9) су көлiгiндегi толық навигациялық кезең iшiндегі жұмыс бiр жылғы жұмыс болып есептеледi;
10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсiптiң маусымдық салалары ұйымдарындағы толық маусым iшiндегi жұмыс Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзiм бойынша бiр жылғы жұмыс өтіліне есептеледi.
14-бап. Еңбек өтілін растау
1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады.
2. Еңбек кiтапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не сот шешiмi негiзiнде белгіленеді.
3. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі мен мерзімі
1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша Орталыққа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - ХҚО) беріледі.
Адамдар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің тағайындалуы үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Орталықта тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган өтініш берілген күннен бастап жүргізеді.
4. Өтініш пен қажетті құжаттардың Орталықта немесе ХҚО-да тіркелген күні мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
15-бап. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу
1. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемде есептеу осы Заңның 16-бабына сәйкес айқындалатын орташа айлық табыстың 60 пайызы есебiнен жүргiзiледi.
2. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табыс негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
«Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде алынған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. «Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi жұмыс берушi беретiн табыс туралы анықтамамен расталатын табысқа сәйкес белгiленедi.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін өтініш жасалған күнге уәкілетті орган белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген табыс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін талап етілетін еңбек өтілінен артық жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ ол зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспайды.
2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)5-тармақ жаңа редакцияда
5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, прокуратура, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлеріне және зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тiзiмi бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдарға төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшерін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан асыруға болмайды.
16-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн табысты айқындау
1. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылдағы жұмыстан түскен табыс қатарынан күнтiзбелiк 36 айдағы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады.
2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 41 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
17-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш беру тәртiбi
1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есебіне жазу үшiн қажеттi еңбек өтілі мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жерi бойынша Орталыққа берiледi.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындауды Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган зейнетақылар тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтарға тиісті құжаттарды ресімдеуде көмек көрсетуге міндетті.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қарау мерзімдері
1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Орталықта тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттардың Орталықта тіркелген күні Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда, Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган бас тартудың себептерін жазбаша түрде уәждеуге және өтініш берушіге ұсынылған құжаттарын қайтаруға міндетті.
4. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
19-бап. 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк монополия
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Орталық мемлекеттiк монополияға жататын мынадай қызмет түрлерiн:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, бiржолғы және Орталықтан төленетін өзге де төлемдердi төлеудi ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
2) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың дерекқорын қалыптастыруды;
3) агент нақты енгiзген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерiн келесi қаржы жылына инфляцияның болжамды деңгейiн ескере отырып айқындауды;
4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды;
5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
6) жеке сәйкестендіру нөмiрi және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ және (немесе) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарын агентке қайтаруды;
7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Орталыққа оның өтініші бойынша қайтаруды;
8) агенттердiң Орталықтың шотына аударылған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары сомаларының және (немесе) олар бойынша өсімпұлдардың төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынуды;
9) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар iстерiнiң макетiн қалыптастыруды;
10) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды және оларды дербестендiрiлген есепке алуды;
11) агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды;
12) орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруды;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Орталықтың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын пайдаланушылар болып табылатын орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің оларға қол жеткізуін ұйымдастыруды;
14) Қазақстан Республикасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Орталықтың қызмет түрлерi бойынша көрсетілетін ақпараттық қызметтер ұсынуды;
15) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыруды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
16) бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
17) тармақша 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
17) бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға жұмыс берушінің бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
18) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық атқарушы орган белгілейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
1. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және зейнетақы төлемдері ағымдағы айға төленеді.
2. Жұмыс істейтін зейнеткерлердің осы Заңның 15-бабының 5-тармағында және 64-бабында көзделген шектеулер мен жағдайлар ескеріле отырып, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық мөлшерде алуға құқығы бар.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-1. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері:
1) егер Орталықтан төленетін зейнетақы төлемінің осы нормаға сәйкес есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болса, осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген көлемде;
2) осы Заңның 15-бабына сәйкес есептелген Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде төленеді.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жеке банктік шотына жүргізіледі.
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап Орталықтан төленетін зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.
3. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша тағайындалуы және төленуі мүмкін.
4. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Өткен уақыт үшін Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін алу
1. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш жасау алдындағы үш жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.
2. Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның, сондай-ақ Орталықтың немесе ХҚО-ның кінәсінен уақытында алынбаған, Орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін мерзімдері шектелмей төленеді.
23-бап. Зейнетақыдан ұстап қалу
1. Зейнетақы тағайындау кезiндегi қателiктер салдарынан зейнетақының артық төленген сомаларын алушының өтiнiшi негiзiнде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табыстарынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен жүргізілуі мүмкiн.
2. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиiстi сомадан жүргізіледі.
3. Төленуге тиiс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды.
3-тарау. ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН ТӨЛЕУ
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттердің төлеуіне жатады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар босатылады.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден агент:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін босатылады.
4-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден агент:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар;
3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;
5) өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьялар үшін босатылады.
5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін табысқа ақшалай мәніндегі еңбекақының барлық түрлері және өзге де табыстар енгізіледі.
7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Орталыққа аударылады:
1) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар жұмыскерлерге төленген табыстардан - табыстар төленген айдан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей;
2) дара кәсiпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өзінің пайдасына - есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей;
3) арнайы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде;
4) оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде;
5) патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде;
6) Орталық - әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрмей;
7) сақтандыру ұйымы - жалақыдан (табыстан) айырылумен байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыратын айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.
8. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есебіне жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
9. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
10. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болмауына байланысты тұратын жері белгiсiз бұрынғы жұмыскерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттер 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн есебіне жазылған өсiмпұлмен қоса, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджетке аударады. Бұл ретте 2005 жылғы 1 қаңтардан кейiн есебiне жазылған өсiмпұл есептен шығарылуға жатады.
Бюджетке аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдардың сомаларын - бұрынғы жұмыскерлер, ал олар қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда мұрагерлерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес талап ете алады.
11. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агенттер ретінде қаралуы мүмкін.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және төлеу тәртібі
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.
2. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.
Аталған алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың 10 пайызын құрайды.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасы бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан тұрады.
3. Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде:
1) міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын аудару фактісі анықталған;
2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған;