2) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін осы шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге ерікті зейнетақы жарналарын пайдалануға;
3) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабын жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
4) зейнетақы аннуитеті шарты жоғалған жағдайда оның көшірмесін алуға құқығы бар.
2. Сақтанушы:
1) зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осы шарттың түпнұсқасын ұсына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) зейнетақы аннуитеті шарты бұзылған кезде зейнетақы аннуитеті шартын бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын беруге міндетті.
3. Сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру сыйлықақысының сомасын бiр рет және толық көлемде алады.
4. Сақтандыру ұйымы:
1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;
2) екі данасы сақтанушыға берiлетін зейнетақы аннуитетi шартын үш данада ресiмдеуге;
3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде зейнетақы аннуитетi шартында көрсетілген сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;
4) зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтанушыға мерзімін өткізіп алған әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 пайызы мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;
5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда, отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға зейнетақы аннуитеті шартында белгіленген мөлшерде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
62-бап. Зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару тәртiбi
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетін құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мiндеттемелердің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры алушының алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
63-бап. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыру
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 64-бап жаңа редакцияда
64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы
1. Мыналар:
1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және қызметтен босатылған кезде қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;
2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына немесе өз еркі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған;
3) жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
2. Мыналар:
1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атақ, сыныптық шен бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған;
2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына не өз еркі бойынша не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуiне байланысты қызметтен босатылған;
3) жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты қызметтен босатылған не арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атағы, сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
3. Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған, қызметтен босатылған күнге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнама нормаларына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалу шарттарына сәйкес адамдардың қызметтен босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін өздеріне зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, қызметтен шығарылған күні еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы болмаған адамдарға, жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес тағайындалады.
5. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларды әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттiк қызметке қабылдау, біліктілік сыныбын белгілеу кезiнде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметке қабылданған күннен бастап қызмет өткеру кезеңіне тоқтатыла тұрады.
6. Осы баптың 5-тармағында аталған және қайтадан үш жыл қызмет еткен адамдар қызметтен қайта босатылған кезде, қызметтен қайта босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымы ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін өздеріне зейнетақы төлемінің тағайындалуына не еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тоқтатыла тұрған кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттыруларды ескере отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерін қайта төлетуді таңдауға құқығы бар.
7. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшiлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарынан жиырма бес жылдан кем еңбек сіңірген, қызметтен босатылған күніне қызметте болудың шекті жасына толған не штаттың қысқартылуына, денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, осы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған адамдар үшін осы баптың 1 - 3-тармақтарына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда туындайды.
2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 65-бап өзгертілді; 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін есептеу
1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ақшалай қамтылымының елу пайызы есебінен белгіленеді.
Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте жиырма бес жылдан артық еңбек сiңiрген жылдарының әрбір толық жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері - ақшалай қамтылымының екі пайызына, қызметтен босатылған күніне жинақталған еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшiн бір пайызына ұлғайтылады.
Қызметтен босатылған күніне жинақталған жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері ақшалай қамтылымының бір пайызына ұлғайтылады.
2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені, белгіленген біліктілік сыныбы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кіреді.
3. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады және соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.
4. Арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.
5. Осы Заңның 64-бабының 7-тармағында аталған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдарының әрбір толық жылы үшін ақшалай қамтылымның 2 пайызы есебінен белгіленеді.
Ақшалай қамтылым әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады.
6. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері осы баптың 2 - 5-тармақтарына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 65 пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 109 еселенген мөлшерінен аспайды.
7. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 66-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66-бап. Еңбек сіңірген жылдарды есептеу
Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргізіледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдар күнтізбелік жылдар бойынша есептеледі.
Осы Заңның 64-бабының 7-тармағында аталған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте есептелген еңбек сіңірген жылдары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, қайта қарауға жатпайды.
67-бап. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 68-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен 68-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
68-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру мерзімдері
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қамтылым төленген күннен кейін тағайындалады және жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алған жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күннен бастап, бірақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін төлеу тоқтатылған күннен кейін жүзеге асырылады.
2. Осы Заңның 64-бабының 3-тармағында аталған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындатуға өтініш жасаған күннен бастап тағайындалады.
3. Осы Заңның 64-бабының 7-тармағында аталған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері өтініш жасаған күннен бастап, бірақ ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте зейнетақы төленген күннен кейін тағайындалады.
4. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері ағымдағы айға төленеді және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айды қоса алып, жүзеге асырылады.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері осы Заңның 65-бабына сәйкес тағайындалған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес көлемде төленеді.
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалған мөлшерінің 70 пайызын аудару жеке банктік шотқа немесе медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына жүргізіледі.
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.
69-бап. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
2. 2015.02.08. № 342-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
71-бап. Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты әлеуметтiк зейнетақылар алуға құқығы болған адамдарға мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар
1. 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған зейнетақылар, әлеуметтiк зейнетақылар мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар нысанында бюджет қаражаты есебiнен төленедi.
2. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн алынған зейнетақының мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Осы Заңның 11-бабының 1 - 3-тармақтарында және 64-бабында белгіленген жағдайлар болған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы азаматтың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасына байланысты зейнетақы төлемдерімен немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерімен ауыстырылуы мүмкін.
4. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау шарттары, тәртiбi және олардың мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
72-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
73-бап. Өтпелі ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құрады.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен кесте бойынша жүзеге асырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiн беру бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорының, бұрынғы кастодиан-банктің, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, Орталықтың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған зейнетақы активтерi мен мiндеттемелердi қабылдау-тапсыру актiлерiмен ресiмделедi.
Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге салымшылар (алушылар) алдында зейнетақы активтері бойынша берешегі бар жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылатын күнге дейін оны өтеуге міндетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беруге байланысты шығыстар жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жасалған жылдық қаржылық есептілігінің аудитін жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бергенге дейін уәкілетті органға ұсынады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы аудиторлық есебінде орындаушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық есептілігі туралы тәуелсіз пікірі және аталған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты есепке алуды жүргізу және есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
3. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру аяқталғанға дейін: