Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1006 Қаулысы
(2017.15.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін тексеру жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 11 мамырдағы № 74-ө өкімі;
2) «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі № 116-ө өкімі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 қазандағы
№ 1006 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2017.15.06. № 367 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2009.27.10. № 1689 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Мусин Қобыланды Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |
Қазыханов Ержан Хозеұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Құрманов Алмас Мұхаметқариұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Ақышев Данияр Талғатұлы | - Қазақстан РеспубликасыӨҰлттық Банк Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Дүрмағамбетов Ерлан Дмитрийұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
Қонаев Эльдар Асқарұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Әйтекенов Қайрат Медібайұлы, Супрун Виктор Васильевич, Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы, Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы, Нұғманов Серік Пикұлы, Өскімбаев Қожамұрат Бейісұлы, Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы, Тортаев Бауыржан Қадырұлы, Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы, Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы шығарылсын.