2) 9-бап мынадай мазмұндағы 48) тармақшамен толықтырылсын:
«48) жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын əзірлейді.».
25. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы»;
2) кіріспе «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 1-бапта:
1-2), 1-3) жəне 1-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызмет - мемлекеттік көрсетілетін қызметті қоспағанда, тұрақты негізде көрсетілетін жəне жеке жəне заңды тұлғалардың базалық жəне қоғамдық маңызы бар қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған көрсетілетін қызмет;
1-3) əріптестік келісім - мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау жəне көрсетілетін қызметті алушыға олардың нəтижелерін беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін талаптарға сəйкес келетін жəне мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті органның іріктеуінен өткен кəсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік корпорация жасаған келісім;
1-4) əріптестік ұйым - осы Заңға сəйкес əріптестік келісім жасаған кəсіпкерлік субъектісі;»;
мынадай мазмұндағы 1-5) тармақшамен толықтырылсын:
«1-5) «бір өтініш» қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығы көзделетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;»;
4) тармақшадағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшадағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 2-бапта:
тақырып «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 3-баптың тақырыбы мен мəтініндегі «Мемлекеттік қызметтер», «мемлекеттік қызметтер», «мемлекеттік көрсетілетін» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер», «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер», «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 4-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «көрсетілетін қызметті» деген сөздерден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету тəртібін айқындайтын жəне көрсетілетін қызметті беруші бекіткен қағидаларға сəйкес əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) көрсетілетін қызметті берушінің жəне (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның жəне (немесе) оның жұмыскерлерінің əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мəселелері бойынша шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тəртіппен шағымдануға;»;
4) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша «құқықтық актіге» деген сөздерден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын қағидаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «мемлекеттік» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 5-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын жəне көрсетілетін қызметті беруші тиісті салада реттеуді немесе басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті органмен келісу бойынша бекіткен қағидаларға сəйкес əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуге;»;
2), 3) жəне 4) тармақшалардағы «мемлекеттік көрсетілетін», «мемлекеттік қызметтер», «мемлекеттік қызметтерді» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін», «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер», «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«мемлекеттік қызметтерді» деген сөздер «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«актіде» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларында» деген сөздермен толықтырылсын;
«қызмет көрсету мерзімі» деген сөздер «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік қызметтердің» деген сөздер «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтің» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «мемлекеттік көрсетілетін» деген сөздер «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшада:
«мемлекеттік қызмет» деген сөздер «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «оларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақшада:
«актілерде» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларында» деген сөздермен толықтырылсын;
«қызметтер көрсету үшін» деген сөздер «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы «Мемлекеттік» жəне 1) тармақшасы «мемлекеттік» деген сөздерден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 2-тараудың тақырыбындағы «Мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 6-баптың тақырыбы мен мəтініндегі «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 8-бапта:
тақырып «Мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзац «Мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшадағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша «актілердің» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «актілерді» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
8-1) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:
«8-2) мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер тізбесін қалыптастыруды жəне бекітуді жүзеге асырады;»;
11) 10-бапта:
3) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «актілердің» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
5), 6), 12) жəне 13-1) тармақшалардағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
«13-2) мемлекеттік реттеуді немесе басшылықты жүзеге асыратын салаларда əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетудің үлгілік қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»;
14) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша «актілерді» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 11-бапта:
1) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «актілердің» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
3) жəне 4) тармақшалар «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нəтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;»;
10), 11) жəне 12) тармақшалар «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерді жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;»;
13) 14-баптың 3-1) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын;»;
төртінші, бесінші, алтыншы жəне жетінші абзацтардағы «қызмет көрсету» деген сөздер «қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «мемлекеттік қызмет» деген сөздер «мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса)» деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы «мемлекеттік қызмет» деген сөздер «мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса)» деген сөздермен ауыстырылсын; он бірінші абзацтағы «қызмет көрсетуден» деген сөздер «қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету»;
15) 18-баптың тақырыбы мен мəтініндегі «Мемлекеттік қызметтер», «Мемлекеттік қызметтерді» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер», «Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 19-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуі»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің талаптары мен тəртібін көрсетілетін қызметті берушілер əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларына сəйкес əзірлейді жəне көрсетілетін қызметті берушілер осы Заңның талаптарына сəйкес бекітеді.»;
екінші бөлік «актіде» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 19-1-баптың тақырыбы мен мəтініндегі «мемлекеттік қызметтер», «мемлекеттік көрсетілетін», «мемлекеттік қызмет», «мемлекеттік қызметтерді», «мемлекеттік қызметті» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер», «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін», «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет», «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді», «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 23-бапта:
тақырыптағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) жəне 3) тармақшалар «актілерді» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларын жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «акт» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидалары жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидалары» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «қызметтер» деген сөзден кейін «жəне (немесе) əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «Мемлекеттік» деген сөзден кейін «немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
«қызметтер көрсету саласындағы» деген сөздер «жəне (немесе) əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қызметтер көрсету сапасын» деген сөздер «жəне (немесе) əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«актілерді» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 25-баптың тақырыбы мен 1-тармағындағы «Мемлекеттік қызметтер», «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер», «мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 30-баптың тақырыбы мен мəтіні «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар» деген сөздермен толықтырылсын.
26-тармақ 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
26. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 28-2), 30-1), 61-6) жəне 61-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-2) көшкін қауіптілігі - адамдардың денсаулығына, инфрақұрылым мен қоршаған ортаға нұқсан келтіруі мүмкін көшкін процесінің туындау қатері;»;
«30-1) қар көшкіні қауіптілігі - тау беткейлерінен қар көшкінінің жүруінен туындайтын, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін, сондай-ақ қоршаған орта мен экономикаға нұқсан келтіретін қатер;»;
«61-6) сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлері карталары - аумақты сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің дəрежелеріне қарай аймақтарға бөлуді айқындайтын жəне көрсететін карталар;
61-7) сел қауіптілігі - тау беткейлері бойымен жоғары жойқын күшпен қозғалатын, судың, лайдың, тастар мен ағаштардың кенеттен пайда болған екпінді ағындарын білдіретін лайлы-тасты тасқындардан төнетін қатер;»;
2) 15-бапта:
3-тармақтың 10-1) жəне 10-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1) тиісті əкімшілік-аумақтық бірлікте сейсмикалық қауіптілікті, сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандарға бөлудің) жүргізілуін, сел, көшкін, қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерін бағалауды ұйымдастыру;»;
«10-3) сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандарға бөлудің), сейсмикалық қауіп-қатердің, сел, көшкін, қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің əртүрлі ауқымды карталарын бекіту;»;
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандарға бөлудің), сейсмикалық қауіп-қатердің, сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің əртүрлі ауқымды карталарын əзірлеу үшін жергілікті бюджеттен ақша бөлу туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
3) мынадай мазмұндағы 42-1-баппен толықтырылсын:
«42-1-бап. Сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерін бағалау
1. Сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерін бағалауды ғылыми ұйымдар жүргізеді.
2. Сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіптілігін бағалау олардың ауқымдылығын, пайда болу жиілігі мен таралуын сипаттайтын қауіпті құбылыстардың сандық көрсеткіштерін білдіреді.
Сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіптілігін бағалау нəтижелері негізінде сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлері карталары жасалады.
3. Сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіп-қатерлерін бағалау сел тасқындарының, қар көшкіндері мен көшкіндердің салдарынан туындауы мүмкін адам өлімі мен материалдық шығындарды ғылыми болжау арқылы жүзеге асырылады. Сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіп-қатерлерін бағалау нəтижелері бойынша сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлері карталары жасалады.
4. Сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлері карталары жергілікті атқарушы органдардың жер пайдалануды реттеуі үшін, сондай-ақ нұқсанды болғызбау жəне қауіпсіздік пен инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
5. Сел, көшкін жəне қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің əртүрлі ауқымдағы карталарын əзірлеу жəне қолдану тəртібін уəкілетті органмен келісу бойынша ғылым саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»;
4) 58-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиян (нұқсан) уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен өтеледі.».
27. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттік қызметтер» деген сөздер «мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 17-баптың 7-тармағындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздер «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3) 36-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармағы 4) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары 2028 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4) 2-қосымшада:
347-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 347. | Сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі саласындағы мамандарды сертификаттау | Сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі саласындағы маманның сертификаты | Конкурс немесе алқалы қарау рəсімі қолдануға келеді |
»;
347-1-жол алып тасталсын;
27-тармағының 4) тармақшасының бесінші жəне алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 347-4-жолмен толықтырылсын:
«
| 347-4. | Жобалардың кешенді ведомстводан тыс сараптамасын жүзеге асыру жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарын аккредиттеу | Аккредиттеу туралы куəлік | Рұқсаттың қолданылу мерзімі 2 жыл; конкурс немесе алқалы қарау рəсімі қолдануға келеді |
».
28. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 12-1) тармақшасы алып тасталсын.
29-тармақ 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
29. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-бап 20) тармақшасындағы «қорғау саласындағы біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.» деген сөздер «қорғау саласындағы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласындағы біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.»;
2) 9-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын.
30. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспеде:
«үлестік қатысу жөніндегі» деген сөздер «үлестік қатысу, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тетіктері қолданыла отырып, ескірген жəне авариялық тұрғын үйді реновациялау жобаларын іске асыру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шарт» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-бапта:
1-1) тармақша «шарттар бойынша» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерлерге реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «үлескерлердің алдында» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт бойынша реновациялау шеңберіндегі үлескерлердің алдында» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «шарт бойынша» деген сөздерден кейін «немесе реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1), 8-2), 8-3), 8-4) жəне 8-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) кепілдік шеңберінде реновациялау туралы шарт (бұдан əрі - реновациялау туралы шарт) - Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы, құрылыс салушы жəне уəкілетті компания арасында жасалатын, реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру талаптары туралы шарт;»;
«8-2) реновациялау шеңберіндегі үлескер - көппəтерлі тұрғын үйдегі үлесін алу мақсатында реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға;
8-3) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу - тараптардың реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа негізделген қатынастары;
8-4) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт (бұдан əрі - реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт) - Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы, құрылыс салушы, уəкілетті компания жəне реновациялау объектісінің немесе реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің барлық меншік иелері арасында осы Заңда айқындалатын тəртіппен жəне талаптарда жасалатын шарт;
8-5) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт - уəкілетті компания мен реновациялау шеңберіндегі үлескер арасында жасалатын, тараптардың реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт, бұл ретте бір тарап - көппəтерлі тұрғын үйді салуды қамтамасыз етуге жəне құрылыс аяқталғаннан кейін екінші тарапқа көппəтерлі тұрғын үйдегі үлесін беруге, ал екінші тарап реновациялау объектісін жəне (немесе) реновациялау объектісі шеңберіндегі жылжымайтын мүлікті қарсы беруді жүргізуге жəне көппəтерлі тұрғын үйдегі үлесін қабылдауға міндеттенеді;»;
12) тармақшадағы «жəне үлескер» деген сөздер «, үлескер жəне реновациялау шеңберіндегі үлескер» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-2) тармақша «үлескерге» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сəйкес реновациялау шеңберіндегі үлескерге» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының жер қатынастары туралы, сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу қатынастарына осы Заңда реттелмеген бөлігінде қолданылады.»;
4) 3-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «төлем жүргізуге» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) реновациялау объектісіне жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке меншік құқығын беру арқылы төлемді жүзеге асыруға» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1), 3-1), 3-2) жəне 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын əзірлейді жəне бекітеді;»;
«3-1) реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын əзірлейді жəне бекітеді;
3-2) кепілдік шеңберінде реновациялау туралы шарттың үлгілік нысанын əзірлейді жəне бекітеді;
3-3) уəкілетті компанияның реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй жəне (немесе) өтемақы төлемдерін беру тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;»;
4) тармақша «үлестік қатысу туралы шарттарды» деген сөздерден кейін «жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) реновациялау шеңберінде жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының үлгілік нысанын əзірлейді жəне бекітеді;»;