2) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін кезеңдік сақтандыру төлемінің мөлшері қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнге қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен болмайды.
12. Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді сақтандыру ұйымы уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.
Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша іс жүргізуге жұмсайтын шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемі индекстеу мөлшерлемесін уәкілетті орган белгілейді.
13. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы алғашқы ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру ұйымына аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ сақтанушы:
ерлер - 55 жасқа;
әйелдер:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жасқа;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жасқа;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жасқа;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жасқа;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жасқа;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жасқа;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жасқа;
осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар 50 жасқа толғаннан кейін жүзеге асырады.
60-баптың 14-тармағының қолданысы 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады
14. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан тұлғалар оны жасасқан күннен бастап екі жылдан кейін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін азайту бөлігінде шарттың талаптарын өзгерту және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшаны қайтару туралы өтінішпен сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнге ол бойынша сатып алу сомасы мен зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнге осы Заңның 59-бабының 2-тармағында айқындалған төлем мөлшері негізге алына отырып есептелген сақтандыру сыйлықақысының сомасы арасындағы айырмаға тең.
15. Сатып алу сомаларын зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға байланысты бір сақтандыру ұйымынан екінші сақтандыру ұйымына аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
61-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушының:
1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде немесе қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға;
2-1) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабын жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) зейнетақы аннуитеті шартының көшірмесін алуға құқығы бар.
2. Сақтанушы:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) зейнетақы аннуитеті шарты жасалған немесе зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шарттың түпнұсқасын және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімді ұсына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) зейнетақы аннуитеті шарты бұзылған кезде зейнетақы аннуитеті шартын бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын беруге міндетті.
3. Сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру сыйлықақысының сомасын бiр рет және толық көлемде алады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру ұйымы:
1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисаптарымен таныстыруға;
2) зейнетақы аннуитеті шартын осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ресімдеуге;
3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасуды жүзеге асыруға;
4) 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) зейнетақы аннуитеті шартында көзделген, сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері уақтылы жүзеге асырылмаған кезде құқықтары бұзылған сақтанушыға немесе сақтандырылушыға мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін төленбей қалған соманың 1,5 пайызы, бірақ төленбей қалған соманың 50 пайызынан аспайтын мөлшерінде өсімпұл төлеуге;
6) сақтанушы және (немесе) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 15 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;
4-тармақтың 7) тармақшасының қолданысы 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады
7) қайтарылуға жататын ақша сомасын осы Заңның 60-бабының 14-тармағында көзделген өтінішті алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға міндетті.
62-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару тәртiбi
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мiндеттемелердің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алушының алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
63-бап. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыру
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 64-бап жаңа редакцияда
64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы
1. Мыналар:
1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және қызметтен босатылған кезде қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтегі қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген, штаттың қысқартылуына немесе өз еркі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты не құқық қорғау органы таратылған кезде шығарылған;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жиырма бес және одан көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтегі қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекті жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты не құқық қорғау органы таратылған кезде шығарылған әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерьлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
2. Мыналар:
1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атақ, сыныптық шен бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтегі қызметте кемінде жиырма бес жыл еңбек сіңірген, штаттың қысқартылуына, құқық қорғау органының таратылуына не өз еркі бойынша не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты шығарылған;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жиырма бес және одан көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтегі қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына, құқық қорғау органының таратылуына не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты шығарылған не арнаулы атақтарға немесе сыныптық шендерге ие болу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атағы немесе сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған, арнаулы атақтарға және сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға, штаттың қысқартылуына байланысты не денсаулық жағдайы салдарынан, не Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы лауазымы қысқартылған кезде арнаулы атағы бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толуына байланысты жұмыстан шығарылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы жалпы еңбек өтілі жиырма бес және одан көп жыл болған, оның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құраған кезде туындайды. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын, олар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған, қызметтен босатылған күнге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнама нормаларына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалу шарттарына сәйкес адамдардың қызметтен босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін өздеріне зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы болмаған, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болмаған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес тағайындалады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдар қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларды әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттiк қызметке қабылдау, біліктілік сыныбын белгілеу кезiнде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметке қабылданған күннен бастап қызмет өткеру кезеңіне тоқтатыла тұрады.
2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 5-тармағында аталған және қайтадан үш жыл қызмет еткен адамдар қызметтен қайта босатылған кезде, қызметтен қайта босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін өздеріне зейнетақы төлемінің тағайындалуына не еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрған кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттыруларды ескере отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерін қайта төлетуді таңдауға құқығы бар.
Осы тармақтың күші осы баптың 5-тармағында көрсетілген, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты 2012 жылғы 1 қаңтар - 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде прокуратура органдарындағы қызметтен қайтадан шығарылған адамдарға қолданылады.
7. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшiлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан жиырма бес жылдан кем еңбек сіңірген, қызметтен босатылған күніне қызметте болудың шекті жасына толған не штаттың қысқартылуына, денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар үшін осы баптың 1 - 3-тармақтарына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.
2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 65-бап өзгертілді; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін есептеу
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдардағы жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ақшалай қамтылымының елу пайызы есебінен белгіленеді.
Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте жиырма бес жылдан артық еңбек сiңiрген жылдарының әрбір толық жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері - ақшалай қамтылымының екі пайызына, қызметтен босатылған күніне жинақталған еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшiн бір пайызына ұлғайтылады.
Қызметтен босатылған күніне жинақталған жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағының 3) тармақшасына, 2-1-тармағына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері ақшалай қамтылымының бір пайызына ұлғайтылады.
2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені, белгіленген біліктілік сыныбы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кіреді.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады және соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жерге келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай жабдықталымның мөлшері Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.