2. Осы Кодекстің 346-бабына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 226-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мынадай:
1) жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасына тұрғылықты тұруға қоныс аударған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, оралман мәртебесін алған, осындай тануды не осындай мәртебені растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда шетелдік жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелетін;
2) жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасына тұрғылықты тұруға қоныс аудару, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, оралман мәртебесін алу ниеті бар, осындай ниетін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда шетелдік жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелетін;
3) кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, әкелу шарттарын сақтауды растайтын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілетін құжаттар ұсынылған жағдайларда осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, дипломатиялық өкілдіктерінің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналының мүшелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің консулдық мекемелерінің басшылары және өзге де консулдық лауазымды адамдары, консулдық мекемелерінің консулдық қызметшілері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде орналасқан халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметкерлері, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері не осындай тұлғалардың атынан және тапсырмасы бойынша әрекет ететін өзге де тұлғалар әкелетін жағдайларда ұсынылмайды.
Комиссия аталған тұлғалар кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, әкелу шарттарын сақтауды растайтын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілген құжаттардың тізбесін қалыптастырған және оны Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз еткен;
4) осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, консулдық мекемелердің жұмыскерлері, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің, өзге де ұйымдарының немесе олардың өкілдіктерінің персоналы (қызметкерлері, лауазымды адамдары), олармен бірге тұратын отбасы мүшелері олардың осындай қызметкерлер, жұмыскерлер, персонал немесе олардың отбасы мүшелері болып табылатыны расталған кезде әкелетін;
5) осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына дипломатиялық өкілдіктердің және консулдық мекемелердің басшылары, дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелері және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдары, олармен бірге тұратын отбасы мүшелері олар осындай тұлғалар немесе олардың отбасы мүшелері болып табылатыны расталған кезде әкелетін жағдайларда ұсынылмайды.
3. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды кедендік баждарды, салықтарды төлеуші не өзге тұлғалар қамтамасыз етеді.
Егер жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды кедендік баждарды, салықтарды төлеуші болып табылмайтын тұлғалар қамтамасыз ететін болса, онда мұндай тұлғалардың кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ортақ міндеті болады.
4. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 226-бабының 7-тармағында көрсетілген жағдайларды, сондай-ақ осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды шығаруды жүргізетін кеден органына ұсынылады.
Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету осы Кодекстің 342-бабының 8-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто және мотокөлік құралдарын және (немесе) авто және мотокөлік құралдарына тіркемелерді пайдалануға рұқсат беретін кеден органына ұсынылады.
Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 347-бабының 9-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын беруге рұқсат беретін кеден органына ұсынылады.
5. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау осы Кодекстің 97-бабының 1-тармағында көрсетілген тәсілдермен және кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету үшін осы Кодекске сәйкес белгіленген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
6. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері осындай тауарларды еркін айналымға шығарған кезде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалады.
7. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетті орындауды қамтамасыз ету ретінде салынған ақшаны есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес айқындалған жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
40-тарау. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАУ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
355-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдау көлік құралдарын өткізу тәртібі мен шарттары туралы жалпы ережелер
1. Халықаралық тасымалдау көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде осы тарауда белгіленген тәртіппен, ал осы тарауда реттелмеген бөлігінде - осы Кодекстің өзге де тарауларында белгіленген тәртіппен пайдаланылады.
2. Осы тараудың ережелері мыналарға:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде шетелдік тұлғаларға тіркелген осындай аумақта және (немесе) оның шегінен тыс жерде халықаралық тасымалдауды аяқтау және (немесе) бастау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына (бостарын қоса алғанда);
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде халықаралық тасымалдауды аяқтау және (немесе) бастау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілген:
осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұлғаларына тіркелген және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын не шартты түрде шығарылған тауарлар деп есептелетін (әуе кемелерін қоспағанда) халықаралық тасымалдаудың (бостарын қоса алғанда) көлік құралдарына;
осы Кодекстің 202-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын не шартты түрде шығарылған тауарлар деп есептелетін, халықаралық тасымалдау мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғалары пайдаланатын әуе кемелеріне;
уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты қолданылады.
3. Осы тарауда уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдау көлік құралдары деп - осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары, уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдау көлік құралдары деп - осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдары түсініледі.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуға және пайдалануға, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетуге, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде болуға және пайдалануға арналған халықаралық тасымалдау көлік құралдары, егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, кедендік декларациялауға және кедендік рәсіммен орналастырылмай шығаруға жатады.
5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін орындарда жасалады.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын әкету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тауарлар өткізілетін кез келген орында жүзеге асырылуы мүмкін.
7. Осы тараудың ережелері:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелінетін:
балық аулау, теңіз түбі мен оның қойнауларының минералды және басқа да жансыз ресурстарын барлау мен игеру, лоцмандық және мұз жарып жол ашу, іздестіру, құтқару және тіркеуге алу операциялары, суға батқан мүлікті көтеру, гидротехникалық, су асты техникалық, жөндеу-қалпына келтіру және өзге де осыған ұқсас жұмыстар, санитариялық, карантиндік және басқа да бақылау, теңіздің аумағын қорғау мен сақтау, теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу, оқу, спорт және мәдени мақсаттарда, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзуге байланысты өзге де мақсаттарда пайдаланылатын су кемелеріне;
тауарлар мен жолаушыларды халықаралық тасымалдау үшін пайдаланылмайтын коммерциялық емес азаматтық және мемлекеттік әуе кемелеріне, эксперименттік авиацияда пайдаланылатын (эксперименттік ұшуларды жүзеге асыратын) әуе кемелеріне;
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жөндеу-қалпына келтіру және өзге де жұмыстар үшін пайдаланылатын теміржол көлік құралдарына (жылжымалы теміржол құрамы, жылжымалы теміржол құрамының бірлігі) (бұдан әрі осы тарауда - теміржол көлік құралдары);
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін:
айналымға көп түсетін ыдыс болып табылатын және мәміле шарттарына сәйкес қайтаруға жататын цистерналарға, торлы ыдыстарға, табандықтарға;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарындағы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жердегі халықаралық тасымалдаудың өзге де көлік құралдарын жөндеуге және (немесе) пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарға;
3) тасымалдау шартына сәйкес ондағы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жердегі алушыға дейін өзге көлік түрлерімен жеткізу үшін пайдаланылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінетін су және әуе кемелері контейнерлеріне қатысты қолданылуы мүмкін.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген көлік құралдарына және өзге де тауарларға осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) және уақытша әкетілетін (уақытша әкетілген) халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты осы тараудың ережелері қолданылады.
9. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін осы баптың 7-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген қосалқы бөлшектері мен жабдықтары ауыстырылған халықаралық тасымалдау көлік құралдарының бөлшектері мен жабдықтарына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкетуді не уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелуді реттейтін осы тараудың ережелері қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан белгіленген мерзімдерде әкетілмеген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының бөлшектері мен жабдықтары, кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсіммен орналастыруға жатады.
356-бап. Уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдау көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу шарттары
1. Уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінеді.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.
3. Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары осы Кодекстің 357-бабына сәйкес белгіленген (ұзартылған) мерзім өткенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкетуге не шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады.
Уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастырғаннан кейін мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес пайдаланылады және осы тараудың ережелері оларға қолданылмайды.
357-бап. Уақытша әкелінетін (уақытша әкелінген) халықаралық тасымалдау көлік құралының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімі
1. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімін осы Кодекстің 224-бабын және осы баптың 2-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге байланысты тасымалдау операциялары аяқталғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан мұндай халықаралық тасымалдау көлік құралын әкету үшін қажетті уақытты негізге ала отырып, тасымалдаушының өтініші негізінде кеден органы белгілейді.
2. Осы Кодекстің 358-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында басталатын және аяқталатын жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдау (бұдан әрі осы тарауда - ішкі тасымалдау) үшін пайдалануға болатын уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдау көлік құралының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімі осындай ішкі тасымалдауды жүзеге асыру үшін қажетті, бірақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын болу уақыты белгіленеді.
3. Осы Кодекстің 358-бабы 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімін олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуіне негіз болған операцияларды жасау үшін қажетті уақытты негізге ала отырып, тасымалдаушының өтініші негізінде кеден органы белгілейді.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес кеден органы белгілеген мерзімде уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкетілуі мүмкін болмаған кезде осы Кодекстің 358-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарына сәйкес тасымалдаушының, осындай көлік құралдары иелігіне берілген тұлғалардың, өзге де мүдделі тұлғалардың уәжді сұрау салуы бойынша кеден органы мұндай мерзімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан оны кері әкетудің мүмкін болмау себептерін жою үшін қажетті уақытқа ұзартады.
5. Осы Кодекстің 355-бабы 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету осы баптың 3-тармағына сәйкес кеден органы белгілеген мерзімде мүмкін болмаған кезде тасымалдаушының, өзге де мүдделі тұлғалардың уәжді сұрау салуы бойынша кеден органы мұндай мерзімді, олар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету мүмкін болмаған себептерді жою үшін қажетті уақытқа ұзартады.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарының болу мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
358-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарының болу және пайдаланылу шарттары
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, осы бапта белгіленген шарттар сақталған кезде болады және пайдаланылады.
2. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдары осы бапқа сәйкес осындай көлік құралдары өзге тұлғаларға беруге жол берілетін жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына оларды әкелуді жүзеге асыратын тұлғалардың іс жүзінде иелігінде және пайдалануында болуға тиіс.
3. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарымен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына олар келген кезде не осындай аумақта болған кезде қажет етілетін оларға техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу бойынша операцияларды жасауға жол беріледі.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында:
1) осы баптың 5, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген жағдайларда осындай тасымалдауды қоспағанда, ішкі тасымалдау үшін уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын пайдалануға;
2) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын:
оларды техникалық қызмет көрсету, жөндеу және (немесе) сақтау үшін беруді;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан халықаралық тасымалдаудың техникалық құралын әкету жолымен тасымалдау операциясын аяқтау мақсатында оларды беруді;
осы баптың 9-тармағында көзделген жағдайларда уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді беруді қоспағанда, өзге тұлғаларға, оның ішінде жалға (қосалқы жалға) беруге жол берілмейді.
5. Уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдары және (немесе) теміржол көлік құралдары арқылы тасымалданатын контейнерлер, егер мұндай тасымалдаулар:
1) орындау үшін халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралы және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық тасымалдау аяқталғаннан кейін;
2) орындау үшін халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралы және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген халықаралық тасымалдауды бастау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша халықаралық тасымалдаудың бос теміржол көлік құралы және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлер жүрген кезде;
3) халықаралық тасымалдаудың бос теміржол көлік құралы және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы жүрген кезде жүзеге асырылса, ішкі тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ішкі тасымалдау үшін осы баптың 5-тармағында көрсетілген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді бірнеше мәрте пайдалану саны осы Кодекстің 357-бабының 3-тармағында белгіленген мерзім шеңберінде шектелмеген.
7. Халықаралық тасымалдау көлік құралдары болып табылатын уақытша әкелінген автомобиль көлік құралдары, тіркемелер, жартылай тіркемелер және (немесе) олармен тасымалданатын контейнерлер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағында басталатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағында аяқталатын жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды ішкі тасымалдау үшін мынадай жағдайларда пайдаланылуы мүмкін:
1) мұндай тасымалдауға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен автомобиль көлігі саласындағы халықаралық шарттарында жол беріледі;
2) мұндай тасымалдау Көлік министрлерінің Еуропа конференциясының көпжақты квоталары шеңберінде жүзеге асырылады және аумақтарында мұндай тасымалдау басталатын және аяқталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер көрсетілген конференцияның қатысушылары болып табылады.
8. Белгіленген маршрут шеңберінде жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінетін автомобиль және теміржол көлік құралдары, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, халықаралық тасымалдаудың жүру маршруты бойынша аялдау пункттерінде жолаушыларды отырғызу (түсіру) және багажды тиеу (түсіру) үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тоқтауы мүмкін.
9. Жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралы, сондай-ақ теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары арасында, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің теміржол тасымалдаушылары арасында;
2) көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шарты шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары мен өзге де тасымалдаушылар арасында;
3) уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кері әкету үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысының тасымалдау шартына сәйкес тауарлардың алушысы болып табылатын тұлғаларға (бұдан әрі осы тарауда - алушы) немесе мұндай алушылардан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына не өзге де тасымалдаушыға берілуі мүмкін.
10. Жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын, сондай-ақ теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің теміржол тасымалдаушысынан - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің теміржол тасымалдаушысына, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің теміржол тасымалдаушылары арасында көліктің әр түрімен тасымалдаудың бірыңғай шарты шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің теміржол тасымалдаушылары мен өзге де тасымалдаушылар арасында тасымалдау шартына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің теміржол тасымалдаушысынан - алушыларға және мұндай алушылардан теміржол тасымалдаушысына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін беру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен теміржол көлігі саласындағы халықаралық шарттарына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.