннен бастап бір жылға дейінгі кезеңге ұзартады.
11. Уран өндіру салдарын прогрессивті жою осы Кодекстің 182-3-бабына сəйкес əзірленген уран өндіру салдарын жою жоспарына сəйкес жүргізіледі.»;
44) 178-бапта:
«уран өндіру саласындағы уəкілетті органның», «уран өндіру саласындағы уəкілетті орган» деген сөздер тиісінше «уран саласындағы уəкілетті органның», «уран саласындағы уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;