ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлықпен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 54-бап өзгертiлдi
54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары бойынша шектеулер
Қазақстан Ұлттық Банкінің:
- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;
- қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға;
- қамтамасыз етілмеген қарыздар, сондай-ақ бір жылдан асатын мерзімге қарыздар беруге;
- Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, берілген қарыздардың мерзімін ұзартуға немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беруге құқығы жоқ.
Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен Х Тараудың атауы өзгертiлдi
10 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің сыртқы экономикалық
қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар
55-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Президентінің 02.08.95 ж. № 2396 Заң күшi бар жарлығымен; 03.07.96 ж. № 18-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 56-бап өзгертiлдi; 2009.04.07 № 167-ІV ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 56-бап өзгертілді; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары
Қазақстанның Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау органы ретінде:
1) Қазақстан Республикасындағы валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу және сату тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды лицензиялау тәртібін айқындайды және осындай заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды береді;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) айырбастау пункттерін ашу және қолма-қол шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу бағамдарының сату бағамдарынан ауытқу шектерін белгілеу тәртібін қоса алғанда, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
6) капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарды есептік тіркеу, жүргізілген валюталық операциялар туралы және Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі шоттары туралы хабардар ету және валюталық операцияларды мониторингтеу мақсаттары үшін ақпарат ұсыну тәртібін қоса алғанда, валюталық операцияларды мониторингтеу және валюталық операциялар мен Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктердегі шоттары бойынша ақпарат ұсыну тәртібін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасы резиденттерінің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;
8) арнайы валюталық режим шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсаттар береді;
9) мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы резиденттерінің және Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің орындауы үшін міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің тәртібі мен нысанын, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) уәкілетті банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және өзге де тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайларда, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолданады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында өзге де функцияларды орындауға құқылы.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 57-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 57-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
57-бап. Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен жасалатын операциялар
Қазақстан Ұлттық Банкi шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен мынадай операцияларды жүргізеді:
шетел валютасын сатып алады және сатады;
Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел валютасында, шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген бағалы қағаздармен операцияларды жүргізеді;
Қазақстан Республикасының банктерінде, өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетелдік орталық банктерде, шетел банктерінде және басқа қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетелдік орталық банк, шетел банктері және басқа қаржы институттары, шет елдердің үкіметтері мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шоттарды ашады және жүргiзеді, олардың өкiлі немесе корреспонденті ретiнде iс-әрекет жасайды;
тазартылған алтынды, басқа да бағалы металдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асырады;
ішкі және сыртқы нарықтарда тазартылған алтынды және басқа да бағалы металдарды сатып алу, сату, сақтауға орналастыру және депозитке салу жөнiндегі, оның ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу жөніндегі операцияларды жүргiзеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына шетел валютасындағы активтер мен бағалы металдарды әкеледі, сондай-ақ оларды шетел банктеріндегі және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге әкетеді;
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы оларға қойылатын талаптарды айқындайтын бағалы қағаздармен операцияларды жүргізеді;
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ең төменгі деңгейін айқындайтын кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестермен ақша нарығының құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
клиенттердің металл шоттарын ашады және жүргізеді;
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық операциялардың кез келген түрін шектеусіз жүзеге асырады.
Осы Заңда көзделген мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді орындау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі активтерді салу тәуекелін ескере отырып және оларды басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес, шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді олардың ұзақ мерзімді болашақта сақталуын, өтімділігі мен кірістілігін қамтамасыз ете отырып басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 58-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 58-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
58-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері
Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері (бұдан әрі - алтын-валюта резервтері) халықаралық капитал нарығында жоғары өтімділікке ие Қазақстан Ұлттық Банкі активтерінен Қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады және:
тазартылған құйма алтынды және металл шоттарындағы алтынды;
Халықаралық валюта қорындағы резервтік позицияны және Халықаралық валюта қорының арнайы қарыз беру құқығындағы активтерді;
қолма-қол ақшаны, шетел банктерінде орналастырылған депозиттерді қоса алғанда, еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді және эмитенттері шетелдердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын бағалы қағаздарды;
өтімділікке және шектеу талаптарынсыз пайдалану мүмкіндігіне ие, еркін айырбасталатын шетел валюталарында номинирленген басқа да сыртқы активтерді қамтиды.
Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта резервтерін ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, алтын-валюта резервтерін кредиттер (қарыздар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместеріне кепiлдiктер немесе басқа да мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта резервтерінің құрылымын ұлғайтуды және өзгертуді:
Қазақстан теңгесi мен шетел валютасына тазартылған алтынды сатып алу;
Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый монеталарын қоса алғанда) және шетел валютасына Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінен еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді сатып алу;
шетел валютасымен депозиттік, салымдық, дилингтік операциялардан және шетел валютасында номинирленген бағалы қағаздармен операциялардан, сондай-ақ оларға шетел валютасында берілген кредиттерден түсетiн еркін айырбасталатын шетел валютасындағы комиссиялық және басқа да сыйақы түсімдері;
Қазақстан Ұлттық Банкінің тазартылған алтында номинирленген бағалы қағаздарымен операциялардан түсетін түсiмдерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынды сатудан, депозитке салудан және онымен басқа да операциялар жүргізуінен түсетін алтын және еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер;
Қазақстан Ұлттық Банкінің шетел валютасындағы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруынан түсетін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер;
шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді алтын-валюта резервтеріне аудару;
Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттерден түсетін түсімдер;
осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететін қызметтерден түсетін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер жолымен жүргізеді.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта резервтерінің құрылымын азайтуды және өзгертуді:
айырбастау бағамы саясатын қоса алғанда, ақша-кредит саясатын жүргiзу және iшкi валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті деңгейлестіру мақсатында еркін айырбасталатын валютаны сату;
бюджет қаражаты және Қазақстан Ұлттық Банкiнің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен, Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық міндеттемелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сыртқы борышын өтеу және оған қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттемелерін, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
өнiм (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импортына ақы төлеу, шет елдегі дипломатиялық және өзге де өкiлдiктердi ұстау, iссапар және өкілдік шығыстарын төлеу;
басқа шетел валютасын сатып алу үшін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді сату;
Қазақстан Ұлттық Банкінің эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу;
Қазақстан Ұлттық Банкі алған кредиттер бойынша негiзгi соманы және сыйақыны қайтару, сондай-ақ комиссиялық және соларға iлеспе басқа да шығыстарды төлеу;
шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес алтын-валюта резервтерін шетел валютасындағы және бағалы металдардағы басқа активтерге аудару;
тазартылған алтынды Қазақстан теңгесіне және шетел валютасына өткізу;
шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқару мен сақтауға байланысты шығыстарды төлеу;
шығынды алтын-валюта резервтерін есептен шығару жолымен жүргізеді.
Алтын-валюта резервтерін ұлғайту немесе азайту алтын-валюта резервтеріне кіретін активтердің нарықтық құнының өзгеруі және Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған еркін айырбасталатын валютадағы банк шоттары иелерінің-резиденттердің операциялары нәтижесінде де жүргізіледі.
59-бап. 2016.14.01. № 445-V ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60-бап. 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-тарау. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп беруi
65-бап. Қаржы жылы
Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 66-бап жаңа редакцияда; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 66-бап өзгертілді
66-бап. Есеп беру
Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуiне жылдық есеп берiп отырады.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн қарап, оны бекіту туралы шешiм қабылдайды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 67-бап өзгертілді; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 67-бап өзгертілді
67-бап. Жылдық есеп
Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебi:
- ақша-кредит саясаты және қаржы рыногының жай-күйi туралы баяндаманы;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің өткен жылғы қызметi туралы есептi;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қамтиды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 68-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 68-бап өзгертілді
68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметiн тексеру
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық есептілігінің аудитін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттің немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің орталық банкіне аудит жүргізу тәжірибесі бар аудиторлық ұйым жыл сайын жүргізеді.
Тексерiс кезiнде алынған әрбір ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ұйымдарының қызметiне жасалған кез келген мемлекеттік органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентінің келісімiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады.
13 тарау. Қорытынды ережелер
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің таратылуы
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 70-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 70-бап өзгертілді
70-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер
Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдары талаптарының іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi кез келген жеке және заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған ақпарат жария етiлуге жатпайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, алынған ақпаратты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, соның ішінде оның Қазақстан Ұлттық Банкiнің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізе алуын қамтамасыз ету арқылы береді.
Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары Қазақстан Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржы есептемесін қоса алғанда, есептемені және қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларын орындауына қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 70-1-баппен толықтырылды; ҚР 03.05.01 ж. № 182-II Заңымен 70-1-бап жаңа редакцияда; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 70-1-бап өзгертілді
70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетінше белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөніндегі қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.
Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Ол көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін ақының мөлшерлері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 71-бап жаңа редакцияда
71-бап. Талап етудің ескіру мерзімі
Қазақстан Ұлттық Банкінің кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап етудің ескіру мерзiмi қолданылмайды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 08.12.97 ж. № 200-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 72-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жауапкершiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
73-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 74-бап өзгертiлдi
74-бап. Осы Заңның күшiне енуi
Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 1995 жылғы наурыздың 30-ы.
№ 2155