15. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 17-15) тармақшамен толықтырылсын:
«17-15) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауды жүзеге асыру;»;
3) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-11) тармақшамен толықтырылсын:
«8-11) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау;».
16-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-бапта:
19) тармақшадағы «ғана» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады;».
17. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Атқарушылық іс жүргізу мерзіміне мынадай:
1) атқарушылық құжаттарды орындау осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған, кейінге қалдырылған не мерзімі ұзартылған;
2) борышкерге тыйым салынған мүлікті дербес өткізу құқығы берілген уақыт кірмейді.»;
2) 47-баптың 1-тармағы 9) тармақшасындағы «күшіне енсе, тоқтатылады.» деген сөздер «күшіне енсе;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) ипотека «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес тоқтатылса, тоқтатылады.»;
3) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салынғаннан және бағалау жүргізілгеннен кейін және мүлік өткізілгенге дейін бір мезгілде бағалау туралы есеппен таныстыра отырып, борышкерге оның жазбаша өтініші бойынша бір айдан аспайтын мерзімде тыйым салынған мүлікті жасалған күнінен бастап бір жылдан аспайтын уақыт өткен бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау құнының жетпіс бес пайызынан төмен емес құны бойынша дербес өткізу құқығын береді.
Борышкердің мүлікті өткізуге рұқсат алуы мүлікті өткізу жөніндегі рәсімдерді тоқтата тұруға негіз болып табылмайды.
Тұрғынжайды дербес өткізу мерзімі үш айды құрайды, осы мерзім ішінде мүлік сауда-саттыққа шығарыла алмайды.
Тыйым салынған мүлікті дербес өткізу құқығын борышкер бір атқарушылық іс жүргізу бойынша бір реттен асырмай пайдалана алады.
Сатып алушы мен борышкер немесе сот орындаушысы арасындағы сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан және сатып алушы мүліктің сатып алу құнының мөлшеріндегі ақшалай соманы аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізгеннен кейін, талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында сот салған ауыртпалықтарды қоспағанда, басқа атқарушылық құжаттар шеңберінде салынған, өткізілген мүліктен ауыртпалықтардың күшін мүлікті өткізген не рұқсатымен өткізілген сот орындаушысы жояды.»;
4) 80-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электрондық аукционға сатып алушылар ретінде:
кепіл ұстаушы және оның жұмыскері, еншілес ұйымдар, сондай-ақ онымен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлғалар;
егер оның жұмыскері немесе оның құрылтайшысы, қатысушысы, сондай-ақ заңды тұлғамен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес ол қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлғалар сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, заңды тұлға;
егер оның жақын туысы, зайыбы (жұбайы) сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, жеке тұлға;
сот орындаушылары және осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы);
борышкер қатыса алмайды.
3. Электрондық аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген бағалау құнынан белгіленген қадаммен мүліктің құнын көтерумен басталады.
Егер электрондық аукционға қатысушылардың бірде-бірі сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдау арқылы мүліктің құнын арттырмаған жағдайларда, онда аукцион өтпеді деп танылады.
Аукцион өткізілмеді деп танылған және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, сот орындаушысы осы Заңда белгіленген қағидаларды сақтай отырып, бірінші аукцион өткізілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін қайтадан аукцион тағайындайды. Бұл ретте өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың бірі мүлікті жарияланған бағамен сатып алуға келіскен кезге дейін белгіленген қадаммен төмендетіледі, ол елу пайыздан төмен болмауға, ал жылжымайтын мүлікке қатысты электрондық аукционға шығарылған мүліктің бағалау құнынан жетпіс бес пайызға төмен болмауға тиіс.»;
5) 84-бап 3) тармақшасындағы «төлемесе, электрондық аукцион өткiзiлмеді деп жариялайды.» деген сөздер «төлемесе;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) онлайн режимде екеуден аз тіркелген қатысушылар қатысса, электрондық аукцион өткiзiлмеді деп жариялайды.»;
17-тармақтың 6) тармақшасы 2022 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
6) 126-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) мәжбүрлеп үйден шығаруды, бұзуды ұйымдастырған жағдайда Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына борышкер болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсатты тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізуге;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-2) мәжбүрлеп үйден шығаруды, бұзуды ұйымдастырған жағдайда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсатының бар-жоғы туралы ақпарат беру туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жүгінуге;
3-3) атқарушылық құжаттың талаптары орындалған немесе жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуына, сақтауына, сақтауы мен алып жүруіне рұқсаттың қолданылуын уақытша тоқтата тұрудың күшін жою үшін негіздер туындаған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы шектеуді алып тастау туралы қаулы шығаруға міндетті. Көрсетілген қаулының көшірмелері дереу борышкерге және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жіберіледі;»;
7) 167-баптың 11) тармақшасы тоғызыншы абзацындағы «қағидаларын әзірлейді және бекітеді;» деген сөздер «қағидаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«үйден шығару (қоныстандыру), бұзу, баламен қарым-қатынас жасау және баланың тұрғылықты жерін айқындау тәртібі туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлейді және бекітеді.».
18-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
217-баптың бірінші бөлігіндегі «акциздiк таңбаларсыз» деген сөздер «сәйкестендіру құралдарынсыз» деген сөздермен ауыстырылсын.
91-тармақ 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
19. «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы Заңына:
7-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасының екінші бөлігіндегі «кредиттік серіктестіктер мен» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 4) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) есепке жазуға және талап етуге» деген сөздер «есепке жатқызылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеуді талап етуге» деген сөздермен ауыстырылсын.
20-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшаның 41-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
41. | Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия | 1. Арақтар мен айрықша арақтардың, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтардың өндірісі. 2. Ликер-арақ бұйымдарының өндірісі. 3. Толысылған шараптың (шарап материалының) өндірісі. 4. Шарап өндірісі. 5. Коньяк өндірісі. 6. Бренди өндірісі. 7. Сыра өндірісі. 8. Сыра сусынының өндірісі. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
».
21-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Мыналар:
1) жеке тұлғалар:
жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясында көрсетілген мүлікті;
активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында меншік құқығындағы мүлікті;
активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы банктік шоттарындағы ақшаны алудың (пайда болуының) заңдылығы мәселелері, сондай-ақ осыған байланысты салықтық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша тексеруге жатпайды деп белгіленсін.
Осы тармақшаның ережесі 2021 - 2025 жылдар аралығындағы кезеңде тапсырылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларға қолданылады.
Осы тармақшаның ережесі:
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарға және олардың жұбайына (зайыбына);
мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар мен олардың жұбайына (зайыбына) қолданылмайды;
2) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндеттеме пайда болған жылдан кейінгі бірінші есепті кезең үшін ұсынылған жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тексеруге жатпайды деп белгіленсін.».
22. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
45-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының қаржылай қамтамасыз етілуін айқындау бойынша келісу негізінде, іске асыруға жоспарланатын ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітеді.».
23. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Заңның 1-бабының 13-тармағы 3) тармақшасының талаптары орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған шарттардан туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.».
24. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
35-1-баптың 3-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерді, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту немесе нақтылау туралы мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдеріне;».
25. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
25-тармақтың 1) тармақшасы 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 35-2) тармақшамен толықтырылсын:
«35-2) мобильдік төлемдер - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның пайдасына тауарды сатып алғаны, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін ақы төлеуге электрондық нысанда бастамашылық жасалған, мобильдік қосымша немесе штрих кодты пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған өзге де жабдық (құрылғы) арқылы алынатын қолма-қол ақшасыз төлемдер;»;
25-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 25-бапта:
25-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың 4) тармақшасы «төлемді» деген сөзден кейін «, оның ішінде мобильдік төлемді» деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10-1 тармақ алып тасталсын.
26. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 1-тармағы 21) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы жылдың 15 мамырына дейінгі мерзімде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады.».
27-тармақ 2022 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
27. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) жосықсыз бағалаушылар тізілімі - бағалаушылар палаталарының «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) куәліктен айыру және (немесе) куәліктің қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерінің негізінде жасалған бағалаушылар тізілімі;»;
2) 15-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен және 13) тармақшасындағы «ақпаратты беруге міндетті.» деген сөздер «ақпаратты беруге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) ипотека шартын жасасу кезінде, сондай-ақ кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есептердің көшірмелерін ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей өзі мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасына беруге;»;
«14) бағалаушылардың біліктілігін арттыру курстарынан әрбір үш жыл сайын өтуге;
15) тапсырыс берушіні жосықсыз бағалаушылар тізілімімен таныстыруға міндетті.»;
үшінші бөлік «12)» деген цифрлардан кейін «, 12-1)» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 17-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) ипотека шартын жасасу кезінде, сондай-ақ кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті бағалау туралы есептердің көшірмесі бар ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға беруге;
11-2) өз мүшелерінің «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) куәлігінен айыру және (немесе) куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерді шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға ұсынуға;»;
4) 23-баптың 8-тармағының бірінші бөлігі «кеңес мүшелерінің» деген сөздерден кейін «және жосықсыз бағалаушылардың» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 25-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру кезеңі «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін оқу курсынан өте отырып, бағалаушылар палатасына осы шешімге шағымдану құқығынсыз үш жылды құрайды.»;
4-тармақта:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктен айырылған адамдар «бағалаушы» біліктілігін растауға «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жыл өткен соң жіберіледі.
«Бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешім қайта қабылданған кезде аталған адамдар «бағалаушы» біліктілігін растауға жіберілмейді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктен айыру туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.»;
6) 30-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жосықсыз бағалаушылардың тізілімін жүргізу;».
11) тармақша алып тасталсын.
28-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) 24-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт кесімді баға кезінде мұнай секторы ұйымдарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына болжамды түсімдердің көлемінен аспайтын мөлшерде жоспарланады.
Кесімді баға мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен айқындалады.
Кесімді баға осы баптың 2-тармағында көзделген заңда белгіленеді.»;
2) 2-баптағы «2024 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздер «2022 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздермен ауыстырылсын.
29-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
29. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап.
Осы Заң:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын;
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 15-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацын және 26-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 9) тармақшасын;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 1) - 8) тармақшаларын және 27-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
2-бап.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заң:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16 және 21-тармақтарын;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын, 4-тармағының 4) тармақшасын, 6-тармағын, 7-тармағы 4) тармақшасының бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 11-тармағының 1), 5), 6), 7), 9) тармақшаларын, 12, 13, 18, 20-тармақтарын, 25-тармағы 2) тармақшасының бірінші, үшінші абзацтарын және 28, 29-тармақтарын;
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағын, 17-тармағының 6) тармақшасын және 27-тармағын;
2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын, 7-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацын, 11-тармағының 2), 3), 4), 8) тармақшаларын, 25-тармағының 1) тармақшасын және 2) тармақшасының екінші абзацын;
2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын және 19-тармағын;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 61) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 2) тармақшасының және 8-тармағы 1) тармақшасының күші осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жасалған шарттарға қолданылады;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) қарыз алушы - жеке тұлғалардың кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары жəне микрокредит беру туралы шарттары бойынша осы Заңның 7-бабы 1) тармақшасының екінші абзацы жəне 19-тармағының төртінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін төленген сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), комиссиялар жəне өзге де төлемдер қайта есептелуге жатпайды.
Қарыз алушы - жеке тұлғалардың кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары жəне микрокредит беру туралы шарттары бойынша осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған жəне төленбеген сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), комиссиялар жəне өзге де төлемдер осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацына жəне 19-тармағының төртінші абзацына сəйкес қайта есептелуге жатады.
2) осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарының және 3) тармақшасының, 8-тармағы 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
3. Осы Заңның 1-бабының 7-тармағы 4) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«1-9) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға мынадай жеке тұлғалар:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар бойынша мәліметтерді ұсыну банк құпиясын жария ету болып табылмайды.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;»;
2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін: