2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері банк мүлкінің мөлшерінен асып кетсе, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебінен пайда болған айырманың орнын толтыруға құқылы.
4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 2, 3-тармақтарына сәйкес беретін қаражат мөлшері кепілдік берілген өтем ретінде төленуге жататын, осы Заңның 18-бабына сәйкес айқындалатын сомадан аспауға тиіс.
5-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері. Кепілдік берілген өтемді төлеу мөлшері мен тәртібi
17-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілерi
Қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, банк шоттарында жатқан және банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарымен және (немесе) салым құжаттарымен куәландырылған жеке тұлғалардың теңге және шетел валютасы түріндегі депозиттерін олар бойынша есептелген сыйақысыз қайтару бойынша қатысушы банктің міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Кепілдік берілген өтем
Қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозиторларға кепілдік берілген депозиттер бойынша депозит бойынша қалдық сомасында, ол бойынша есебіне жазылған сыйақысыз, бірақ:
ұлттық валютадағы кепілдік берілген депозит бойынша он миллион теңгеден;
шетел валютасындағы кепілдік берілген депозит бойынша бес миллион теңгеден аспайтын кепілдік берілген өтемді төлейді.
Қатысушы банкте депозитордың түрі мен валюта бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозиті болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша он миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтемді төлейді.
19-бап. Депозиторлардың кепілдік берілген өтем алу құқықтары
1. Депозитор осы Заңда белгіленген мөлшерде және тәртіппен кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтем алуға құқылы.
2. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Депозитор бірнеше қатысушы банктерде депозиттер ашқан жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді әрбір қатысушы банк бойынша жеке-жеке төлейді.
4. Кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтем төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге белгіленген нарықтық бағамы қолданылады.
20-бап. Агент банк
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді қатысушы банктер арасынан конкурстық негізде таңдап алынған агент банк (банктер) арқылы төлейді.
Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі және агент банкке қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Егер қатысушы банктердің бірде-біреуі агент банкке қойылатын талаптарға сай келмеген жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді Ұлттық почта операторы арқылы төлейді.
21-бап. Кепілдік берілген өтемді төлеу тәртібi
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекеттік және орыс тілдерінде таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату және кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктің (не агент банкті таңдау мүмкін болмаған жағдайда Ұлттық почта операторының) атауын көрсете отырып, кепілдік берілген өтемді төлеудің басталғаны, төлеу кезеңі мен орны (орындары) туралы не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілдік берілген өтемді төлей бастау мерзімін кейінге қалдыру туралы хабарлайды.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді төлей бастау мерзімін кейінге қалдырған жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекеттік және орыс тілдерінде таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы төлеудің басталуы, кезеңі, орны (орындары) және шарттары туралы депозиторларға қосымша хабарлайды.
Депозитор аталған ақпаратты депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан тікелей алуға құқылы.
2. Мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің депозиторы кепілдік берілген өтемді төлей бастау туралы хабарландыру шыққан күннен бастап алты ай ішінде өзіне кепілдік берілген өтем төлеу туралы агент банкке жазбаша өтініш беруге құқылы, бұл өтінішке банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарының және (немесе) салым құжаттарының түпнұсқалары мен олардың көшірмелері қоса берілуге тиіс. Агент банк кепілдік берілген өтемді депозитор жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғанда ғана төлейді.
3. Депозитордың мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банкке талап ету құқықтары расталған жағдайда агент банк кепілдік берілген өтемді құжаттар агент банкке келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
4. Алты ай өткеннен кейін депозитор кепілдік берілген өтемді алу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасауға құқылы.
5. Егер мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор немесе кепілдік беруші болса, кепілдік берілген өтемнің мөлшері кепілдік берілген депозит сомасы мен аталған қатысушы банктің қарсы талаптарының сомасын есепке алу нәтижелері бойынша шыққан айырма сомасына сүйене отырып айқындалады.
6-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резервi
22-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңда көзделген қатысушы банк депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:
1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегiнде оның шығыстары;
2) қатысушы банктердің жарналары;
3) қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қатысушы банктерге қолданылған тұрақсыздық төлемі;
4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің төленген (төленетін) кепілдік берілген өтем сомалары бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша;
5) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерiн орналастырудан түскен кiрiс;
6) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртiппен оның шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған меншікті активтерін орналастырудан түскен кiрiс шегiнде және есебiнен арнайы резерв қалыптастырады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің нысаналы мөлшері қатысушы банктердегі бүкіл кепілдік берілген депозиттер сомасының бес процентінен кем болмайды.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi кепілдік берілген өтемді төлеу үшін ғана пайдаланылуы мүмкін.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің қаражаты депозиторларға кепілдік берілген өтем төлеуге жеткіліксіз болса және жетіспейтін соманы қатысушы банктердің қосымша жарналары есебінен жабу мүмкін болмаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органнан жетіспейтін ақша сомасында қарыз алуға құқылы.
Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді бастау уәкiлеттi органмен келiсім бойынша қарыз алу үшiн қажеттi, бiрақ қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк қырық бес күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады.
7-тарау. Қорытынды ережелер
24-бап. Дауларды қарау тәртібi
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жөніндегі қарым-қатынастардан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және Заң қолданысқа енгізілгенге дейін банктер жеке тұлғалармен жасасқан банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарынан туындайтын қарым-қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болған банктер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен осы Заңда белгіленген тәртіппен қосылу шартын жасасуға міндетті.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қатысушы банктермен жасасқан міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу, жеке тұлғалардың тартылған депозиттері бойынша сыйақының ең жоғары ставкалары және банктің депозит саясаты жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы шарттар қатысушы банкпен осы Заңда белгіленген тәртіппен қосылу шартын жасасқан кезге дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.
№ 169-III ҚРЗ