1) Қазақстан Республикасының кеден және өзге мемлекеттік органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпарат;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің кұзыретті органының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге байланысты шетелдік тұлғамен мәміле жасаған тұлғаны тексеруді жүргізу туралы өтініші (сұрау салуы), сондай-ақ шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесінде алынған деректер;
4) 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) тұлғаның камералдық кедендік тексеру жүргізу туралы бастамамен жүгінуі;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) өзге нысандарда салықтық бақылау, кедендік бақылау жүргізудің және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолданудың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын нәтижелері, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау;
8) кеден органдарының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы кедендік тексеру барасында келіп түспеген жауап алынған жағдайлар;
9) тексерілетін тұлғаның қайта ұйымдастырылуы және (немесе) тексерілетін тұлғаның банкроттыққа (таратуға) арналған құжаттарды беруі негіз болып табылады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Осы баптың 3-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген негіз бойынша камералдық кедендік тексеруді жүргізу кезінде кеден органы тексерілетін тұлғаға анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібереді немесе табыс етеді.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға анықталған бұзушылықтарды кедендік декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және (немесе) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу арқылы өз бетінше жою құқығын беру мақсатында жіберіледі немесе табыс етіледі.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.
Пошта операторы немесе байланыс операторы тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде болмауы себебінен бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қайтарған жағдайда, кеден органы мұндай хабарлама қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі куәгерді тарта отырып, осындай тұлғаның орналасқан жерінде зерттеп-қарау жүргізеді.
Зерттеп-қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
жасалған орны, күні және уақыты;
зерттеп-қарау актісін жасаған кеден органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
кеден органының атауы;
тартылған куәгердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
тексерілетін тұлғаның атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат.
Кеден органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлға әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны кемінде екі адам болатын кәмелетке толған әрекетке қабілетті азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлға жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда зерттепқарау актісі жасалған күн хабарламаны табыс ету күні болып табылады.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға осындай хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Мыналар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады:
1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда - бұзушылықтарды жою туралы хабарламада қамтылған анықталған бұзушылықтарды кедендік декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және (немесе) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу арқылы жою;
2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда - тексерілетін тұлғаның анықталған бұзушылықтар бойынша растайтын құжаттарды, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді қоса бере отырып, электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде түсінік ұсынуы.
Түсінікте мыналар көрсетілуге тиіс:
тексерілетін тұлға түсінікке қол қойған күн;
түсінік ұсынған тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
тексерілетін тұлғаның сәйкестендіру нөмірі;
бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберген кеден органының атауы;
түсінік ұсынылып отырған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нөмірі мен күні;
түсінік ұсынған тексерілетін тұлғаның келіспеу негіздері мен дәлелдемелері болып табылатын мән-жайлар.
Электрондық құжат түрінде ұсынылған түсінікке осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық не сканерленген көшірмелері қоса беріледі.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3. Тексерілетін тұлға ұсынған түсінікпен келіскен кезде кеден органы мұндай түсінікті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тексерілетін тұлғаға хабар береді.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмады деп танылған кезде кеден органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығарады және оны тексерілетін тұлғаға:
тексерілетін тұлға түсінік пен құжаттарды ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
тексерілетін тұлға түсінік пен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді немесе табыс етеді.
Бұл ретте бұзушылықтарды жою туралы хабарлама, хабархат немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.
Тексерілетін тұлға уәкілетті органға немесе сотқа бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімге шағым жасауды ол табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шағымның (арыздың) көшірмесін бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығарған кеден органына жібере отырып жүзеге асырады.
Шағым берудің белгіленген мерзімі дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда уәкілетті орган тексерілетін тұлғаның өтінішхаты бойынша шағым беру мерзімін қалпына келтіреді.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім жіберілген тұлғаның, сондай-ақ тексерілетін тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша қабілетсіздігі дәлелді себеп ретінде танылады.
Осы тармақтың ережелері бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім жіберілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда аталған адамдар болмаған кезде оларды алмастыратын адамдардың болуын көздемейтін тексерілетін тұлғаларға қолданылады.
Бұл ретте тексерілетін тұлға шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақта аталған адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңін растайтын құжатты және тексерілетін тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
Тексерілетін тұлғаның шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатын уәкілетті орган шағым мен өтінішхатты тексерілетін тұлға осы тармақта аталған адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздік кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда қанағаттандырады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-4-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-4. Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 125-бабына сәйкес төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-5-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-5. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ол осы баптың 3-3-тармағының екінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешімге шағым (арыз) берген кезде:
1) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап - уәкілетті орган жазбаша шешім шығарғанға дейін;
2) сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүзеге асырылмайды.
Уәкілетті органға немесе сотқа бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым (арыз) берілген кезде бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімінің өтуі:
1) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап - уәкілетті орган жазбаша шешім шығарғанға дейін;
2) сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-6-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-6. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған кезде кеден органы осы баптың 3-1, 3-2, 3-3, 3-4 және 3-5-тармақтарын қоспағанда, осы бапта көзделген тәртіппен камералдық кедендік тексеруді тағайындауға және жүргізуге құқылы.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-7-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-7. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған кезде кеден органы көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі шектелмей жүзеге асырылады.
Осы баптың 3-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, кеден органы бұрын камералдық кедендік тексеру жүргізген тауарларға нақ сол кеден органының қайтадан камералдық кедендік тексеру жүргізуіне жол берілмейді.
Осы Кодекстің 202-бабында көзделген шартты түрде шығарылған тауарларға, өздеріне қатысты 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабында және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабында көзделген пайдаланылуы және билік етілуі бойынша шектеулер бар тауарларға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 416-бабының 6-тармағында көзделген жүргізілетін камералдық кедендік тексеру нысанасы алдыңғы камералдық кедендік тексерулерде қамтылмаған жағдайларда қайтадан камералдық кедендік тексеруге жол беріледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында кеден органы тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 426-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсыну жөнінде талап жібереді.
Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талап табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде кеден органы кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну мерзімін тексерілетін тұлғаның уәжді өтінішін негізге ала отырып, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күнге дейін ұзарта алады.
Өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну ұзартылатын мерзімді кеден органы тексерілетін тұлғаның уәжді өтінішін негізге ала отырып айқындайды, бірақ ол құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Камералдық кедендік тексеру кезінде тексерілетін тұлға кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды талап ету бойынша ұсынбаған жағдайда, осындай құжаттардың негізінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер анық мәлімделмеген болып есептеледі.
Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу осы Кодекстің 399-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Кеден органдары камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік декларациядағы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін тұлғаға оларды өз бетінше жою құқығы беріледі.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, тексеру нәтижелері туралы хабарламада қамтылған талаптарды орындау, оның ішінде тексерілетін тұлғаның кедендік декларациядағы мәліметтерге, оның ішінде тауарлардың кедендік құны бойынша мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы құжатты ұсынуы арқылы, қажет болған кезде кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленгенін растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің көшірмелерін қоса бере отырып орындау камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою деп танылады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда тексерілетін тұлға осы Кодекстің 55-тарауында белгіленген тәртіппен мұндай хабарламаға шағым жасай алады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексеруді аяқтау нысаны болып табылатын камералдық кедендік тексеру актісі жасалады. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады.
Камералдық кедендік тексеру актісінің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Екі данада ресімделетін және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын камералдық кедендік тексеру актісі жасалған күн камералдық кедендік тексеру аяқталған күн болып есептеледі.
Камералдық кедендік тексеру актісінің бірінші данасы камералдық кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы камералдық кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен жіберіледі немесе табыс етіледі.
Камералдық кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
Камералдық кедендік тексеру актісі камералдық кедендік тексеру актілерін арнайы тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1. Осы баптың 9-тармағында көзделген камералдық кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін кеден органы тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жібереді немесе табыс етеді.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі деп кеден органы жасаған камералдық кедендік тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат түсініледі.
Камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.
Бұл ретте тексерілетін тұлға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуға құқылы.
Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексеру актісімен бір мезгілде жіберіледі немесе табыс етіледі.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Осы бапта көрсетілген құжаттарды тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша тексерілетін тұлғаның болмауы себебінен пошта операторы немесе байланыс операторы қайтарған жағдайда, кеден органы осындай құжаттар қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай тұлғаның тұрған жері бойынша зерттеп-қарауды екі куәгерді тарта отырып, жүргізеді.
Зерттеп-қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
актіні жасаған кеден органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
кеден органының атауы;
тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;
зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат.
Кеден органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны кемінде екі адам болатын, әрекетке қабілетті кәмелетке толған кез келген азаматтар куәгерлер ретінде шақырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлға жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының (қатысушыларының) куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша тексерілетін тұлғаның іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда, зерттеп-қарау актісін жасаған күн осы бапта көрсетілген құжаттарды табыс еткен күн болып табылады.
12. 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13. Камералдық кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша, оның ішінде кеден органының талап етуі бойынша белгіленген мерзімде құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылмаған кезде кеден органы көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.
418-бап. Көшпелі кедендік тексеру
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Көшпелі кедендік тексеруді кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне (жерлеріне), дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыратын жерге (жерлерге) және (немесе) мұндай тұлғалардың қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын жерге (жерлерге) (бұдан әрі осы тарауда - тексерілетін тұлғаның объектілері) бару арқылы жүргізеді.
Тексерілетін тұлғаның орналасқан жеріндегі кеден органы көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органы болып табылады.
Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері уәкілетті органның тапсырмасы бойынша көшпелі кедендік тексерулер жүргізу жағдайларына қолданылмайды.
2. Көшпелі кедендік тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру;
2) жоспардан тыс қарсы көшпелі кедендік тексеру;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) кешенді көшпелі кедендік тексеру.
3. Көшпелі кедендік тексеру нұсқаманың негізінде жүргізіледі. Нұсқамаға кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қоюға тиіс.
4. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқамада мынадай мәліметтер:
1) осы нұсқаманың күні және тіркеу нөмірі;
2) көшпелі кедендік тексерудің түрі;
3) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының атауы;
4) осы баптың 10-тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексеруді тағайындау үшін негіз;
5) тексерілетін тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері (жерлері) (тұрғылықты жері) және (немесе) қызметін іс жүзінде жүзеге асыратын жері (жерлері), оның сәйкестендіру нөмірлері;
6) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
7) көшпелі кедендік тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
8) осы Кодекстің 416-бабының 6-тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексерудің нысанасы;
9) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі;
10) тексерілетін кезең қамтылуға тиіс.
5. Нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.
6. Бір нұсқаманың негізінде тексерілетін тұлғаға бір ғана тексеру жүргізіледі. Нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тексеру басталғанға дейiн тексерiлетiн субъектiнiң тұрған жерi бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына оны ұсыну, оның iшiнде электрондық нысанда ұсыну арқылы тіркеледі.
7. Көшпелі кедендік тексерудің мерзімі ұзартылған, сондай-ақ тоқтатыла тұрған жағдайларда, нұсқамаға тиісті жазбалар енгізіледі және тексерілетін тұлға хабардар етіледі.
Бұл ретте көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімдері ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін тұлғалар саны өзгертiлген және (немесе) ауыстырылған және (немесе) тексерілетін кезең өзгертілген кезде қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың нөмірі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылатын тұлғалардың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
Қосымша нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тексерілетін субъектінің тұрған жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына оны ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы тiркеледi.
8. Көшпелі кедендік тексеру өзге нысандарда кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша, сондай-ақ камералдық кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша тағайындалуы мүмкін.
9. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер осындай тексерулерді жүргізу кезеңділігі шектелмей жүргізіледі.
Нақ сол аумақтық кеден органының бұрын тексерілген кезеңге жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеруді қайта жүргізуіне осы баптың 10-тармағының 3), 4), 6), 7), 8), 9), 10), 11) 12), 19) және 20) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органмен келісу бойынша жол беріледі.
10. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін мыналар негіз болып табылуы мүмкін:
1) Қазақстан Республикасының кеден және өзге мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпарат;