ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2018 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 71-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«71-1-бап. Жер учаскелерін пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу үшін пайдалану»;
2) 6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және заңды тұлғалардың жер қатынастары саласындағы құқықтарын шектеуге болмайды.»;
3) 14-1-баптың 3-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;»;
4) 17-баптың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу;»;
5) 26-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, магистральдық темiржолдарды, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және магистральдық құбыржолдарды, байланысты, жер қойнауын пайдалануды, энергетиканы дамыту үшін белгiленген тәртiппен резервке қойылған, сондай-ақ бекiтiлген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес әкiмшiлiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлер (әуежайлар, әуеайлақтар, вокзалдар, станциялар, жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар, мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк ғимараттары, ауруханалар, мектептер, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, парктер, бульварлар, гүлзарлар және қоғамдық пайдаланудағы басқа да объектiлер) салуға арналған жер учаскелерi резервке қойылған мақсаттарда жер учаскелерін игеру басталғанға дейін жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығымен басқа мақсаттар үшiн берiлуi мүмкiн.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған мақсаттар үшін белгіленген тәртіппен резервке қойылған жер учаскелері басқа мақсаттар үшін жеке меншікке берілмейді.»;
6) 32-баптың 4-тармағының бірінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсатты, лицензияны немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимылдар жасауға арналса, онда осы учаскеге жер пайдалану құқығын беру тиiстi жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсат, лицензия алғаннан немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғаннан кейін жүргізіледі.»;
«Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес құзыретті орган ұлттық компаниямен жасасатын жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға қайта ресімделеді.
Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге, жер қойнауы кеңістігін пайдалануға немесе кен іздеушілікке арналған лицензияның болуы, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты немесе өндіру учаскесінің және өндіру кезеңінің не дайындық кезеңінің бекітіп берілуі көзделетін көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруды немесе осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартын жасасу осы Кодексте көзделген тәртіппен жер учаскесін дереу беру үшін негіз болып табылады.»;
7) 33-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан кезде;»;
5) тармақшадағы «шығарылған және берілген кезде талап етілмейді.» деген сөздер «берілген кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) республикалық және (немесе) коммуналдық меншікке өтеусіз берілетін ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) орналасқан жер учаскесіне;
7) сенімгерлік басқаруға берілетін ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) орналасқан жер учаскесіне талап етілмейді.»;
8) 37-бапта:
5-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы «мерзімге беріледі.» деген сөздер «мерзімге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану немесе кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу мерзіміне беріледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін берілген жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығының бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысуы негізінде жүргізіледі.
Бұл ретте облыстың уәкілетті органы уақытша жер пайдалану (жалдау) шартын жер қойнауын пайдалану келісімшартына қосымша келісім немесе жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделген лицензия және уақытша жер пайдалану (жалдау) шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беру туралы шарт негізінде жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қайта ресімдейді.»;
9) 42-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесінің шекараларындағы жер қойнауын пайдалануы осы Кодекстің 64-бабында көзделген құқықтарды іске асыру мақсаттары үшін рұқсат етіледі және жер учаскесінің нысаналы мақсатына және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Кең таралған пайдалы қазбаларды айырып алу құқықтарын және өз мұқтаждары үшін жерасты суларын пайдалану құқықтарын беру жер қойнауының тиісті бөлігі орналасқан жер учаскесін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі.»;
10) 43-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесі пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану немесе кен іздеушілік мақсаттар үшін берілген жағдайда, өтінішке тиісті жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмесі қоса беріледі.»;
11) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қажет инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін;»;
12) 49-2-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жерді резервке қою елді мекендердің дамуын қамтамасыз ету, жоспарланып отырған инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар объектілерін, стратегиялық объектілерді, қорғаныс және қауіпсіздік, ғарыш қызметі объектілерін орналастыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру, оның ішінде қорғаныш ағаш екпелерін егу мақсатында, жеке ауласын және бақша шаруашылығын ұстау бойынша халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында жайылымдық және шабындық алқаптарды пайдалану үшін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін мемлекеттік меншіктегі жерде резервтік аумақтар құру арқылы жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жерді резервке қою Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы немесе «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жерді осындай резервке қою үшін негіздер болып табылатын өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырылады.»;
4-тармақ және 6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті атқарушы органдардың жерді резервке қою туралы шешімінде резервке қоюдың негізі, мақсаттары мен мерзімдері, жердің жалпы алаңы мен санаты, сондай-ақ жерді пайдалануда қойылатын шектеулер көрсетілуге тиіс. Жер пайдалану немесе шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен бұрын берілген жер учаскелері резервке қойылған кезде жер пайдаланушылар және сервитуттарды иеленушілер көрсетіледі.»;
«Резервке қойылған жер құрамынан жер учаскелері резервке қойылған мақсаттарда жер учаскелерін игеру басталғанға дейінгі мерзімге жердің аймақтарға бөлінуіне сәйкес жердің қандай да бір санатқа тиесілігіне және рұқсатпен пайдаланылуына сүйене отырып, уақытша объектілерді орналастыру немесе құрылыспен байланысты емес мақсаттар үшін уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.»;
13) 64-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өз шаруашылығының мұқтажы үшiн жер учаскесiнде немесе өзіне тиесілі жер учаскелеріндегі жер қойнауында бар кең таралған пайдалы қазбаларды, екпелердi, жерүстi және жерасты суларын кейiннен мәмiлелер жасау ниетiнсіз, белгiленген тәртiппен пайдалану, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалану;»;
14) 69-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке меншік иесі, жер пайдаланушы немесе барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы көршi жер учаскесiне жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығы субъектiсiнен, ал қажет болған жағдайларда өзге жер учаскесіне де жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығы субъектiлерiнен осы учаскелердi шектеулi пайдалану құқығын (жекеше сервитут) беруді талап етуге құқылы.»;
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) егер жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өз учаскесiне (барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының - барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін өз аумағына) басқа жолмен өтуi мүмкiн болмаса, аса қиын болса немесе шамадан тыс шығыстарды талап етсе, көршi және (немесе) өзге де жер учаскесi арқылы жаяу және көлікпен жүрiп өтудi;
2) көршi немесе өзге де жер учаскесіне сервитут белгiленбейiнше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажеттi желiлерiн тартуды және (немесе) пайдалануды, сумен жабдықтауды, су бұруды, жылумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншiк иесiнiң, жер пайдаланушының немесе барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушының басқа да мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн белгiленуi мүмкiн.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көршi немесе өзге де жер учаскесіне жекеше сервитут осы учаскелерге жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығы субъектiлерiмен жасалатын шарт (жекеше сервитутты белгілеу туралы шарт) немесе соттың шешімі бойынша белгiленедi.
Жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы (жекеше сервитут) субъектiсi жеке меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға жекеше сервитутты белгілеу туралы шартта немесе сот шешімінде айқындалған мөлшерде сервитутқа байланысты барлық залалдарды өтеуге тиiс.»;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жария сервитуттар, егер бұл мемлекеттiң және жергiлiктi халықтың мүдделерiн қамтамасыз ету немесе пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін қажет болған жағдайларда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері негізінде жер учаскелерiн алып қоймастан, олардың жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреттері шегінде белгiленуi мүмкiн.»;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсатында жер учаскесін немесе оның бір бөлігін уақытша пайдалану;»;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жекеше сервитут ауыртпалығы салынған жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушысы мүдделерiне орай сервитут белгiленген тұлғалардан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы. Жекеше сервитут үшін төлемақы мөлшері жекеше сервитутты белгілеу туралы шартпен немесе соттың шешімімен айқындалады.
6. Мемлекеттік меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерi бойынша жария сервитут белгiленген кезде, пайдалы қазбаларды барлауды немесе геологиялық зерттеуді жүргізу мақсаттары үшін белгіленетін сервитутты қоспағанда, сервитут үшiн төлемақы бюджетке түседi.
7. Жер учаскесі жария сервитут түріндегі ауыртпалықпен бірге меншікке немесе жер пайдалануға берілген тұлғаларды қоспағанда, жария сервитут ауыртпалығы салынған жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушысы, егер сервитутты белгiлеу жер учаскесiн пайдалануда елеулi қиындықтарға алып келсе, жария сервитутты белгiлеген мемлекеттік органнан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.
Егер жария сервитутты белгілеу жер учаскесін пайдалану мүмкін болмайтын жағдайларға алып келсе, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған кезде залалдарды жария сервитутты белгілеген мемлекеттік орган толық көлемде өтей отырып, өзінен осы жер учаскесін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды не құны тең жер учаскесін беруді немесе мүмкін болмаған жағдайда - басқа жер учаскесін оның құнын немесе оған құқықтарды жердің бағасына жатқыздырып және шеккен залалдарды өтей отырып, беруді талап етуге құқылы.
Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу мақсаттары үшін жария сервитут белгіленген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген төлемақыны төлеуді және (немесе) осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген залалдарды өтеуді тиісті жер қойнауын пайдаланушы жүргізеді.»;
15) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«70-бап. Уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдары
1. Аудандық (аудан аумағында) немесе облыстық (екi және одан көп аудан аумағында) атқарушы органдар уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдарын жеке меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан жердi алып қоймай, жерiнен тас жол өтетiн жеке меншiк иелерiмен немесе жер пайдаланушылармен, сондай-ақ мал айдау жолы пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақ арқылы өтетін жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылармен келiсу бойынша белгiлеуі мүмкін.
2. Мал иелерi малды тас жолмен айдап өткен кезде келтiрiлетін залалдар үшiн жеке меншiк иелерi, жер пайдаланушылар және сервитуттарды иеленушілер алдында жауаптылықта болады.»;
16) 71-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың күші пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде іздестіру жұмыстарын жүргізуге қолданылмайды.»;
17) мынадай мазмұндағы 71-1-баппен толықтырылсын:
«71-1-бап. Жер учаскелерін пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу үшін пайдалану
1. Жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жерде, мұндай жерді меншікке немесе жер пайдалануға алмай, жария сервитут негізінде жүргізе алады.
Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы жер учаскелерінде пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мұндай учаскелерде қажетті жұмыстарды жеке меншік иелерінен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алмай жекеше немесе жария сервитут негізінде жүргізе алады.
2. Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін белгіленетін жария сервитут жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша, тиісті жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен ресімделеді.
3. Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен орны, жерді рекультивациялау бойынша міндеттер және өзге де шарттар - жекеше сервитутты белгілеу туралы шартпен, ал жекеше сервитутты белгілеу туралы шарт болмаған кезде соттың шешімімен айқындалады.
4. Егер жекеше сервитутты белгілеу туралы шартта өзгеше көзделмесе, жасалған жекеше сервитутты белгілеу туралы шартқа немесе соттың шешіміне сәйкес меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға сервитут үшін төлемақы төленгенге және залалдар өтелгенге дейін жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарға кірісуге құқылы емес.».
2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар):
1) бүкіл мәтін бойынша «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі» деген сөздер «жер қойнауын зерттеу жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) жерасты сулары - жер қойнауындағы су шоғырланымдары;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) құбырлы сүзгіш құдық - су тұтқыш қабаттың үстіңгі бетінің біріншісіне бекітілетін бірқатар тесіктері бар құбыр кесіндісі;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) және 56-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) өнеркәсіптік жерасты сулары - құрамындағы пайдалы қазбаларды (сирек кездесетін элементтер, галогендер және басқалар) айырып алу үшін пайдаланылатын жерасты сулары;»;
«56-1) термалды сулар - температурасы 200С-тан жоғары жерасты сулары;»;
59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«59) шахта құдығы - су тұтқыш қабаттың үстіңгі бетінің біріншісінен жерасты суларын тарту үшін; сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетінен атмосфералық және жерүсті суларын бұру мақсатында құрылған, тереңдігі көлденең кесігінен үлкенірек тік тау-кен қазындысы;»;
3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Су объектілері
Қазақстан Республикасының су объектілеріне шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық беті рельефтеріндегі және жер қойнауындағы су шоғырланымдары жатады. Олар: теңіздер, өзендер, оларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жерүсті және жерасты су объектілері болып табылады.»;
4) 10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жepасты суларын мемлекеттік геологиялық зерттеу және барлау, жерасты құрылысжайларын судың зиянды әсерінен қорғау саласындағы қатынастар тиісінше «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасымен реттеледi.»;
5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Жерасты су объектілері
Жерасты су объектілеріне:
1) жерасты сулары бассейні;
2) жерасты суларының орындары мен учаскелері;
3) су тұтқыш қабаттар және кешендер;
4) жерасты суларының құрлықта табиғи шығуы (бұлақтар) жатады.»;
6) 40-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы алып тасталсын;
7) 58-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жерүсті және жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып жүзеге асырады.»;
8) 66-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мынадай су тарту құрылысжайларын: шахталы және құбырлы сүзгіш құдықтарды, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш қабаттың үстіңгі бетінің біріншісінен тәулігіне барлық жағдайда елу текше метрден көп емес су алынып, деңгейі мәжбүрлі төмендетілмей жұмыс істейтін шегендеу құрылысжайларын пайдалану;»;
2) тармақшадағы «су тартуы кезінде рұқсат талап етілмейді.» деген сөздер «су тартуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын алуға (айдап шығаруға) рұқсат талап етілмейді.»;
6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын, өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған, сарқынды және басқа да суларды жерүстi су объектiлеріне, жер қойнауына, су шаруашылығы құрылысжайларына немесе жер бедеріне ағызу;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылысжайларды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тәулігіне елу текше метрден бастап алу лимиттерімен жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Арнайы су пайдалануға рұқсаттар:
1) балансында олардың көмегімен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін құрылысжайлары немесе техникалық құрылғылары;
2) суды есепке алу құралдары;
3) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі;
4) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерүсті және (немесе) жерасты суларын тарту кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;
5) жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану кезінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен су пайдалану шарттарына келісімі бар жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі. Минералды жерасты суларын қоспағанда, тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану кезінде келісім талап етілмейді.»;
9-тармақ алып тасталсын;
10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулерді ұсынатын ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн олардан су ресурстарын алып қоймай пайдалануды, ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын ағызуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын есептеулерді;»;