ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен тараудың атауы жаңа редакцияда
8 тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 48-бап өзгертiлдi; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 48-бап жаңа редакцияда; ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 09.07.03 ж. № 482-II Заңдарымен 48-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 48-бап өзгертілді; 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, төлем жүйелерiн және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкінің төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, төлем жүйелерiн және көрсетілетін төлем қызметтері нарығын ұйымдастырудағы және реттеудегi, көрсетілетін төлем қызметтері нарығына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асырудағы өкілеттiктерi «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес айқындалады.
48-1-бап. 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертiлдi
49-бап. Шоттар
Қазақстан Ұлттық Банкi банк шоттарының түрлерін, құқықтық режимін және құрылымын, шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 50-бап жаңа редакцияда
50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актілерінде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актілерінде белгіленедi.
51-бап. 11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен алып тасталды
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8-1-тараумен толықтырылды
8-1-тарау. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ЖӘРДЕМДЕСУ
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 51-1-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
51-1-бап. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру
Қазақстан Ұлттық Банкi дербес және (немесе) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шеңберінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша:
бір-біріне жалпы мемлекеттік маңызы бар, болжанатын әрекеттер және қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат беру;
қаржылық тұрақтылық үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау;
жүйелік тәуекелді барынша азайту, қаржы дағдарысының туындауын болғызбау және оның салдарларын барынша азайту мақсатында келісілген шешімдер кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру;
қаржылық тұрақтылық мәселелері бойынша келісім жасасу арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүзеге асырады.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мынадай шараларды қабылдауға байланысты:
қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендетуге бағытталған макропруденциялық саясатты іске асыру шаралары жөніндегі;
Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қаржы дағдарысының туындауын болғызбау және оның салдарларын барынша азайту бойынша шаралар кешені жөніндегі;
мәжбүрлеп таратылуы қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне әкеп соғатын төлемге қабілетсіз банкті реттеу шаралары жөніндегі, оның ішінде оны реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы жөніндегі;
екінші деңгейдегі банктерді, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен сауықтыру бойынша шараларды қаржыландыру жөніндегі мәселелер міндетті түрде Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің алдын ала қарауына жатады.
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында:
1) қаржы жүйесінің тұрақтылығына ықпал ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға ұдайы мониторинг жүргізеді;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) макропруденциялық саясатты қалыптастырады;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды береді;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi, 2016 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды)
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде еркін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне өтуге байланысты ұлттық валютада (теңге) қабылданған жеке тұлғалардың депозиттері (салымдары) бойынша біржолғы өтемақы, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік порфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым арқылы төлеуді жүзеге асырады;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды (2014 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде екінші деңгейдегі банктермен туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізеді;
8) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 51-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 51-2-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
51-2-бап. Макропруденциялық саясат
Макропруденциялық саясат деп қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар кешені түсініледі.
Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдері деп бүкіл қаржы жүйесінің немесе оның бір бөлігінің қаржылық жай-күйінің нашарлауына алып келетін және (немесе) оның тұрақты жұмыс істеуіне нұқсан келтіретін қаржылық көрсетілетін қызметтердің ұсынылуын бұзу тәуекелдері түсініледі. Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тәуекелдері де жатады.
Жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдары деп тұрақты жұмыс істеуіне тұтастай алғанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы байланысты болатын қаржы ұйымдары түсініледі.
Қазақстан Ұлттық Банкi макропруденциялық саясатты қалыптастыру мақсатында:
1) тұрақты негізде қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) жүйелік маңызы бар қаржы ұйымдарының тізімін қалыптастырады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) дербес өзі немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыреттері шегінде олармен бірлесіп Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің қарауына қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды шығарады;
4) жүйелі қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда, дербес немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеу енгізеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 51-3-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
51-3-бап. Соңғы сатыдағы қарыздар
1. Соңғы сатыдағы қарыздар деп өтімділіктің қысқа мерзімді тапшылығын бастан кешіріп отырған банктерге Қазақстанның Ұлттық Банкі беретін қарыздар түсініледі.
Қазақстанның Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде мынадай жағдайларда ғана әрекет етеді:
1) өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына немесе төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылмаған Қазақстан Республикасының резидент-банкі қарыз алушы болып табылады;
2) қарыз тізбесін және оларға белгіленетін дисконттарды Қазақстанның Ұлттық Банкі айқындайтын активтердің кепілімен беріледі.
Дисконтты есепке алғанда, кепілге берілетін активтердің құны қарыз бойынша сыйақыны есепке алғанда, оның мөлшерін толық көлемде жабуға тиіс.
3) қарыз ұлттық валютада беріледі;
4) қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілеген қосымша пайыздық сыйақы есепке алына отырып, Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен төмен емес деңгейде белгіленеді;
5) қарыз мерзімін үш реттен асырмай ұзарту мүмкіндігі беріле отырып, күнтізбелік он төрт күннен тоқсан күнге дейінгі мерзімге беріледі. Барлық ұзарту мерзімдерін есептегенде қарызды пайдаланудың жалпы мерзімі бір жылдан аса алмайды. Соңғы сатыдағы қарыздың мерзімін ұзарту осы бапта көрсетілген шарттарда жүзеге асырылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстанның Ұлттық Банкі жүйелік маңызы бар инфрақұрылымдық қаржы ұйымдарына соңғы сатыдағы қарыздарды беруге құқылы.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Банк соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Ұлттық Банкінің кепілге салынған активтерді өз меншігіне айналдыруы және (немесе) банктің оларды Қазақстан Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі айқындаған үшінші тұлғаға өткізуі арқылы соттан тыс тәртіппен жүргізіледі.
Соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерге құқықты (талап етуді) басқаға беру:
1) банк акционерлерінің, борышкерлерінің, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың (кепіл берушілерді, кепілдерді, кепілгерлерді қоса алғанда) келісуін талап етпейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін айтарлықтай маңызы жоқ деп танылады;
2) банк банктің борышкерлерімен, сондай-ақ өзге тұлғалармен (кепіл берушілерді, кепілдерді, кепілгерлерді қоса алғанда) жасасқан шарттарға шарттың жаңа тарапын көрсету бөлігінде өзгерістер енгізуді талап етпейді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Соңғы сатыдағы қарыздарды беру және өтеу, сондай-ақ соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерге өндіріп алуды қолдану тәртібін, шарттарын Қазақстанның Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп айқындайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-2-тараумен толықтырылды
8-2-тарау. ЕРЕКШЕ РЕТТЕУ РЕЖИМІ
51-4-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимі көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.
2. Ерекше реттеу режимі мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) көрсетілетін төлем қызметтері нарығында бәсекелестікті арттыруға;
2) қанағаттану дәрежесін арттыру және тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келу үшін жаңа көрсетілетін қызметтерді енгізуге және қаржы нарығын дамытуға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) көрсетілетін төлем қызметтері нарығын оңтайлы реттеуді, бақылауды және қадағалауды қалыптастыруға, тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Ерекше реттеу режимінің қағидаттары:
1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;
2) ерекше реттеу режимі қатысушыларының тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтауы болып табылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ерекше реттеу режимі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда көрсетілетін төлем қызметінің түрлері және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызмет, оларды ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетудің (жүзеге асырудың) арнайы шарттары, ерекше реттеу режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолдану тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
Қазақстанның Ұлттық Банкі енгізетін ерекше реттеу режимінің жалпы мерзімі бес жылдан аспайды.
5. Ерекше реттеу режимі енгізілген мерзім өткеннен кейін ол өз қолданысын тоқтатады.
6. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
51-5-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдары және (немесе) өзге заңды тұлғалар ерекше реттеу режимінің қатысушылары (бұдан әрі - ерекше реттеу режимінің қатысушылары) бола алады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ерекше реттеу режимі қатысушысының қызметі Қазақстанның Ұлттық Банкімен жасалатын, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше реттеу режимінің шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты Қазақстанның Ұлттық Банкі бекітеді.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартта ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратыны туралы хабардар етуі міндетті болатын шарт қамтылуға тиіс.
3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасауға арналған құжаттарды іріктеу өлшемшарттары және қарау тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
4. Мәлімделген қызмет түрі - ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттарына, ерекше реттеу режимінің қатысушыларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысына ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
5. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы:
1) ерекше реттеу режимі енгізілген мерзімнің өтуіне не оның күшінің жойылуына байланысты оның қолданысы тоқтатылған кезде;
2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған кезде;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Ерекше реттеу режимінің қатысушысы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, сондай-ақ, егер ерекше реттеу режимінің қатысушысы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келуді тоқтатқан жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелердің орындалмағаны және бұзушылықтарды хабарлама берілген күннен бастап алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.
Ерекше реттеу режимінің қатысушысы анықталған бұзушылықтарды және (немесе) олардың жасалуына ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Ұлттық Банкінің хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде әзірлейді және Қазақстанның Ұлттық Банкіне ұсынады. Іс-шаралар жоспарында жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Қазақстанның Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы оны іске асыруға кіріседі және іс-шараларды орындау туралы есепті Қазақстанның Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде Қазақстанның Ұлттық Банкіне ұсынады.
Қазақстанның Ұлттық Банкі іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, ерекше реттеу режимінің қатысушысы Қазақстан Ұлттық Банкінің ескертулерін жояды.
Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған және (немесе) ерекше реттеу режимінің қатысушысы көрсетілген ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, Қазақстанның Ұлттық Банкі ерекше реттеу режимінің қатысушысын ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзатыны туралы хабардар етеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін бұрын ерекше реттеу режимінің қатысушысы болып табылған тұлға ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соған қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті дереу тоқтатуға, сондай-ақ өзінің клиенттері алдындағы міндеттемелерін Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға міндетті.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзіне қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
9 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 52-бап өзгертiлдi; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 52-бап жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 52-бап өзгертілді
52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкіндегі банк шоттарының иелерi
Қазақстанның Ұлттық Банкі белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 52-1-баппен толықтырылды; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 52-1-бап өзгертілді
52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi
Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1) қарыздар алуға құқығы бар ұйымдарға Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен осындай қарыздарды береді;
2) 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарында шоттар ашады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындаған тәртіппен қайта қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерге, оның ішінде өздерінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттер орналастырады;
8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;
9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.
53-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)