14. Жерасты су объектілерін пайдалануға байланысты су тартуларды орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезінде олардың жерүсті су объектілеріне және қоршаған ортаға зиянды әсерін (аумақты су басуын, жердің шөлейттенуін, батпақтануын, топырақтың көшуі мен шөгуін) болғызбайтын шаралар көзделуге тиіс.
15. Табиғат пайдаланушылар жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуын бақылау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында:
1) жерасты су объектілерінен тартылатын және оларға ағызылатын судың бастапқы есебін қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді;
2) су тарту және су ағызу құрылысжайларын су шығындарын өлшегіш құралдармен жабдықтайды, сондай-ақ өздігінен ағатын ұңғымаларға реттегіш құрылғылар орнатады;
3) жерасты сулары кен орындарының ағымдағы игерілуіне бақылауды, ұңғымалардың жұмысына жедел бақылауды және технологиялық режимнің орындалуына бақылауды кен орындарын әзірлеудің бекітілген жобасына немесе технологиялық схемаға сәйкес жүргізеді. Бақылаудың кезеңділігі әзірлеу жобасында (технологиялық схемада) белгіленеді;
4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітетін статистикалық әдіснамаға сәйкес жерасты суларын пайдалану туралы бастапқы статистикалық деректерді ұсынады.
16.Осы баптың 1-5, 7, 11-13 және 15-тармақтарының талаптары пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларына қолданылмайды.».
31) 225-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте сарқынды суларды жерүсті су объектілеріне ағызуға - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша, сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензия немесе келісімшарт болған кезде жол беріледі.»;
32) 255-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«255-бап. Мемлекеттік қорық аймақтары аумағында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге қойылатын арнайы экологиялық талаптар»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде қоршаған ортаға және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілеріне ықтимал теріс әсерлерді болғызбау үшін табиғат пайдаланушы:»;
1) тармақшаның үшінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақ бойынша қосалқы технологиялық жолдардың схемасын;»;
«жобада көзделген технологиялық алаңдарды әзірлеу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақта ағаштар мен бұталарды кесу және тамырымен жұлуды келісуі;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақ шекараларын анық белгілеу мақсатында аншлагтар орнату арқылы шекараларды затпен айқындауы;»
2-тармақтың 11), 13) және14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«11) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша арнайы бөлінген алаңдарды қоспағанда, көлік құралдарының технологиялық жолдардан шығып кетуіне, сондай-ақ жол желісінен тыс жердегі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақпен жүруге;»;
«13) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақ және мемлекеттік қорық аймағының аумағы бойынша қалдықтардың (желмен, жауын-шашынмен) көшуін болғызбайтын, осы үшін арнайы бөлінген орындардан тыс жерге өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинап қоюға;
14) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақтағы, арнайы бөлінген орындарды қоспағанда, жанар-жағармай материалдарын және басқа да ластаушы заттарды төгуге тыйым салынады.»;
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақтан жиырма километрге дейінгі шеңберде артезиан ұңғымалары мен құдықтардағы судың химиялық құрамын тоқсан сайын бақылау;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақта және оның шегінен тыс он километрге дейінгі шеңберде топырақтағы радиация деңгейі мен радиоактивті заттардың болуын тоқсан сайын бақылау;»;
33) 259-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтық аймақта мұнай операцияларын жүргізу «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
34) 286-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) техногендік минералдық түзілімдерге;»;
35) 298-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Техногендік минералдық түзілімдерді уақытша сақтау қалдықтарды орналастыру болып табылмайды.
Техногендік минералдық түзілімдерді уақытша сақтау орындары оларды қайта өңдегенге, кәдеге жаратқанға, ұзақ мерзімді сақтау орнына немесе полигонға әкеткенге не осындай операцияларды жүзеге асыратын үшінші тұлғаларға бергенге дейін оларды он екі айдан аспайтын мерзімге қауіпсіз жинауға арналады.
Осындай техногендік минералдық түзілімдердің уақытша сақтау шарттарымен мерзімдері бұзылған жағдайда, бұлар түзілген кезден бастап олар орналастырылған деп танылады.»;
36) 300-баптың 11-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің ережелері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді берген жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.»;
37) 303-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жою бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді берген жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.».
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 50-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «төлемақы облыстық бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.» деген сөздер «төлемақы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) жер қойнауын пайдаланушының жалдау төлемдері облыстық бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.»;
2) 51-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) жер қойнауын пайдаланушының жалдау төлемдері;».
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):
1) мазмұнында:
140-баптың тақырыбы алып тасталсын;
345, 346, 347, 348, 349, 350, 353, 354, 356 және 687-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«345-бап. Көмірсутектер және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу
346-бап. Жобалау құжатында көзделмеген жұмыс түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу
347-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу
348-бап. Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптаманы жүзеге асырмай көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу
349-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы есептілікті ұсыну тәртібін бұзу
350-бап. Өндірілген пайдалы қатты қазбаларды, көмірсутектерді анық есепке алуды қамтамасыз етпеу»;
«353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау тәртібін бұзу
354-бап. Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану туралы ақпаратты, геологиялық ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару»;
«356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу»;
«687-бап. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган»;
мынадай мазмұндағы 687-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«687-1-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган»;
688-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«688-бап. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган»;
мынадай мазмұндағы 688-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«688-1-бап. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган»;
2) 62-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, бәсекелестікті қорғау саласында, кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы, мемлекеттік құпиялар туралы, табиғи монополиялар туралы, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасы саласында, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн - оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу, бәсекелестікті қорғау саласындағы, кеден ісі саласындағы, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, табиғи монополиялар туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылығы үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
3) 140-бап алып тасталсын;
5-тармақтың 4) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 281-баптың бесінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мұнай өнімдері базаларынан өткізуді және (немесе) тиеп-жөнелтуді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз не бақылайтын есепке алу аспаптарын айналып өтіп өткізуі және (немесе) тиеп-жөнелтуі;»;
5) 345 және 346-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«345-бап. Көмірсутектер және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу
Пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негізсіз ысыраптарына алып келген, көмірсутектер және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі қағидаларды бұзу - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
346-бап. Жобалау құжатында көзделмеген жұмыс түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу
Жобалау құжатында көзделмеген жұмыс түрлерін, тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу, сол сияқты белгіленген мерзімде құзыретті органды (келісімшарт тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берген мемлекеттік органды) жобалау құжаттарына өзгерістер енгізу туралы хабардар етпеу - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
6) 347-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«347-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiндегі экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі экологиялық нормалар мен қағидаларды бұзу, егер бұл іс-әрекет елеулi нұқсан келтiруге алып келмесе, -
ескерту жасауға алып келеді.»;
7) 348, 349, 350, 353 және 354-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«348-бап. Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптаманы жүзеге асырмай көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу
Пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптаманы жүзеге асырмай көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
349-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы есептілікті беру тәртібін бұзу
Жер қойнауын пайдаланушының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген есептілікті беру тәртібін және мерзімдерін бұзуы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
350-бап. Өндірілген пайдалы қатты қазбаларды, көмірсутектерді анық есепке алуды қамтамасыз етпеу
Өндірілген пайдалы қатты қазбаларды, көмірсутектерді анық есепке алуды қамтамасыз етпеу -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
«353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау тәртібін бұзу
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындамау - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне -
елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
354-бап. Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану туралы ақпаратты, геологиялық ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару
Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану, өндірілген пайдалы қазбалар туралы ақпаратты, сондай-ақ геологиялық ақпаратты уақтылы, толық және анық беруден бас тарту немесе жалтару - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне -
он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
8) 356-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзушылық»;
бірінші - алтыншы және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптарды орындамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген көмірсутектер саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарын бұзу, сондай-ақ көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі жобалау құжаттарының талаптарын бұзу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Жер қойнауын пайдалану саласында жобалау құжаттарынсыз белгіленген тәртіппен бекітпей іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамай шикі газды жағу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Жер қойнауын пайдаланушының шикі газды кәдеге жаратпай және (немесе) қайта өңдемей көмірсутектерді өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамай теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
оныншы бөлік алып тасталсын;
он бірінші және он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының, теңізге мұнайдың төгілу тәуекелімен байланысты теңізде қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның бекітілген мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жоспарының болмауы -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Теңізге мұнайдың бірінші және екінші деңгейлерде төгілу салдарын жою үшін қажет өзінің материалдары мен жабдығынсыз не мамандандырылған ұйыммен жасалған шартсыз теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 687-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«687-бап. Жер қойнауын зерттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 349, 350, 352, 353, 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
10) мынадай мазмұндағы 687-1-баппен толықтырылсын:
«687-1-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган
1. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 346, 349, 353-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның басшылары және оған уәкілетті лауазымды тұлғалары құқылы.»;
11) 688-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«688-бап. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган
1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 281 (жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 345, 348, 349, 350, 353, 356 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 635 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.»;
12) мынадай мазмұндағы 688-1-баппен толықтырылсын:
«688-1-бап. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган
1. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 345, 346, 349, 350, 353-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға уран өндіру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.»;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) 697-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 324, 325, 326 (бірінші және екінші бөліктерінде), 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333 (бірінші бөлігінде), 334, 335, 336, 337, 344, 344-1, 344-2, 346, 347, 351, 352, 353, 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (бірінші бөлігінде), 397 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 399 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
14) 804-баптың бірінші бөлігінде:
11) тармақшадағы «мен пайдалану» деген сөздер алып тасталсын;
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«42) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның (170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері), 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 462 (үшінші бөлігі), 463-баптар;);»;