3. Лицензияның қолданылуы тоқтатылғаннан кейін оның иеленушісі болып табылатын тұлға лицензияның қолданылуы тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға геологиялық зерттеу нәтижелері туралы түпкілікті есепті ұсынуға міндетті.
4. Геологиялық есептер бастапқы геологиялық ақпарат материалдарына негізделеді және геология, жерасты суларына гидрогеологиялық бұрғылау жүргізу саласындағы ғылыми зерттеулердің, сынақтар мен іздестірулердің, топырақты, жерүсті жыныстарын және минералдық үлгілерді жинау және байқаудан өткізу жөніндегі қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы деректерді қамтиды.
5. Осы бапта көзделген есептер жер қойнауын зерттеу жөніндегі органға ол бекітетін нысан бойынша ұсынылады.
91-бап. Геологиялық ақпаратқа арналған құқық
1. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияның иеленушісі өзі геологиялық зерттеу нәтижесінде алған геологиялық ақпаратқа еркін билік етуге құқылы.
2. Жер қойнауын пайдаланушы осы бапқа сәйкес геологиялық зерттеу нәтижесінде алған геологиялық ақпаратты лицензия мерзімі аяқталған күннен бастап бір ай ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның пайдалануына өтеусіз беруге тиіс.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган алынған геологиялық ақпаратты оны алған күннен бастап бес жыл өткен соң (құпиялылық мерзімі) ашады.
92-бап. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны қайтарып алу және оның тәртібі
1. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия:
осы Кодекстің 89-бабы 4-тармағының ережелері бұзылған;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде және мерзімдерде жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру үшін қол қою бонусын төлемеген жағдайларда жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі уәкілетті органның қайтарып алуына жатады.
2. Бұзушылық анықталған кезде жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны хабардар етеді.
3. Жер қойнауын пайдаланушы анықталған бұзушылықты жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жоюға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақта көзделген мерзімде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органды бұзушылықтардың жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, оларды жойғаны туралы жазбаша хабардар етеді.
Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы баптың 4-тармағына сәйкес лицензияны қайтарып алады.
4. Лицензияны қайтарып алуды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыға лицензияны қайтарып алу туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.
Лицензияның қолданысы жер қойнауын пайдаланушы лицензияны қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін тоқтатылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап қайтарып алынатын лицензия бойынша жұмыстарды дереу тоқтатуға және геологиялық зерттеу учаскесінің аумағынан ондағы барлық құрылысжайларды, материалдарды және жабдықтарды алып кетуге міндетті.
6. Жер қойнауын пайдаланушы лицензияны қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап лицензияның қайтарып алынуын сот тәртібімен даулауға құқылы. Осындай даулау кезеңінде осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім сот шығарған шешім күшіне енгенге дейін ұзартылады.
VII БӨЛІМ. КӨМІРСУТЕКТЕРДІ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ
15-тарау. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру және оны тоқтату ерекшеліктері
1-параграф. Аукцион негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру
93-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміттенетін тұлғаларға қойылатын талаптар
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлға:
1) таратылу (заңды тұлғалар үшін), қайта ұйымдастырылу (заңды тұлғалар үшін) немесе банкроттық сатысында болмауға тиіс;
2) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша өтелмеген берешегі болмауға тиіс;
3) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алған жағдайда, - барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды орындау үшін жеткілікті қаржылық қаражаты болуға тиіс.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға жеткілікті қаржы қаражатының бар екенін растау үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, мынадай құжаттардың бірі ұсынылады:
1) банк шотының бар-жоғы және нөмірі туралы ақпарат және барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға жеткілікті мөлшердегі банк шотындағы қалдық туралы үзінді көшірме;
2) барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға жеткілікті мөлшерде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның қызметін қаржыландыруды қарыздың нысаналы мақсаты ретінде көздейтін, ақша қарызы туралы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның қаржылық мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын құжат ретінде ақша қарызы туралы немесе көмірсутектерді барлау жөніндегі қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмелері ұсынылған жағдайда, қарыз берушіде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қаржылық мүмкіндіктердің бар екенін растайтын құжаттар қосымша ұсынылады.
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға үміткер тұлғаның банк шотында барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемдері мен түрлері бойынша ең төмен талаптарды орындауға қажетті қаржы қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген құжаттар қосымша ұсынылады.
3. Теңіздегі жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін тұлғаның, осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптармен қатар, Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңының аумағында немесе Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында не Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде теңізде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің оң тәжірибесі болуға тиіс.
Заңды тұлға үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талап, осындай заңды тұлға акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей тиесілі болатын тұлғаның тиісті тәжірибесі болған кезде орындалған деп танылады.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 94-бап жаңа редакцияда
94-бап. Аукцион өткізуге арналған өтініш
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлға құзыретті органға көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізуге өтінішті береді, онда мыналар қамтылуға тиіс:
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;
3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында көрсетілген аукцион негізінде көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру үшін берілетін жер қойнауы учаскесінің сұралатын аумағының атауы мен географиялық координаттары.
Осы тараудың мақсаттары үшін жеке тұлғаның, мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын және (немесе) өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын, оның ішінде басқа заңды тұлғаның және (немесе) өзге ұйымның қатысу үлестерін, акцияларын иелену арқылы иеленетін заңды тұлғаның және (немесе) ұйымның қатысу үлестерін, акцияларын иеленуі қатысу үлестерін, акцияларды иелену деп танылады. Бұл ретте иелену меншік құқығын растайтын немесе акцияларға немесе пайларға айырбасталатын бағалы қағаздарды қоса алғанда, қатысу үлесіне құқықты, акцияларға, пайларға және үлестік қатысудың басқа да нысандарына меншік құқығын білдіреді.
Осы тармақтың 2-1) тармақшасының өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халық аралық ұйымдар туралы мәліметтер ұсыну туралы талабы мұндай қатысу үлестерін, акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акциялар және (немесе) бағалы қағаздар арқылы иеленетін аталған тұлғаларға, мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға қолданылмайды.
2. Аукцион өткізуге арналған өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Аукцион өткізуге арналған өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган:
1) осы Кодекстің 95-бабына сәйкес аукцион өткізу туралы хабархатты жылына төрт реттен асырмай жариялайды;
2) егер өтініш беруші өтініш бергенге дейін үш жыл ішінде аукцион өткізуге арналған басқа өтініш берсе, бірақ аукционға қатысушы ретінде тіркелмесе, аукцион өткізуге арналған өтінішті қараудан бас тартады.
Аукцион өткізу туралы хабархат жарияланған жағдайда, аукционға қатысуға арналған өтініштер осы Кодекстің 96-бабында белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.
95-бап. Аукцион өткізу шарттары
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Әрбір учаске бойынша аукционды құзыретті орган аукцион өткізуге арналған өтініш бойынша өткізеді.
Аукционды өткізу және оны өткізу шарттары туралы хабархат көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісінде және құзыретті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
Аукционға қатысуға мүдделі тұлғалардың аукционды өткізу тәртібіне байланысты ақпарат алуға құқығы бар.
2. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион өткізу туралы хабарламада:
1) оны өткізу күні мен уақыты;
2) қатысуға өтініштер беру мерзімі;
3) жер қойнауын пайдалану құқығы аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскесіне (кен орнына) нұсқау және оның қысқаша сипаттамасы;
4) жер қойнауы жөніндегі операциялар түрі;
5) аукционға қатысу үшін жарна мөлшері және оны төлеу үшін банк деректемелері;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) кепілдік жарнаның мөлшері және оны төлеу үшін банк деректемелері;
6) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыс көлемдері мен түрлері бойынша ең төменгі талаптар, сондай-ақ олардың бағалану құны;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген әрбір блок үшін ең төменгі қол қою бонусының мөлшері негізге алына отырып айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшері;
8) өндіру кезеңіндегі қазақстандық кадрларды оқытуға арналған шығыстар мөлшері;
9) өндіру кезеңіндегі Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi;
10) өндіру кезеңіндегі өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы елішілік құндылық жөніндегі ең төмен міндеттемелер;
12) жер қойнауын пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскілеріне тіркелген құқықтар туралы ақпарат;
13) көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын берген жағдайда - осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген талаптарды көрсету;
14) жер қойнауын пайдалануға келісімшарт бойынша барлау кезеңінің немесе дайындық кезеңінің ұзақтығы қамтылуға тиіс.
Аукционды өткізу күні аукционға қатысуға өтініш беру үшін берілген мерзім аяқталған күннен бастап екі айдан кешіктірілмеуге тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізу туралы хабархатта осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 11), 13) және 14) тармақшаларын қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, аукционға қатысуға мүдделі тұлғаның аукционға қатысуға арналған өтінішінде осы Кодекстің 36-бабының 5-1-тармағына сәйкес кадрлардағы елішілік құндылық бойынша ең төменгі міндеттемені айқындауы туралы талабы да қамтылуға тиіс.
3. Бұрын жер қойнауын пайдалануға келісімшарт тоқтатылған жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілген жағдайда, аукцион өткізу туралы хабарламада:
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) егер жер қойнауы учаскесі көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға сенімгерлік басқаруға берілген болса:
осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқарушыға жүргізілген шығындарды өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу шарты;
осы Кодекстің 107-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілген мүліктің құнын бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға өтеу шарты;
сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқару процесінде сатып алған және (немесе) алған берілетін мүліктің құнын мемлекетке өтеу шарты;
2) осы Кодекстің 119-бабының 19-тармағында көзделген жағдайларда - бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының өндіруге және бағалауға кеткен шығындарын өтеу мөлшері мен мерзімдерінің шарты;
3) осы Кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының қамтамасыз ету мөлшері туралы мәлімет қамтылуға тиіс.
4. Аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілетін мерзім аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап екі айды құрайды.
95-баптың 5-тармағы 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Аукционға қатысу үшін жарнаның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және аукцион өткізу туралы хабархатты орналастыру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерін құрайды.
95-баптың 6-тармағы 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Аукционға қатысу жарнасы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторына төленеді және қайтарылуға жатпайды.
Аукционға қатысу жарнасын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы үш жұмыс күні ішінде мемлекет кірісіне аударады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Кепілдік жарна көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторына төленеді және аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Кепілдік жарнаның мөлшерін құзыретті орган айқындайды және ол:
1) көмірсутектерді барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің екі еселенген мөлшеріне тең соманы;
2) көмірсутектерді өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің бір еселенген мөлшеріне тең соманы құрайды.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Құзыретті орган өтініштерін қабылдаудан осы Кодексте көзделген негіздер бойынша бас тартқан аукционға өтініш берушілердің кепілдік жарнасы оны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының атына беріледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Аукцион жеңімпазын және аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны қоспағанда, аукционға қатысуға жіберілген аукционға қатысушылардың кепілдік жарнасы аукцион қорытындылары бойынша кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының атына беріледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы, сондай-ақ аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының кепілдік жарнасы осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды аукцион жеңімпазы орындаған жағдайда, кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оларға қайтарылады.
Аукцион жеңімпазының осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды орындағаны туралы құзыретті орган аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушыны аукцион жеңімпазынан қол қою бонусын төленгенін растауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Аукцион жеңімпазының, аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушының өтініші бойынша оның кепілдік жарнасын көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондардың операторы аукцион жеңімпазының қол қою бонусын төлеуі жөніндегі міндеттемесін орындау есебіне аударуы мүмкін.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Осы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көзделген талаптар орындалмаған жағдайда, аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы қайтарылмайды және қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мемлекет кірісіне айналдырылады, сондай-ақ:
1) аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Кодекстің 100-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарды орындамаған жағдайларда, кепілдік жарна оған қайтарылмайды және қол қою бонусын төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна мемлекет кірісіне айналдырылады;
2) аукцион жеңімпазынан кейін қол қою бонусының келесі ең көп мөлшерін ұсынған аукционға қатысушы осы Кодекстің 100-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптарды орындаған жағдайларда, кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарна қайтарылады.
96-бап. Аукционға қатысуға арналған өтініш
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға мүдделі тұлға құзыретті органға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы аукционға қатысуға арналған өтінішті көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалану арқылы жібереді.
2. Аукционға қатысуға арналған өтініште:
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғалар үшін - өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді-көшірме немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат), басшылар туралы мәліметтер;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) үлесі және иелену тәсілі туралы мәліметтер ашып көрсетілген, өтініш берушіні бақылайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы, сондай-ақ өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Осы тармақшаның өтініш берушінің қатысу үлестерін, акцияларын иеленетін, бақылайтын тұлғалар болып табылмайтын тұлғалар, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер ұсыну туралы талабы мұндай қатысу үлестерін, акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акциялар және (немесе) бағалы қағаздар арқылы иеленетін аталған тұлғаларға, мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға қолданылмайды;
3) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) аукцион өткізу туралы хабарламада белгіленген жер қойнауы учаскесінің аумағына нұсқау;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) өтініш берушінің аукционға қатысу жарнасын төлегені туралы мәліметтер;