әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
214-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзу
1. Өндірушінің немесе импорттаушының акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарларды таңбалау қағидаларын бұзуы -
лауазымды адамдарға - жүз жиырма, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түріндегі айналымы -
жеке тұлғаларға құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарларға акциз ставкасының бес жүз пайызы мөлшерінде, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркілене отырып,лауазымды адамдарға - жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
12) мынадай мазмұндағы 218-1-баппен толықтырылсын:
«218-1-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген төлеу мерзімінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жанама салықтарды төлемеу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген төлеу мерзімінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң жанама салықтарды төлемеу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушінің салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені, сондай-ақ уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені табыс етпеуі және оларды орындамауы -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген өңдеу мерзімдерін бұзу -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға есептелген салық сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткізу туралы хабарламауы не уақтылы хабарламауы -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыру тәртібін бұзуы -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы белгіленбеген орындардан өткізу -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - екі жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген акцизделетін тауарларды алған күні туралы хабарлама табыс етуге міндетті тұлғалардың орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органдарына осындай хабарламаны табыс етпеуі -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаты үшін, егер тұлға кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамағаны үшін осы Кодекстің 207-бабында көзделген әкімшілік жауапқа тартылуы тиіс болған жағдайда, осы тұлға осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.»;
13) 335-баптың екінші абзацында:
мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
«айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi» деген сөздер «отыз айлық есептiк көрсеткiш» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) мынадай мазмұндағы 400-1 және 400-2-баптармен толықтырылсын:
«400-1-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу
Кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркін немесе кедендік қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің осындай қызметті «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, еркін немесе кедендік қойманы, баж салынбайтын сауда дүкенін құруға арналған үй-жайдың немесе аумақтың кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
400-2-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралы орналасқан жерді кеден органының анықтауына мүмкіндік беретін, сол көлік құралында техникалық жабдықтың болмауы не оның ақаулы болуы -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
15) 401 және 402-баптар мынадай мазмұнда жазылсын:
«401-бап. Кеден одағының кедендік шекарасынан өткеннен кейін өткізу пунктіне тауарлар мен көлік құралдарының келгені туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау
Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын оңайлатылған немесе жеңілдікті тәртіппен өткізуін қоспағанда, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының кедендік шекарасынан өтетiндiгi туралы хабарламау, оның ішінде кедендік шекарадан өткен кезде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс ету міндетті болып табылатын кеден құжаттарын табыс етпеу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
402-бап. Өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз тауарлар мен көлiк құралдарының кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерге кетуі
1. Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын оңайлатылған немесе жеңілдікті тәртіппен өткізуін қоспағанда, егер тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болса не тауарлар мен көлік құралдарын әкету оларды кедендік бақылауға орналастыруды көздесе, өткізу пунктінде тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік шекара арқылы кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау, оның ішінде кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс етілуі міндетті болып табылатын кеден құжаттарын табыс етпеу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
16) 405-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, не онсыз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
17) 406 және 407-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«406-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
Мұндай тоқтатпау көлiк құралының техникалық ақаулығынан немесе еңсерілмейтін күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралын, сондай-ақ кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейтін орындарда тоқтатпау -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
407-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жөнелту
Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз жөнелту -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
18) 408-бап алып тасталсын;
19) 409-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«409-бап. Тауарларды кедендік рәсімдеуге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау және тауарларды кедендік тазалау тәртібін бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау және тауарларды кедендік тазалау тәртібін бұзу, яғни кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды кедендiк ресiмдеуге орналастыру, кеден операцияларын жасау орны мен уақыты жөніндегі талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсімдеуге орналастырудың бірінші кезектегі тәртібін қолдану шарттарын сақтамау -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
20) мынадай мазмұндағы 409-1-баппен толықтырылсын:
«409-1-бап. Кеден операцияларын жүргізу тәртібін бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кеден операцияларын жүргізу тәртібін бұзу -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тиісті тізілімнен алып тастай отырып, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
21) 410 және 413-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«410-бап. Кедендiк тазалау аяқталмаған тауарлармен заңсыз операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, кедендік тазалау аяқталмаған тауарлармен операциялар жүргiзу, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету, -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«413-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртібін бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртібін бұзуы, яғни тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша, кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі бойынша кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптарды сақтамауы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
22) мынадай мазмұндағы 413-1 және 413-2-баптармен толықтырылсын:
«413-1-бап. Кеден өкілінің кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
1. Кеден өкілінің үшінші тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзімі өткен соң немесе ол бұзылғаннан кейін үшінші тұлғаның мүддесі үшін кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруы -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, кеден өкілі бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекет -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
413-2-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы
Уәкілетті экономикалық оператордың осындай қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
23) 414, 415 және 417-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«414-бап. Кеден декларациясын, құжаттар мен мәлiметтерді беру мерзiмдерiн бұзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын кедендік декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының кеден органына белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуі, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
415-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына есептілікті табыс етпеу және есеп жүргiзу тәртібін сақтамау
Кедендік тасымалдаушының, кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, кедендік немесе еркін қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кеден аймағы аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, өңделетін, дайындалатын, сатып алынатын және өткізілетін тауарлар туралы есептілікті Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде табыс етпеуі, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртібін сақтамауы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«417-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін, оларды сақтау және олармен операциялар жүргізу тәртібін бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін және оларды сақтау тәртібін, кеден қоймасында сақтау мерзімдерін, тауарларды бір қоймадан екінші қоймаға көшіру тәртібін бұзу, сол сияқты кеден қоймаларында, уақытша сақтау қоймаларында және еркін қоймаларда тауарлармен операциялар жүргiзу -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
24) мынадай мазмұндағы 417-1-баппен толықтырылсын:
«417-1-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
25) 418-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацындағы «лицензия күшiн тоқтата тұрып,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «не тауарларды өңдеуге берілген лицензияның, арнайы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға» деген сөздер алып тасталсын;
26) 421-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«421-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу не осы аумаққа қайтармау
1. Бұрын әкелiнген және (немесе) аяқталған кезінде белгiленген мерзiмдерде оларды әкету көзделетін белгілі бір кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ егер мұндай әкету мiндеттi болып табылған жағдайларда кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу, не бұрын әкетiлген және (немесе) аяқталған кезінде белгiленген мерзiмдерде кері әкелу көзделетін белгілі бір кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ егер мұндай әкелу мiндеттi болып табылған жағдайларда, белгіленген мерзімдерде кеден одағының кедендік аумағына қайтармау -
әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарының қайта әкетілуін немесе әкелінуін, не аварияның немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн еместігін растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды табыс ету -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
27) 422-бап алып тасталсын;
28) 423, 424 және 425-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«423-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсімге орналастырылған тауарлармен және көлiк құралдарымен заңсыз операциялар жасау, жай- күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсіміне сай келмейтiн операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету, сол сияқты есеп жүргізу және есептілікті табыс ету тәртібін және кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген өзге де шектеулердi, талаптарды және кедендік рәсімінің шарттарын сақтамау -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
424-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртібін сақтамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленетiн тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртібін бұза отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
425-бап. Жеке тұлғалардың оңайлатылған немесе жеңiлдiкті тәртiпті бұза отырып кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуi
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын оңайлатылған немесе жеңiлдiкті тәртiпті бұза отырып, жеке тұлғалардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізуi, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің кедендік шекара арқылы оңайлатылған немесе жеңілдікпен өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын міндетті жазбаша декларациялау жөніндегі талаптарын, сондай-ақ тауарларды иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізу тәртібін сақтамау, -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
29) мынадай мазмұндағы 425-1-баппен толықтырылсын:
«425-1-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерінде өткізу тәртібін бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген халықаралық почта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу -
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге -жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
30) 426-бапта:
тақырыптағы «Қазақстан Республикасының кеден шекарасы» деген сөздер «кеден одағының кедендік шекарасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: