екінші бөлік алып тасталсын;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес оны жүргізу бойынша міндеттеме жүктелген тұлғалар үшін - бухгалтерлік құжаттаманы;»;
6-тармағының 15) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 57-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын:
16) 60-бапта:
6-тармағының 16) тармақшасының екінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 3) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
16) тармақшаның үшінші, төртінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жай серіктестік (консорциум) құрамында жер қойнауын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде салықтық есепке алу саясатында осы баптың 1-тармағының талаптарымен қатар жай серіктестік қатысушыларының және (немесе) оператордың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша салық міндеттемесін орындауының осы Кодекстің 308-1-бабының 3-тармағына сәйкес таңдап алынған тәсілін қамтуға тиіс.»;
17) 63-бапта:
2-тармақтың бірінші сөйлемі «есептілікті» деген сөзден кейін «, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:»;
18) 68-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері:
мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша;
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.
Осы тармақтың 3) тармақшасының ережелері қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.»;
7-тармақта:
6-тармағының 18) тармақшасының сегізінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөлік «364» деген цифрлардан кейін «,437» деген цифрлармен толықтырылсын;
үшінші бөлік «сәйкес» деген сөзден кейін «(темекі өнімдерін көтерме сатуды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 69-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«Салық төлеуші» деген сөздер «Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және (немесе) уәкiлеттi салық органына» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осындай есептілікті табыс ету орны бойынша салық органына салық есептiлiгiн кері қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;
екінші бөлік «жағдайда» деген сөзден кейін «, көрсетілген салық кезеңі үшін табыс етілген салық есептiлiгiнің барлық қосымша нысандарын ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
екінші бөлік «Салық есептілігін жою» деген сөздер «Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 584-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілмеген деп саналатын салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сомаларға түзету жасауды, осындай салық есептілігін табыс ету орны бойынша салық органы жүзеге асырады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық есептiлiгiн өзгерту әдiсiмен кері қайтарып алу кезiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, оларды кейіннен салық есептiлiгi бойынша жеке шотта көрсетіп, кері қайтарылатын салық есептiлiгiнде көрсетілген сомаларға түзету жасауды жүзеге асырады.»;
4-тармақтағы «2) және 3) тармақшаларында» деген сөздер «2) - 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 70-баптың 3-тармағындағы «айыппұл есепке жазылмай» деген сөздер «салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 72-баптың 1-тармағы «есептілікті» деген сөзден кейін «және тауарлардың кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезіндегі жанама салықтар бойынша салық есептілігін» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 77-бапта:
6-тармағының 22) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақта:
4) тармақшадағы «шот-фактуралары жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздер «шот-фактуралары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын;
«5) көрсетілген тауарларды сауда объектілерінде, оның ішінде сауда нарықтарында өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер сатып алған тауарлар жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың 5) тармақшасының ережелері патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге ғана қолданылады.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық төлеуші (салық агенті) салық тіркелімдерін электрондық түрде жасаған кезде, салықтық тексеру барысында салық қызметі органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салық тіркелімдерін электрондық жеткізгіштерде және осындай салық тіркелімдерінің көшірмелерін қағаз жеткізгіште де табыс етуге міндетті, бұл көшірмелер басшының және салық төлеушінің (салық агентінің) осы салық тіркелімдерін жасау үшін жауапты адамдарының (адамының) қолтаңбаларымен, сондай-ақ салық төлеушіде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің мөрімен расталуға тиіс.»;
23) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 80-бапта:
1-тармақ «Бірлескен» деген сөз «Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, бірлескен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «қатысушы» деген сөзден кейін «, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «қатысушылардың» деген сөзден кейін «, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың төртінші бөлігі «уәкілетті өкілінде» деген сөздерден кейін «, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
24) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 100-баптың 12-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы корпоративтік табыс салығын төлеуші болып табылған жағдайда және қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 271-1-бабы 3-тармағына сәйкес операторға жүктелген болса, онда есепке жатқызылмайтын, оператордың қосылған құн салығы жөніндегі декларациясының деректері бойынша аталған жер қойнауын пайдаланушының үлесіне келетін мөлшердегі қосылған құн салығы шегерiмге жатқызылады.»;
6-тармағының 25) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
25) 135-баптың 4-тармағындағы «және акцизделетін қызмет түрлерінен» деген сөздер алып тасталсын;
26) 155-баптың 3-тармағында:
26) тармақшасының екінші абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) тармақшадағы «тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген» деген сөздер «республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 26) тармақшасының үшінші абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) тармақша «зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейін «және әлеуметтік аударымдарды» деген сөздермен толықтырылсын;
27) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27) 197-бапта:
1-тармақта 5) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте құн өсiмi мынадай тәртіппен:
1) осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мүлікті өткізу кезінде - мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде;
2) акцияларды және қатысу үлестерiн өткізу кезінде - осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.»;
1-1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«өткізу күнгi» деген сөздер «өткізу немесе дивидендтерді төлеу күнгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«заңды тұлға иеленетін, акциялары (қатысу үлестері) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына өткізілетін Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкінің құны сомасының арақатынасы ретінде айқындалады.» деген сөздер «дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкі құнының (құндарының) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы «акциялары (қатысу үлестері)» деген сөздердің алдынан «дивидендтер төлейтін немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі «Акциялары (қатысу үлестері)» деген сөздер «Дивидендтер төлейтін немесе акциялары (қатысу үлестері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлікте:
бірінші абзац «акциялары (қатысу үлестерi)» деген сөздердің алдынан «дивидендтер төлейтін немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «акциялардың (қатысу үлестерiнің)» деген сөздердің алдынан «дивидендтер төлеген немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлікте:
«3) және 4) тармақшаларының» деген сөздер «4) және 5) тармақшаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«акцияларын (қатысу үлестерін)» деген сөздердің алдынан «дивиденд төлейтін немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші бөліктегі «акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу күнгі заңды тұлғаның» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі және 11-тармағындағы «2) - 4)» деген цифрлар «3) - 5)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
28) 224-баптың 4-тармағында:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «аспайтын» деген сөз «аз» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мұндай мемлекетте қаржы ақпаратының құпиялылығы туралы заңдар немесе мүліктің, табыстың нақты иесі немесе компанияның нақты иелері, құрылтайшылары, акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдар болса, ол салық салуда жеңілдігі бар мемлекет деп танылады. Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасы құзыретті органдар арасында ақпарат алмасу туралы ережелерді көздейтін халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерге қатысты қолданылмайды, уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан аталған халықаралық шартта алмасу көзделген мәліметтерді беруден жазбаша бас тартуды алған немесе шет мемлекеттің құзыретті органы мұндай мәліметтерді уәкілетті орган тиісті сауалды жібергеннен кейін екі жылдан астам уақыт ішінде бермеген жағдайлар бұған кірмейді.»;
екінші бөліктегі «айқындайды» деген сөз «бекітеді» деген сөзбен ауыстырылсын;
29) 228-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес» деген сөздердің алдынан «кеден одағының және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармағының 30) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30) 230-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасында тауарларды өткізу бойынша айналым ретінде қарастырылады» деген сөздер «салық салынатын айналым болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 231-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы «режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 31) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақта:
5) тармақшадағы «сыйақы үшін» деген сөздер алып тасталсын;
«беруді білдіреді.» деген сөз «беруді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) кредит (қарыз, микрокредит) беруді білдіреді.»;
3-тармақта:
4) тармақшада:
«Қазақстан Республикасынан тысқары» деген сөздер «кеден одағынан тысқары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкету» деген сөзден кейін «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
«Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу» режимімен» деген сөздер «тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде өңдеу кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) егер мұндай әкету кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды уақытша әкету кедендік рәсімінде ресімделсе, шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін кеден одағынан тысқары жерлерге әкету;»;
32) 232-бапта:
екінші бөліктегі «Тауарларды» деген сөз «Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кеден одағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 276-5-бабына сәйкес айқындалады.»;
33) 233-бапта:
6-тармағының 33) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтағы «тиеп-жөнелтуі» деген сөздер «өткізуі» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақшадағы «тиеп-жөнелтуге» деген сөздер «өткізуге» деген сөзбен ауыстырылсын;
«өткізуі бойынша айналымы болып табылады.» деген сөздер «өткізуі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
33) тармақшаның алтыншы, жетінші абзацтары 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстiң 271-1-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша айналымы болып табылады.»;
6-тармағының 34) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
34) мынадай мазмұндағы 233-1-баппен толықтырылсын:
«233-1-бап. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
1. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесі Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес комитенттен алған тауарларды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды өткізу комиссионердің өткізуі бойынша айналым болып табылады.»;
6-тармағының 35) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
35) 234-баптағы «тиеп-жөнелту» деген сөздер «өткізу» деген сөзбен ауыстырылсын;
36) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
36) 235-бапта:
1-тармақтағы «(оның ішінде өндірілген пайдалы қазбаларды)» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың ережелері осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуі (сатып алуы) кезінде қолданылмайды.»;
6-тармағының 37) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
37) 236-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы баптың мақсатында осы тармақшамен жылжымайтын мүлікке жатқызылмаған мүлік жылжымалы мүлік деп танылады.»;
38) 237-баптың 3-тармағында:
бірінші абзацтағы «режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының шекарасын» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
бірінші абзацтағы «кедендік ресімдеуді», «ресімделген» деген сөздер тиісінше «кедеңдік декларациялауды», «декларацияланған» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтарда:
«режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«декларациялау» деген сөздер «кедендік декларациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 39) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) 238-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «айналым мөлшері» деген сөздердің алдынан «салық салынатын» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда салық салынатын айналым мөлшері сыйақы негізінде айқындалады.»;
8-тармақтағы «қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген» деген сөздер «олар бойынша сатып алу кезінде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сенім білдірілген адам сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде сенім білдірілген адамның салық салынатын айналымының мөлшері оның сыйақысы негізінде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 19 және 20-тармақтармен толықтырылсын:
«19. Шетелдiк валютамен операция осы бөлімнің мақсатында айналым жасалған күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен - теңгемен қайта есептеледi.
20. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы бөлімнің салық салынатын айналым мөлшерін айқындау (оның ішінде оны түзету) жөніндегі ережелері салық салынбайтын айналым мөлшерін айқындау кезінде де қолданылады.»;
40) 241-баптың 6-тармағының 2) тармақшасындағы «ресімдеу» деген сөз «декларациялау» деген сөзбен ауыстырылсын;
41) 242-баптың екінші бөлігінде:
«Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздердің алдынан «Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының кеден аумағынан» деген сөздер «кеден одағының кеден аумағынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 243-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшада:
«режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының» деген сөздер «кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
бірінші абзацтағы «режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші абзацтарда:
«режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«декларациялау» деген сөздің алдынан «кедендік» деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақшаның екінші абзацындағы «режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «режимінде Қазақстан Республикасының» деген сөздер «кедендік рәсімінде кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «режимі экспорт режиміне» деген сөздер «рәсімі кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсіміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «тауарларды кеден аумағынан тыс жерде өңдеу режимінде» деген сөз «кеден аумағынан тыс жерде өңдеу кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«кеден бақылауымен» деген сөздер «ішкі тұтыну үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«режимінде» деген сөз «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жүктің кедендік декларациясының көшірмесіне сәйкес шет мемлекеттің аумағында тауарларды өңдеудің кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту енгізілетін сол декларацияның көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.»;
43) 244-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «кедендік режимінде» деген сөздер «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 245-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
45) 246-бапта:
«Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздердің алдынан «Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының аумағына» деген сөздер «кеден одағының аумағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 247-бап «Қазақстан Республикасының кеден заңдарына» деген сөздер «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 248-бапта:
6-тармағының 47) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар»;
бірінші абзацтағы «Мынадай» деген сөз «Өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «өткізу» деген сөз «тарату» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кеден одағының кеден аумағына кеден аумағында өңдеу кедендік рәсімінде әкелінген тауарларды өңдеу және (немесе) жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді;»;
10) тармақшадағы «244-бабында» деген сөздер «244, 276-12-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 47) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) тармақша алып тасталсын;
21) тармақшадағы «дүкенінің кеден режимiне» деген сөздер «кедендік рәсімiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағының 48) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
48) 250-бапта:
тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«250-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық операциялар
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген қаржылық операциялар қосылған құн салығынан босатылады.»;
2-тармақта:
бірінші абзацтағы «қызмет көрсетулерге» деген сөздер «операцияларға» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «құқықтарын беру жатады» деген сөздер «құқықтарын беру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) осы баптың 4-тармағында көрсетілген операциялар жатады.»;
49) 255-баптың 1-тармағында:
2) тармақша «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасында акредиттелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;»;
6) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға» деген сөздер «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кеден режимдерiнде» деген сөздер «кедендік рәсімінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 256-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «кеден режимінің» деген сөздер «кедендік рәсімінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
5) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына» деген сөздердің алдынан «кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
«кеден режимінің» деген сөздер «кедендік рәсімінің» деген сөздермен ауыстырылсын;