1) ішкі тұтыну үшін шығару;
2) экспорт;
3) кедендік транзит;
4) кеден қоймасы;
5) кедендік аумақта қайта өңдеу;
6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;
7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;
8) еркін кеден аймағы;
9) еркін қойма;
10) уақытша әкелу (рұқсат беру);
11) уақытша әкету;
12) кері импорт;
13) кері экспорт;
14) бажсыз сауда;
15) жою;
16) мемлекет пайдасына бас тарту;
17) арнайы кедендік рәсім.
3. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар өзге де кедендік рәсімдермен не осындай кедендік рәсіммен:
1) тауарлар орналастырылған кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін;
2) тауарлар орналастырылған кедендік рәсімнің қолданысын тоқтата тұру үшін;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдау (тасу) үшін және (немесе) осы Кодекске сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалдау үшін орналастырылуы мүмкін.
4. Кедендік рәсімдердің мазмұны және тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру шарттарын, тауарларды осындай кедендік рәсімдермен орналастырғаннан кейін оларды кедендік рәсімдерге сәйкес пайдалану шарттары мен тәртібін, кедендік рәсімдердің қолданысын аяқтау, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің туындау және тоқтатылу мән-жайларын, кедендік рәсімдермен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға не кедендік рәсімдерді қолдану шеңберінде алынған (қалыптасқан), дайындалған (алынған) тауарларға қатысты оларды есептеу мен төлеу мерзімін және (немесе) ерекшеліктерін қоса алғанда, кедендік рәсімдерді қолдану тәртібін реттейтін ережелер - осы бөлімнің тиісті тарауларында, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда Комиссия айқындайды, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасында айқындалады.
208-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
1. Осы Кодекстің 149-бабында көрсетілген тұлғалар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімді тауарларды кедендік декларациялау кезінде мәлімдеу арқылы не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығаруға өтініш беру кезінде не порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына тауарларды әкелу арқылы таңдауға құқылы.
2. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік декларацияны немесе тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті кеден органына берген кезден басталады және осы Кодекстің 284-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарларды шығарумен аяқталады.
3. Тауарларды мәлімделген кедендік рәсіммен орналастыру шарттарын сақтауды растау жөніндегі міндет декларантқа жүктеледі.
4. Осы Кодекстің 284-бабының 1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарлар шығарылған күн тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні болып есептеледі.
5. Санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік- фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) басқа да түрлеріне жататын тауарлар мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) тиісті түрі жүзеге асырылғаннан кейін ғана кедендік рәсіммен орналастырылады.
6. Егер тарифтік емес реттеу шарасын енгізу кезінде өздеріне қатысты осындай шара енгізілетін тауарларды орналастыруға жол берілмейтін кедендік рәсімдер айқындалса, онда көрсетілген тауарлар осы бөлімнің ережелеріне қарамастан, мұндай кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайды.
209-бап. Кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау
1. Кедендік рәсімдердің қолданысы осы Кодексте белгіленген жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде аяқталуға, ал егер бұл осы Кодексте көзделген болса - оны Комиссия аяқтауға тиіс.
2. Кедендік рәсімнің қолданысы, егер осы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау мақсатында тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны кеден органы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін көзделген мерзімде тіркеген болса, кеден органы мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығарудан бас тартқан не кедендік декларация осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кері қайтарып алынған жағдайды қоспағанда, кеден органы белгілеген кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін аяқталды деп есептеледі.
3. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға ерікті түрде таратылған жағдайда, осындай тұлға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген немесе Комиссия көздеген тиісті кедендік рәсімнің қолданылу мерзімдері өткенге дейін кедендік рәсімді аяқтау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға мәжбүрлі түрде таратылған жағдайда, кедендік рәсімді аяқтау жөніндегі міндет Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тәртіппен және мерзімдерде, бірақ Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген немесе Комиссия көздеген тиісті кедендік рәсімнің қолданылу мерзімдерінің өтуінен кешіктірілмей тарату комиссиясына жүктеледі.
Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға банкрот болған жағдайда, кедендік рәсімді аяқтау жөніндегі міндет Қазақстан Республикасының оңалту және банкрот туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген немесе Комиссия көздеген тиісті кедендік рәсімнің қолданылу мерзімдерінің өтуінен кешіктірілмей әкімшіге жүктеледі.
Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген міндеттер орындалмаған кезде тиісті кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес, аяқталуға жататын кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды кідіртеді.
4. Кедендік рәсімдердің қолданысы осы Кодексте белгіленген жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде тоқтатылады, ал егер бұл осы Кодексте көзделсе, Комиссия тоқтатады.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қолданысы тоқтатылған кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды, сондай-ақ осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде алынған (қалыптасқан), дайындалған (алынған) тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
6. Кеден органдары осы баптың 5-тармағына сәйкес кідіртпеген, қолданысы тоқтатылған кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар,
сондай-ақ осындай кедендік рәсімді қолдану шеңберінде алынған (қалыптасқан), дайындалған (алынған) тауарлар осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес уақытша сақтауға орналастыруға жатады.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы, өздеріне қатысты кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылған шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында одан әрі болу және пайдалану не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады. Қолданысы тоқтатылған кедендік рәсімдерді қолдану шеңберінде алынған (қалыптасқан), дайындалған (алынған) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында одан әрі болу және пайдалану, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету немесе осындай аумаққа әкелу үшін, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік рәсімдерді қолдану кезеңінде алған мәртебесіне қарай осы тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі, өздеріне қатысты кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылған тауарлар одан әрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде болу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен, ал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу үшін - шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде осындай тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің қолданысы тоқтатылғаннан кейін, осы Кодекстің 307-бабында көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, тиісті кедендік рәсімдердің қолданысын аяқтау үшін тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде қолданылатын осы Кодексте көзделген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу және төлеу ерекшеліктері есепке алынбастан, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
9. Кедендік рәсімнің қолданысы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды не осындай тауарларды қайта өңдеу өнімдерін өзге кедендік рәсіммен орналастыру арқылы, сондай-ақ осы Кодекстің 213-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда тоқтатыла тұруы мүмкін.
Өзге кедендік рәсімдердің қолданысын тоқтата тұру үшін қолданылатын кедендік рәсімдер, сондай-ақ кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатыла тұруы мүмкін жағдайлар, осы Кодексте айқындалады, ал егер бұл осы Кодексте көзделген болса - Комиссия айқындайды.
Белгіленген жағдайларда кедендік рәсімдердің қолданысын тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін Комиссия айқындайды.
210-бап. Кедендік рәсімдердің қолданылу мерзімдерін ұзарту
1. Кеден органы белгілеген кедендік рәсімдердің қолданылу мерзімін кеден органы ол өткенге дейін, ал осы Кодекстің 245-бабының 3-тармағына, 258-бабының 3-тармағына және 270-бабының 3-тармағына сәйкес осы Кодексте көзделген жағдайларда - осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдердің қолданылу мерзімдері немесе осы Кодекске сәйкес Комиссия айқындайтын кедендік рәсімдердің қолданылу мерзімдері шегінде ол өткеннен кейін ұзартады.
2. Кеден органы белгілеген кедендік рәсімдердің қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі осы бөлімнің тиісті тарауларында белгіленеді.
211-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда өзгеше түрде белгіленген ішкі нарықты қорғау шараларын сақтау
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда өзгеше түрде белгіленген ішкі нарықты қорғау шараларын сақтау тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде расталады, оларға орналастыру шарттарында, егер осы Кодексте, Одақ туралы шартта немесе осындай шаралар енгізілетін Комиссия актілерінде өзгеше белгіленбесе, осындай шараларды сақтау көзделеді.
212-бап. Мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау
1. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырғаннан кейін сақтауға жататын мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтау жөніндегі міндет декларантқа, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес өзге тұлғаларға жүктеледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тұлғалар кедендік бақылаудағы тауарлардың шығарылғанға дейін не оларды Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге іс жүзінде әкеткенге дейін аварияның не еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан қайтарымсыз жоғалуы, бүлінуі немесе жойылуы, сондай-ақ көрсетілген тауарлардың саны немесе жай-күйі қалыпты жағдайларда тасымалдау, тасу, сақтау және қолдану (пайдалану) кезінде табиғи тозуы немесе табиғи кемуі салдарынан өзгеруі себебінен кедендік рәсімнің шарттары мен талаптары сақталмаған жағдайларда, жауапты болмайды.
3. Тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларға немесе оларды қайта өңдеу өнімдеріне қатысты мынадай мән-жайлар кезінде:
1) тауарлар немесе оларды қайта өңдеу өнімдері аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан қайтарымсыз жоғалуы немесе жойылуы себебінен қайтарылмағанда;
2) тауарлардың немесе оларды қайта өңдеу өнімдерінің саны қалыпты жағдайларда тасу, сақтау және қолдану (пайдалану) кезінде олардың табиғи тозуы немесе табиғи кемуі салдарынан өзгергенде;
3) тауарлар немесе оларды қайта өңдеу өнімдері мемлекеттік органдардың немесе шет мемлекеттің лауазымды адамдарының әрекеттері салдарынан иеліктен шығып қалғанда жауапты болмайды.
4. Тауарлардың қайтарымсыз жоғалуына, бүлінуіне немесе жойылуына, олардың саны мен жай-күйінің өзгеруіне алып келген мән-жайларды растау міндеті осы бөлімде айқындалатын тұлғаларға жүктеледі. Шет мемлекеттердің аумағында болған мән-жайларды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері, сондай-ақ жоғарыда аталған мән-жайлар болған мемлекеттің құзыретті органдары растайды.
213-бап. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алып қою (оларға тыйым салу), тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру, кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау салдарлары
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар алып қойылған не осындай тауарларға тыйым салынған жағдайда осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатыла тұрады.
2. Егер тауарларды алып қоюдың күшін жою не оларға тыйым салудың күшін жою туралы шешім қабылданса, кедендік рәсімнің қолданысы осындай шешім заңды күшіне енген күннен кейінгі күннен немесе осындай шешімде көрсетілген күннен бастап қайта басталады.
3. Кедендік рәсімінің қолданысы қайта басталған кезде осы бөлімге сәйкес есепке жазу және төлеу көзделген пайыздар кедендік рәсімді қолдану тоқтатыла тұрған кезеңге есепке жазылмайды және төленбейді.
4. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар соттың шешімі бойынша тәркіленген немесе мемлекет меншігіне айналдырылған кезде осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту оның тауарларды кедендік рәсімге сәйкес пайдалану шарттарын сақтамауына байланысты болса және жол берілген сақтамау осы кедендік рәсімді одан әрі қолданудың мүмкін болмауына алып келсе, кедендік рәсімнің қолданысы тұлғаны жауаптылыққа тарту жөніндегі тиісті шешім күшіне енген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде аяқталуға тиіс.
Кедендік рәсімнің қолданысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде аяқталмаған кезде кедендік рәсімнің қолданысы тоқтатылады, ал тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
22-тарау. ІШКІ ТҰТЫНУ ҮШІН ШЫҒАРУ КЕДЕНДІК РӘСІМІ
214-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімінің мазмұны және оның қолданылуы
1. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімі шетелдік тауарларға қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес тауарлар, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, шетелдік тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында көзделген, оларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеусіз Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болады және пайдаланылады.
2. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, осы Кодекстің 202-бабының 1-тармағында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесіне ие болады.
3. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін:
1) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылған, тауарларды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын және кері экспорт кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларға;
2) осы Кодекстің 264-бабына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін осы Кодекстің 360-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына;
3) осы Кодекстің 360-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты қолдануға жол беріледі.
215-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) осы Кодекске сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу;
2) осы Кодекске сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу;
3) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;
4) арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда өзгеше түрде белгіленген ішкі нарықты қорғау шараларын сақтау болып табылады.
2. Осы Кодекстің 214-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
1) тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкету күнінен кейінгі күннен бастап үш жыл ішінде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру;
2) табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді, сондай-ақ қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, тауарларды өзгеріссіз күйде сақтау;
3) кеден органдарының тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі;
4) кедендік және (немесе) өзге де құжаттарды немесе осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынумен расталатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкету мән-жайлары туралы мәліметтерді кеден органына ұсыну;
5) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шарттарды сақтау болып табылады.
216-бап. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Бір жөнелтушіден бір көлік (тасымалдау) құжаты бойынша бір алушының мекенжайына әкелінетін және жалпы кедендік құны екі жүз еуроға балама сомадан, ал егер Комиссия осындай соманың өзгеше мөлшерін айқындаған болса - тауарларға арналған декларацияны кеден органы тіркеген күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша Комиссия айқындаған сома мөлшерінен аспайтын, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындамайды. Бұл ретте осы тармақтың мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды келетін орнына дейін тасымалдауға (тасуға) жұмсалатын шығыстар, осындай тауарларды тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге жұмсалатын шығыстар және осындай тауарларды осылай тасымалдауға (тасуға), тиеуге, түсіруге немесе қайта тиеуге байланысты сақтандыру шығыстары кедендік құнына қосылмайды.
Осы Кодекстің 279 және 280-баптарында көрсетілген және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет туындамайды.
Комиссия ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын, бір жөнелтушіден бір көлік (тасымалдау) құжаты бойынша бір алушының мекенжайына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет туындамайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сомаға қарағанда өзгеше сома мөлшерін айқындауға құқылы.
3. Декларанттың ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштаспаған, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, осы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанда;
2) егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) осы баптың 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде олар өндіріп алынғанда;
3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кеден органы аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан шетелдік тауарлардың жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспаған кезде, танығанда;
4) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты - ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
5) тауарларға арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарлар шығарылымы жойылғанда;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда;
7) кеден органы тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідірткенде;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаны тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмесе, оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қойғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырғанда тоқтатылады.
4. Декларанттың тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған осындай тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) егер тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге мерзімі белгіленбесе, көрсетілген тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен бастап бес жыл өткенде, осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі осы кезеңде басталмауы шартымен;
2) тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге белгіленген мерзімі өткенде, осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі осы кезеңде басталмауы шартымен;
3) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл өткенге дейін не көрсетілген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге белгіленген мерзімі өткенге дейін жою кедендік рәсімімен тауарларды орналастырғанда, осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі осы кезеңде басталмауы шартымен;
4) осы баптың 11-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) осы баптың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде олар өндіріп алынғанда;
5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл өткенге дейін не тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге белгіленген мерзімі өткенге дейін шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осы тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін, осы Кодекске сәйкес мұндай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осындай шетелдік тауарларға қатысты осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайларды қоспаған кезде, танығанда;
6) ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар шығарылған күннен бастап бес жыл өткенге дейін не тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді қолданудың өзге белгіленген мерзімі өткенге дейін тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырғанда;
7) тауарларды кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырғанда, осындай кедендік рәсіммен орналастырғанға дейін осы баптың 11-тармағында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталмауы шартымен;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарлар тәркіленгенде немесе мемлекет меншігіне айналдырылғанда тоқтатылады.