Комиссия олардың шегінде жеке пайдалануға арналған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төленбей әкелінетін құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларды айқындау кезінде осындай нормаларды қолдану тәртібін, оның ішінде көрсетілген нормалар әкелінетін осындай тауарларды есепке алу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу күнін анықтау тәртібін айқындауға құқылы.
4. Жеке пайдалануға арналған тауарлар олардың құнына, салмағына және (немесе) санына қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кедендік баждар, салықтар төленбей әкетіледі.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарлар уақытша әкетілгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, табиғи тозудың салдарынан болған өзгерістерден, сондай-ақ тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему салдарынан болған өзгерістерден басқа, олар өзгеріссіз күйінде сақталған және бұл тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілгеннен кейін олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелінуі осы Кодекстің 348-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен кеден органына расталған жағдайда олардың құнына, салмағына және (немесе) санына қарамастан, кедендік баждар, салықтар төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінеді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан олар уақытша әкетілгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелінуі кеден органына расталмаған кезде, осындай тауарларға осы баптың 1, 3 және 8-тармақтарында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды қолданудың тәртібі қолданылады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан олар уақытша әкетілгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждар, салықтар төленбей әкелінеді.
6. Тізбесі мен санын Комиссия айқындайтын бұрын қолданыста болған жеке пайдалануға арналған тауарларды шетелдік жеке тұлғалар осындай тауарлардың құнына және (немесе) салмағына қарамастан өздері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу кезеңінде кедендік баждар, салықтар төлемей әкеле алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген, шетелдік жеке тұлғалар өздері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу кезеңіне әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарларға осы баптың 1 және 3-тармақтарында, 7-тармағының бірінші бөлігінде, сондай-ақ 8-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібі қолданылады.
7. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекетте тіркелген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын шетелдік жеке тұлғалар және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары кедендік баждарды, салықтарды төлемей, бір жылдан көп емес мерзімге әкеле алады.
Жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты осы Кодекстің 347-бабы 7-тармағының 2) тармақшасында және 12-тармағында белгіленген жағдайларда осы тарауға сәйкес кедендік баждар, салықтар төленеді.
8. Комиссия жеке пайдалануға арналған тауарлардың санаттарына, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай тауарларды әкелетін тұлғаларға және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәсілдеріне қарай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу жағдайлары мен шарттарын, сондай-ақ осындай жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулерді айқындауға құқылы.
Жеке пайдалануға арналған тауарларды, оның ішінде жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын осы Кодекстің 381 және 382-баптарында көрсетілген тұлғалардың - кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып әкелу жағдайлары мен шарттары осы Кодекстің аталған баптарында, ал осы Кодекстің 379-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттарда айқындалады.
9. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібі, осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, сондай-ақ оларды төлеу мерзімі осы Кодекстің 24-тарауына сәйкес айқындалады.
10. Жеке пайдалануға арналған тауарлар бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтарды салу объектісі болып табылады.
11. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін жеке пайдалануға арналған тауарлардың санатына және қолданылатын мөлшерлемелер түрлеріне қарай оларды есептеуге арналған база жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, соның ішінде тауар тұтынылғанға дейін одан ажырамайтын және (немесе) бөлшектеп сату үшін тауар салынып ұсынылатын оның бастапқы қаптамасы ескерілгендегі массасы, көлемі немесе тауардың өзге де сипаттамалары) болып табылады.
Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін тауарлардың түріне және қолданылатын мөлшерлемелердің түрлеріне қарай жиынтық кедендік төлем құрамына кіретін кедендік баждарды есептеуге арналған база жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамалары (саны, массасы, оның ішінде тауар тұтынылғанға дейін одан ажырамайтын және (немесе) бөлшектеп сату үшін тауар салынып ұсынылатын оның бастапқы қаптамасы ескерілгендегі массасы, көлемі немесе тауардың өзге де сипаттамалары) болып табылады. Жиынтық кедендік төлемнің құрамына кіретін салықтарды есептеуге арналған база осы Кодекстің 82-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.
Кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары болып табылатын авто- және мотокөлік құралдарының шығарылған кезі мен қозғалтқышының жұмыс көлемін айқындау тәртібін Комиссия айқындайды.
12. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
13. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін, жолаушыларға арналған кедендік декларация кеден органында тіркелген күнге қолданыста болатын мөлшерлемелер қолданылады.
14. Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін қолдана отырып төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған базаны және кедендік баждардың, салықтардың тиісті бірыңғай мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.
15. Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеуге және (немесе) өндіріп алуға жататын сома кедендік баждардың есептелген сомасы мен салықтардың есептелген сомасын қосу арқылы айқындалады. Жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың сомасын есептеу мынадай тәсілдермен:
1) кедендік баждар сомасын есептеу кедендік баждарды есептеуге арналған базаны және кедендік баждар мөлшерлемелерінің тиісті түрін қолдану арқылы жүргізіледі;
2) салықтар сомасын есептеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
16. Декларант немесе кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеті туындаған өзге де тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуші болып табылады.
17. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды есептеу мақсаттары үшін шетелдік валютаны қайта есептеу тәртібі, оларды төлеу бойынша міндетті орындау кезі (төлем күні), кедендік баждар, салықтар мен өзге де ақша сомаларын есепке жатқызу (қайтару) тәртібі осы Кодекстің 8, 9, 10 және 11-тарауларына сәйкес айқындалады.
Егер халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты шетелдік валютаны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу жолаушыларға арналған кедендік декларация тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
18. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар осы тармақтың екінші бөлігі ескеріле отырып, осы Кодекстің 94-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес төлеуге жатады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетелдік жеке тұлғалар уақытша әкелетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар, аумағында осы Кодекстің 351-бабының 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте төлеуге жатады.
19. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төлеуге жатады.
20. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлемдер түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар осы баптың 18-тармағына сәйкес мұндай кедендік төлемдер төлеуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған шоттарға төленеді.
21. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар осы баптың 18-тармағына сәйкес кедендік баждар төлеуге жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің валютасымен төленеді.
22. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолма-қол ақшасыз тәртіппен не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
23. Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу кезінде осы Кодекстің 74-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кедендік төлемдер төленбейді.
24. Кедендік декларациялау осы тарауға сәйкес жүзеге асырылатын тауарларға қатысты бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды жеке тұлғалар кедендік кіріс ордері не Комиссия айқындайтын өзге де кедендік құжат негізінде төлейді.
25. Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік төлемдерді осындай тауарлар шығаруды жүргізетін кеден органы кедендік декларациялау кезінде декларанттың мәлімдеген мәліметтері негізінде, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша есептейді.
Төлеуге жататын кедендік төлемдер сомаларын айқындау үшін қажетті жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы толық және анық мәліметтерді кеден органына мәлімдеу міндеті декларантқа жүктеледі.
26. Осы Кодекстің 351-бабы 6, 7 және 15-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждарды, салықтарды кеден органы бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждардың, салықтардың есеп-қисабымен есептейді.
Көрсетілген есеп-қисаптың нысанын, оны толтыру мен осындай есеп-қисапқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
350-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны
1. Дүниежүзілік пошта одағының және халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жүретін актілерде көзделген құжаттар пайдаланылатын, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны чектерде, шоттарда, биркаларда және затбелгілерде немесе жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде оларға қатысты жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәліметті қамтитын осындай тауарларды сатып алу туралы өзге де құжаттарда көрсетілген құн негізінде жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделеді.
Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растау үшін жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын мәлімдеуге негіз болған құжаттардың түпнұсқаларын, ал тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты - құжаттардың түпнұсқаларын не олардың көшірмелерін ұсынады.
Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны Дүниежүзілік пошта одағының және мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жүретін актілерде көзделген құжаттарда мәлімделеді. Бұл ретте жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны ретінде, егер ол Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнынан асып кеткен жағдайда ғана халықаралық пошта жөнелтілімінің жарияланған құндылығы қаралады.
Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнына оларды тасымалдау мен сақтандыру бойынша шығындар қосылмайды.
2. Жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растауға ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің анықтығын дәлелдеуге құқылы.
Жеке тұлға ұқсас тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың прайс-парақтарын, каталогтарын, жарнамалық проспектілерін және буклеттерін қосымша ұсынуы мүмкін.
3. Кеден органы жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын ұқсас тауарлардың бағасы туралы өзінде бар ақпараттың негізінде мынадай:
1) жеке тұлғада осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәлімет қамтылған қажетті құжаттар болмаған;
2) халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жіберілетін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәліметтердің болмауы және осындай тауарлармен бірге жүретін және халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы мәліметтер қамтылған құжаттар болмаған;
3) олар туралы мәлімет жеке пайдалануға арналған декларацияланатын тауарлар мен жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растау үшін жеке тұлға ұсынған құжаттарда қамтылған жеке пайдалануға арналған тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған;
4) егер жеке тұлға осы баптың 2-тармағына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығын дәлелдемесе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлға ұсынған құжаттарда немесе халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жіберілетін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарда анық емес мәліметтер бар екенін пайымдауға негізделген себептер болған;
5) ол бойынша осындай ұқсас тауарлар әдеттегі (нарықтық) сауда жағдайларында сатылатын немесе ұсынылатын сатып алу елінде ұқсас тауарлардың нарықтық құнының мәлімделген жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнымен сәйкес келмеген жағдайларда айқындайды.
4. Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны туралы ақпарат ретінде кеден органы жеке тұлға ұсынған мәліметтерді ескере отырып, ұқсас тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың каталогтары мен сайттарында көрсетілген мәліметтерді де пайдалана алады.
5. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін ұқсас тауар деп әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың сипаттамаларына жақын сипаттамалары бар, яғни өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық, техникалық және өзге де сипаттамалары бойынша жеке пайдалануға арналған декларацияланатын тауармен салыстыруға болатын тауар түсініледі.
351-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Декларанттың жолаушыларға арналған кедендік декларация қолданыла отырып, кедендік декларациялауға жататын, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеті кеден органының жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды.
2. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды қоспағанда, декларанттың жолаушыларға арналған кедендік декларация қолданыла отырып, кедендік декларациялауға жататын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеті мынадай:
1) осы Кодекске сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерде кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша және (немесе) кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша міндетті орындау;
2) егер жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес оларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар төленбей не кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығару;
3) осы баптың 7-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі бұл кезеңде басталмаған жағдайда, осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған жеке пайдалануға арналған тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулердің қолданылу мерзімінің өтуі;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осындай көлік құралдарының уақытша болуы мүмкін мерзім өткенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының әкетілуі;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осындай көлік құралдарының уақытша болуы мүмкін мерзімі өткенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын бір мезгілде мынадай:
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету мақсатында осындай көлік құралдарын кедендік декларациялау уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында уақытша болуы мүмкін мерзім өткен күннен бастап алты айдан кешіктірілмей немесе Комиссия айқындауға құқылы неғұрлым ұзақ мерзімнен кешіктірілмей жүзеге асырылуы;
осындай көлік құралдарына қатысты осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмау шарттары сақтала отырып әкетілуі;
6) осындай орналастыруға дейін осы баптың 6-тармағында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі басталмаған жағдайда, осы Кодекстің 347-бабының 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік рәсімдермен орналастыру;
7) осындай жойылуға немесе қайтарымсыз жоғалуға дейін осы бапқа сәйкес осындай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімінің басталуын қоспағанда, жеке пайдалануға арналған тауарлардың аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде бұл тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органының тануы;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
9) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркеген кезде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты - жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарудан кеден органының бас тартуы;
10) осындай жолаушыларға арналған кедендік декларацияны кеден органы тіркеу кезінде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қайтарып алу;
11) осындай кідірту туындағанға дейін кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден органының кідіртуі;
12) мұндай шешім қабылданғанға дейін туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндетке қатысты - егер бұрын осындай тауарларды еркін айналымға шығару жүргізілмесе, оларға қатысты қайтару туралы шешім қабылданған, қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынған немесе тыйым салынған жеке пайдалануға арналған тауарлардың осы Кодекске сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуі, уақытша сақтауға қойылуы не шығарылуы;
13) осы Кодекстің 353-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда;
14) осы Кодекстің 353-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған кедендік баждардың, салықтардың сомасына қатысты - осы Кодекстің 353-бабы 9-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмау;
16) осы Кодекстің 353-бабы 9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу бойынша шаралар қолданылмау мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Комиссия нақ сол жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет әртүрлі тұлғаларда әртүрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше мәрте, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекетте кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет туындаған, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тоқтатылатын мән-жайлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекетте басталған жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет тоқтатылатын мән-жайларды, сондай-ақ кеден органдарының осындай мән-жайлардың басталғанын растау жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға құқылы.
4. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларды қоспағанда, еркін айналым мақсатында декларацияланатын жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет (кедендік баждар, салықтар төлеуге жатады) жеке пайдалануға арналған тауарларды еркін айналымға шығарғанға дейін орындауға жатады.
5. Уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндет осы баптың 6-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде төлеуге жатады.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі мынадай мән-жайлар басталған кезде: