1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, қандастың куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
4) шетелдіктің тұруына ықтиярхат алғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы немесе одан шығуы фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрған күннен бастап, бірақ шетелдіктің тұруына ықтиярхат алған күннен кейін қайта басталады;
5) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге сәйкес тағайындалған зейнетақыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде зейнетақы төлемдерін алу фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері шыққан елінде артық есепке жазылған (төленген) зейнетақы сомалары өтелген кезде тоқтатылған күннен бастап қайта басталады.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері ақпараттық жүйелерден алынған, төлемді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде қайта басталады.
3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері мынадай негіздер бойынша:
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алушының қайтыс болу фактісі белгіленсе немесе ол хабарсыз кетті деп танылса;
2) алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісі белгіленсе;
3) отставкадағы судьяға өмір бойы ай сайынғы қамтылымды тағайындау (қайта бастау) туралы факт анықталса;
4) уәкілетті мемлекеттік органның еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауы туралы факт анықталса;
5) шығу елінің уәкілетті органынан зейнетақы ісіне сұрау салу келіп түссе;
6) зейнетақы алушының ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылғанын растайтын құжат ұсыныла отырып, оның зейнетақы төлеуді тоқтату туралы өтініші келіп түссе;
7) өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы фактісі анықталса;
8) уәкілетті мемлекеттік органның әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болмаған, жұмыстан шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы болмаған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында және мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда осындай адамдар қатарынан зейнеткердің зейнеткерлік ісінен жасалған үзінді көшірме негізінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындаса, тоқтатылады.
2-параграф. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі
205-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне құқық
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі:
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттілігі тоқтатылған, өмір бойы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларын, өмір бойы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерін, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте еңбек сіңірген жылдары кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдарды, олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында және мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдарға беріледі.
206-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу
1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 60 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 110 пайызынан аспайтын мөлшерде;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 120 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері жыл сайын осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес қайта есептеледі.
2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:
1) осы Кодекстің 208-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі;
2) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері;
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазан аралығындағы кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі;
5) жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (ол нақты күтімді жүзеге асырған кезде) жас балаларға күтім жасаған, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегінен аспайтын уақыт;
6) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтім жасаған уақыт;
7) әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер;
8) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің жұбайы (зайыбы) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;
9) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының (зайыптарының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен (зайыптарымен) бірге тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;
10) «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарын дағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері;
11) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған жағдай бойынша төленетін әлеуметтік төлемді алу кезеңдері;
12) басқа адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамға күтім жасаған уақыт;
13) осы Кодекстің 248-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері есепке жатқызылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Қорға әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке жатқызылады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуына қарамастан беріледі.
3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бюджет қаражаты есебінен беріледі.
3-параграф. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері
207-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2001 жылғы 1 шілдеден бастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.
Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.
2. Төтенше және ең жоғары радиациялық қатері бар аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз - 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) ерлердің - 50 жасқа толғанда;
2) әйелдердің - 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.
3. 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларына, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.
208-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде мыналар:
1) еңбек шарттары бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтін жұмыс;
2) әскери қызмет;
3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;
4) мемлекеттік қызмет;
5) кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет;
6) басқа адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;
7) мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаға күтім жасаған уақыт;
8) жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім жасаған, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;
9) қылмыстық жауаптылыққа негізсіз тартылған және қуғын-сүргінге ұшыраған, бірақ кейіннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және айдауда болған уақыты;
10) еңбекке қабілетті азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша басып алынған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңінде басқа мемлекеттердің аумағына зорлықпен әкетілген адамдардың (жасына қарамастан), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған, фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) ұсталған уақыт;
11) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар жұмыс істемейтін адамдардың және оларға теңестірілген мүгедектігі бар адамдардың мүгедектікте болған уақыты;
12) бұрынғы кеңестік мекемелердің, Қазақстан Республикасының мекемелері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің зайыбы (жұбайы) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;
13) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;
14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жердегі жоғары оқу орындарындағы, оның ішінде даярлық курстарындағы, арнаулы орта оқу орындарындағы, училищелердегі, мектептердегі және кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және қайта мамандандыру курстарындағы, аспирантурадағы, докторантурадағы және клиникалық ординатурадағы, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарындағы оқу;
15) ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан, әскерилендірілген күзеттегі, арнаулы байланыс органдарындағы және тау-кендік құтқару бөлімдеріндегі қызмет;
16) Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі есепке алынады.
2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу кезінде мыналар да:
1) ұрыс қимылдары кезеңінде әрекет еткен армия құрамындағы, оның ішінде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңінде партизан отрядтары мен құрамаларында болуы, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерінде емделуде болған уақыт - әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындаған кезде осы қызметтің мерзімдерін есептеу үшін белгіленген тәртіппен;
2) әскери бөлімдердегі жұмыс, оның ішінде еркін жалдамалы құрам ретіндегі жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет - екі есе мөлшерде;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтар аралығында Ленинград қаласының қоршауы кезеңінде ондағы жұмыс - үш есе мөлшерде;
4) 12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтар аралығында Ленинград қаласының қоршауы кезеңінде онда болған уақыт - екі есе мөлшерде;
5) Ұлы Отан соғысы кезеңінде басқа мемлекеттердің аумақтарына зорлықпен әкетілген адамдардың, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаған болса, сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстай тын басқа да орындарда) болған уақыт - екі есе мөлшерде;
6) қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылған және қуғын-сүргінге ұшыраған, кейіннен ақталған азаматтардың, күзетпен қамауда ұсталған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген, айдауда болған, бас бостандығын шектеумен мәжбүрлеп еңбекке тартылған, колония-қоныста және психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеуде болған уақыт - үш есе мөлшерде;
7) Семей ядролық сынақ полигонына іргелес жатқан аудандарда 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілде аралығы кезеңіндегі жұмыс және әскери қызмет - үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шілдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтар аралығындағы жұмыс және әскери қызмет - бір жарым есе мөлшерде;
8) алапеске қарсы және обаға қарсы мекемелерде, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөніндегі инфекциялық аурулар мекемелеріндегі жұмыс - екі есе мөлшерде, сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыс - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмыстар тізбесі бойынша - бір жарым есе мөлшерде есепке алынады;
9) толық навигациялық кезең ішінде су көлігіндегі жұмыс бір жылғы жұмыс болып есептеледі;
10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсіптің маусымдық салалары ұйымдарындағы толық маусым ішіндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізім бойынша бір жылғы жұмыс өтіліне есептеледі.
209-бап. Еңбек өтілін растау
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін есепке алынады.
2. Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.
210-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу осы Кодекстің 211-бабына сәйкес айқындалатын орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі.
2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл ішіндегі орташа айлық кіріс негізге алына отырып жүзеге асырылады.
Осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын кірісті қоспағанда, орташа айлық кірістің мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, Қорға әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған кіріске сай белгіленеді.
3. «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысқан кезеңдері үшін, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі үшін орташа айлық кірістің мөлшері кірістер туралы анықтамамен расталатын кіріске сәйкес белгіленеді.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жүгінген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген кіріс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі.
4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы Кодекстің 207-бабының 1 - 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:
1) ерлерге - 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде;
2) әйелдерге - 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.
5. Талап етілетін еңбек өтілінен артық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін есепке алынатын кірістің 75 пайызынан аспайды.
Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің толық көлемде есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшерінде тағайындалады.
6. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық емес көлемде осы Кодекстің 207-бабының 1 - 3-тармақтарында көрсетілген азаматтардың санаттарына олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.
7. Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінің үлесі ретінде 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне барабар түрде есептеледі.