2) 65-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «әуежайды пайдаланушымен» деген сөздерден кейін «әуежай аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларына сәйкес жасалатын» деген сөздермен толықтырылсын.
24. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19- ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7- ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
133-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тиісті тауар нарығында бәсекелестік болмаған не даму деңгейі төмен болған;».
25. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат):
1-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) оқу орталығы - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі;».
26. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 26-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Оңалту жоспарын келісу кезінде кредиторлар жиналысы оған мүдделері осы жоспарда қозғалған, талаптары екінші және төртінші кезектер құрамында жеке қанағаттандырылуға жататын кредиторлардың дауыс санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда құқықты болады.»;
2) 99-баптың 2-тармағының екінші және төртінші бөліктері алып тасталсын.
27. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21- 22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 15-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекітеді;»;
2) 94-баптың 10-тармағындағы «заңды» деген сөз «жеке және заңды» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-І, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
38-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын өзгерту не шектеу қажеттілігі жоқ жолдың жүру бөлігінің астында электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде уәкілетті органға хабарлау талап етілмейді.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы «бақылау бекеттерін орналастыруға» деген сөздерден кейін «, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын өзгерту не шектеу қажеттілігі жоқ жолдың жүру бөлігінің астында электрмен жабдықтау желілерін салуға» деген сөздермен толықтырылсын.
29. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22- ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5- 6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат):
1) 51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылау біліктілік және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерде өтініш берушіге бару қажеттілігі болған жағдайда бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тәртібімен жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сай келуі немесе сай келмеуі туралы қорытынды жасалады.»;
2) 1-қосымшаның 12-жолының 3-бағанындағы «(стандарт атауын көрсете отырып)» деген сөздер алып тасталсын.
30. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VІІ, 116-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23- V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):
37-баптың 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ұсынылған конкурстық құжаттамасы үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай төлемақы алады.»;
«6. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу өткізеді.».
31. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-ІІ, 171-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының екінші бөлігіндегі «11),» деген цифрлар алып тасталсын;
2) 9-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жұмыс тәжірибесінің болуы (әлеуетті өнім берушіде лицензияның және (немесе) рұқсаттың болуы мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып танылатын жағдайларды қоспағанда).».
32. «Cот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 1-2, 2-құжат; № 8, 16-құжат):
1) 13-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, қайта ресімдеудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Сот-сараптама қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
4. Лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 14-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел немесе күнтізбелік бір жыл ішінде екі және одан да көп рет бұзған;»;
3) 19-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;».
33. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат; 2019 ж., № 24-І, 119-құжат; № 24-ІІ, 123-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3) және 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
7-2) табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін әзірлейді және бекітеді;
7-3) қызметтер көрсету регламенттерін үлгілік регламентке сәйкестігі тұрғысынан келіседі;
7-4) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 24-бапта:
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосу осы Заңның 24-1-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосуды қоспағанда, мынадай кезеңдерден тұрады:»;
1), 2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сәулет-жоспарлау тапсырмасын, топографияны дайындау кезінде сәулет және қала құрылысы органы қалыптастыратын және электрондық нысанда табиғи монополия субъектісіне жіберетін, техникалық шарттарды беруге өтініш;
2) табиғи монополия субъектісінің сәулет және қала құрылысы органының техникалық шарттар беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайтуға өтінішін қарауы;
3) табиғи монополия субъектісінің техникалық шарттарды сәулет және қала құрылысы органына жіберуі;
4) сәулет және қала құрылысы органдары Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасымен және топографиямен бірге жүзеге асыратын, техникалық шарттарды беруге өтінішті қарау нәтижесін беру;»;
5-тармақта:
бірінші бөліктегі «Осы баптың 6-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, табиғи» деген сөздер «Табиғи» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға өтінішті қабылдау астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда электрондық нысанда ғана жүзеге асырылады.»;
екінші бөліктегі «Осы баптың 6-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, табиғи» деген сөздер «Табиғи» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақ алып тасталсын;
9 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға өтінішті табиғи монополия субъектісі құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы қайтарады.»;
«11. Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға өтініш осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қаралады, оны қараудың қорытындылары бойынша табиғи монополия субъектісі:
1) техникалық шарттарды береді;
2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Техникалық шарттарды монополистердің тікелей түзетуіне жол берілмейді.»;
3) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
«24-1-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларының энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қолжетімділігі
Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосуға өтініш беруі;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосу шартын жасасу және орындау.»;
4) 26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) үлгілік шартқа сәйкес астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу шарттарын электрондық нысанда ғана жасасуға;».
2-бап.
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және он екінші абзацтарын, 2) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын және 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 18) тармақшасының жиырма бірінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде аталған абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«9. Осы Кодекстің 286-бабына сәйкес инвестициялық преференциялар беруге және Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобильдік көлік құралдарының және олардың компоненттерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес көлік құралдарына және (немесе) олардың компоненттеріне, ауыл шаруашылығы техникасына және (немесе) оның компоненттеріне қатысты техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыруға Қазақстан Республикасының заңды тұлғасында көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болған жағдайда ғана жол беріледі.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 29 маусым
№ 352-VІ