Қазақстан Республикасының
Заңы
Құқық қорғау қызметі туралы
(2021.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2021 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізі
3-бап. Құқық қорғау органдары
4-бап. Құқық қорғау қызметінің принциптері
5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
5-1-бап. Кадр қызметі
2-тарау. Құқық қорғау қызметіне тұру
6-бап. Құқық қорғау қызметіне тұру шарты
7-бап. Құқық қорғау қызметіне үміткерлерді іріктеу
8-бап. Құқық қорғау қызметіне қабылдау
9-бап. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау
10-бап. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар
11-бап. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет тұратын адамдар үшін арнайы бастапқы оқыту
12-бап. Құқық қорғау қызметіне тұру кезіндегі сынақ мерзімі
13-бап. Қызметкерлердің Ант қабылдау тәртібі
3-тарау. Қызметкерлердің құқықтық жағдайы
14-бап. Қызметкерлердің мәртебесі және олардың құқықтық кепілдіктері
15-бап. Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты құқықтары
16-бап. Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты міндеттері
17-бап. Қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер
18-бап. Әскери жағдай қолданылатын кезеңде құқық қорғау қызметінде құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі
19-бап. Қызметкерлердің жауапкершілігі
20-бап. Қызметкерлердің қызметтік куәліктері және жетондары
21-бап. Қызметкерлердің нысанды киімі және айырым белгілері
4-тарау. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер, біліктілік сыныптары
22-бап. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру
22-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің біліктілік сыныптары
23-бап. Бірінші және кезектi арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер берудің тәртібі
24-бап. Арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сіңіру мерзімдері
25-бап. Арнаулы атақтарда, сыныптық шендерде немесе біліктілік сыныптарында еңбек сiңiрген жылдары мерзiмiн тоқтата тұру
26-бап. Арнаулы атақтарды, сыныптық шендердi немесе біліктілік сыныптарын мерзiмiнен бұрын немесе атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан бiр саты жоғарылатып беру (белгілеу) тәртiбi
27-бап. Арнаулы атақтарды, сыныптық шендердi немесе біліктілік сыныптарын төмендету, арнаулы атақтардан, сыныптық шендерден немесе біліктілік сыныптарынан айыру
28-бап. Соттың айыптау үкімімен арнаулы атақтардан, сыныптық шендерден немесе біліктілік сыныптарынан айыру
5-тарау. Құқық қорғау органдарында лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және өсіру
29-бап. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына орналасудың жалпы қағидалары
30-бап. Қызмет бабында ауыстыру
31-бап. Ротация
32-бап. Құқық қорғау қызметiнiң жоғары тұрған, тең дәрежелi немесе төмен тұрған лауазымдары
33-бап. Қызмет бабында өсіру
33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві
34-бап. Кадр резерві
35-бап. Кадр резервін қалыптастыру міндеттері
36-бап. Құқық қорғау органдарының кадр құрамын қалыптастырудың басым бағыттары
37-бап. Кадр резервіне қою үшін үміткерлерді іріктеу
38-бап. Қызметкерді лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттету
39-бап. Құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқару
40-бап. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс уақыты
41-бап. Құқық қорғау қызметінің өтілі (еңбек сіңірген жылдары)
42-бап. Жеке істі және есепке алу құжаттарын жүргізу
43-бап. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған, қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кездегі құқық қорғау қызметіне байланысты құқықтық қатынастар
44-бап. Құқық қорғау органына жатпайтын лауазымдарда қызмет өткеру
45-бап. Құқық қорғау қызметін өткеру ерекшеліктері
45-1-бап. Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары
46-бап. Қызметкерді іс-сапарға жіберу
46-1-бап. Қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау тәртібі мен негіздері
46-2-бап. Қызметті бағалау
6-тарау. Аттестаттау
47-бап. Қызметкерлерді аттестаттау
47-1-бап. Кезектен тыс аттестаттау
48-бап. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру
49-бап. Аттестаттау комиссиясы
50-бап. Аттестаттауды өткізу
51-бап. Қайта аттестаттау
52-бап. Аттестаттау комиссиясының шешімі
53-бап. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағым жасау
53-1-бап. Қызметкерді аттестаттаудан кейінгі кезеңде дамыту
7-тарау. Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі қызметтік тәртіп және моральдық-психологиялық ахуал
54-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіп
54-1-бап. Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуал
55-бап. Қызметкерлерге қолданылатын көтермелеулер
56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар
57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары
58-бап. Қызметтік тергеу
8-тарау. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдануы
59-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолданудың мақсаты
60-бап. Арнаулы құралдар мен дене күшін қолдану
61-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану
62-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдану шарттары
9-тарау. Әлеуметтік қорғау
63-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау
64-бап. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
65-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде қызметті өткеру ерекшеліктері
66-бап. Қызметкерлер қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер
67-бап. Жерлеу шығындарын өтеу
68-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнiң тұрғын үйге құқықтары
69-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары
70-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін медициналық және санаториялық-курорттық қамтамасыз ету
10-тарау. Демалыстар
71-бап. Демалыс түрлері
72-бап. Демалыстардың ұзақтығын есептеудің жалпы тәртібі
73-бап. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы
74-бап. Қысқа мерзімді демалыс
75-бап. Оқу демалысы
76-бап. Еңбек сіңірген жылдарына қарай және қызметті өткерудің ерекше жағдайлары үшін қосымша ақылы демалыс
77-бап. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс
78-бап. Демалыстан кері шақырып алу
11-тарау. Құқық қорғау органдарында қызметті тоқтату
79-бап. Құқық қорғау органдарында қызметті тоқтатудың негіздері
80-бап. Жұмыстан шығарудың негіздері
81-бап. Жұмыстан шығарудың тәртібі және шарттары
82-бап. Құқық қорғау органдарында қызмет етудiң шектi жасы
12-тарау. Қорытынды ережелер
83-бап. Құқық қорғау органдарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
84-бап. Өтпелі ережелер
85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «курсанттары (тыңдаушылары)», «курсанттар (тыңдаушылар)», «курсанттарына (тыңдаушыларына)», «курсанттарының (тыңдаушыларының)», «курсанттарға (тыңдаушыларға)» деген сөздер тиісінше «курсанттары», «курсанттар», «курсанттарына», «курсанттарының», «курсанттарға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен бүкіл мәтіні бойынша «жоғарылату», «жоғарылау», «жоғарылай алады», «жоғарылатуды» деген сөздер тиісінше «өсіру», «өсіру», «өсе алады», «өсіруді» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) алғашқы кәсіптік даярлық - құқық қорғау органдарына қызметке бірінші рет кіріп жатқан адамдар үшін кәсіптік дағдылар алуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) аттестаттаудан кейінгі дамыту - құқық қорғау органы қызметкерін аттестаттау нәтижелері бойынша оның дара кәсіби өзін-өзі даярлауын ұйымдастыру;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) ауыстыру - қызметкердің лауазымдық жағдайы мен функционалдық міндеттерінің өзгеруі;
2) ауысу - құқық қорғау органдарындағы қызметті тоқтатпастан құқық қорғау органында атқарып жүрген қызметінен босата отырып, сол мезгілде басқа құқық қорғау органындағы лауазымға тағайындау;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) басшы лауазым - өзіне бағынысты ұжымның немесе жекелеген қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген құқық қорғау органының құрылымдық бірлігі;
3) баянат - қызметкер қызмет әрекеті процесінде тікелей немесе уәкілетті басшыларға өтініш жасаған кезде ерекше нысандағы жазбаша баяндау;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші - қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің нысандық сандық мәні;
4) біліктілік талаптары - құқық қорғау органындағы лауазымға орналасуға үміткер азаматтарға олардың кәсіптік даярлық деңгейін, құзыреттілігін және нақты лауазымға сәйкестігін айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) ведомстволық деректер банкі - құқық қорғау органының қызметке кандидаттар және кадр резервіне қойылған қызметкерлер туралы мәліметтер қамтылатын ақпараттық базасы;
4-2) 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-3) 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) кадр резерві - басшы лауазымдарға тағайындау үшін қажетті кәсіби және жеке басы қасиеттері бар қызметкерлердің белгіленген тәртіппен қалыптастырылған тобы;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) кадрлық болжам - кадрларды дамыту бағыттары және олардың болашақ жай-күйі туралы дәлелді ұсынулар жүйесі;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) кадрлық жоспарлау - кадрларға қажеттілікті жүйелі талдау және құқық қорғау органдарының тиісті лауазымдарында білікті мамандардың қажетті санымен қамтамасыз ету процесі;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) құқық қорғау қызметі - құқық қорғау органдары лауазымдарындағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі, сондай-ақ, осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда қызмет өткеру;
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві - құқық қорғау органдарының жоғары тұрған бос басшылық лауазымдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын ерекше іріктеу тәртібінен өткен қызметкерлер тiзiмі;
7) құқық қорғау органы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган;
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) құқық қорғау органының басшысы - құқық қорғау органының қызметкерлері мен жұмыскерлері, уәкілетті басшылар бағынысында болатын құқық қорғау органының бірінші басшысы;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуал - құқық қорғау органының алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсінумен сипатталатын психологиялық күй;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 7-3) тармақшамен толықтырылды
7-3) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалды әлеуметтік мониторингтеу - құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат алуға бағытталған әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жүйелі зерделеу;
8) құқық қорғау органының қарамағында болу - штаттық лауазымға орналасумен байланысты емес құқық қорғау қызметін өткеру;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) құқық қорғау органының қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) - құқық қорғау органдары жұмыскерлерінің арасынан арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген не біліктілік сыныбы белгіленген Қазақстан Республикасының азаматы;
10) құқық қорғау органының тәртіптік комиссиясы - тәртіптік теріс қылыққа қатысты фактілерді қызметтік тергеу және зерттеу материалдарын қарау үшін оның жасалуының мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметкерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адамды тәртіптік жазалау шарасы туралы ұсыным шығару мақсатында құқық қорғау органында құрылатын тұрақты алқалы орган;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) қызметтік тергеп-тексеру - қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауының мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру жөніндегі қызмет;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды
10-2) лауазым бойынша разряд - қызметкерлердің қол жеткізген нәтижелері негізінде айқындалатын және еңбекақысын саралауға әсер ететін кәсіби біліктілік дәрежесі;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) мансаптық өсу - лауазымдық ауыстырылу және кәсіби даму кезеңдеріне сәйкес қызметкерді қызмет бойынша өсіру;
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-1) өзге де қару-жарақат салатын патрондармен атуға болатын ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, электрлi қару, белгi беру қаруы, суық қару, лақтырылатын қару және қарудың басқа да түрлерi;
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 11-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-2) полиграфологиялық зерттеу - адамның психофизиологиялық куәландыру кезiнде пайда болатын жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы медициналық датчиктердiң көмегiмен тiркеуден тұратын сауалнама жүргiзу рәсiмi;
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 11-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-3) психофизиологиялық куәландыру - құқық қорғау қызметiне кандидаттардың, қызметкерлердiң жеке-психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерiн жан-жақты бағалауға бағытталған iс-шаралар жиынтығы
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) ротация - қызмет мүддесіне орай кадрлық әлеуетті ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын, басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлерді жоспарлы ауыстыру;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-1) ротацияны жоспарлау - қызметкердің жоспарлы лауазымдық ауыстырылуы және кәсіби дамуы кезеңдерін айқындауға бағдарланған процесс;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды; 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 12-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 12-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 12-3) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 12-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-3) тәлімгер - тағылымдамадан өту кезеңіндегі қызметте кандидатқа бекітіп берілетін қызметкер;
13) тәртіптік жаза - қызметкерге қолданылатын тәртіптік жауапкершілік шарасы;
14) тәртіптік жауапкершілік - тәртіптік теріс қылықтар, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызметкерлер көтеретін заңдық жауапкершілік түрі;
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
15) тәртіптік теріс қылық - қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі атқармауы немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі қағидаларын) не ар-намыс кодекстерін (құқық қорғау органдарында қолданыстағы қызмет әдебі қағидаларын) бұзуы, сол сияқты құқық қорғау қызметінде болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтамауы;
16) уәкілетті басшы - құқық қорғау органының аумақтық немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің басшысы, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының басшысы;
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) ұйымдық-штаттық iс-шаралар - құқық қорғау органының, құқық қорғау органы аумақтық немесе оған теңестiрiлген мамандандырылған бөлiмшесiнiң, құқық қорғау органы мекемесiнiң, ведомствосының штаттары мен құрылымын қалыптастыру жөнiндегi шаралар кешенi (құқық қорғау органын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, оның қызметкерлерінің санын немесе штатын ұлғайту және қысқарту);
18) ұсыну - құқық қорғау органы жүйесінде жоғары тұрған лауазымдарға орналастыру;
19) іссапарға жіберу - қызмет мерзімін үзбестен, қызметкерді Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, сондай-ақ құқық қорғау органы жүйесінде одан әрі қызмет өткеру үшін ауыстыру;
20) іссапармен бару - құқық қорғау органы кадрында қала отырып, басқа мемлекеттік органдардағы және халықаралық ұйымдардағы лауазымдарға орналасу;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды; 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
21) экономикалық тергеп-тексеру қызметі - Қазақстан Республикасының заңдарында қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жүргізуіне жатқызылған қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын осы органдардың жедел-тергеу бөлімшелері.
2-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізі
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңда көзделген ерекшеліктермен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар көзделген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап жаңа редакцияда; 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-бап. Құқық қорғау органдары
Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі жатады.
4-бап. Құқық қорғау қызметінің принциптері
1. Құқық қорғау органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің принциптеріне және құқық қорғау қызметінің арнаулы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Құқық қорғау қызметінің арнайы принциптері мыналар болып табылады:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;
2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;
3) құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға көзқарастың біртұтастығы;
4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);
5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу.
5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарының әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерін қоспағанда, барлық қызметкерлерге қолданылады.
Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде мемлекеттік саяси қызметшілерге қолданылады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Кадр қызметі
Кадр қызметі өз құзыреті шегінде:
1) құқық қорғау органының кадрларға қажеттілігін талдайды және жоспарлайды;
2) құқық қорғау органы құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасын орындау жөніндегі қызметін үйлестіреді;