Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2017.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
3-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары
4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
5-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi
6-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алу құқығы
7-бап. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуын қамтамасыз ету
8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар
8-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
10-бап. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері
10-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
12-бап. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi
13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
2-тарау. Әлеуметтік аударымдар
14-бап. Әлеуметтік аударымдардың мөлшері
15-бап. Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару
16-бап. Әлеуметтiк аударымдарды төлеу тәртібі
17-бап. Әлеуметтiк аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін төлеушінің жауапкершілігі
18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау
19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару
3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау
20-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға өтiнiш беру және әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды қарау мерзімдері
21-бап. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
22-бап. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
23-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
23-1-бап. Жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтiк төлемдi тағайындау және оның мөлшерi
23-2-бап. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi
24-бап. Алып тасталды
4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалу
25-бап. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер
26-бап. Әлеуметтiк төлемдерден ұстап қалу
5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
27-бап. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры
27-1-бап. Қордың басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар
28-бап. Қордың қызметi
29-бап. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
30-бап. Қордың инвестициялық қызметi
31-бап. Қор активтерiнiң құрылуы
32-бап. Есеп жүргiзу және есеп беру
6-тарау. Қорытынды ережелер
33-бап. Дауларды шешу
34-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ставкасы», «ставкасынан», «процент», «проценті», «процентінен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесінен», «пайыз», «пайызы», «пайызынан» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бiрi ретіндегі мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) асыраушы - өзiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз табысы есебiнен асыраушы адам;
2) асырауындағылар санының коэффициентi - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жарияланған) асыраушының асырауында болған оның отбасы мүшелерiнiң санын ескеретiн коэффициент;
3) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн осы Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек - әлеуметтік аударымдардың есептелген және мерзімінде аударылмаған сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;
4) әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi - жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;
5) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - осы Заңда белгiленген тәртiппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам;
7) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесі - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
8) әлеуметтiк қатер - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) әлеуметтiк төлемдер - әлеуметтік төлемдерді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
10) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) әлеуметтiк төлемдi алушы (бұдан әрi - алушы) - әлеуметтік қатер төнгенге дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына ол үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген не өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде оларды өзi төлеген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры оған қатысты әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;
12) еңбек ету қабiлетiнен айрылу - қызметкердiң жұмыс орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айрылуы, оның дәрежесi айрылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынастан көрінеді;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген күндер санына қарай айқындалатын коэффициент;
13-2) 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды
13-3) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) қатысу өтілінің коэффициентi - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы өтіліне қарай айқындалатын коэффициент;
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді
15) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы - асыраушысынан айырылған жағдайда, асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы төнген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;
16) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерi - әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмi өтiп кеткендiгi үшiн алынған өсiмпұл, инвестициялық табыс және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтiк төлемдерге бағытталған қаражатты және қате есептелген немесе артық төленген қаражатты қайтаруды шегерiп тастағанда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсiмдер;
17) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылуына байланысты табыстың бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;
18) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi - мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы өтілі - әлеуметтiк аударымдар түскен айлардың жалпы саны;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар - төлеушi; өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар;
20) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
20-1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) - өздерiне табыс әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор;
22) табысты ауыстыру коэффициентi - әлеуметтiк төлемнiң әлеуметтiк аударымдарды есептеу кезiнде негiзге алынған табыс мөлшерiне қатынасын айқындайтын коэффициент;
23) уәкiлеттi орган - Қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
24) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заң мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк қатер жағдайының басталуына қарай мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларды әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты осы Заңда көзделген қатынастарды реттейдi.
3-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;
2) асыраушысынан айрылған жағдай;
3) жұмысынан айрылған жағдай.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай;
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.
5-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;
2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;
3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;
4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;
5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi;
6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;
7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алу құқығы
Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде осы Заңда белгiленген шарттармен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына кепiлдiк бередi.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар әлеуметтік төлемдерді алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-бап. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуын қамтамасыз ету
1. Мемлекет Қордағы әлеуметтiк аударымдардың сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепiлдiк бередi.
2. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуы:
1) Қордың қызметiн, оның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу арқылы реттеу;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру;
3) Қор активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде есепке алу;
4) Қордың өз қаражаты мен активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу;
5) Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгізу;
6) жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қордың ұдайы қаржылық есептiлiгi;
8) Қор активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң айқындауы арқылы қамтамасыз етiледi.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап жаңа редакцияда
8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды
8-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында:
1) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын жыл сайын белгілейді;
2) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аударудың тәртібін және мерзімдерін бекітеді;
3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы шешім қабылдайды;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган:
1) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілейді;
2) Қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз етеді;
4) Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауы, тағайындаудан бас тартуы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы мәселелері бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың шағымдарын қарайды.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік корпорацияның:
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қорға беру үшiн құжаттарды қабылдау мен олардың жиынтықтылығын тексерудi жүзеге асыруға;
2) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы Заңда көзделген қызметтердi көрсеткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен қаражат алуға;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталған кезде әлеуметтік төлемді тоқтата тұруға құқығы бар.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік корпорация:
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) жеке сәйкестендiру нөмiрi негiзiнде әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердi есепке алуды жүзеге асыруға және мемлекеттік кіріс органдарымен бiрге әлеуметтiк аударымдардың түсiмін салыстырып-тексеруді жүргiзуге;
2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) қате есепке жатқызылған немесе артық төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсімпұлдар сомаларын қайтаруды жүзеге асыруға;
2) әлеуметтiк төлемдерден жүргiзiлген ұстап қалу туралы алушыларды хабардар етуге;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) артық төленген сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған жағдайда, бұл туралы алушыға хабарлауға;
4) Қорға жасалған аударымдардың мөлшерi мен мерзiмiне қарамастан, мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдарға қызмет көрсетудiң тең жағдайларын қамтамасыз етуге;
5) банктiк үш күн iшiнде әлеуметтiк аударымдарды Қорға аударуға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды жасауға және оларды Қорға осы Заңда көзделген мерзiмде беруге;
7) алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын уақтылы қамтамасыз етуге;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) артық төленген әлеуметтiк аударымдар сомаларын осы қаражат Қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған кезден бастап банктiк үш күн iшiнде төлеушiлерге аударуды жүзеге асыруға;
9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органға және Қорға қажеттi есептiлiктi табыс етуге;