1) өндіруге қолданылатын техникалық құралдардың оңтайлылығы мен қауіпсіздігін;
2) көмірсутектердің кен орындарын көмірсутекті өндіру кезінде қиындатуға, көмірсутектерді өндірудің экономикалық тиімділігін төмендетуге алып келетін қауіпті техногендік процестердің болуынан қорғауды;
3) жер қойнауынан өндіріліп алынған және онда қалдырылатын көмірсутектер қорларын, оларды қайта өңдеу өнімдерін және өндіру кезінде пайда болатын өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алуды;
4) нормалар мен стандарттарды, қолданылатын өндіру әдістері мен тәсілдерін сақтауды;
5) су жинау алаңдарында және көмірсутектер жатқан жерлерде қалдықтардың жиналуын болдырмау мақсатында көмірсутектерді өндіру қалдықтарын және қайта өңдеу өнімдерін қоймаға жинап қою және орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындауды;
6) көмірсутектерді кен орнын игеру жобасында көзделген тәртіппен алуды қамтамасыз етуге міндетті.
6. Көмірсутектерді өндіру барысында алынатын құрауыштар, егер осы Кодексте немесе келісімшартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
7. Көмірсутектерді өндіру кезінде жерасты ілеспе суларын қосымша шығару арнайы рұқсаттар немесе лицензиялар алмай жүзеге асырылады.
Қосымша өндіріліп алынған жерасты ілеспе суларын одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Көмірсутектерді өндіру кезеңінде геологиялық құрылымдарды және көмірсутектердің кен орны қорларын нақтылау мақсатында барлау учаскесін жете зерттеуге (жете барлауға) жол беріледі.
9. Жете барлау жөніндегі жұмыстар кен орнын игеру жобасына сәйкес жүргізіледі.
Егер жер қойнауын пайдаланушы өндіру учаскесінде жете зерттеу кезінде жаңа кенжатынды тапқан жағдайда, оны бағалау кен орнын игеру жобасына қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
10. Жер қойнауы учаскесінде жаңа кенжатынды табу жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта барлау кезеңін және (немесе) өндіру кезеңін ұзартуды бекітіп беру үшін негіз болып табылмайды.
126-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасына сәйкес жүргізіледі.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында белгіленеді.
2. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою:
1) осы Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 114-бабында көзделген тәртіппен мемлекетке қайтаруға ниет білдірген жер қойнауы учаскесінде (оның бөліктерінде);
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3) осы Кодекстің 123-бабының 13-1-тармағына сәйкес жер қойнауының барлық учаскесі қайтарылған жағдайда, жер қойнауы учаскесінде жүргізіледі.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жер қойнауының барлық учаскесін қайтаратыны туралы мәлімдеген жер қойнауын пайдаланушы:
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған немесе жер қойнауының барлық учаскесінен бас тарту туралы өтініш берілген күннен бастап екі айдан кешіктірмей, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасының сараптамаларын бекітуге және жүргізу үшін ұсынуға;
2) жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасында белгіленген мерзімде аяқтауға міндетті.
4. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою:
1) жер қойнауын пайдаланушы (тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға);
2) құзыретті органның өкілі;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;
4) жеке меншіктегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жер учаскесінде жоюды жүргізген жағдайда, жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы жою актісіне қол қойған күннен бастап аяқталған болып есептеледі.
5. Егер жою актісіне қол қойылғаннан кейін тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға жою жобасын бұза отырып, жою жөніндегі жұмыстарды орындағаны не ол жойған (консервациялаған) ұңғыма сағасының бітеулігінің бұзылғандығы анықталған жағдайда, онда құзыретті орган мұндай тұлғаны анықталған бұзушылық, сондай-ақ оның мұндай бұзушылықты белгіленген мерзімде өз есебінен жоюға міндетті екендігі туралы жазбаша хабардар етеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жаңа жер қойнауын пайдаланушыға берілген жер қойнауы учаскелерінде бұзушылықтар анықталған жағдайларға қолданылмайды.
126-баптың 6-тармағы осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін берілген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған рұқсаттар мен лицензиялар бойынша, сондай-ақ жасалған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатынастарға осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз алты ай өткеннен кейін 277-баптың редакциясында қолданылады
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауы банктік салым кепілімен қамтамасыз етіледі.
Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлау салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауы осы Кодекстің 55-бабының 4-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен қамтамасыз етіледі.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауын қамтамасыз ету тәсілі ретінде шетелдік банктің кепілдігі берілген жағдайда, мұндай банктің Standard and Poor’s рейтингтік агенттігінің «BBB-»-тен төмен емес немесе Moody’s, FіtchRatіngs рейтингтік агенттіктерінің шәкілдері бойынша ұқсас деңгейдегі ең төменгі кредиттік рейтингі болуға тиіс.
Күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені орындауын қамтамасыз ету тәсілі ретінде қазақстандық банктің кепілдігі берілген жағдайда, мұндай банктің Standard and Poor’s рейтингтік агенттігінің «BB-»-тен төмен емес немесе Moody’s, FіtchRatіngs рейтингтік агенттіктерінің шәкілдері бойынша ұқсас деңгейдегі ең төменгі кредиттік рейтингі болуға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-2. Шетелдік банк берген кепілдік қазақ және орыс тілдеріне аудармасын жер қойнауын пайдаланушының міндетті түрде ұсынуы арқылы шет тілінде жасалуы мүмкін, аударманың дұрыстығын нотариус куәландыруға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-3. Күрделі жоба бойынша келісімшарт бойынша шетелдік банк берген кепілдік құзыретті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жасалмауы мүмкін.
Күрделі жоба бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша шетелдік банк үлгілік нысансыз берген кепілдік мынадай шарттарды қамтуға тиіс:
1) банк кепілдігі осы Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемесі ретінде айқындалған барлық ақшалай соманы жабады;
2) банк кепілдігі толық, шартсыз және кері қайтарып алынбайтын кепілдік болып табылады;
3) банк кепілдігі осы Кодекстің талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою аяқталғанға дейінгі мерзімге беріледі.
Шетелдік банк кепілдігінің осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі күрделі жоба бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қамтамасыз ету ретінде осындай кепілдікті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-4. Банк болып табылмайтын кез келген заңды тұлға күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін кепілдіктер бойынша кепілгер бола алады, мұндай кепілгердің Standard and Poor’s рейтингтік агенттігінің «BBB»-ден төмен емес немесе Moody’s, FіtchRatіngs рейтингтік агенттіктерінің шәкілдері бойынша ұқсас деңгейдегі ең төменгі кредиттік рейтингі болуға тиіс.
Егер мұндай кепілгер шетелдік заңды тұлға болса, онда кепілдік қазақ және орыс тілдеріне аудармасы міндетті түрде ұсыныла отырып, ағылшын тілінде жасалуы мүмкін, аударманың дұрыстығын нотариус куәландыруға тиіс. Шетелдік заңды тұлға берген кепілдікті оның берілген жері бойынша нотариат куәландыруға тиіс.
Осы тармақтың талаптары көмірсутектер саласындағы ұлттық компания беретін кепілдікке қатысты қолданылмайды.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Барлау салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету осындай жобалау құжатында көзделген операцияларды жүргізу басталғанға дейін көмірсутектерді барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде барлау жұмыстары жобасында айқындалған сома мөлшеріндегі ақшалай жарна арқылы қалыптастырылады.
Барлау жұмыстары жобасына барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнын арттыруды көздейтін толықтыруды не сынамалап пайдалану жобасын бекіткен жағдайда, таңдап алынған қамтамасыз ету тәсілінің тиісті қосымша сомасы осындай жобалау құжатында көзделген жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін енгізілуге тиіс.
Күрделі жобалар бойынша барлау кезеңіне берілген, барлау салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету келесі басталған күндердің неғұрлым ерте күнінде қолданысын тоқтатады:
1) барлау салдарын жою аяқталған күн;
2) көмірсутектер кен орнын әзірлеу жобасы бекітілген күн.
Күрделі жоба бойынша өндіру кезеңіне өткеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы өндіру кезеңі басталған күннен бастап алты ай ішінде, барлау кезеңін жою жөніндегі міндеттемелерді ескере отырып, осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес қамтамасыз етудің жаңа тәсілін ұсынады. Талап етілетін қамтамасыз ету көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт осы Кодекстің 133-бабында көзделген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылады.
8. Өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін, кепіл нысанасы болып табылатын банктік салым кен орындарын игеру жобасында көмірсутектерді өндірудің жоспарланған көлеміне пропорционалды айқындалған сома мөлшеріндегі ақшалай жарна арқылы қалыптастырылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету сомасы көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде кен орнын әзірлеу жобасында айқындалады және әзірлеуді талдау шеңберінде үш жылда кемінде бір рет түзетілуге жатады.
Қамтамасыз ету ұлттық валютада немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валютасында ұсынылады.
Түзету нәтижелері бойынша не көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу процесінде қамтамасыз ету сомасы көмірсутектерді өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құнына не жер қойнауы учаскесінде іс жүзінде орындалған жою жұмыстарының құнына сәйкес нақтыланады.
10. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келісімшарттың шарттары бойынша қалыптастырылған, кепілге қойылған банктік салым бойынша құқықтарды қайта ресімдеудің (берудің) сөзсіз негізі болып табылады.
11. Осы Кодекстің 128-бабына сәйкес жүзеге асырылатын ұңғымаларды жою көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға жатпайды.
127-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауы учаскесін консервациялау
1. Жер қойнауы учаскесін консервациялау жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасына сәйкес жүргізіледі.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауы учаскесін консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында белгіленеді.
2. Жер қойнауы учаскесін консервациялау:
1) осы Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесінде;
2) осы Кодексте көзделген жағдайларда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатыла тұрған кезде жүргізіледі.
3. Жер қойнауын пайдаланушы (тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға):
1) жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған не көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап екі ай ішінде осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, жер қойнауы учаскесін консервациялау жобасының сараптамаларын бекітуге және сараптамадан өткізу үшін ұсынуға;
2) консервациялау жобасында белгіленген мерзімде жер қойнауы учаскесін консервациялауды аяқтауға міндетті.
4. Жер қойнауы учаскесін консервациялау:
1) жер қойнауын пайдаланушы не тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға не жою жөніндегі оператор;
2) құзыретті органның өкілі;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;
4) жеке меншіктегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жер учаскесінде консервациялау жүргізілген жағдайда жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы консервациялау актісіне қол қойған күннен бастап аяқталған болып есептеледі.
5. Көмірсутектер бойынша жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі міндеттеме жер қойнауын пайдаланушының не жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлғаның қаражаты есебінен, ал осы Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, міндеттемелер сомасы олар орындалғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға қамтамасыз ету қаражаты есебінен орны толтырылады.
128-бап. Технологиялық объектілерді консервациялау және жою
1. Жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау немесе өндіру кезеңі өткенге дейін кез келген уақытта, құрылысжайларды, жабдықтарды, ұңғымаларды және өзге де мүлікті қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын жекелеген технологиялық объектілерді консервациялауды немесе жоюды жүргізуге құқылы.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңі ішінде техникалық және (немесе) геологиялық себептер бойынша жоюға жататын және кен орындарын игеру жобасына сәйкес өзге де мақсаттарда пайдалануға болмайтын ұңғымаларды жоюға міндетті.
2. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін, жою және консервациялау жоспарына сәйкес жою немесе консервациялау жүзеге асырылатын көмірсутектерді барлауды және өндіруді жүргізу кезінде консервациялау және жою қағидаларында көзделген ұңғымалардың жекелеген санаттарын қоспағанда, технологиялық объектілер жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған технологиялық объектілерді жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.
3. Технологиялық объектілерді консервациялау немесе жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін, көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында белгіленеді.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған жер қойнауы учаскесін консервациялау шеңберінен тыс жүргізілетін, технологиялық объектілерді консервациялау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру осы Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою шеңберінен тыс жүргізілетін технологиялық объектілерді жою жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 129-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
129-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру кезеңі ішіндегі оқыту, ғылым, цифрландыру және өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту салаларындағы міндеттемелері
1. Өндіру кезеңі ішінде, екінші жылдан бастап жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын:
1) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып бекітетін тәртіппен алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындаған тәртіппен ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындаған тәртіппен көмірсутектер саласындағы цифрландыру жобаларын алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде қаржыландыруды жүзеге асыруға;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша көмірсутектерді өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялардың бір пайызы мөлшерінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының сарқылып жатқан кен орны бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттемесі орындалған жағдайда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және оның инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру мұндай сарқылып жатқан кен орнын әзірлеуге қосымша инвестицияларды жүзеге асыруға көзделген соманың пайдаланылмаған қалдығы мөлшерінде жүзеге асырылады.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы Кодекстің 120-бабының 10-тармағына сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар үшін осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттеме өндіру кезеңінің алғашқы жылынан бастап қолданылады.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамыту мен қолдауға, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ ол осы мақсаттарға мемлекеттік бюджетке аударатын қаражат жатады.
Сарқылып жатқан кен орны бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялық міндеттеме шеңберінде жүзеге асырылатын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының осы мақсаттар үшін мемлекеттік бюджетке аударатын қаражаты жатады.
3. Белгіленген минимумнан асатын, осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылған қаржыландыру көлемі келесі жылы жер қойнауын пайдаланушының тиісті міндеттемелерін орындауы есебінен ескеріледі.
130-бап. Жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі нарықты қамтамасыз ету саласындағы міндеттемелері
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жер қойнауын пайдаланушылар өнім беру графиктеріне сәйкес ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы аумағында өңдеу үшін мұнай беруді, ал мұнай өңдеу зауыттары авариялық жағдайға байланысты тоқтап қалған жағдайда, оның шегінен тыс жерде жүзеге асыруға міндетті.
Өнім беру графигін қалыптастыру көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
Осы тармақтың талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген, күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша өндіру кезеңінде қолданылмайды.
2. Жер қойнауын пайдаланушы жеңіл көмірсутектердің өндірілген үлкен фракциясын иеліктен шығаруға не процессингке беруге ниеттенген жағдайда, мұндай иеліктен шығаруды немесе процессингке беруді тек қана өндірістік қуаты Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сұйытылған мұнай газын өндірушілер жүзеге асыруға тиіс. Cұйытылған мұнай газын өндірушілердің тізбесін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Бұл ретте өндірістік қуаты Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, сұйытылған мұнай газын өндірушілерге иеліктен шығару немесе оны процессингке беру мүмкін болмаған жағдайда, мұндай жер қойнауын пайдаланушы жеңіл көмірсутектердің үлкен фракциясын көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
3. Осы баптың мақсаттары үшін жеңіл көмірсутектердің үлкен фракциясы ретінде жеңіл (метан, этан, пропан, бутандар мен пентандар) және құрауыштарының сапалық және сандық құрамы бойынша ұлттық стандарттар талаптарына жауап беретін, тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге ауыстырылған біршама ауыр көмірсутектердің қоспасы түсініледі.
131-бап. Көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оның ішінде мердігерлердің сатып алуы мынадай:
1) ашық конкурс;
2) бір көзден сатып алу;
3) төмендетуге бағытталған ашық конкурс (электрондық сауда-саттық);
4) тауар биржаларында сатып алу;
5) осы тармақта көрсетілген тәсілдерді қолданбай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәсілдерінің бірі арқылы жүзеге асырылады.
Көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы пайдаланатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдер мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесі немесе интернеттің қазақстандық сегментінде орналастырылған, жұмысы осындай тізілім жұмысымен үйлестірілген, электрондық сатып алудың өзге де жүйесін міндетті қолдану арқылы жүргізіледі.