ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына,
вандализм көрінісіне және бөтенің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 111-баптың 3-тармағы «адамдарды қоспағанда)» деген сөздерден кейін «агенттіктің,» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 117-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Медициналық ұйымдардың және бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдары жаңа туған бала тастап кетілген, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар келіп түскен және жеткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органына және прокуратурасына хабарлауға міндетті.».
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне:
1) 3-бапта:
1) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1) адамды қанау - кінәлі адамның мәжбүрлі еңбекті, басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді пайдалануы, адамды қайыршылықпен айналысуға, құқыққа қайшы қызмет жасауға мәжбүрлеуі немесе кінәлі адамның адамға қатысты меншік иесінің кейбір немесе барлық өкілеттігін жүзеге асыруына байланысты өзге де әрекеттер.
Ескертпелер. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлі адамның мәжбүрлі еңбекті пайдалануы деп адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру не қандай да бір жаза қолдану қатерін төндіру арқылы талап етілетін кез келген жұмыс немесе қызмет түсініледі.
Басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді кінәлі адамның пайдалануы деп кінәлі адамның алынған табыстарды немесе оның бөлігін иемденіп алу мақсатында, сол сияқты осы мақсатты көздемей, адамды жезөкшелікпен айналысуға немесе сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге мәжбүрлеуі түсініледі.
Адамды қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу деп басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу түсініледі.
Кінәлі адамның құқыққа қайшы қызмет жасауға мәжбүрлеуі деп табыс немесе мүліктік сипаттағы пайда алу мақсатында адамды құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлеу түсініледі.»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақпен толықтырылсын:
«1-1) адам саудасына байланысты қылмыстар - осы Кодекстің 116, 125 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 126 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 128, 134, 135, 308 және 309-баптарында көзделген іс-әрекеттер;»;
2) тармақта:
«202 және 269-1-баптарда - айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал» деген сөздер «202-бапта - айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомадағы залал;» деген сөздермен ауыстырылсын;
«233-бапта - айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал;» деген сөздерден кейін «269-1-бапта - айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал;» деген сөздермен толықтырылсын;
42) тармақта:
«122 (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау),» деген сөздер «122 (көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«134 (кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту),» деген сөздер «134 (кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарту),» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың екінші бөлігі «(202-баптың екінші және үшінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «ауырлататын мән-жайлар кезінде ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жойғаны, әкеткені немесе бүлдіргені (203-баптың екінші және үшінші бөліктері),» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 68-баптың төртінші бөлігі 9) тармағындағы «құқық бұзушылық жасаған адамдарға қолданылмайды.» деген сөздер «құқық бұзушылық;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақпен толықтырылсын:
«10) адам саудасына байланысты қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.»;
4) 122-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«122-бап. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу
1. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасын, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасын немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, он алты жасқа толмаған адамға қатысты ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, мынадай:
1) бірнеше рет;
2) екі және одан көп адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он екі жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе. Осы бапта және осы Кодекстің 134, 308 және 309-баптарында сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер деп басқа адамның жыныстық қажеттілігін (құмарлығын), оның ішінде телекоммуникациялар желілері, оның ішінде Интернет арқылы нақты уақыт режимінде қашықтан қанағаттандыруға бағытталған әрекеттерді табыс алу немесе мүліктік сипатта пайда табу мақсатында жасау түсініледі.»;
5) 128-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы 12) тармағындағы «жасалған дәл сол іс-әрекеттер -» деген сөздер «жасалған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақпен толықтырылсын:
«13) қанауда босанған және (немесе) өзімен бірге кәмелетке толмаған баласы бар әйелге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер -»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы Кодекстің адам саудасына байланысты қылмыстар үшін жауаптылықты көздейтін баптарында жәбірленушінің өзін пайдалануға күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру, алдау немесе қызметтік жағдайды, жәбірленушінің материалдық немесе өзгедей тәуелділігін пайдалана отырып, сенімін теріс пайдалану, психикасының бұзылуын немесе дәрменсіз күйін пайдалану, жеке басын куәландыратын құжаттарын алып қою, жасыру не жою немесе ықпал етудің өзге де тәсілдері арқылы алынған келісімі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жоққа шығаратын негіз болып табылмайды.»;
6) 134-бапта:
тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы «айналысуға» деген сөзден кейін «, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы:
«алдау жолымен» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтерді осы мақсаттарда насихаттау және (немесе) жарнамалау арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
«айналысуға» деген сөзден кейін «, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын:
«Ескертпелер. Осы бапта, осы Кодекстің 308 және 309-баптарында:
1) жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтерді осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатында насихаттау деп жезөкшелік, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтер, осындай қызметтерді көрсетудің пайдасы мен артықшылықтары туралы кез келген ақпарат таратуды түсінген жөн;
2) жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтерді осы қызметке тарту мақсатында, сол сияқты жеңгетайлық мақсатында жарнамалау деп осындай қызметтерді көрсететін адам, олардың бағасы, алу тәсілі және (немесе) орны туралы ақпарат таратуды және (немесе) орналастыруды түсінген жөн.»;
7) 135-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы 13) тармағындағы «жасалған дәл сол іс-әрекеттер -» деген сөздер «жасалған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақпен толықтырылсын:
«14) қанауда босанған және (немесе) өзімен бірге кәмелетке толмаған баласы бар кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер -»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің өзін пайдалануға келісімі осы Кодекстің 128-бабына ескертпеде көзделген ықпал ету тәсілдерінің болуына немесе болмауына қарамастан, назарға алынбайды.»;
8) 202-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
«екі мың» деген сөздер «бес жүзден екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«алты жүз» деген сөздер «үш жүзден алты жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы 5) тармағындағы «келтірген дәл сол іс-әрекет -» деген сөздер «келтірген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақтармен толықтырылсын:
«6) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
7) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) абайсызда адам өліміне алып келген;
2) аса ірі залал келтіруге алып келген;
3) қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -»;
9) 203-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы 3) тармағындағы «жасалған іс-әрекет -» деген сөздер «жасалған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақтармен толықтырылсын:
«4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
5) бірнеше рет жасалған іс-әрекет -»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы «әкеп соққан» деген сөздерден кейін «, сол сияқты қылмыстық топ жасаған» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 293-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
«екі мың» деген сөздер «бес жүзден екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«алты жүз» деген сөздер «үш жүзден алты жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацында:
«бес мың» деген сөздер «үш мыңнан жеті мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бес жылға» деген сөздер «үш жылдан алты жылға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттерді және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған, сол сияқты қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -
бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
11) 294-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«294-бап. Вандализм
1. Вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлау -
бір жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Мынадай:
1) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздық уәждері бойынша жасалған;
2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) пайдакүнемдік ниетпен;
4) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -
бес жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүзден алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
12) 308-бапта:
тақырып «айналысуға» деген сөзден кейін «, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы:
«алдау арқылы» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтерді осы мақсаттарда насихаттау және (немесе) жарнамалау арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
«айналысуға» деген сөзден кейін «, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 309-бапта:
тақырып «айналысуға» деген сөзден кейін «, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы «айналысуға» деген сөзден кейін «, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) телекоммуникациялар желілерін, оның ішінде Интернетті пайдалану арқылы;
4) жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де көрсетілетін қызметтерді осы мақсаттарда насихаттау және (немесе) жарнамалау арқылы;
5) кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге тарта отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 71-баптың алтыншы бөлігінің бірінші абзацы 23) тармағындағы «өтемақы алуға құқығы бар.» деген сөздер «өтемақы алуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақпен толықтырылсын:
«24) Қазақстан Республикасының адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алуға құқығы бар.»;
2) 187-баптың екінші бөлігіндегі «293 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде),» деген сөздер «293 (екінші және үшінші бөліктерінде), 294 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 191-баптың он алтыншы бөлігіндегі «294,» деген цифрлар «294 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 307-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағындағы «122 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздер «122 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында:
«110 (екінші бөлігінің 4) тармағында),» деген сөздер «116 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде) (қылмыстық топтың қылмыс жасауы бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«124,» деген цифрлардан кейін «125 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 126 (үшінші бөлігінің 2) тармағында),» деген сөздермен толықтырылсын;
«және 146 (бірінші және екінші бөліктерінде) - баптарында» деген сөздер «, 146 (бірінші және екінші бөліктерінде) және 308-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 5 шілде
№ 111-VIII ҚРЗ