Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №11, 155-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2006 ж., №16, 104-құжат; 2007 ж., №10, 69-құжат; 2010 ж., №17-18, 108-құжат; 2011 ж., №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімшілік-аумақтық бірліктің жұмылдыру жоспары - жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы;
2) әскери міндеттілерді бекітіп қою - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін оларға еңбек ресурстарын бекіту;
3) әскери-экономикалық оқулар - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттің жұмыс істеуіне мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, әкімшілік-аумақтық бірліктерді, халықты және Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды дайындау нысаны;
4) жұмылдыру - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсы бiр бөлiгiн (iшiнара жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшiруге байланысты жалпымемлекеттiк іс-шаралар кешенi;
5) жұмылдыру әзiрлiгiн бағалау - Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасында белгiленген жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру нормативтерiне және талаптарына мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың дайындық деңгейiнің сәйкестiк дәрежесiн айқындау;
6) жұмылдыру дайындығы - бейбiт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында мемлекеттi орнықты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттiк органдарының және халқының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшiруге, елдi қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi;
7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi орган - жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
8) жұмылдыру қуаттары - жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған өндiрiстiк алаңдар, технологиялық жабдық, инженерлiк-техникалық және өзге де құжаттама;
9) жұмылдыру резервi - мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындауға, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз етудiң бiрiншi кезектегi шараларын қолдануға, бейбiт уақытта гуманитарлық көмек көрсетуге қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнаулы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
10) жұмылдыру тапсырмасы - мемлекеттiк органдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында мемлекеттiң орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған iс-шараларды орындауға берiлетiн тапсырма;
11) жұмылдыру тапсырысы - ұйымдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында белгiлi бiр номенклатурада тауарлар өндiруге, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге, олардың мөлшері мен сапасына, арнаулы құралымдар құруға берiлетiн мемлекеттiк тапсырыс;
12) командалық-штабтық оқулар - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің басшы құрамының оларды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында басқару жөніндегі келісілген қызметке бірлесіп дайындалу нысаны;
13) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары - Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттiк органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi шараларды iске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын), сондай-ақ жұмылдыру дайындығының өзге де iс-шараларын орындау жолымен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiндегi және соғыс уақытындағы қызмет режимiне көшiруге бағытталған iс-шаралар жоспары;
14) мемлекеттік органның жұмылдыру жоспары - жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік органның іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы;
15) тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспары - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының, халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әкімшілік-аумақтық бірліктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ұйымдарға жұмылдыру тапсырыстарын белгілейтін жоспар;
16) уақытша қайта тиеу ауданы - әскерлер мен әскери жүктердi көлiктiң бiр түрiнен екiншiсiне қайта тиеу жүзеге асырылатын жергілікті жер учаскесi;
17) ұйымның жұмылдыру жоспары - жұмылдыру тапсырыстарын орындау үшін ұйымның іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы.»;
2) 4-баптың 5) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әскери мiндеттiлердi бекiтiп қою;»;
«9) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізу;»;
3) 7-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуді ұйымдастырады;»;
4) 7-1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізеді;»;
5) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді;
4-2) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;»;
«6-2) жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында арнайы құралымдарды ұйымдастырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;»;
6) 9-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «(жаттығулар)» деген сөз алып тасталсын;
3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;»;
«5) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өздерінің басқаруындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына береді;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде арнаулы құралымдарды құрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің шегінде жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды өткізеді;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді;»;
2-тармақта:
2) тармақшадағы «(жаттығулар)» деген сөз алып тасталсын;
3), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;»;
«5) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өздерінің басқаруындағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына береді;
6) әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктерімен келіседі және бекітеді, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды өткізеді;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға береді;»;
3-тармақта:
2) тармақшадағы «(жаттығулар)» деген сөз алып тасталсын;
3) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;»;
«5) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;»;
7) 10-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жұмылдыру тапсырысын белгілеу үшін өндірістік, қаржылық және қоймалық мүмкіндіктері жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдарға береді;»;
4) тармақшадағы «өнiм беруге, жұмыс жүргiзуге, қызмет көрсетуге» деген сөздер «тауарлар шығаруға, жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқуларды өткізуге қатысады;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;»;
8) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды көлiк құралдарымен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының аумағында әскери-көлiктiк мiндет белгiленедi.».
2. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №1-2, 1-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; 2010 ж., №7, 32-құжат; №10, 48-құжат; 2011 ж., №1, 7-құжат; №5, 43-құжат; №8, 64-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; №5, 41-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат):
1) 1-баптың 3) тармақшасындағы «құрылатын» деген сөз «мемлекеттік органдар және ұйымдар құратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;».
3. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №7, 36-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат; №15, 78-құжат):
11-баптың 33) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 28-і.
№ 367-V