7. Егер бекітілген жобаларда айқындалған өндіру көлемдері жыл сайын уран кен орнын әзірлеудің тау-кен-геологиялық және технологиялық шарттары өзгертілместен бір жылда бекітілген көрсеткіштерден физикалық тұрғыда жиырмадан аз пайызға өзгерсе, бекітілген жобаларға өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың жобалары жасалмайды.
Жобалау құжаттары жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларға сәйкес жасалады.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Егер Қазақстан Республикасы экология заңнамасының ережелерінен өзгеше туындамаса, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы және кен орнын әзірлеу жобасы өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі сараптама мен мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.
9. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір үш жыл сайын құзыретті органға игеру жобасының көрсеткіштеріне сәйкес жобалық шарттардың орындалуын талдауды сараптамаға жіберуге міндетті.
2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 182-1-баппен толықтырылды
182-1-бап. Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы
1. Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес жасалады.
2. Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірудің бүкіл кезеңіне әзірленеді.
3. Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жөніндегі жұмыстардың түрлері, әдістері мен тәсілдері, болжамды көлемдері мен оларды жүргізу мерзімдері, сондай-ақ пайдаланылатын технологиялық шешімдер сипатталады.
4. Уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобаларының мазмұнына қойылатын талаптар жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.
5. Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасында көрсетілмеген, сондай-ақ осындай жоба болмаған кезде уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
183-бап. Уран кен орнын әзірлеу жобасы
1. Кен орнын әзірлеу жобасы осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңінде жасалады.
2. Кен орнын әзірлеу жобасы қорларды толық даярлау кезеңіне әзірленеді.
3. Кен орнын әзірлеу жобасында мыналар қамтылуға тиіс:
1) құзыретті тұлғаның қорлар бойынша есебі;
2) жер қойнауын ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
3) уран өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың орындалу мерзімдері, шарттары мен құны туралы ақпарат;
4) кен орнын әзірлеудің бүкіл кезеңіне уран өндірудің жыл сайынғы болжалды көлемі.
2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 183-1-баппен толықтырылды
183-1-бап. Уран кен орнының жобалау құжаттарына және әзірленуін талдауларға мемлекеттік сараптама
1. Уран кен орнының жобалау құжаттарына және әзірленуін талдауларға мемлекеттік сараптама жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес уран кен орындарын әзірлеу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2. Жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға мемлекеттік сараптаманы Қазақстан Республикасының уран кен орындарын әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясы (бұдан әрі - орталық комиссия) геология және әзірлеу саласында арнаулы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.
3. Орталық комиссияның қызметін ұйымдастыру, оның құрамы, жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу уран өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін орталық комиссия туралы ережеде айқындалады.
4. Уран кен орнының жобалау құжаттарына және әзірленуін талдауларға мемлекеттік сараптама екі ай ішінде жүргізіледі.
Мемлекеттік сараптама жүргізу мерзімі орталық комиссияның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол үш айдан аспайды.
5. Жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң немесе теріс болуы мүмкін. Сараптамалық қорытындының көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жіберіледі.
6. Теріс сараптамалық қорытындыны шығаруға мыналар:
1) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде мазмұны, құрылымы және ресімделуі бойынша жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленген талаптарға және (немесе) келісімшарт ережелеріне сәйкес келмеуі;
2) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес келмеуі;
3) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың уран ресурстары мен қорларын бағалау туралы есепке сәйкес келмеуі;
4) жобалау құжатында немесе әзірлеуді талдауда ұсынылған жобалау шешімдерінің техникалық және (немесе) экономикалық негіздемесінің жеткіліксіздігі негіз болып табылады.
7. Жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығару негіздемесі және жобалау құжатын немесе әзірлеуді талдауды пысықтау жөніндегі ұсынымдар келтіріледі.
184-бап. Жобалау құжаттарын орындаудың мониторингі
1. 2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және әзірлеу жобаларын орындауына мониторинг үш жылда кемінде бір рет орындалатын уран кен орнын әзірлеуге талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Уран кен орнын әзірлеуге талдау жүргізуге қойылатын талаптар уран өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.
4. 2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда әзірлеуді талдау шеңберінде жобалау құжаттарының жекелеген көрсеткіштерін болмашы (жиырма пайыздан аз) түзету мүмкін болатын жағдайлар белгіленеді.
2021.09.03. № 14-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Кен орнын әзірлеуді талдау әзірлеу процесінде геологиялық, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулер нәтижелерін кен орнын әзірлеу жүйесін жетілдіру қажеттілігін анықтау тұрғысынан кешенді зерттеуді білдіреді. Кен орнын әзірлеуді талдау жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.
8. Уран кен орны әзірленуін талдауды жер қойнауын пайдаланушы тартатын, тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушы талдауды хабарлама тәртібімен құзыретті органға жібереді.
9. Кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы уран кен орнын әзірлеуді талдау нәтижелері бойынша негізді тұжырым болған кезде кен орнын әзірлеудің іс жүзіндегі және жобалау көрсеткіштері арасында едәуір (жиырма және одан көп пайыз) алшақтықтар болған жағдайда талдау нәтижелері кен орнын әзірлеу жобасының мемлекеттік сараптамасы үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен орталық комиссияның қарауына жатады.
10. Орталық комиссия уран кен орнын әзірлеуді талдау бойынша оң қорытынды қабылдаған жағдайда жобалау шешімдері мен осындай талдаудың көрсеткіштері кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу, бекіту және оларға мемлекеттік сараптама жүргізу кезеңіне жобалау шешімдері мен кен орнын әзірлеу жобасының көрсеткіштері ретінде бағаланады, ол бір жылдан аспауға тиіс.
ІХ БӨЛІМ. ПАЙДАЛЫ ҚАТТЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ
27-тарау. Пайдалы қатты қазбаларды барлау
185-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия
Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша оның иесінің пайдалы қатты қазбалар кен орындарын іздестіруді және одан әрі өндіру үшін олардың ресурстарын және қорларын бағалауды қамтитын пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға айрықша құқығы бар.
186-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия берілетін аумақтар
1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында айқындалатын аумақтарда беріледі.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны:
1) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
1) осы Кодекстің 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда;
2) көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа тұлғаның келісімінсіз, оның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;
3) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағы шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;
4) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған басқа лицензия бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлау учаскесінің аумағына толық немесе ішінара жатқызылатын блокқа қатысты;
5) пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің аумағы шегінде толық орналасқан блокқа немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге өтініш бар аумаққа қатысты;
6) пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру салдарын жою жүргізіліп жатқан аумақ шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;
7) уран өндіру учаскесінің аумағы шегінде толық орналасқан блокқа қатысты беруге жол берілмейді.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия толық блоктардан басқа мынадай толық емес (ішінара) блоктарға:
1) жақтары осы баптың 2-тармағының 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген аумақтарды (аумақты) толық қамтитын блокқа;
2) осы баптың 2-тармағының 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген аумақтарда (аумақта) ішінара орналасқан блоктың басқа толық емес (ішінара) немесе толық блокпен ең болмағанда бір ортақ жағы болған және осындай ортақ жағы көрсетілген аумақтарда орналаспаған жағдайда, осындай блокқа;
3) осы Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көрсетілген аумақтарға ішінара жатқызылатын блокқа қатысты да берілуі мүмкін.
Барлауға арналған лицензияға көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесінің ішінара аумағына шығатын блокты енгізуге осы учаскелер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
Бұл жағдайда барлау учаскесінің аумағы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген аумақтардың шекаралары бойынша, оның ішінде толық емес (ішінара) блоктардан қалыптастырылды деп есептеледі. Барлауға арналған лицензияға енгізілген толық емес (ішінара) блокты қалыптастыру үшін негіз болған мән-жайлар тоқтатылған кезде барлау учаскесі аумағының шекараларын айқындау мақсатында осы блок толық деп танылады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген қағида осы Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көрсетілген аумақтарға ішінара жатқызылатын және барлау учаскесінің аумағына енгізілген блоктарға қолданылмайды. Осындай блоктар шегінде бұл блоктар осы Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көзделген аумақтар мен объектілерді қозғайтын бөлікте жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салу қолданылады.
187-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беру туралы өтініш
1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны алуға мүдделі тұлға құзыретті органға ол белгілеген нысан бойынша өтініш береді.
2. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге өтініште көрсетілетін аумақ екі жүз блоктан артық болмауға тиіс.
3. Өтініште мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) жеке тұлғалар үшін - өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
заңды тұлғалар үшін - өтініш иесінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), басшылар туралы, өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;
2) барлау аумағын құрайтын және өтініш иесі пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын блокты (блоктарды) көрсету.
Өтініште көрсетілген барлау аумағы, егер осы Кодекстің 186-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда блоктың бір бөлігін қамтыса, лицензияның шарттарын айқындау мақсаттары үшін өтінішті қарау кезінде аталған блок толық болып есептеледі.
4. Өтінішке мынадай құжаттар:
1) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) егер тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін мұндай тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;
3) сұралып отырған жер қойнауы учаскесінде өтініш иесі жүргізуге ниет етіп отырған барлау жөніндегі жұмыстардың жазбаша сипатталған түрлері, әдістері, тәсілдері, жылдар бойынша болжалды жүргізу мерзімдері мен көлемдері;
4) егер сұралатын учаскеде немесе оның бөлігінде тұлға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын болса, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге мұндай тұлғаның келісімі;
5) өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға қаржылық және кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттар;
6) егер сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы толық немесе ішінара елді мекендердің жерлеріне және оларға іргелес бір мың метр қашықтықта жатқан аумаққа тиесілі болса, жергілікті халықты осы Кодекстің 25-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісім;
7) өтініш иесінің республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің жоқ екендігі туралы, өтініш берген күннің алдындағы күннен күнтізбелік он күннен ерте берілмеген салық органынан анықтама қоса беріледі.
5. Өтініш иесінің барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндігінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың бірі:
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы үш ай шегіндегі отыз күндік мерзім ішінде сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға қажетті ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті мөлшерде ақшасының тұрақты болатынын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі банктік шоты бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме;
2) ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты) немесе қарыздың нысаналы мақсаты ретінде өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі қызметін қаржыландыру, сондай-ақ сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға талап етілетін ең төмен шығыстарды өтеу үшін жеткілікті қарыз сомасы (қаржыландыру) расталатын, қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен бірге, өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айға немесе алдыңғы күнтізбелік жылға дайындалған қаржылық есептілігі, онда өтініш берушінің таза активтерінің мөлшері оның сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға арналған ең төмен шығыстардың шамасындағы міндеттемесінен асып түседі;
4) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын қор биржасы таныған рейтингтік агенттіктің өтініш иесіне өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде құзыретті орган айқындайтын ең төменгі рейтингтік бағадан төмен болмайтын рейтингтік баға беру туралы хаты ұсынылады.
Егер өтініш иесінің қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде қаржы ұйымы болып табылмайтын тұлға (қаржыландыратын) қарыз беруші болатын ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты) немесе қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі ұсынылса, өтінішке қосымша осы тұлғада осы тармақтың 1), 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттардың бірі қоса беріледі.
6. Өтініш иесінің барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың кез келгені:
1) штатында маманның болуы туралы анықтама немесе геология немесе геофизика саласындағы маманмен жасалған қызметтер көрсету шартының көшірмесі;
2) мердігер ұйыммен жасалған қызметтер көрсету шартының немесе өтініш иесіне барлауға арналған сұралатын лицензия берілген жағдайда осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш иесі тағайындайтын, штатында осы тармақтың 1) тармақшасында санамаланған мамандардың бірі бар оператордың қызметтер көрсету шартының көшірмесі ұсынылады.
Егер өтініш иесінің кәсіби мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде мердігер ұйыммен қызметтер көрсету шартының немесе осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес өтініш иесі тағайындайтын оператордың қызметтер көрсету шартының көшірмелері ұсынылса, өтінішке қосымша тартылатын ұйымның (оператордың) штатында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген мамандардың бірінің болуы туралы анықтама немесе тиісті маманмен қызметтер көрсету шартының көшірмесі қоса беріледі.
7. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариалдық куәландыруға тиіс.
8. Өтініш қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен беріледі, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.
9. Өтінішті беру кезі құзыретті органға өтініш келіп түскен күнмен және уақытпен айқындалады және ол есепке алынуға жатады.
10. Берілген өтініш туралы мәліметтер құзыретті органның интернет-ресурсында өтініш берілген күннен бастап екі күн ішінде орналастыруға жатады және олар мыналарды:
1) өтініш иесінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не атауын;
2) өтініш иесі пайдалануына беруді сұраған жер қойнауы учаскесін айқындайтын блок (блоктар) кодын;
3) өтініштің келіп түскен күні мен уақытын қамтуға тиіс.
188-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру туралы өтінішті қарау
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Құзыретті орган өтінішті келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруден бас тартуға осы Кодекстің 190-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер болмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін ескере отырып, өтініш берушіге осы Кодекстің 198-бабында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама өтініш берушіге жіберілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Өтініш беруші пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді хабарлама жіберілген күннен бастап қырық жұмыс күнінен кешіктірмей құзыретті органға ұсынуға тиіс.
Құзыретті орган өтініш берушіге пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды тиісінше қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді не хабарлама құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап отыз бес жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Егер өтініште көрсетілген аумаққа осы Кодекстің 186-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген блок немесе мәлімделген аумақтың басқа блогымен ортақ жағы жоқ блок жатқызылса, мұндай блок лицензияға енгізілмейді, бұл туралы құзыретті орган өтініш берушіні хабардар етеді. Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзіне берілуге жататын барлық блоктан немесе олардың бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Егер көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтініш беруші барлық блоктан бас тартпаса немесе блоктардың бір бөлігінен бас тартса, өтініш осы тармақтың ережелері ескеріліп, мәні бойынша қаралады.
Егер өтініште көрсетілген қандай да бір толық емес (ішінара) блок немесе толық емес (ішінара) блоктар осы Кодекстің 186-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шарттарға сай келмесе, аталған блок (блоктар) та осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары бойынша лицензияға енгізілмейді.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда, лицензияға енгізілуге жатпайтын блоктарды және өтініш иесі бас тартқан блоктарды қоспағанда, өтініш осы өтініште көрсетілген блоктарға қатысты қаралады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Егер осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін қолдану нәтижесінде блоктар осы Кодекстің 19-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін, жер қойнауының пайдалануға беруге жататын екі және одан да көп жеке учаскесін қалыптастырса, құзыретті орган осындай жер қойнауы учаскелерінің әрқайсысына жеке лицензиялар береді.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер лицензия беруге өтініште көрсетілген блок толық болмаса, мұндай толық емес блок, осы тараудың ережелеріне қайшы келмейтін жағдайда берілетін лицензияға енгізілуге жатады.
Егер пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияда толық емес (ішінара) блок қамтылса, блоктар санын есептеу мақсаттары үшін бұл блок толық болып қаралады.
6. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау тәртібін құзыретті орган айқындайды.
189-бап. Сол бір блоққа пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді қараудың басымдығы
1. Сол бір блокты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді құзыретті орган олардың келіп түсу кезектілігі тәртібімен қарайды.
2. Кезекті өтініш алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тартылғаннан кейін ғана қаралады.
Құзыретті орган кезекті өтінішті қарауға алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы өтініш иесін хабардар еткен күннен бастап он жұмыс күні өткен соң кіріседі.
Егер өтініш иесі бас тарту туралы шешімге сотқа шағым жасаса, құзыретті орган кезекті өтінішті қарау туралы мәселені шағымды қарау нәтижелері бойынша соттың шешімі күшіне енгеннен кейін шешеді.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге өтінішті қарау кезіне пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған басқа лицензияға енгізіліп қойылған блоктарды ғана қамтитын осы өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
190-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруден бас тарту
1. Құзыретті орган мынадай негіздемелердің бірі болған кезде:
1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы Кодексте талап етілетін құжаттар өтінішке қоса берілмесе;
3) өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш иесінің немесе өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғаның осы Кодексте көзделген негіздер бойынша құзыретті орган барлауға арналған лицензиясын немесе сұралатын жер қойнауы учаскесін толық немесе ішінара қамтитын пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиясын кері қайтарып алса;