6-бапта:
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ осы Заңның 6-1-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы міндетті түрде банктік шот ашуға және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына түспей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.»;
мынадай мазмұндағы он төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктік шот ашудан бас тартуға құқылы.».
6. «Өндірістік кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 2001 ж., № 17-18, 242-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 20-І, 110-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 11-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі «Кодексте» деген сөз «Заңда» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 15-бапта:
2-тармақтың 10) тармақшасындағы «тексеру комиссиясының» деген сөздер «ревизиялық комиссияның (ревизордың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «тексеру комиссиясының» деген сөздер «ревизиялық комиссияның (ревизордың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «тексеру комиссиясының» деген сөздер «ревизиялық комиссияның (ревизордың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 17-баптың 4 және 5-тармақтарындағы «Тексеру комиссиясы» деген сөздер «Ревизиялық комиссия (ревизор)» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
92-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер тұрақсыздық айыбы (өсімпұл), пайыздар тиесілі болса оларды өндіріп алу, банк заемдарын қоспағанда, борышкер орындалмаған міндеттемені жазбаша мойындаған кезде атқарушылық жазба негізінде жүргізіледі.
Атқарушылық жазбаны жасау, егер шартта тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды), пайыздарды өндіріп алудың өзге тетігі көзделмесе, борышкер орындалмаған міндеттемедегі кінәсін мойындаған кезде, орындалмаған міндеттемедегі кінәсін мойындау фактісін нотариус растаған кезде жүзеге асырылады.».
8. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 19- 20, 86-құжат):
1) 17-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында лажсыз жағдайларды шешу тәртібі қамтылуы мүмкін.»;
2) 60-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органы серіктестіктің барлық қатысушыларына:
1) сотта корпоративтік дау жөніндегі істің қозғалғаны туралы;
2) серіктестікке қатысушының лажсыз жағдайды шешудің кез келген тәртібіне бастамашылық жасағаны туралы ақпарат беруге міндетті.».
9. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21- 22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 13, 41-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 53-құжат; 2019 ж., № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
42-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Коммерциялық емес ұйымның қызметі коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған немесе өзінің жарғысында айқындалған қызметтің нысанасы мен міндеттері шегінен шығатын әрекеттерді күнтізбелік бір жылдың ішінде екі және одан көп рет жасаған жағдайларда прокуратура органдарының ұсынуы негізінде сот шешімімен үш айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.».
10. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 119-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
4-1-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын.
11. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15- 16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 119-құжат; 2020 жылғы 1 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
11-тармақтың 1) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
30-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30-1) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі - кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған, жаңа объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің, үлгілік жобалардың және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың электрондық архиві;»;
мынадай мазмұндағы 30-2) тармақшамен толықтырылсын:
«30-2) құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялар (бұдан әрі - мемлекеттік инвестициялар) - жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) немесе күрделі жөндеуге салынатын инвестициялар, олардың көзі мыналар болып табылады:
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге бағытталған нысаналы қаражат;
мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;
концессиялық жобаларды іске асыруға бағытталған қаражат;»;
39-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39-1) мемлекеттік сараптама ұйымы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және объектілердің құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) кешенді ведомстводан тыс сараптамасын жүргізу, құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру жөніндегі мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
11-тармақтың 1) тармақшасының он екінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
40-1) тармақша алып тасталсын;
61-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«61-2) үлгілік жоба - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленетін, жобалау кезінде одан әрі бірнеше рет қолдануға арналған жобалау-сметалық құжаттама;»;
мынадай мазмұндағы 61-3) тармақшамен толықтырылсын:
«61-3) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары - өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;»;
2) 20-бапта:
11-тармақтың 2) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
6-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-4) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобалар мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
6-5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-13), 11-14), 11-15), 11-16) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-13) «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;
11-14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік және әдіснамалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;
11-15) әзірленген және бекітілген қала құрылысы жобаларының (шағын елді мекендер бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасының - егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының, дамыту және құрылыс салу схемаларының) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
11-16) инженерлік-геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«15-2) қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
23-16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23-16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді ұйымдастыру, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтата тұру, олардың күшін жою);»;
мынадай мазмұндағы 23-30) тармақшамен толықтырылсын:
«23-30) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, келісуді, бекітуді, тіркеуді және қолданысқа енгізуді (қолданысын тоқтата тұруды, олардың күшін жоюды) ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
3) 33-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілерден және екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлерден басқа, азаматтардың жеке пайдалануына арналған жеке тұрғын үйлер мен басқа да техникалық жағынан күрделі емес құрылыстар салу;»;
4) 60-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша тапсырыс беруші (меншік иесі) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларынсыз нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша:
1) екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды;
2) жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды тұрғызуды;
3) алаңішілік байланыс желілерін салуды;
4) жұмыс істеп тұрған инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін үй жанындағы учаскелерде және саяжай учаскелерінде абаттандыруды;
5) контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын ықшам кешендерді, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттарды (құрылысжайларды) салуды;
6) төтенше ахуал және (немесе) төтенше жағдайлар кезінде қалпына келтіру жұмыстарын, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын екі қабаттан аспайтын тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылысжайлар салуды;
7) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпсіз уақытша, маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар мен сақтау орындары (аралығы 6 метрге дейін, биіктігі 7 метрге дейін және алаңы 2000 шаршы метрге дейін қоса алғанда), жылыжайлар, парниктер, павильондар, байланыс, жарықтандыру тіректерін, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар салуды;
8) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстарын салуды;
9) автомашиналар саны елу бірліктен аспайтын ашық үлгідегі автотұрақтарды, сондай-ақ екі автомашинадан аспайтын бокстары бар гараждарды салуды;
10) желілік инженерлік жолдар мен оларға арналған құрылысжайларға олардың жағдайын, төсеу тереңдігінің (биіктігінің) белгілерін, құбырларының диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеуді;
11) шағын сәулет нысандарын салуды және аумақты қоршауды;
12) ашық спорт алаңдарын, тротуарларды салуды, ғимараттар (құрылысжайлар) маңында тас төсеніштер төсеуді;
13) технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтың бірліктерін жөндеуді және ауыстыруды;
14) инженерлік желілерді электр коррозиясынан қорғауды;
15) жалпы ауданы 20 шаршы метрге дейінгі дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар) салуды;
16) тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаны нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды);
17) өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қолданыстағы ғимараттарда жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін қайта жоспарлауды (қайта жабдықтауды);
18) кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электрмен жабдықтау желілерін салуды;
19) әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішінде автоматты күзет-өрт сигнализациясы жүйесін салуды және монтаждауды;
20) усадьба үлгісіндегі тұрғын үйлерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды;
21) жеке тұрғын үйлердің алаңішілік желілерін салуды және тұрмыстық мақсаттағы үйішілік газбен жабдықтау жүйелерін монтаждауды жүзеге асыра алады.»;
11-тармақтың 5) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
5) мынадай мазмұндағы 63-1-баппен толықтырылсын:
«63-1-бап. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі
1. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады.
2. Мемлекеттік сараптама ұйымы құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыруды және жүргізуді, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен мемлекеттік инвестициялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген сәулет туындыларына мүліктік (айрықша) авторлық құқықтар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен реттеледі.»;
6) 64-1-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «осы баптың 4-тармағында» деген сөздер «осы Заңның 60-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген техникалық жағынан күрделі емес объектілер міндетті сараптамаға жатпайды.»;
7) 64-4-баптың 1-тармағы 2) тармақшадағы «жөндеу үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жатады.» деген сөздер «жөндеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жатқызылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлеген үлгілік жобалар үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жатады.»;
8) 68-баптың 12-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте энергия беруші ұйымдардың кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын өздерінің желілеріне технологиялық қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастағаны туралы хабардар етуі талап етілмейді.»;
9) 74-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген, құрылысы аяқталған, техникалық жағынан күрделі емес объектілерді пайдалануға қабылдауды өзі дербес жүзеге асырады.
2. Егер осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген үй-жайларды (үйдің жекелеген бөліктерін) өзгерту, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі емес санамаланған объектілерді салу мен пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірсе не мемлекеттік, қоғамдық және (немесе) жеке мүдделерге қайшы келсе, осы баптың нормаларын қолдануға болмайды.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне қолданылмайды.».
12. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 123-құжат):
5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кірме жолдың жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға арналған құрылысжайлары, құрылғылары мен элементтері кірме жолдың бөлінбейтін бөлігі болып табылады.».
13. «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» 2002 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 12, 117-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат):