Келіссөздер нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Жұмыс тобы мақұлдаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар жобасына құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) қол қояды. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырулар жобасы жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың басты қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін қозғаса, құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) жұмыс тобының шешімі бойынша көрсетілген жоба оған қол қойғанға дейін экономикалық сараптамаға жіберіледі. Экономикалық сараптама жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу тәртібін облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайды.
Келісімшартқа өзгерістердің шарттары жер қойнауын пайдалану құқығы берілген шарттарға қарағанда, Қазақстан Республикасы үшін пайдасы аз болмауы керек.
Осы тармақ көмірсутектер бойынша және уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қолданылмайды.
Осы тармаққа сәйкес келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуды көздейтін көмірсутектер мен уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 12-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1. Көмірсутектер, уран бойынша осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға тараптардың келісуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісімшарттарда көзделген жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру осы баптың 13 және 16-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы тармақта белгіленген тәртіппен жасалады.
Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасуға ниеті бар жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға өтініш жібереді, онда көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар, олардың негіздемелері және өтініш бойынша шешім қабылдау үшін қажетті өзге де мәліметтер жазылуға тиіс.
Құзыретті орган келіп түскен өтінішті бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Кодекстің 45-бабына сәйкес құрылатын жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қарауына шығарады. Сараптама комиссиясы жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша өтініштерін қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатындағы құзыретті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Сараптама комиссиясы өтінішті келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және құзыретті органға өз ұсынымдарын жібереді.
Құзыретті орган сараптама комиссиясы ұсынымдарының негізінде сараптама комиссиясының ұсынымдары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту туралы немесе көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер бастау туралы шешім шығарады.
Құзыретті органның келіссөздерді бастау туралы шешімінде оның қолданылу мерзімі көрсетіледі.
Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келіссөздерді құзыретті органның жұмыс тобы жүргізеді. Жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын құзыретті орган бекітеді.
Келіссөздер жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтырудың жобасын және өзге де қажетті құжаттарды жұмыс тобының қарауына ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Бұл мерзім тараптардың келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін. Келіссөздер нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа жұмыс тобы мақұлдаған толықтырудың жобасына құзыретті орган оны жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға ұсынған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қол қояды.
Көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар шарттарының жер қойнауын пайдалану құқығы берілген шарттарға қарағанда Қазақстан Республикасы үшін тиімділігі аз болмайды.
Осы тармаққа сәйкес көмірсутектер, уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа мұндай келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, осы баптың 12 немесе 12-1-тармағына сәйкес жіберілетін өтінішке мыналар қоса беріледі:
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) құзыретті орган бекіткен нысан бойынша жасалған жұмыс бағдарламасының жобасы;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар қажеттілігінің жазбаша негіздемесі.
Құзыретті орган (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, құзыретті органға (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға):
1) уранды, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша - осы Кодекске сәйкес әзірленген, келісілген, бекітілген және сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарын және жою жоспарын (жобасын);
2) көмірсутектерді, уранды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша - осы Кодекске сәйкес әзірленген, келісілген, бекітілген және сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарын жұмыс тобының қарауына ұсынуға тиіс.
Егер ураннан басқа, кең таралған пайдалы қазбаларды немесе пайдалы қатты қазбаларды өндірудің жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген көлемі физикалық тұрғыда жиырмадан аз пайызға нақты өзгерсе, жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу талап етілмейді. Өндіру көлеміндегі мұндай өзгерістер келісімшарт талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасының мазмұнын және оның нысанын құзыретті орган айқындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін үлгілік нысан бойынша жасалған пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған келісімшарттарға қолданылмайды.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды барлауға немесе бірлескен барлау мен өндіруге (барлау кезеңінде) арналған келісімшартқа оның қолданылу мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін) ұзарту мақсатында өзгеріс енгізуге келісімшартта барлануы көзделген пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануы (байқалуы) табылған жағдайда, осындай табуды бағалау үшін жол беріледі.
Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшартқа оның қолданылу мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңін) ұзарту мақсатында өзгеріс енгізуге, егер мұндай ұзарту келісімшартта көзделген болса, жол беріледі.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға тиісінше барлау кезеңі немесе өндіру кезеңі өткенге дейін берілуі мүмкін.
Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімін ұзарту туралы өтінішке, осы баптың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген мәліметтерден басқа, ұзарту кезеңінде жұмыстар жүргізудің және оларға арналған шығыстардың жазбаша негіздемесі қоса беріледі.
Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау мерзімін ұзарту туралы өтінішке келісімшарт талаптарында барлануы көзделген пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың табылған минералдануын (байқалуын) бағалау үшін, осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, осындай табылуды растайтын мәліметтер (жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның бағалауды талап ететін минералдану (байқалу) табылғаны туралы қорытындысы) және табылған минералдануға (байқалуға) бағалауды жүзеге асыру болжанатын жер қойнауы учаскесінің географиялық координаттары қоса беріледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануын (байқалуын) растау тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарт (бірлескен барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңі) келісімшарттық аумақ шегінде орналасқан техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы құрауыштарды айырып алу мүмкіндігін айқындау мақсатында бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Келісімшарттың мерзімі осы тармақтың алтыншы бөлігіне сәйкес ұзартылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай ұзарту мерзімі аяқталғанға дейін құзыретті органға келісімшартты техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы құрауыштарды одан әрі алу үшін пайдалы қазбаларды өндіруге қажет мерзімге ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда жер қойнауын пайдаланушы көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланылмайтын келісімшарттық аумақтың бөлігінен (жер қойнауы учаскесінің бөлігінен) бас тартуға міндетті.
Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды барлауға (барлау кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт табылған минералдануды (байқалуды) бағалау үшін жұмыс бағдарламасында көзделген табылған кен орнын бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті, тараптар келіссөздер нәтижелері бойынша айқындайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт өндіруге арналған келісімшарттың бастапқы мерзімінен (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндірудің бастапқы кезеңінен) аспайтын, бірақ осы Кодексте белгіленген өндіруге арналған лицензияның барынша ұзақ мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшартты ұзарту мерзімі көрсетілген шектеулер ескеріле отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген өндіру бойынша жоспарланатын жұмыстар негізінде айқындалады.
Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, ірі кен орны бар жер қойнауы учаскесінде пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт он жылдан астам мерзімге ұзартылған жағдайда, құзыретті орган осындай ұзарту шарттарына жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерінің бірін енгізуді талап етуге құқылы:
1) өзінің немесе оның еншілес ұйымының немесе бірлескен кәсіпорынмен қайта өңдеу өндірістерін құруы;
2) жер қойнауын пайдаланушының жұмыс істеп тұрған өндіру өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау;
3) жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау;
4) өндірілетін пайдалы қазбаны Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қайта өңдеу кәсіпорындарына (өндірістеріне) қайта өңдеу үшін беру;
5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық жобаны немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаны (өзінің немесе еншілес ұйымының немесе бірлескен кәсіпорынмен) іске асыруды қамтамасыз ету.
Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың сегізінші бөлігінде көрсетілген шарттарда келісімшартты ұзартудан бас тартқан жағдайда, келісімшарттың мерзімі өткен соң тиісті жер қойнауы учаскесі осы баптың 5-тармағында көзделген тәртіппен аукционға шығаруға жатады.
Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, шарттары осы Кодекстің қолданысқа енгізілу күніне жер қойнауын пайдаланушының осындай келісімшарттың мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңін) ұзартуға құқығын көздемеген, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде осы Кодекстің 201-бабына сәйкес пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге арналған лицензия (232-бабына сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия) алуға айрықша құқыққа ие болады. Айрықша құқық бойынша өндіруге арналған лицензия алуға өтініш келісімшарттың қолданылу мерзімі өткеннен кемінде үш жыл бұрын берілуі мүмкін. Егер өтінішті қарау кезеңінде келісімшарт мерзімі өтіп кетсе, келісімшарт осындай қарау кезеңіне қайта жаңартылды деп есептеледі.
Осы Кодекс күшіне енгенге дейін жасалған және бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттың (шарттың) мерзімін ұзартуға, егер осындай келісімшарттың шарттарында өзгеше көзделмесе, жол берілмейді. Егер осы келісімшарттың шарттарымен оның мерзімін ұзарту мүмкіндігі көзделсе, мұндай ұзартуға бір жылдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Осындай ұзарту кезінде осы Кодекстің 89-бабында көзделген жұмыстарды шектеу ережелері қолданылады.
14-1. 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) бойынша тұлғаға берілген жер қойнауы учаскесіне арналған құқыққа осы Кодекстің 84-бабының 2-тармағында көзделген жер қойнауын пайдалану құқығы туралы ережелер қолданылады деп белгіленсін.
Осындай тұлға осы Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалану құқықтарына ие өзге тұлғаларға жер қойнауы учаскесін пайдалануға кедергі жасауға құқығы жоқ.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді
16. Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің шекараларын өзгерту келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары координаттардың географиялық жүйесінде бұрыш нүктелерімен белгіленетін аумақпен және осындай аумақтың шекараларынан белгілі бір тереңдікке дейінгі шартты жазықтықтармен айқындалады.
Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің аумағын кеңейтуге осы Кодекстің қолданысқа енгізілу күніне айқындалған жер қойнауы учаскесінің жартысынан аспайтын мөлшерінде жол беріледі.
Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің шекараларын өзгерту геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлулерді қайта ресімдеу арқылы жүзеге асырылады. Геологиялық және тау-кендік бөлулерді беру және қайта ресімдеу тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
17. Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі әрекеттері ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге алып келсе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құзыретті орган пайдалы қатты қазбалардың ірі кен орны бар жер қойнауы учаскесінде осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы. Көрсетілген негіз бойынша келісімшарттың қолданылуы біржақты тоқтатылған жағдайда құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны екі айдан кешіктірмей ескертуге міндетті.
18. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге алып келген, осы Кодекстің 44-бабының 1-тармағында көзделген талаптар бұзылған жағдайда, осы Кодекске сәйкес құзыретті органның рұқсатын алу талап етілмейтін жағдайлардан басқа кезде, құзыретті орган осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған ірі кен орны немесе стратегиялық кен орны бар жер қойнауы учаскесінде пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты біржақты тәртіппен тоқтатады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда бұзушылыққа дейін болған жағдайды қалпына келтіру арқылы, ал қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде стратегиялық жер қойнауы учаскесімен байланысты объектілерді ауыстыру бойынша өзге де әрекеттерді құзыретті органның рұқсатымен жасау арқылы осы бұзушылық бір жылдан аспайтын мерзімде жойылуға жатады. Осы бөлікте көзделген мерзімдерде бұзушылық жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бұл туралы құзыретті органды жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша хабардар етеді.
Белгіленген мерзімде бұзушылық жойылмаған жағдайда, құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға жазбаша хабарлама жіберу арқылы келісімшартты орындаудан біржақты тәртіппен бас тартады. Келісімшарт келісімшартты орындаудан біржақты бас тарту туралы хабарламаны жер қойнауын пайдаланушы алған күннен бастап үш айдан кейін тоқтатылады.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындау осы Кодексте айқындалған тәртіппен мыналар ескеріліп жүзеге асырылады:
уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттың немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін екі жыл бұрын не олар мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде жою жоспары болмағанда жою жобасын әзірлеу кезінде жою жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықта көзделген жоюдың тиісті техникалық ерекшеліктері назарға алынады;
мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды, гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсатында пайдалану үшін кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған рұқсаттың қолданылуы тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындау Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес бүлінген жерді қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар салдарын жоюға кіріскен тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде оның аяқталуын қамтамасыз етуге міндетті.
20. 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт шеңберінде, бір бөлігі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз немесе игерілген кен орындарының тізбесіне енгізілген көмірсутектердің бірнеше кен орындарында өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға осындай кен орындарына қатысты өндіруге арналған жеке келісімшарт жасасу туралы өтініш жасауға құқылы. Мұндай келісімшарт бастапқы келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге жасалуы мүмкін.
2004 жылғы 1 қаңтардан бастап және осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт шеңберінде, бір бөлігі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұтқырлығы жоғары, су басқан, рентабельдігі төмен, дебиті аз немесе игерілген кен орындарының тізбесіне енгізілген көмірсутектердің бірнеше кен орындарында өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға осындай кен орнына (кен орындарына) қатысты өндіруге арналған жеке келісімшарт жасасу туралы өтініш жасауға құқылы. Мұндай келісімшарт бастапқы келісімшарт аяқталғанға дейін қалған мерзімге жасалуы мүмкін.
21. Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттік органдарға барланған пайдалы қазба қорларының рентабельділігі туралы қорытынды алу мақсатында ұсынған, жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы түпкілікті есептер осы Кодекстің 277-бабы 11-тармағының ережелері ескеріле отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабының ережелеріне сәйкес қаралуға жатады.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілер осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарына сәйкес жер қойнауы учаскесінде қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің ережесі ескеріле отырып, көрсетілген жобалау құжаттарына өзгерістер осы Кодексте көзделген жобалау құжаттарына өзгерістер енгізу туралы ережелерге сәйкес енгізіледі. Бұл ретте жобалау құжаттарының көрсеткіштері келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген ұқсас көрсеткіштерге сәйкес келуге тиіс.
Егер осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды немесе пайдалы қатты қазбаларды өндірудің бекітілген жобалау құжаттарында айқындалған көлемі бекітілген жобалау көрсеткіштерінен физикалық тұрғыда жиырмадан аз пайызға өзгерсе, мұндай өзгерістер көрсетілген жобалау құжаттарына өзгерістерді міндетті түрде енгізу (осы Кодекске сәйкес жобалау құжатын әзірлеу) үшін негіз болып табылмайды.
22-1. 2025.26.12. № 243-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, осы Кодексте көрсетілген операциялардан басқа тиісті келісімшартта айқындалатын жұмыстар тізбесіне сәйкес өндірілген пайдалы қатты қазбаларды бастапқы қайта өңдеу (байыту) жөніндегі қызмет жатады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін жер қойнауынан алынған пайдалы қатты қазбаларды бастапқы қайта өңдеуге (байытуға) тау-кен өнеркәсібі қызметінің түрі жатады, ол өндірілген жерінде жинауды, ұсатуды немесе үгітуді, сыныптауды (сұрыптауды), брикеттеуді, агломераттауды және физикалық-химиялық әдістермен (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық-фазалық жай-күйін, кристалдық-химиялық құрылымын сапалық жағынан өзгертпестен) байытуды қамтиды, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстардың арнаулы түрлері болып табылатын қайта өңдеу технологияларын (жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сілтісіздендіру, шашыранды кен орындарын драгалық және гидравликалық жолмен әзірлеу) қамтуы мүмкін. Бұл ретте өндірілген шикізаттан пайдалы құрауыштарды айырып алумен байланысты жұмыстар, сондай-ақ бастапқы қайта өңдеуден кейінгі (бастапқы қайта өңдеу болған кезде) жұмыстар қайта өңдеу деп танылады