2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн бекiтеді;
14) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;
15) Қазақстан Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
16) банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;
17) банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
18) операторы Қазақстанның Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс iстеу қағидаларын;
19) төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын;
20) төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;
21) - 23) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24) Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын;
25) Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттық аккредитивтерімен операциялар жүргізуі қағидаларын;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидаларын;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын;
28) төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
29) Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;
30) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31) - 34) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
36) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38) Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын iске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын;
39) Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын;
40) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
42) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;
43) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
44) клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын;
45) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
46) 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47) экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48) тармақша жаңа редакцияда
48) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Ұлттық Банкі беретін соңғы сатыдағы қарыздар туралы қағидаларды;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 49) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
49) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50) банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, сондай-ақ банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 51) тармақша өзгертілді
51) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 52) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
52) банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 52-1), 52-2), 52-3), 52-4), 52-5), 52-6), 52-7), 52-8) және 52-9) тармақшалармен толықтырылды
52-1) төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
52-2) жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша мәліметтер беру қағидаларын;
52-3) Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 52-4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
52-4) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын;
52-5) көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын;
52-6) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын;
52-7) төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын;
52-8) маңызды төлем жүйелері өлшемшарттарының көрсеткіштерін;
52-9) көрсетілетін төлем қызметтерін берушіні көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерге жатқызатын көрсеткіштерді;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын;
54) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
55) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
57) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
57-1) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 58) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын;
59) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 59-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
59-1) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 60) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
60) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 61) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
61) шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының металл шоттарды ашуы, жүргізуі және жабуы қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 63) тармақша өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 63) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
63) барлық қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөніндегі нормативтiк-құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының типтік жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;
64) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсынымдарды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 65) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 65) тармақша жаңа редакцияда
65) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша, нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын, қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептiлiкті ұсыну және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептiлiкті ұсыну қағидаларын;
65-1) - 67) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 68) тармақша өзгертілді; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 68) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
68) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелердің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын;
68-1) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 69) тармақша өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 69) тармақша жаңа редакцияда
69) валюталық реттеу, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын және олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын реттеу, бақылау және қадағалау, ақша-кредит статистикасы мен қаржы нарығы статистикасын қалыптастыру мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 69-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 69-1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
69-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарының және (немесе) өзге заңды тұлғалардың ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыруы қағидаларын;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 69-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 69-2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
69-2) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің құжаттарды іріктеуі өлшемшарттарын және оларды қарау тәртібін;
70) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелері туралы есепті;
71) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау немесе қайта айырбастау қағидаларын;
72) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сыртқы басқарушыларды таңдау қағидаларын;
73) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын;
74) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын;
75) Қазақстан Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстанның Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын;
76) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде ішкі аудитті ұйымдастыру және жүргізу тәртібін;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 77) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
77) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктік идентификациялау кодтарын беру, пайдалану және жою, сондай-ақ банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және жою, олардың құрылымы және Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты;
78) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 79) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
79) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;
80) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын;
81) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
82) Қазақстан Ұлттық Банкінің регламентін;
83) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
84) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 85) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
85) банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды;
86) - 86-3) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
87) 2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
88) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де нормативтік-құқықтық актілерін бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:
1) мемлекеттік ақша-кредит саясатын мақұлдайды;
2) қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін белгiлейдi;
3) ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді;
4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алып қою, оның ішінде басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындау, айналысқа шығару, айналыстан алып қою, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны немесе нысаны өзгерген кезде, оларды ауыстыру туралы шешiмдер қабылдайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлiнген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртiбiн белгiлейді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны (нысаны) өзгерген кезде олардың қатар айналыста болу кезеңін белгілейді;
5) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және дизайнын айқындайды;
6) коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, дайындау тиражын, қорытпасын, шығарылатын мерзiмдерi мен күнiн айқындайды;
7) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейді;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін жарғылық капиталды қалыптастыру мөлшерін және тәртібін белгілейді;
9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді, олардың құрылымын қоса алғанда, басқарудың негізгі қағидаттарын айқындайды;
10) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;
11) Қазақстан Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалардың санаттарын айқындайды;
12) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
14) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) бекiтеді;
15) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қарайды және бекітеді;
16) Қазақстан Ұлттық Банкiнің, оның ведомстволары мен ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттарын және Қазақстан Ұлттық Банкi мен оның ведомстволарының қызметкерлерiн әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару бойынша шешiмдерді жедел қабылдау өкiлеттiгiне кiретiн, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi лауазымды адамды (өкiлеттi өкiл) айқындайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2019.03.07. № 262-VІ Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
18) төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулi ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) тармақша жаңа редакцияда
19) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды беру туралы мәселені қарайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
19-1) дербес өзі не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;
20) ұйымдарды құру, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу туралы шешімдер қабылдайды;