4) 147-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сәйкестендіру құралдары мен есепке алу-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалылығы;».
5. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
406-баптың 2-тармағында:
1) тармақша «мемлекеттер басшыларының» деген сөздерден кейін «, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «үкіметтерінің басшылары,» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақша:
«Армения Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы,» деген сөздерден кейін «Армения Республикасы Премьер-министрі Әкімшілігінің Басшысы,» деген сөздермен толықтырылсын;
«Армения Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы» деген сөздерден кейін «, Армения Республикасы Премьер-министрі Күзет қызметінің бастығы» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «Қорғаныс» деген сөз «Қауіпсіздік» деген сөзбен ауыстырылсын.
6-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
110-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) темекі бұйымының қорабына сәйкестендіру құралдары жапсырылмаса;».
7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 34-бапта:
7-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6-1-тармағының бірінші бөлігіндегі «тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді есепке жазуға және» деген сөздер «есепке жазылған сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды), сондай-ақ қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
7-1-тармақтың екінші бөлігінің 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге төлемдер бойынша берешек;»;
7-тармақтың 2) тармақшасының күші осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жасалған шарттарға қолданылады
2) 35-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Егер орындалмаған міндеттемелердің сомасы кепілмен қамтамасыз ету құнының он пайызынан аз болса, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушы, кепіл беруші өтініш берген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) кепілдік саясатының талаптарын ескере отырып, кепіл нысанасын өтініш жасалған кезде бағалаушы айқындаған нарықтық құны орындалмаған міндеттеменің сомасын жабатын өзге мүлікке ауыстыруды қарауға міндетті.»;
7-тармақтың 3) тармақшасының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
3) 36-баптың 2-2-тармағындағы «Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) мүлкі қарыз алушының - жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша», «қанағаттандырған жағдайда,» деген сөздер тиісінше «Мүлкі жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз алушының», «алған банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:
7-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
1-8) тармақша «төлем карточкаларын» деген сөздерден кейін «және мобильді төлемдерді» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 4) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-тармақтың 4) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарының қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады:
2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін 2-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында;
2023 ж. 1 қаңтардан бастап 2024 ж. 1 қаңтарға дейін 2-баптың 3-тармағының 2) тармақшасында;
2024 ж. 1 қаңтардан бастап 2025 ж. 1 қаңтарға дейін 2-баптың 3-тармағының 3) тармақшасында;
мынадай мазмұндағы 1-9) тармақшамен толықтырылсын:
«1-9) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар анықталған операциялар бойынша дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғалар жөнінде мәліметтерді ұсыну банк құпиясын жария ету болып табылмайды.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;»;
4-4) тармақша алып тасталсын.
8. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-тармақтың 1) тармақшасының күші осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жасалған шарттарға қолданылады
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ипотекалық шартта қарыз сомасын және ол бойынша сыйақыны мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету құқығын көрсетуге тыйым салынады.»;
8-тармақтың 2) - 10) тармақшаларының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
2) 20-баптың 1-1-тармағындағы «жеке тұлғамен жасалған» деген сөздер «жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 20-1-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кепіл берушінің осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішхатын алған кепіл ұстаушы он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде аталған өтінішхатты қарауға және егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл беруші мен борышкерге ипотека нысанасын өткізудің ең төмен бағасын көрсете отырып, банктік қарыз шартында көзделген тәсілмен хабарлама жіберіп, кепіл берушіге ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсынуға міндетті.
Егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл ұстаушы кепіл беруші мен борышкерге жіберетін, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсыну туралы хабарламада өзге мәліметтерден басқа:
ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті ең төмен бағадан төмен емес бағамен өткізуге нұсқау;
ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мерзімінің өту күні;
мәжбүрлеп орындау шараларын тоқтата тұру және ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуден түсетін ақшаны кепіл ұстаушының банк шотына есепке жатқызу қажеттігі туралы хабар болуға тиіс.
Ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізудің кепіл ұстаушы белгілейтін ең төменгі бағасы жасалған күнінен бастап алты айдан аспайтын уақыт өткен бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау құнының жетпіс бес пайызын құрауға тиіс.
Бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу кепіл ұстаушы осы мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсыну туралы хабарлама жіберген күннен бастап үш ай ішінде жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлікті дербес өткізудің неғұрлым ұзақ мерзімі ипотека шарты тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл ұстаушы кепіл беруші мен борышкерді ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу мүмкіндігін ұсыну туралы хабардар етпеген жағдайда, кепіл беруші кепіл ұстаушыға жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін үш ай мерзімде осы жылмымайтын мүлікті кепіл берушінің бастамасы бойынша жүргізілген, жасалған күнінен бастап алты ай өтпеген бағалау туралы есепте көрсетілген жылжымайтын мүліктің бағалау құнының жетпіс бес пайызынан төмен емес бағамен өткізуге құқылы.»;
4) 21-баптың 2-тармағындағы «аса» деген сөз алып тасталсын;
5) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сенiм бiлдiрiлген адамды тараптар ипотека шартында не ипотека нысанасын соттан тыс тәртіппен өткізу кезіндегі келісімде айқындайды.
Егер күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін сенім білдірілген адам тараптардың келісімімен айқындалмаған жағдайда, оны кепіл ұстаушы тағайындайды.»;
6) 25-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «сенiм бiлдiрілген тұлға кепiлге салынған мүлiкке сауда-саттық туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi, кепiл ұстаушыға және кепiл берушiге табыс етеді немесе кепіл берушінің» деген сөздер «сенiм бiлдiрілген адам кепiлге салынған мүлікті бағалауды жүргізеді және кепiлге салынған мүлiкке сауда-саттық туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi, кепiл ұстаушыға және кепiл берушiге бағалау туралы есепті және кепілге салынған мүліктің сауда-саттығы туралы хабарламаны табыс етеді немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кепілге салынған мүлікті бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметке ақы төлеу кепіл ұстаушыға жүктеледі.
Кепілге салынған мүлікті бағалау туралы есеппен келіспеген кепіл беруші «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген бағалау бойынша қорытынды алу үшін бағалаушылар палатасының сараптама кеңесіне жүгіне алады не оған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасай алады.
Бағалаушылар палатасының сараптама кеңесінің теріс қорытындысы не соттың бағалау туралы есепті анық емес деп тануы сенім білдірілген адамның жаңа бағалауды тағайындауы үшін негіз болып табылады. Бағалаушылар палатасының сараптама кеңесі теріс қорытынды берген жағдайда, тапсырыс беруші бағалау туралы есептің сараптамасы үшін төлеген ақыны бағалау туралы есепті жасаған бағалаушы немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға өтейді.
Сенім білдірілген адам алты ай ішінде кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізбеген жағдайда, оны қайта бағалау жүргізіледі.»;
7) 26-баптың 7-2) тармақшасындағы «жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарызы» деген сөздер «жеке тұлғаның тұрғын үйімен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Сауда-саттыққа қатысушылар
«Сауда-саттыққа:
кепіл ұстаушыны және оның жұмыскерлерін, сондай-ақ тізбесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған онымен үлестес тұлғаларды;
егер оның жұмыскері, құрылтайшысы, қатысушысы, сондай-ақ осы заңды тұлғамен шарт арқылы байланысқан, соған сәйкес ол заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы тұлға сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, заңды тұлғаны;
егер оның жақын туысы, жұбайы (зайыбы) сауда-саттыққа екінші қатысушы болып табылса, жеке тұлғаны;
жылжымайтын мүлікті бағалаған бағалаушыны, сондай-ақ оның жақын туыстарын, жұбайын (зайыбын);
сенім білдірілген адамды қоспағанда, кез келген заңды тұлғалар мен азаматтардың қатысуға құқығы бар.»;
9) 31-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
10) 37-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «жалақының» деген сөзден кейін «екі еселенген» деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 21-баптың 3-тармағы «34-бабы 1-тармағының 3, 4, 5-тармақшаларында» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ 92-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 92-2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. 92-1-баптың 2-тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалардың негізінде атқарушылық жазба, егер шартта өзге мекенжай көрсетілмесе, борышкердің (жеке тұлғаның) тіркелген жері не тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлға борышкер болып табылған жағдайда, онда оның тіркелген жері не оның тұрақты жұмыс істейтін органының тұрған жері бойынша жасалады.».
10-тармақ 2022 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
10. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасындағы «болмаса, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бірінші және екінші санаттардағы рұқсаттарды тоқтата тұрады.» деген сөздер «болмаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) сот орындаушысының енгізген ұсынуы бойынша үйден шығару және бұзу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бірінші және екінші санаттардағы рұқсаттарды тоқтата тұрады.».
11. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
11-тармақтың 1) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 8), 9) және 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) есепке алу-бақылау маркасы - алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және оған бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (толысылған шараптан (шарап материалынан), сыра мен сыра сусынынан басқа) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнаулы бiржолғы жапсырма;
9) коньяк спирті - көлемдік үлесі кемінде 7,5 пайыз болатын асханалық толысылған шарапты (шарап материалын) фракциялық айдау арқылы жасалған және сақтаудың бүкіл кезеңі ішінде емен сүрегімен ұдайы жанасымда болған немесе емен сүрегімен жанасымда болмаған этил спиртінің көлемдік үлесі 55,0 пайыздан 70,0 пайызға дейінгі шарап дистилляты;»;
«23) этил спиртi - спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және құрамында қант және крахмал бар басқа да тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазарту жолымен, толысылған шараптан (шарап материалынан) тікелей немесе екі мәрте айдау жолымен және тағамдық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм;»;
11-тармақтың 2) тармақшасы 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу;»;
11-тармақтың 3) тармақшасы 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
3) 3-1-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлейді;»;
11-тармақтың 4) тармақшасы 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
4) 4-баптың 2-тармағының 4) және 8-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;»;
«8-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлейді;»;
11-тармақтың 5) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 5-баптың 1, 2, 3, 4, 5, 14 және 15-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алкоголь өнiмiне мыналар жатады:
1) арақтар және айрықша арақтар, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтар;
2) ликер-арақ бұйымдары;
3) толысылған шарап (шарап материалы);
4) шараптар;
5) коньяк;
6) бренди;
7) сыра;
8) сыра сусыны.
2. Кейіннен сүзгiден өткiзiлген ингредиенттер қосылған немесе оларсыз, күштiлiгi отыз сегiз - қырық бес пайыз, елу пайыз және елу алты пайыз болатын су-спирт ерiтiндiсiн адсорбентпен арнайы өңдеумен алынған алкоголь өнiмi арақтар мен айрықша арақтар, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтар болып табылады.
3. Жемiс-жидек және хош иiстi өсiмдiк шикiзатын өңдеп, оларға қант шырынын, эфир майларын, толысылған шарапты (шарап материалын), жүзiм шараптарын, коньякты, лимон қышқылын және басқа да тағамдық өнiмдердi, сондай-ақ спирт пен суды қоса отырып алынатын спиртте ұсталған түрлi шырындардың, морстардың, тұнбалар мен хош иiстi спирттердiң қоспасынан тұратын, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарым пайыздан басталатын алкоголь өнiмi ликер-арақ бұйымдары болып табылады.
Этил спиртiнiң көлемдiк үлесi отыз пайыздан басталатын ликер-арақ бұйымдары күштiлігі жоғары ликер-арақ бұйымдары болып табылады.
Этил спиртiнiң көлемдiк үлесi бiр жарым пайыздан отыз пайызға дейiнгi ликер-арақ бұйымдары градусы төмен ликер-арақ бұйымдары болып табылады.
4. Этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi жарым пайыздан аспайтын, хош иiстi және дәмдiк қоспаларды қоспай, тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiн және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзiмдi, жүзiм шырынын не жемiс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесiнде алынған, шарап ашыту және ликер-арақ өнiмiн, тікелей немесе екi мәрте айдау жолымен алынған этил спиртiн өндiру үшiн шикiзат ретiнде пайдаланылатын алкоголь өнімі толысылған шарап (шарап материалы) болып табылады.
5. Толысылған шараптан (шарап материалдарынан) өндiрiлген, этил спиртiнiң көлемдiк үлесi жиырма екi пайыздан аспайтын алкоголь өнiмi шарап болып табылады.»;
«14. Этил спиртiнiң көлемдiк үлесi отыз жетi жарымнан қырық бес пайызға дейiн болатын, түпкiлiктi өнiмдегi сусыз этил спиртiнiң көлемiнен елу пайыздан аспайтын мөлшердегi толысылған шараптан (шарап материалдарынан) алынған, емен сүрегін қатыстырып кемiнде алты ай сақталған этил спиртiн қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнiмi бренди болып табылады.
15. Қыздырылған ашытқы сөлiн сыра ашытқысымен қосып ашыту жолымен алынатын көмiртегiнiң қос тотығымен байытылған сыра қайнату өнімі сыра болып табылады.»;
11-тармақтың 6) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 7-баптың 5 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндірген кезде:
1) толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіруге;
2) толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндірісінен басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіруге тыйым салынады.»;
«10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы пайдаланылған кезде жол беріледі.
Лицензия алынған (қайта басталған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, арақтар мен айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.»;
11-тармақтың 7) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды таңбалау оларды дайындауда пайдаланылған спирттiң сорты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.»;
11-тармақтың 8) тармақшасы 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
8) 9-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен брендиді ең төмен бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен;»;
11-тармақтың 9) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 10-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртінің немесе толысылған шараптың (шарап материалының) импорты алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімінің (толысылған шараптан (шарап материалынан) басқа) импорты алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.»;
«3. Еркін қоймаларда этил спирті мен толысылған шарапты (шарап материалын) өндіруге және қайта өңдеуге, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіруге тыйым салынады.».
12-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12. «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
1-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-6) сәйкестендіру құралы - штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сәйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі;»;
мынадай мазмұндағы 1-7) тармақшамен толықтырылсын:
«1-7) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;»;
2) 5-баптың 5-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-3) темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану тәртібін айқындайды;»;
3) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзылған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұра алады.»;
4) 13-баптың 2-тармағындағы «акциз маркаларынсыз» деген сөздер «сәйкестендіру құралдарынсыз және сәйкестендіру құралдарымен темекі бұйымдарын таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзыла отырып» деген сөздермен ауыстырылсын.
13-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
32-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «акциздік таңбалары» деген сөздер «сәйкестендіру құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 21-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігіндегі «бала кезінен» деген сөздер алып тасталсын;
2) 32-3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мөлшерлерде төленеді.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома:
жеке көмекшінің әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне күніне сегіз сағаттан;
ымдау тілі маманының әлеуметтік көрсетілетін қызметтеріне жылына алпыс сағаттан аспайтын есеппен айқындалады.».