1) 1-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алкоголь өнімі - Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (бұдан әрі - техникалық регламент) талаптары қолданылмайтын өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан өндірілген этил спиртін және (немесе) этил спиртінің көлемдік үлесі 0,5 пайыздан асатын, құрамында спирт бар тағамдық өнімді пайдаланбай немесе пайдалана отырып дайындалған тағамдық өнім;»;
4-1) тармақшадағы «(сыра мен сыра сусынынан басқа)» деген сөздер «(сыра қайнату өнімінен басқа)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «(шараптан, сыра мен сыра сусындарынан басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусындарынан басқа)» деген сөздер «(шарап ашыту және сыра қайнату өнімінен басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра қайнату өнімінен басқа)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «(шарап материалынан, сыра мен сыра сусынынан басқа)» деген сөздер «(толысылған шараптан, сыра қайнату өнімінен басқа)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
18-1) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1) сыра қайнату өнімін құю - сыра қайнату өнімін тасымалдау мен сақтауды көздемейтін, оны бөлшек саудада өткізу тәсілі;»;
«23) этил спирті - ашымықты кейіннен айдау және (немесе) тазартып айыру немесе этил спирті шикізатын тазарту арқылы құрамында қант және крахмал бар шикізатты (жемістен басқа) спирттік ашыту әдісімен өндірілген, құрамында ілеспе ұшпа қоспалары бар, сондай-ақ тағамдық шикізаттан дайындалған этил спиртінің бас фракциясынан және этил спиртін, арақтарды, ликер-арақ бұйымдарын өндіру кезінде түзілетін қайта өңдеу өнімдерінен алынған этанол су ерітіндісін білдіретін, күштілігі кемінде 88 пайыз өнім;»;
24) тармақшадағы «(шараптан, сыра мен сыра сусынынан басқа) шоғырлануы, этил спиртінің (сыра мен сыра сусынынан басқа)» деген сөздер «(шарап ашыту және сыра қайнату өнімінен басқа) шоғырлануы, этил спиртінің (сыра қайнату өнімінен басқа)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) техникалық регламентке сәйкес этил спирті мен арақтарды, айрықша арақтарды, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең аз көлемдерін белгілеу;»;
3) 4-баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) техникалық регламентке сәйкес алкоголь өнімін белгілі бір түрге жатқызады;
4) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарапты, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеу және есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Алкоголь өнімінің түрлері
Алкоголь өнімінің түрлері, санаттары, атаулары мен ұғымдары техникалық регламентке сәйкес айқындалады.»;
5) 7-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Алкоголь өнімін өндіру үшін техникалық регламентке сәйкес этил спирті және тағамдық шикізат қолданылады.
Этил спирті этил спирті шикізаты және тазартылған этил спирті болып бөлінеді.»;
5-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарапты, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіруге;
2) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарапты, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы есепке алатын бақылау аспаптарымен, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулармен өндіруге тыйым салынады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Этил спиртін өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы пайдаланылған кезде жол беріледі.
Лицензия алынған (жаңартылған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, арақтарды, айрықша арақтарды, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.»;
6) 8-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Алкоголь өнімінің барлық түрін таңбалау техникалық регламентке сәйкес жүргізілуге тиіс.»;
7) 9-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналарға:
1) қаңылтыр ыдыста (сыра қайнату өнімінен және алкоголі аз сусындардан басқа), затбелгісі жоқ шөлмекте және пластикалық сауытта (сыра қайнату өнімін түпкілікті тұтынушыға құюды қоспағанда);
2) техникалық регламентте белгіленбеген ыдыста және қаптамада;
3) есепке алу-бақылау таңбасымен таңбалануға жататын болса да есепке алу-бақылау таңбасынсыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбасы бар алкоголь өнімінің айналымына тыйым салынады.»;
8) 10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртінің, толысылған шарап пен дистилляттың импорты алкоголь өнімін өндіруге лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімінің (толысылған шараптан және дистилляттардан басқа) импорты алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.»;
1-1-тармақта:
бірінші бөліктегі «осы Заңның 5-бабының 1-тармағында» деген сөздер «техникалық регламентте» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасына әкелінетін этил спирті мен алкоголь өнімінің қауіпсіздігі техникалық регламенттерге сәйкес келуге тиіс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Еркін қоймаларда этил спиртін, толысылған шарапты және дистиллятты өндіруге және қайта өңдеуге, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіруге тыйым салынады.»;
9) 11-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тәркіленген этил спиртін этил спирті мен алкоголь өнімін өндірушілерге ғана өткізуге жол беріледі.».
11. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 21-22, 91-құжат):
1) 1-баптың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асыратын объектілердің, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
9) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілердің, жұмыстарға қатысушылар мен құжаттардың электрондық дерекқоры;»;
2) 6-2-бап мынадай мазмұндағы 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесін бекіту;
21-2) дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында анықтау жөніндегі тәртіпті айқындау;»;
3) 11-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды тұлғалар, оларды жасаушылар, иелері және (немесе) пайдаланушылар әзірлейді және бекітеді.»;
4) 12-баптың екінші бөлігі «әдістемелері» деген сөзден кейін «метрологиялық аттестаттауға және» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесіне енгізілген өлшем құралдары өлшем құралдарының типін бекіту және оларды метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтарға жатпайды.»;
6) 19-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
7) 20-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік реттеуге жататын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптар өлшемдер кезінде қолданылатындарды қоспағанда, аккредиттеу субъектілері қолданатын өлшем құралдары калибрлеуге жатады.»;
8) 20-1-баптың 1-тармағы «стандарттардың» деген сөзден кейін «(сәйкестік дәрежесі бірдей халықаралық және өңірлік стандарттар негізінде әзірленетін стандарттарды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 22-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылады:
1) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
2) шама бірліктерінің эталондары мен өлшем құралдары;
3) стандартты үлгілер;
4) нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер;
5) өлшемдерді орындау әдістемелері және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;
6) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнімнің саны;
7) кез келген түрдегі қаптамаларда өлшеніп-оралған өнімді өткізу кезінде оның саны.»;
3-тармақ алып тасталсын;
10) 23-бап алып тасталсын;
11) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау
1. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, оның ішінде:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар берген;
2) ақпараттық жүйелерден алынған;
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі - ұсыным) жасалады.
Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным бақылау субъектісіне мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - алғаны туралы ұсынымға белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша ұсыным ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі - ай сайын 25-інен кешіктірілмей, айына бір реттен артық емес.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнайы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
3. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге мемлекеттік метрологиялық бақылау:
1) мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптардың іс жүзінде орындалуын айқындау үшін;
2) иеліктен шығарылатын өнімнің массасын, көлемін, шығысын немесе санын сипаттайтын басқа да шамаларды айқындаудың дұрыстығын тексеру мақсатында;
3) қаптамадағы өнім санының қаптамада белгіленген шамаға сәйкестігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.»;
12) 28-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мыналар мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган ведомствосы басшысының орынбасарлары;
3) мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар - уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
4) мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары - уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
5) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті ұсынымдар, нұсқамалар жасауға, беруге;».
4-тармақ алып тасталсын.
12. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
бүкіл мәтін бойынша «сәйкестікті растау», «Сәйкестікті растау» және «сәйкестігін растау» деген сөздер тиісінше «сәйкестікті бағалау», «Сәйкестікті бағалау» және «сәйкестігін бағалау» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат):
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-3) және 14-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-3) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14-4) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 27-2) және 27-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-2) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
27-3) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».
14. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат):
1-бапта:
9) тармақша «төлемдер нысанында» деген сөздерден кейін «, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша «төлем нысанында» деген сөздерден кейін «, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен» деген сөздермен толықтырылсын.
15. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 11, 59-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 14-2) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-2) қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шара - Қазақстан Республикасынан импортқа қатысты үшінші тарап енгізетін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын шара;»;
«18-1) рұқсат беру құжаты - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға тауарлардың жекелеген түрлерін әкелу және (немесе) әкету құқығына берілетін құжат (лицензия, мемлекеттік бақылау актісі, қорытынды, нотификация, рұқсат);»;
19) және 20) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21-1), 40-1) және 40-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-1) сараптама ұйымы - штатында тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор бар, тауардың шығу тегіне, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесіне сараптама жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
«40-1) тауардың шығу тегі туралы сертификат - тауарды шығарған ел, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесі туралы куәландыратын құжат;
40-2) тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;»;
2) 5-баптың 2-тармағы 8) тармақшасындағы «қолдану болып табылады.» деген сөздер «қолдану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды қолдану болып табылады.»;
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 7-4) және 15-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-2) тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ тауарды шығарған елді айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілейді;
7-3) тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және оның қолданысының күшін жою жөніндегі қағидаларда көзделген тәртіппен, тауар әкелінетін елдің уәкілетті органдарының сұрау салулары негізінде тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды берудің негізділігін, оларда қамтылған мәліметтердің анықтығын және дайындаушылардың тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын орындауын верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
15-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
7-4) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, тауарларды шығарған елді растау мақсатында экспорттаушыларды тауар әкелінетін елдердің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;»;
«15-4) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды, оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту тәртібін бекітеді;»;