22) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның (193 (екінші және үшінші бөлiктерi), 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 312 (екінші бөлiгi), 314, 416 (тағамдық өнiмдерге, ойыншықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екiншi бөлiгi), 426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлiгi), 433 (екінші бөлігі), 462, 463, 476-баптар);
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 132-VII ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның (134, 214 (бұл бұзушылықтарды цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жасаған кезде), 416 (байланыс құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктері), 638 (екінші бөлігі) - баптар);
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның (462, 463-баптар);
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның (462, 563 (екінші бөлігі), 564 (бесінші бөлiгi), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктері)-баптар);
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның (416 (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) көліктік бақылау органдарының (462, 463, 613 (бірінші, үшінші, 3-1-бөліктері), 618-баптар);
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (214 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 245, 246, 247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктері), 462-баптар);
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.01.07. № 132-VII ҚР Заңымен 27-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-1) қаржы мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органның (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктері) (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер жасаған кезде), 214-1, 462, 463 (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жасаған кезде) - баптар);
28) 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29) акцизделетін өнім өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органдардың (281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 463-баптар);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.20.03. № 21-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30) тармақша жаңа редакцияда
30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның (154, 173, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптар);
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31) тармақша жаңа редакцияда; 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 180-VІІ ҚР Заңымен 31) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31) мемлекеттік кіріс органдарының (150, 151 (екінші бөлігі), 154, 158, 174 (екінші бөлігі), 176, 176-1, 182, 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 283-1, 357, 398, 462, 463, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (1-1-бөлігі), 532 (екінші бөлігі), 543 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654, 679-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 425 (екінші бөлігі) - бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның (416 (өрт және жарылыс қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.12. № 92-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 33) тармақша өзгертілді
33) әдiлет органдарының (158, 214, 462, 668, 668-1-баптар);
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдардың (312 (екінші бөлігі), 313, 314, 316 (екінші бөлігі), 319, 392 (үшінші бөлігі), 462, 463, 465, 621 (үшінші бөлігі) - баптар);
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның (171 (бірінші және үшінші бөліктері (мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын асыру бойынша), 462-баптар);
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36) кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (175, 175-1, 462, 465-баптар);
2015.24.04. № 310-V ҚР Заңымен 37) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 37) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 37) тармақша өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37) техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (415 (екінші бөлігі), 415-1 (екінші бөлігі), 417 (бірінші және алтыншы бөліктері), 419 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38) мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың (462, 463-баптар);
39) индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге, ойыншықтарға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша));
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40) тармақша жаңа редакцияда
40) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (214, 462-баптар);
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 41) тармақша өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41) заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (462, 463-баптар);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 42) тармақша жаңа редакцияда; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 42) тармақша өзгертілді; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның 170 (жетінші, оныншы және он екінші бөліктері), 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 462 (үшінші бөлігі), 463-баптар;);
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
42-1) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның (462 (үшінші бөлігі)-бап;);
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 42-2) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
42-2) уран өндіру саласындағы уәкілетті органның (462 (үшінші бөлігі)-бап;);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 43) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның (416 (ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттерде белгіленген, машиналар мен жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
44) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің (382 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 383 (үшінші және төртінші бөлiктерi), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екiншi бөлiгi), 506, 510 (төртінші бөлігі), 512 (екiншi бөлiгi), 513 (екiншi бөлiгi), 514 (екiншi бөлiгi), 516, 517 (екiншi, төртiншi, алтыншы және жетінші бөлiктерi)-баптар);
2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 45) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
45) ұлттық қауіпсіздік органдарының (453 (екінші және үшiншi бөлiктерi) (мемлекеттiк құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 462, 477, 667-баптар);
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 46) тармақша өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 46) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46) күзет іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (149, 425 (екінші бөлігі), 436, 477, 479, 482, 488, 506, 606 (екінші бөлігі), 652 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 667-баптар);
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 47) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 47) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссияларының (234-1 және 462-баптар);
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48) мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (462-бап);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49) тармақша өзгертілді
49) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның (127-1, 134, 409 (7-1 және 7-8-бөліктері), 462, 463-баптар);
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 409-VI ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 50) тармақша өзгертілді
50) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының (134, 145, 156-1, 294 (бірінші және екінші бөліктері), 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 401 (алтыншы және жетінші бөліктері), 402 (төртінші бөлігі), 453, 462, 463, 489-1, 490-баптар);
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен 50-1) тармақшамен толықтырылды
50-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органның (489-1-бап);
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 51) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51) монополияға қарсы органның (159 (бірінші, екінші, үшінші, 3-1 және төртінші бөліктері), 160 (екінші бөлігі) - баптар);
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 52) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 52) тармақша өзгертілді
52) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның (80 (2-2 және төртінші бөлiктерi), 81 (екiншi бөлiгi), 82 (екінші бөлігі), 127-1, 424 (үшінші және бесінші бөлiктерi), 424-1 (профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу бойынша), 433 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 53) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 53) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
53) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы органның (424-1 (клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу бойынша), 426 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 462 және 463-баптар);
54) 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
55) дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (490-бап (екінші, алтыншы және сегізінші бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 56) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 56) тармақша өзгертілді
56) мемлекеттік сот орындаушыларының (665, 667, 669 (бірінші бөлігінде), 673-баптар);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 57) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
57) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлеттік берген сот приставтарының және соттардың басқа да қызметкерлерiнің (653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 663, 664, 665, 666, 667, 673-баптар);
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 58) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
58) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкiмдерi уәкiлеттік берген лауазымды адамдарының (656-бап);
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 59) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
59) пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (214, 462-баптар);
2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 357-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 60) тармақша жаңа редакцияда
60) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (99, 154, 173, 462 (үшінші және төртінші бөліктері), 465, 661, 681-баптар);
61) түзеу мекемелерінің немесе тергеу изоляторларының (481-бап);
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 62) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 62) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
62) ақпарат саласындағы уәкілетті органның (134 (эротикалық мазмұндағы заттарды қоспағанда), 156-1 (бірінші және үшінші бөліктері), 451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 452 (үшінші және төртінші бөліктері), 462, 463-баптар);
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 63) тармақша өзгертілді; 2023.15.03. № 208-VІІ ҚР Заңымен 63) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 27 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
63) жердің пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың (462-бап);
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 64) тармақшамен толықтырылды; 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 64) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының (193 (үшінші бөлігі), 462-баптар) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 65) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 65) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65) баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның (135-бап);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 66) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 66) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
66) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдарының (127-1, 462-баптар);
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 67) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 67) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
67) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның (462, 463-баптар);
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 68) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 68) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
68) экономикалық тергеп-тексеру қызметінің (658, 659, 660, 661, 662, 665, 667-баптар);
2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 69) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
69) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты аппаратының (653-1-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға, төлем ұйымдарына қатысты), 251, 462, 463-баптар).
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-1-бөлік өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері (Ұлттық пошта операторына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға және қаржы ұйымдарына қатысты (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды, төлем ұйымдарын қоспағанда), 245, 462, 463-баптар).
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодекстiң 685 - 735-1-баптарында көрсетiлген органдардың құзырына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Бұдан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (230 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 581 (екінші бөлігі), 582, 583 (үшінші бөлігі), 586, 621 (төртінші бөлігі), 622 (бірінші бөлігі), 623, 625 (автомобиль көлiгiнде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн)-баптар);