2) уәкілетті органның осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымға өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдар:
1) өкілге өз функцияларын орындауына жәрдем көрсетуге;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) өкілге осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
3) өкілден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген және өздерімен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге;
4) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
5) өкілдерді өзіне жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Өкіл өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтары, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де үш жыл бойы жауаптылықта болады.
Өкіл уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде өзі өкілі болып табылған ұйымға жұмысқа қабылдана алмайды.
Өкіл өзі өкілі болып табылатын немесе болған ұйым органдарының отырыстары барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.
10. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды
9-2-бап. Қашықтықтан қадағалау
1-тармақтың қолданысы 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңның 2-бабаның 3-тармағының редакциясында қолданылады, 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданылатын редакцияны қараңыз
1. Қашықтықтан қадағалау өзге де бақылау және қадағалау нысандарының бірі болып табылады және уәкілетті орган қаржы ұйымдарына, олардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға (бұдан әрі - қашықтықтан қадағалау субъектілері) қатысты жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган қашықтықтан қадағалауды қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдау және қашықтықтан қадағалау субъектілерінің органдарымен өзара іс-қимыл жасау арқылы тұрақты негізде:
1) Қазақстан Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік, пошта, Қазақстан Даму Банкі туралы, инвестициялық қорлар туралы, мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау;
2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау, орын алған және ықтимал тәуекелдерді, олардың қашықтықтан қадағалау субъектілерінің орнықты қызметіне ықпал ету дәрежесін анықтау және бағалау мақсатында жүзеге асырады.
3. Қашықтықтан қадағалау субъектілерінің қызметін талдауды уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілері ұсынатын есептіліктің және басқа да ақпараттың, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпараттың негізінде жүзеге асырады.
4. Қашықтықтан қадағалауды жүргізу шеңберінде уәкілетті орган қашықтықтан қадағалау субъектілері мен олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қашықтықтан қадағалау субъектілері органдарының қаржылық есептілігін және отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Қашықтықтан қадағалау субъектілері уәкілетті органның сұрау салуында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде ұсынуға міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-3-бап. Бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл
1-тармақтың қолданысы 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңның 2-бабаның 4-тармағының редакциясында қолданылады, 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданылатын редакцияны қараңыз
1. Уәкілетті орган банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады.
Тәуекелге бағдарланған тәсілдің негізі міндеті осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және олардың қызметіндегі тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу үшін ерте араласу және уақтылы қадағалау әрекеттерін қабылдау мақсатында олардың қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтау және болғызбау болып табылады.
Тәуекелге бағдарланған тәсіл, оның ішінде бизнес-модельдерді, корпоративтік басқаруды, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, тәуекелдерді жабуға арналған капитал мен өтімділік деңгейін талдау мен бағалауды, меншікті капитал мен өтімділіктің қажетті деңгейін айқындаудың ішкі рәсімдерін бағалауды, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қызметінің сипаты мен ауқымын ескере отырып талдау мен бағалауды қоса алғанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін сандық және сапалық талдау, олардың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін талдау негізінде қалыптасатын уәжді пайымдауға негізделеді.
2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсіл пропорционалдық қағидатын ескереді, ол:
олардың қызметінің мөлшерін, маңыздылығын, сипатын, ауқымы мен күрделілігін есепке алуды;
олардың қаржы нарығындағы маңыздылығына сәйкес санатқа бөлуді;
бақылаудың және қадағалаудың жиілігін, тереңдігі мен қарқындылығын айқындауды болжайды.
3. Тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың назарына анықталған тәуекелдер мен кемшіліктерді жеткізеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қадағалап ден қою шараларын және (немесе) санкцияларды қолданады.
4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберіндегі тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану тәртібі уәкілетті органның құқықтық актісінде айқындалады, құпия ақпарат болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатпайды.
ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 10-бап толықтырылды; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган банк қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) жеке және заңды тұлғалардың банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің және банк холдингтерінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;
2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөніндегі талаптарды белгiлейдi;
4) банк конгломераттары үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
5) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртібін белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртібін мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органмен келiсе отырып айқындайды;
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
8) банктiң аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін айқындайды және оларды қолдану туралы шешiм қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды;
2008.23.10. № 185-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;
10) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
10-1-бап. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не оларды беруден бас тартады;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыруына, сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілейді;
3) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерiн орналастыру және инвестициялау тәртібін айқындайды;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) сақтандыру полистерінің мазмұнына және оларды ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді;
6) актуарийлiк қорытынды және оның мазмұнына талаптар негiзiнде аннуитет шарттарын қолдану кезеңiнде тұрақты сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн көбейту тәртібі мен талаптарын айқындайды;
7) жинақтаушы сақтандыру бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына заемдарды беру тәртібі мен талаптарын айқындайды;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгіленген (шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында) мерзімдерді бұза отырып орындаған шарттарды есепке алу тәртібін айқындайды;
2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
10) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленген жағдайларда сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;
11) мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру төлемдерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру тәртібін айқындайды;
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) қаржы рыногының активтерiн бағалы қағаздар ретiнде таниды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін жүзеге асырады;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың, исламдық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттік тіркеуді, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар (облигациялық бағдарламалардың проспектілері), исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектілеріне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуді жүзеге асырады;
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаларды қарайды және бекітеді;
акциялар мен облигациялар шығарылымдарының күшін жоюды жүргізеді;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу шарттары мен тәртібін айқындайды;
4) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тiркеудiң, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қараудың талаптары мен тәртібін белгiлейдi;
5) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) бағалы қағаздардың және туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы мен айналысын тоқтату және қайта бастау талаптары мен тәртібін айқындайды;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9) тармақша өзгертілді
9) Бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне келісімді беру және оны беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, мұндай келісімді береді не беруден бас тартады;
9-2) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін, оны қалыптастыру тәртібін және оның құрамын белгілейді;
9-3) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді;
10) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртібін, оның iшiнде бағалы қағаздармен операциялар жасау шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) инвестициялық портфельді басқарушының және институционалдық инвесторлардың инвестициялау тәртiбiн белгiлейдi;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) инвестициялық портфельді басқарушының салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды
11-2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат береді;
2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және кәсіптік ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
13) бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының, оның iшiнде туынды бағалы қағаздар мен шетел валюталарының бағаларымен (бағамдарымен) айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар нарығында инсайдер ақпаратын немесе қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдаланып, мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады;
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
14) инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;
14-1) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;
14-3) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингі
1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін уәкілетті орган олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан:
1) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту кезінде;
2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің өз қызметі туралы ақпаратты ашуы бойынша жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері ұсынатын ақпарат және өзге де ақпарат, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық шеңберінде алынған ақпарат негізінде жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінің мониторингін жүргізу шеңберінде уәкілетті орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттерінен және олардың лауазымды адамдарынан мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері органдарының қаржылық есептілігін және отырыстарының (сырттай өткізілгендерді қоса алғанда) материалдарын жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитенттері уәкілетті орган сұратып отырған мәліметтер мен құжаттарды ол белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсаттарында:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
2) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
3) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиядан айырылған жағдайда, салымшылардың ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін белгілейді;
4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
13-1-бап. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-2-бап. Қаржы нарығы саласындағы өзге ақпарат аудиті саласындағы өкілеттіктер
1. Уәкілетті орган:
1) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңның 2-бабаның 4-тармағының редакциясында қолданылады, 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданылатын редакцияны қараңыз
1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудитін жүргізуді талап етеді;
2) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсынуы мерзімдеріне қойылатын талаптарды, аудиторлық ұйымның құрамындағы өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторларға қойылатын талаптарды белгілейді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)