9. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы осы бапқа сәйкес қайтыс болған адамның отбасы мүшесі еңбекке қабілетсіз болып есептелетін бүкіл кезеңге, ал осы Кодекстің 207-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығын беретін жасқа толған отбасы мүшелеріне өмір бойына белгіленеді.
10. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес асыраушысынан айырылу бойынша зейнетақы тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін іс жүзінде алған зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді.
235-бап. Отбасының барлық мүшесіне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау
1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының барлық мүшесіне ортақ асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
2. Отбасы мүшесінің талап етуі бойынша оның асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы үлесі бөлінеді және оған жеке төленеді.
3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының үлесін бөлу оны бөлуге жүгінген күннен бастап жүргізіледі.
4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелерінің саны өзгерген кезде оның мөлшері жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына қарай тиісінше ұлғайтылады немесе азайтылады.
5. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін нақ сондай қайта қарау отбасының бір мүшесіне оны төлеу тоқтатыла тұрған немесе төлеуді тоқтата тұруға алып келген мән-жайлар өткеннен кейін қайта басталған жағдайларда да белгіленеді.
236-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері
1. Асыраушысынан айырылған адамдарға мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының ең жоғары мөлшері оның отбасының еңбекке қабілетсіз барлық мүшесіне 3,00 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақының мөлшері:
отбасының еңбекке қабілетсіз бір мүшесі болған кезде - ең төмен күнкөріс деңгейінен 0,92;
екі мүшесі болған кезде - барлық еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне 1,70 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үш мүшесі болған кезде - барлық еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне 2,25 ең төмен күнкөріс деңгейі;
төрт мүшесі болған кезде барлық еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне 2,60 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бес мүшесі болған кезде - барлық еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне 2,75 ең төмен күнкөріс деңгейі тағайындалады.
Отбасының еңбекке қабілетсіз алты және одан да көп мүшесі болған кезде жәрдемақының мөлшері әрқайсысына 3,00 ең төмен күнкөріс деңгейінің тең үлесі ретінде есептеледі.
4. Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы әрбір балаға 1,54 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелеріне - 0,62 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке қабілетсіз барлық мүшелеріне 2,92 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады.
5. Қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері жүгінген күннен бастап отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне 0,29 ең төмен күнкөріс деңгейіне, бірақ отбасының барлық мүшелеріне 2,92 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерге ұлғайтылады.
6. Егер отбасының еңбекке қабілетсіз мүшесі алатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне отбасының еңбекке қабілетсіз осы мүшелері үшін белгіленген, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.
237-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу
1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
2. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы:
егер тағайындалған жәрдемақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болса, осы Кодекстің 236-бабында көзделген мөлшерде;
осы Кодекстің 236-бабына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде төленеді.
Стационар жағдайында психоневрологиялық аурулары бар және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын адамдарға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы осы Кодекстің 236-бабына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде төленеді.
Тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қолма-қол ақшаны бақылау шотына жүргізіледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
3. Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы толық көлемде төленеді.
4. Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарынан шыққан жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.
5. Алушы уақтылы талап етпеген асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының есептелген сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш берудің алдындағы 3 жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.
238-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімі өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандастың куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) алушыға және (немесе) асырауындағыларға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
4) ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, бала асырап алу туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) тағайындаған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру кезінде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеулерді жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;
5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны (қамқоршыны) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы шешімдердің бірін қабылдау туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) тағайындаған адамға немесе қорғаншы мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді;
6) хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару немесе азаматтың тірі болу фактісін растайтын ақпараттың түсуі фактісінің анықталуы туралы мәліметтері, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, егер азаматтың тірі болу фактісі расталса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатылады, расталмаған жағдайда - асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатылған күннен бастап қайта басталады;
7) қайтыс болған асыраушының балаларын, аға-інілерін, апа-сіңлілерін (қарындастарын) немесе немерелерін бағып-күтумен айналысатын адамдардың жұмысқа орналасу фактісінің анықталуы туралы мәліметтері, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, егер жұмысқа орналасу фактісі расталмаса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
8) он сегіз жастан асқан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыны білім беру ұйымынан шығару туралы немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуды қайта бастаған күннен бастап қайта басталады;
9) шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу немесе одан шығу фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап, бірақ шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алған күннен кейін қайта басталады;
10) Қазақстан Республикасынан тыс жерде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнетақы алу фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап шығу елінде артық есептелген (төленген) зейнетақы сомалары өтелген кезде қайта басталады.
2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруға алып келген мән-жайлардың аяқталғанын растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша жәрдемақыны төлеу қайта басталады.
3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу мынадай мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады:
1) қайтыс болу туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден түскен мәліметтер;
2) кету елінің уәкілетті органынан жәрдемақы алушының ісін сұрату;
3) жәрдемақы алушының ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;
4) жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісінің анықталуы туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден түскен мәліметтер;
5) өтініш берушінің оны негізсіз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсыну фактісінің анықталуы туралы мәліметтер.
3-параграф. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлем
239-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы
1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы қайтыс болуы туралы куәлікте немесе хабарламада көрсетілген қайтыс болу күнінен бастап не міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, не оны хабарсыз кетті деп тану немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күннен бастап туындайды.
Бұл ретте, егер қайтыс болған асыраушының қайтыс болуы туралы куәлігінде қайтыс болу күнін нақты анықтау мүмкін болмауына байланысты қайтыс болу кезеңі көрсетілсе, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы қайтыс болу кезеңі басталған күннен басталады.
2. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған отбасының мынадай мүшелері:
1) он сегіз жасқа толмаған және егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адамдар деп танылса, осы жастан асқан балалардың, оның ішінде асырап алған балалардың, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалуға және оны алуға құқығы бар.
Бұл ретте аға-інілері, апа-сіңлілері (қарындастары) мен немерелері - егер олардың еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса немесе олар ата-аналарынан алименттер алмайтын болса.
Осы тармақшада көрсетілген он сегіз жастан асқан:
академиялық демалыста болу кезеңін қоса алғанда, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын немесе оқыған адамдардың оқу бітірген уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жастан асырмай асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар;
бірінші және екінші топтағы бала кезінен мүгедектігі бар адамдар болып табылатын адамдардың мүгедектікті белгілеу мерзіміне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар;
2) егер қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының үш жасқа толмаған балаларын, бауырларын, апа-сіңлілерін (қарындастарын) немесе немерелерін күтумен айналысатын болса, жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының бірінің немесе жұбайының (зайыбының) не атасының, әжесінің, аға-інісінің немесе апа-сіңлісінің (қарындасының) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар.
3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) әрбір айырылып қалған ата-анасы үшін жүргізіледі.
4. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің тағайындалуына және оны алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлем тағайындалады.
5. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшесінің жазбаша өтініші бойынша оның әлеуметтік төлемінің үлесі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен бөлінеді және оған бөлек төленеді.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің үлесін бөлу Қорға жүгінген күннен бастап жүргізіледі.
6. Қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің саны өзгерген жағдайда Қор уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді қайта есептеу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің санына сәйкес ұлғайтылады немесе азайтылады.
Егер қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің бірі асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге жүгіну құқығын іске асырмаса, онда ол көрсетілген адамға осы баптың 5-тармағына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бөлген жағдайда Қорға жүгінген күннен бастап, ал бөлінбеген жағдайда - асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады.
7. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға жүгіну:
он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адам деп танылған адамдарды қоспағанда, әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген күні қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің жиырма үш жасқа толуы;
жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан, ата-анасының бірі немесе жұбайы (зайыбы) не атасы, әжесі, аға-інісі немесе апа-сіңлісі (қарындасы) күтумен айналысқан, қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) немесе немерелерінің үш жасқа толуы мерзімінен аспауға тиіс.
8. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кезең үшін әлеуметтік аударымдар Қорға оларды тағайындауға жүгінген күннен кейін түскен жағдайда алушыға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді.
240-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшері
1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін әлеуметтік төлемге құқық туындаған күні республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызын шегеріп, кірісті алмастырудың тиісті коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына және қатысу өтіліне көбейту арқылы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
1-тармақтың екінші және үшінші бөліктері 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған оның отбасы мүшелеріне қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының отбасы мүшесі (мүшелері) әлеуметтік төлем алу құқығын сақтайтын уақыт кезеңі ішінде ай сайын жүргізіледі.
2. Асырауындағылар санының коэффициенті асыраушының - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының қайтыс болғанға дейін асырауында болған адамдардың санына қарай айқындалады және асырауында бір адам болғанда 0,5; асырауында екі адам болғанда - 0,65; асырауында үш адам болғанда - 0,8; асырауында төрт және одан да көп адам болғанда - 1,0 құрайды.
Бұл ретте кірісті алмастыру коэффициенті 0,6-ны құрайды, ал әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшері осы Кодекстің 118-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін қатысу өтілінің коэффициенті:
алты айдан кем болғанда - 0,1;
алтыдан он екі айға дейін - 0,7;
он екіден жиырма төрт айға дейін - 0,75;
жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін - 0,85;
отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін - 0,9;
қырық сегіз айдан алпыс айға дейін - 0,95;
алпыстан жетпіс екі айға дейін - 1,0;
алпыс және одан да көп айдан бастап - 1,0-ге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 0,02 қосылып отырады, бірақ 1,3-тен аспайды.
Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдайдың, шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңіне қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңдері, еңбек, кәсіпкерлік қызмет кезеңдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес 2020 жылғы 1 сәуір - 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі есептеледі.
3. Егер төлеуші артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және жағдайларда қайтаруды жүзеге асырмаса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары есепке алынбайды.
4. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша арттыру күні тиісті әлеуметтік төлемдер тағайындалған адамдарға жүргізіледі.
5. Сот актілері мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының актілері негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен, әлеуметтік төлемдер мөлшерін айқындау кезінде есепке алынған кезең үшін төленген әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін кейіннен жүгінуі кезінде есепке алынбайды.
241-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;