Рұқсат беру құжаттарын берудің тәртібі мен шарттары халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.
2. Экспорттық бақылауға жататын, экспорты немесе импорты лицензиялануға жататын өнімнің тізбесін халықаралық экспорттық бақылау режимдеріне сәйкес және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экспорттық бақылауға жататын өнімдер номенклатурасы (тізімі) негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты мен экспорты саласындағы лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар лицензия осындай растауды алғаннан кейін берілетін импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесінің төлнұсқалығы тексерілгендігін растауды алу қажет болған жағдайды қоспағанда, отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
3. Лицензия экспорттық бақылауға жататын, Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, өздеріне қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға немесе өнімге беріледі.
4. Өздеріне қатысты осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1 - 7) тармақшаларында көрсетілген шаралар қолданылатын тауарлардың экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, сондай-ақ олар қолданылатын тауарлар «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру құжаттарын беру оларды орындау үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттарға қарағанда, тауарлардың экспортына немесе импортына неғұрлым шектейтін немесе бұрмалайтын әсер етпеуге тиіс.
5. Лицензиар мынадай лицензия түрлерін береді:
1) сыртқы сауда қызметіне қатысушыға лицензияда айқындалған көлемде лицензияланатын тауардың жекелеген түрін экспорттауға және (немесе) импорттауға құқық беретін бас лицензия;
2) сыртқы сауда қызметіне қатысушыға тауардың жекелеген түрін экспорттауға және (немесе) импорттауға айрықша құқық беретін айрықша лицензия;
3) сыртқы сауда қызметіне қатысушыға нысанасы лицензияланатын тауар болып табылатын сыртқы сауда мәмілесі негізінде берілетін және белгілі бір көлемде осы тауарды экспорттауға және (немесе) импорттауға құқық беретін біржолғы лицензия.
Лицензиар тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға арналған бас және біржолғы лицензиялар беруді Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органның шешімінде көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
Лицензиар тауарлардың экспортына және (немесе) импортына айрықша лицензиялар беруді Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына және (немесе) импортына бас және айрықша лицензиялар берілмейді.
6. Бас және айрықша лицензиялар алған лицензиаттар есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесіне дейін тоқсан сайын лицензиарға тиісті лицензияның орындалу барысы туралы есепті ұсынуға міндетті.
Біржолғы лицензиялар алған лицензиаттар лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде лицензиарға лицензияның орындалуы туралы ақпарат беруге міндетті.
7. Біржолғы лицензияның қолданылу кезеңі оның қолданылуы басталған күннен бастап бір жылдан аспайды. Біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданылу мерзімімен немесе лицензияны беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.
Өздеріне қатысты экспортқа және (немесе) импортқа сандық шектеулер немесе арнайы қорғау шарасы ретінде импорттық квота немесе тарифтік квота енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданылу кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Егер Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органның шешімінде өзгеше ескертілмесе, тауарлардың экспортына және (немесе) импортына арналған бас лицензияның қолданылу мерзімі оның қолданылуы басталған күннен бастап бір жылдан аспайды, ал экспортына және (немесе) импортына сандық шектеулер немесе тарифтік квота енгізілген тауарлар үшін квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Айрықша лицензияның қолданылу мерзімі, қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі әрбір нақты жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде белгіленеді.
8. Экспортқа және импортқа арналған лицензияның (айрықша лицензиядан басқа) қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі халықаралық шартта белгіленеді.
9. Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына рұқсат беруді Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті органының шешімінде көзделген жағдайларда немесе осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген шараларды енгізу кезінде рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.
Рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.
Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына рұқсат алған сыртқы сауда қызметіне қатысушылар оның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде рұқсат беру органына тауарлардың экспортына және (немесе) импортына рұқсаттың орындалуы туралы ақпарат беруге міндетті.»;
10-тармақтың 3) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 1-қосымшаның 41-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
41. | Алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия | 1. Санаты - дистилляттар: 1) дистилляттар өндірісі. 2. Санаты - спиртті ішімдіктер: 1) арақ өндірісі; 2) күшті ликер-арақ өнімдерінің өндірісі; 3) виски өндірісі. 3. Санаты - бал қайнату өнімі: 1) бал сусындары өндірісі; 2) бал арағы өндірісі. 4. Санаты - сыра қайнату өнімі: 1) сыра өндірісі; 2) сыра негізінде дайындалатын сусындар өндірісі (сыра сусындары). 5. Санаты - алкоголі аз сусындар: 1) алкоголі аз сусындар өндірісі. 6. Санаты - шарап ашыту өнімі: 1) шарап өндірісі; 2) бренди өндірісі; 3) жүзім арағы немесе жеміс арағы өндірісі; 4) шарап сусыны өндірісі; 5) толысылған шарап өндірісі. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
»;
4) 2-қосымшада:
357-жолдағы «тауардың сәйкестігін растау, шығарылған елін анықтау» деген сөздер «сәйкестікті растау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 357-1-жолмен толықтырылсын:
«
357-1. | Сауда қызметін реттеу саласындағы (тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру | Сауда қызметін реттеу саласындағы (тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестаты | |
».
28. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 10, 23-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 36-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 99-құжат):
1) 8-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
2) 39-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықты пайдалану және монтаждау ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.».
29. «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 1, 3-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат):
1) 6-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «әкету кезінде;» деген сөздер «әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
5, 5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-5, 5-6 және 5-7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеру мен профилактикалық бақылау және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5-1. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
5-2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, оның ішінде:
1) мемлекеттік бақылау субъектілері, мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар берген;
2) ақпараттық жүйелерден алынған;
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырады.
5-3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүзеге асырады.
5-4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, хабарлама ресімдейді және жібереді.
5-5. Хабарлама бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - бақылау субъектісі алғаны туралы хабарламада белгі қойған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап бақылау субъектісіне табыс етілді деп есептеледі.
5-6. Сұрау салудың өзінде орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны бақылау субъектісі ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.
5-7. Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны жіберген техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.»;
5-8-тармақ алып тасталсын;
5-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.»;
2) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Зергерлік және басқа да бұйымдар, оларды пайдалану құқығын техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін уәкілетті ұйымдардың кодтары бар Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалау таңбасымен таңбаланады.».
30. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; 2020 ж., № 10, 42-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат):
1) 1-баптың 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«33) техникалық регламент - өнімге немесе өнім мен оған байланысты оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт;»;
2) 34-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) техникалық регламенттер үшін - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында;».
31. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:
«35-1) лездік төлемдер жүйесі - төлем және (немесе) ақша аударымы бенефициарының пайдасына ақшаны лездік есепке жатқызуды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ақшаны пайдаланып, қатысушылары арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын тәулік бойы жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі;»;
46) тармақша «, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайда төлем ұйымы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төлем жүйелері операторының функцияларын электрондық ақша жүйесі операторының функциясымен қоса атқаруға жол беріледі.»;
3) 13-баптың 15-тармағы 9) тармақшасындағы «қызметтерді қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.» деген сөздер «қызметтерді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) төлем жүйесіне қатысушы немесе оның операторы ретіндегі қызметті қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
4) 25-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мәліметтер мен деректемелер көрсетілетін төлем қызметтерін беруші не төлем жүйесінің операторы беретін штрих код түрінде ұсынылуы мүмкін.
Көрсетілетін төлем қызметтерін беруші немесе төлем жүйесінің операторы кәсіпкерлік қызмет шеңберінде ұсынылған тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыру үшін беретін штрих кодтың ұлттық стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп әзірлейді. Штрих кодты пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін ұйымның Штрих кодтың ұлттық стандартына қайшы келмейтін өзге де стандарттары пайдаланылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, штрих кодты пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыру үшін пайдаланылатын деректемелердің банктік құпияны қамтымайтын ең аз тізбесін белгілейді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде болатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) орнатуды және қолдануды және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті.
Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған жағдайларда және тәртіппен төлем ұйымдарының лездік төлемдер жүйесіне қатысуына жол беріледі.
Лездік төлемдер жүйесі арқылы төлемдерді жүзеге асыру кезінде бенефициардың пайдасына ақшаны есепке жатқызуды бенефициарға қызмет көрсететін төлем қызметтерін беруші - лездік режимде лездік төлемдер жүйесіне қатысушы қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арасында ақша аудару (түпкілікті есеп айырысу) лездік төлемдер жүйесі арқылы клиринг нәтижелері бойынша жасалады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ақшамен қамтамасыз етіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар сауда операцияларын, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүргізу кезінде ақшалай есеп айырысуды қолма-қол ақшаны пайдаланбай жүзеге асыратын дара кәсіпкерге және (немесе) заңды тұлғаға қолданылмайды.»;
5) 39-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
6) 42-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен электрондық ақша түрінде аударылатын жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызу, есепке алу мен пайдалану, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті мониторингтеу тәртібі мен ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды.
Мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған электрондық әмияндардағы электрондық ақшаға өндіріп алуды қолдануға, тыйым салуға, шығыс операцияларын тоқтата тұруға, мүлікке билік етуді уақытша шектеуге, мәмілелер мен өзге де операцияларды жасауды шектеуге жол берілмейді.»;
7) 43-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің электрондық ақша шығаруына қолданылмайды.».
32. «Стандарттау туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 17-18, 59-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):
1) 1-баптың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«34) ұлттық стандарттау жүйесінің тізілімі - ұлттық стандарттардың, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының, стандарттау жөніндегі ұсынымдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жүйелендірілген есебі жүргізілетін электрондық дерекқор;»;
2) 9-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) халықаралық, өңірлік стандарттарды (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетаралық стандарттарды келісу, қолданысқа енгізу және олардың күшін жою) және шет мемлекеттердің стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану тәртібін айқындау;»;
14) тармақша алып тасталсын;
3) 11-бапта:
1-тармақтағы «стандарттау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды тіркеуді;»;
«11-1) стандарттау саласындағы мониторингті үйлестіруді;»;
4) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Стандарттау объектілері Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын стандарттау жөніндегі құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.»;
5) 21-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «әрбір үш жылға» деген сөздер «жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
6) 27-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары Қазақстан Республикасының аумағында оларды ұлттық және мемлекетаралық стандарттар ретінде қабылдау арқылы қолданылады.
Ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері ұйымның мақсаттарын іске асыру үшін осы Заңның 16-бабы 2-тармағының және осы баптың 2-тармағының талаптарын ескеріп, стандарттау жөніндегі ұлттық органға тиісті хабарлама жібере отырып, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдана алады.»;
7) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
«30-1-бап. Ұлттық стандарттарды түсіндіру
Ұлттық стандарттарды түсіндіруді оларды әзірлейтін ұлттық стандарттау жүйесінің субъектілері жүзеге асырады.»;
8) 35-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «қолданылатын» деген сөз «қолдану үшін» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 23, 105-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат):
1) 12-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы «төлемдерді» деген сөзден кейін «, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 25-баптағы «алушының банктік шоттарына аудару жолымен» деген сөздер «ақшаны алушының банктік шоттарына аудару жолымен не алушының электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақша түрінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
Осы Заң:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағын;
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-бабының 15-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацын және 26-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 10-тармағын және 27-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 30 желтоқсан
№ 397-VI ҚРЗ